Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⚡️️АҚШ құпия қызметі агенттері президент Трапмптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясы аумағына заңсыз кірді деп күдікке ілінген ер адамды атып өлтірген.

Құпия қызметтің мәлімдеуінше, мылтыққа ұқсас зат пен жанармай құйылған ыдыс ұстаған, жас шамасы 20-дағы жігіт түнгі уақытта қатаң күзетілетін аумаққа рұқсатсыз кірген.

Баспасөз мәслихатында Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоу құпия қызметтің екі агенті мен шериф орынбасары күдіктіге жақындап, қаруы мен канистрасын тастауды бұйырғанын айтты. Күдікті қолындағы ыдысты жерге қойғанымен, мылтықты "кеземек болған" кезде агенттер оқ атқан, деді шериф.

Қаза тапқан адамның аты-жөні туыстарына ресми хабар берілгенге дейін жарияланбайды. Оның іс-әрекетінің себептері әзірге белгісіз. Оқиғаны АҚШ федералдық тергеу бюросы тексеріп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5❤4👎2🔥2
Венгрия Еуроодақтың Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін мақұлдауға бөгет қоюға ниетті екенін мәлімдеді. Будапешт "Дружба" құбыры арқылы алып келген ресейлік мұнай транзиті тоқтатылғанын бұлдап осындай әрекетке бармақ.
"Украина "Дружба" құбырымен Венгрия және Словакия алып келген мұнай транзитін қайта бастамайынша, біз Киев үшін маңызды шешімдердің алға жылжуына жол бермейміз",

– деп жазды Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто X әлеуметтік желісінде.

Еуропа одағы Ресейге қарсы жаңа шектеулерді 23 ақпанда Сыртқы істер кеңесі отырысында қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл жиын Ресей Украинаға басып кіргеніне төрт жыл толатын күннің қарсаңында өтпек.

Бұған дейін Венгрия мен Словакия Киев ресейлік мұнай транзитін қайта жандандырмаса, Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатамыз деп ескерткен. Сийярто сондай-ақ Еуропалық комиссия бұрын мақұлдаған Украинаға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі Еуроодақтың несиелер пакетін Венгрия бұғаттауы мүмкін екенін мәлімдеген.
👎24🤮8💩3❤1👍1🔥1😁1
❤️2022 жылғы 24 ақпаннан кейін Қазақстан Украинадағы соғыс аймақтарынан, атыс-шабыс пен оккупациядан, өміріне төнген қауіп-қатерден қашып, туған елі мен жерін тастап, әлемге босып кеткен украин азаматтары пана іздеген елдердің біріне айналды. Босқындардың көбі бірнеше айға қалып, жағдай тұрақтанғаннан кейін үйге оралармыз деп үміттенген.

Алайда соғыс созылып, уақытша деп келген адамдардың құқықтық мәртебесі мәселе туғызды. Заң бойынша Қазақстанда арнайы рұқсатсыз қалуға белгіленген 90 күн мерзім аяқалғаннан кейін үш жолдың бірін таңдауға тура келеді: соғыс болып жатқан отанға оралу, болмаса үшінші бір ел іздеу я Қазақстаннан пана сұрап өтініш беру.

Заң жүзінде Қазақстан халықаралық босқындарды қорғау жүйесіне қатысушы елге жатады, бірақ іс жүзінде ондай өтініші орындалған адам саны шамалы. Қазақстаннан пана іздегендер қандай кедергілерге кезігеді? Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16🤔5
⚡️22 ақпан күні Алматының іргесіндегі тауда қар көшкіні салдарынан бір адам опат болып, қасындағы екінші адам қар құрсауынан өз күшімен аман шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға теңіз деңгейінен 3400 метр биіктегі Титов асуында болған. Төрт адамнан тұратын туристер тобындағы екі адамды көшкін басып қалған.

Оқиға орнына барған іздестіру-құтқару тобы қар астында қалып опат болған адамды іздеп тауып, сүйегін алып шыққан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢17❤3🤣1
23 ақпан күні Алматыда 10 күндік әкімшілік жаза мерзімін өтеп болған бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцовты тергеушіге жауап беруге әкеткені белгілі болды. Ол есірткі притонын ұстаған және есірткі сақтаған (сату мақсатымен емес) деген күдікке ілінген деп жазды Vlast.kz

Адвокат Ғалым Нұрпейісов дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 8:50-де Иаков Воронцовты ұстау туралы хаттама толтырылғанын айтқан.
"Материал қала прокуратурасына процестік шешім қабылдауға жолданды. Иаковқа Қылмыстық кодекстің 302-бабы (наркопритон ұстау) және 296-бабы (есірткі заттарын сату мақсатынсыз сақтау) бойынша айып тағылып отыр. Иаков күдікті саналады", – деген адвокат.
Иаков Воронцов 13 ақпанға қараған түні ұсталған. Адвокаттың айтуынша, Воронцовқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы (есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) бойынша хаттама толтырылған. Алматының әкімшілік соты оны 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарған. Воронцов өзіне тағылған айыпқа келіспеген.

Шіркеудегі дін қызметін қазақ тілінде жүргізіп танылған Иаков Воронцов Украинада соғыс басталғаннан кейін әлеуметтік желіде соғысты ақтаған Орыс православ шіркеуінің қызметкерлерін сынап, пост жариялаған. Осы көзқарасы үшін қазақстандық митрополиялық округ басшылығы тарапынан қысым көргенін айтқан. Ол шіркеуіндегі қызметін 2023 жылы маусымда аяқтаған.
🤬18😁1
🔴Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қалалық соты "Уральская неделя" газетіне "Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзғаны" үшін 129 750 теңге (259 доллар) көлемінде айыппұл салды.

Іс материалдарында Қазақстан президенті референдум 15 наурызға белгіленетінін жариялаған күні басылымның Telegram-арнасында жарияланған жазбаның соңында "Референдумға барасыз ба?" деген сұрақ берілгені айтылған. Сол күні кешке бас редактор Тамара Еслямованың үйіне екі прокурор мен бір полиция қызметкері барған. Кейін оны Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына шақыртып, сонан соң істі әкімшілік сот қараған.

Басылымның мүддесін қорғаған MediaQoldau заң қызметі сот шешіміне келіспейтіні жайлы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, осындай жағдайлардың қайталануына байланысты ұйым Конституциялық сотқа жүгінбекші.

Қазақстанның "Сайлау туралы" конституциялық заңында "қоғамдық пікірге сауалнаманы кемінде бес жылдық тәжірибесі бар, тіркелген заңды тұлғалар жүргізе алады және бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етуге тиіс" деп жазылған.

"Алайда әлеуметтік желі сторисіндегі сұрақтарды немесе көшедегі тұрғындардан алынған пікірлерді қоғамдық пікір сауалнамасына теңестіріп бұл талаптарды журналистерге қолдану дұрыс емес. Журналист жұмысының ерекшелігі мен табиғатын ескерсек, мұндай жанрлар сауалнама бола алмайды", – деп есептейді "Құқықтық медиа орталық" қоры өкілдері.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬17❤1💩1
🗣Қазақстанның орталық референдум комиссиясы 15 наурызда референдумде қазақстандықтарға қойылатын сұрақ пен жауаптарының нұсқасын жария етті.

Комиссия мүшесі Михаил Бортник дауыс беру бюллетеніне жалғыз сұрақ пен оған екі жауаптың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқасы енгізілгенін айтты.

– "Жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ. Жауап нұсқалары: "Иә, қабылдаймын", "Жоқ, қабылдамаймын", – деп оқып берді Михаил Бортник.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда дауыс беру құқығына ие азаматтар тізіміне 12 миллион 461 мың 796 адам енгізілген. Бір пайыз резервпен қоса есептегенде, жиынтығы 12 миллион 586 мың 413 бюллетень дайындалмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩14🤬2
❤️Киевтегі Шевченко паркіндегі "Мызғымастық киіз үйі" соғыстың алғашқы жылы ашылған. Мұндай үйлер тағы бірнеше қалада бар. Киіз үй жабдығын қазақстандық меценат, Kusto Group ауыл шаруашылық холдингінің негізін қалаушылардың бірі Дәулет Нұржанов сатып алған. Құрастырған және киіз үйге жан бітірген – сондағы қазақ диаспорасының өкілдері.

Қазақтың киіз үйі, өзбектің палауы және тәжік диаспорасының гуманитарлық көмегі – Орталық Азиядан шыққан азаматтар Ресей агрессиясына қарсы тұрған Украинаның Киев, Харьков және өзге қалаларында ел-жұртты демеп жүр. Олардың көбіне Украина екінші отанға айналған – сол елде балалары өсіп, ата-анасы жерленген. Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👏8
🥇⛸Милан-Кортина қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан бір алтын медальмен жалпы есепте 19-орын алды.

Олимпиада алдында жанкүйерлер де, спорт шенеуніктері де жүлдеден көп үміт күтпеген. Шорт-трек, коньки және мәнерлеп сырғанаудан бір қола болып қалар деген сөздер айтылған.

Ал олимпиадада чемпион атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы ойындардың сенсациясына айналды. Дегенмен Азаттық сөйлескен сарапшылар қысы қатты Қазақстанның мүмкіндігі бір алтыннан да жоғары болуы тиіс деп санайды.
❤10💩4👍2🆒2
⚡️Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер болып жатқан Мексикадағы жағдайға байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Қазақстанның Мексикадағы елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз",

– делінген министрлік ақпаратында.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазіргі кезде Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.

Мексика билігінің мәліметінше, елдің батысындағы Халиско штатында жүргізілген әскери операция барысында Мексикадағы есірткі саудасымен айналысатын ең ірі ұйымдардың бірі – "Халиско жаңа буын картелінің" (CJNG) басшысы атышулы Немесио Осегера Сервантес (лақап аты - Эль Менчо) қаза тапқан соң қылмыстық топтар лаң шығарған.

CBS News мәліметінше, әскери операциядан кейін жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше штатта, соның ішінде Халискода басталған. Картель мүшелері автокөліктерді өртеп, жолдарды бөгеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8😁5🤔2🤮1
Azattyq - Азаттық
⛸️Қазақстан Шайдоровтың дайындығына қанша жұмсады? 🔹2025 жылы Қазақстан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың дайындығына 263,4 млн теңге (529 мың доллар) жұмсаған. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, бұл сомаға спортшының жаттығулары, жарыстарға…
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дайындығына 263,4 млн теңге (529 мың доллар) бөлінгені туралы ақпараттың тарап кеткені "ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын" айтты.

Tengrinews айтына берген сұхбатында ол "Меніңше, бұл мені спортшы және адам ретінде сыйламау. Қазір министрлік алтын медальға чек ұсынғандай болып тұр ма? Бұлай болмауға тиіс. Мен барлық ақшаны тек жаттығуға жұмсадым. Бұған күмән болмау керек" деді.

Бүған дейін спорт және туризм министрлігі Шайдоровтың 2025 жылғы дайындығына 263,4 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеген. Бүған қоса, Шайдоров 2025 жылы 34 млн теңгедей жалақы алғаны, ал жеке бапкері Алексей Урмановқа 26 млн теңге, хореграфы Иван Региниге 23 млн теңге төленгені айтылған.

Мәнерлеп сырғанаушы олимпиадада алтын алған сәтте желіде "бірнеше жыл бұрын министрлік Шайдоровқа көмектеспегені, спортшы өз ақшасына жаттыққаны жайлы" сөз тараған. "Шайдоровқа кезінде көмек көрсетілмеді" деген сөз шығып жатқан тұста министрлік спортшының дайындығына қанша қаржы кеткені туралы ақпаратты жариялады.
😁12🤬9❤2👎2💩2🤡2🤔1
🔺Қазақстанның Орталық референдум комиссиясы (ОРК) жаңа Конституция жобасы бойынша 15 наурызда өтетін референдумге сырттағы қазақстандықтар үшін дауыс беру орындары ұйымдастырылатын елдер саны азайғанын хабарлады. Мұндай ақпаратты қазақстандық басылымдар таратты.

Комиссия дерегінше, референдумге дауыс беру ұйымдастырылатын мемлекеттер тізіміндегі 64 елдің екеуі – Украина мен Эфиопия тізімнен алынып тасталды.

Кейбір басылымдар Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың сөзін келтірген. Оның айтуынша, Украинадағы Қазақстан азаматтарының саны қазіргі кезде бұрынғыдан айтарлықтай қысқарған. Бұған дейін консулдық есепте шамамен 500 адам тұрған болса, қазір олардың басым бөлігі Украинадан кетіп, Қазақстанға оралған. Ал Эфиопияда небәрі бес Қазақстан азаматы тіркелген, бәрі – елшілік қызметкерлері.

Тізімде бекітілген 62 елде Конституция жобасы бойынша референдумге дауыс беруге арналған жиынтығы 80 учаске ашылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10💩3❤1
Мұғалімді тергеу, шаштаразды ұстау. Референдум қарсаңындағы қудалау

Конституция жобасын ашық сынаған Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды. Қантемір Алмышевті полиция «ұсақ бұзақылық» жасады деп тапқан. Желіде референдумға ақылмен бойкот жасау туралы жазбаны бөліскен мұғалім әрі тәуелсіз бақылаушы Серік Марксұлын прокурор әңгімеге шақырған. Прокурор оның саяси көзқарасын сұраған. Жаңа Конституция туралы азаматтар пікірін сұрағандар заң бұзды деп танылып, айыппұл арқалап жатыр. Ел пікірін білу құқығы жеті ұйымға берілген.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq
🤬16❤1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬 Мәскеуде жарылыстан бір полицей қаза болды

Бұл жөнінде Baza телеграм-арнасы хабарлады. Ақпаратты кейін Ресей ішкі істер министрлігі мен тергеу комитеті растады. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, жарылысты ұйымдастырған адам да өлген. Тағы екі полицей жараланған.

Видео: Astra
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥3❤1😁1
🔴Украинадағы соғыс, Трамптың талабы және НАТО-дағы ахуал. Балтық елшілерімен сұхбат

Ресей Украинаға басып кіріп, үлкен соғыс бастағанына төрт жыл толды. Осы төрт жылда Еуропа елдері Киевті қарумен және қаражатпен демеп келеді. Солардың ішінде Еуроодақ пен НАТО-ға мүше Балтық елдері де белсенді. Екі жыл бұрын аталған мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кең сұхбат құрған едік. Азаттық елшілермен осы форматта тағы бас қосып, кейінгі екі жылда не өзгергенін талқылады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥1💯1
🗣"Важные истории": Ресей бірқатар елдің азаматтарын соғысқа тартуды доғарды

Ресейлік рекрутерлер биліктен Украинадағы соғысқа жалдамалы қызметкер тартуға тыйым салынатын елдердің "қара тізімін" алды. Бұл жөнінде "Настоящее Время" жазды.

Рекрутерлердің ақпаратына қарағанда, тізімде 36 ел бар: басым бөлігі – Африка, араб елдері және Ресейге "жағымды" елдер. Арасында Қытай, Үндістан, Бразилия, ОАР, Түркия, Куба, Ауғанстан, Иран, Венесуэла да бар. Басылым бұл тізімді алғаш рет Ганадан келген жалдамалы қызметкер Келвин Эджирдің TikTok-аккаунтынан көрген. Ол Ресей әскері қатарында соғысқан, ал бірақ қазір Африкадағы азаматтарды Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға үгіттеп жүр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4💩3
💬 БҰҰ Адам құқығы комитеті Қазақстанды Мовлаевты Ресейге экстрадияламауға шақырды

БҰҰ Адам құқығы комитеті Қазақстанды шешен азаматы Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадицияламауға шақырды. Бұл жөнінде БҰҰ Адам құқығы комитетінің Мовлаев өкілі Вадим Дроздовқа берген жауабында айтылады. 23 ақпанда БҰҰ Адам құқығы комитеті Мовлаевтың шағымын тіркеген. Жауапты Instagram-дағы Maнсур Мовлаев парақшасы жариялады.

"Комитет регламентінің 94 ережесіне сәйкес, комитет хабарламаны қарағанға дейін мемлекетке Мансур Мовлаевты қайтармау туралы ұсыныс жасалды" деп жазылған жауапта.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26🙏3💯1
❗️"Сауалға тыйым салғаны – қорыққаны". Жанар Жандосовамен сұхбат

Қазақстанда сайлау я референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу заң жүзінде шектелген. Оны өкімет рұқсатынсыз жүргізу заң бұзуға жатады. Сауалнама жөніндегі маман Жанар Жандосова қоғам көңіл күйін тәуелсіз бағамдауға мүмкіндік қалдырмау билік шешімдеріне деген сенімнің азаюына ықпал етеді дейді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯24❤4
🗣БҚО-да тәуелсіз байқаушылар ұйымына айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Жария" тәуелсіз байқаушылар бірлестігіне "сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізгені үшін" (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бап 3-бөлігі) 65 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде бірлестіктің жетекшісі Бекнұр Сыражанов Азаттыққа хабарлады.

Оның сөзінше, қаулыға 20 ақпанда Facebook желісінде Jaria парақшасында жарияланған "15 наурыз күнгі референдумды бақылау керек пе?" деген "тақырыпта жариялаған сауалнамасы түрткі болған". Сауалнамаға 16 адам қатысқан деп жазылған прокуратура қаулысында.

Бекнұр Сыражанов бастапқыда "қаулымен келіспеймін" деп жазып бергенін, бірақ соттың әділ өтетіндігінен үміт болмағандықтан ақыры қаулымен келісіп, 65 мың теңге төлеуге міндеттелгенін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20❤1👎1
💬 Семейде полицияда Украинаны қолдап пикет өткізгісі келген тұрғынды ұстап босатты

Семейде Украинадағы соғысқа қарсы жалғызадамдық пикет өткізбек болған қала тұрғыны, адвокат Ербол Аққожаны полиция ұстап, бірнеше сағаттан кейін босатты.

Өзінің айтуынша, ол бұған дейін желтоқсан айында осы пикет жөнінде жергілікті әкімдікке ескерту-хабарлама жіберген, алайда әкімдік үш күннің ішінде жауап бермеген. Ал заң бойынша уақытында жауап берілмесе, бұл пикетке рұқсат берген болып саналады деді Ербол Аққожа Азаттыққа

“Бүгін Әуезов атындағы алаңға барсам, алаңда он-он бес шақты құқық қорғау орган өкілі жүр екен. Плакатты жайып та үлгерген жоқпын. “Жүріңіз, сізге қарсы арыз түсті” деп полиция бөліміне алып кетті. Олар хаттама толтырған жоқ, себебі мен плакатты да ашып үлгермедім, бұл пикетке саналмайды. "Түсініктеме жазыңыз" деді, мен "жазбаймын" дедім. Осылайша екі-үш сағаттан кейін босатты” дейді ол.


Азаттық әзірге Семей қалалық полициясынан жауап ала алмады.

Ербол Аққожа 2022 жылы сәуірде де осыған ұқсас пикетке шыққан. Сол кезде ол Азаттық тілшісіне өзінің ұстанымын жеткізген еді.

“Осы пикет арқылы Украина азаматтарын қолдап, сол жақта қаза болып жатқан бейбіт халық, балалардың өліміне қатысты алаңдаушылығымды білдіргім келеді. Ресей билігі оны “арнайы операция” деп қалай атаса да, бұл адам өлтіруді көздейтін соғыс” деген еді.

Сурет: "Соғысқа жол жоқ!" атты жазуы бар плакат ұстап тұрған Ербол Аққожа. Сәуір 2022 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16❤7🕊4🤔3