Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🗣Британия "Росатомның" еншілестеріне санкция салды. Бұл Қазақстандағы АЭС құрылысына әсер ете ме?

Ұлыбритания ресейлік "Росатомның" еншілес үш компаниясына санкция салды. Лондонның санкциясына Ресейдің шетелдерде АЭС салу бойынша келісімдері себеп болған. Осы тұста Қазақстанда "Росатом" салып жатқан АЭС құрылысы кешікпей ме деген сауал туды. Ұлыбритания үкіметі Ресей осы АЭС жобалары арқылы қосымша табыс көздерін ашып, шығындарының орнын толтырып жатыр деп күдіктенеді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🤔9❤4🔥3👏1🤯1
💬 Оралдық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды

Орал қалалық соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔8🔥6
"Баспасөз үшін ең қанды жыл". Былтыр 129 журналист пен медиа қызметкері қаза болған

Былтыр әлемде 129 журналист пен медиа қызметкері қаза болды, бұл бұрын-соңды болмаған рекорд. Үштен екісі Израильде опат болды. "Журналистерді қорғау комитетінің" (Committee to Protect Journalists, CPJ) 25 ақпанда жарияланған есебінде осындай мәлімет айтылады. Есеп авторлары осылайша 2025 жыл баспасөз үшін ең қанды жыл болғанын айтады.

129 журналистің кемінде 104-інің қазасы соғыспен байланысты. Газа мен Йеменнен бөлек, журналистер үшін ең қауіпті елдердің алғашқы бестігіне Судан ( былтыр 9 журналист қаза болған), Мексика (6), Ресей (4 украин журналисі Ресей әскерінен қолынан қаза болған) және Филиппин (3) кіреді.
😱17😢7🤔3👍1👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кейінгі күндері референдумға қатысты пікір сұрағандар мен пікір білдіргендер полицияға шақырылып, кейбіреуіне айыппұл салынды. Сонда пікір білдіру заң бұзу ма? Депутаттар пікірі.
😁22🤬8👍4❤3💩2
💬 Жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Оның әйеліне сүйенген Гүлжан Ерғалиеваның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Әзірге қамау себебі белгісіз.

Алматы полициясы әзірге жауап бермеді.

Оразалы Ержанов – қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген қоғам белсендісі. Жуырда ол референдумға “ақылды бойкот” жариялау идеясын ұсынған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢19🤬16🤨5❤1👎1
Azattyq - Азаттық
💬 Жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Оның әйеліне сүйенген Гүлжан Ерғалиеваның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Әзірге қамау себебі белгісіз. Алматы полициясы әзірге жауап бермеді.…
Алматы полициясы Оразалы Ержановтың ұсталғанын растады

Бұл жөнінде “За нами уже выехали” телеграм-арнасы хабарлады.

“Ведомство өкілдерінің айтуынша, дәл емес ақпараты бар және референдумға бойкот жариялауға үндеген жарияланымдар анықталды. Сайлау құқығына ықтимал кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Полициядағылардың айтуынша, пікір айтуға тыйым салынбаған, тек жалған ақпаратты қасақана тарату мен фактілерді бұрмалау үшін жауапкершілік қарастырылған” деп жазды телеграм-арна.

Бұған дейін Азаттық та Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдаған еді, бірақ жауап келмеді.
🤬22🤔4❤3🤨2
🗣Axios: Зеленский жылдың соңына дейін соғыс аяқталады деп үміттенеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон әңгімеде соғысты мүмкіндігінше тезірек бітіруге қол жеткізгісі келетінін айтты. Бұл жөнінде Украина шенеунігі мен өзге де дереккөздерге сүйенген Axios жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, Зеленский әңгіме барысында соғыс биыл жылдың соңына дейін аяқталып қалар деп үміттенетінін жеткізген.

Екі басшы телефон арқылы 25 ақпанда сөйлескен және әңгіме шамамен 30 минутқа созылған. Axios-тың жазуынша, әңгіме достық ниетте, оң сарында өткен. Украина шенеунігі мен тағы бір дереккөздің айтуынша, Зеленский Трампқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, АҚШ қана Кремльді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады деген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12🙏8❤4🤷1
💬 176 шетел азаматы Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұрап отыр

Қазіргі кезде елде 304 шетел азаматының босқын мәртебесі бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Informburo сайтына берген жауабында осындай мәлімет айтылады.

Ведомство жауабында босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екені айтылмаған.

Қазақстан билігі бұған дейін соғыстан қашып келген кейбір ресейліктерге босқын мәртебесін бермеген. Босқын мәртебесін сонымен бірге Өзбекстан билігінің өздерін қудалап отырғанын айтқан бірқатар қарақалпақ белсенділері де ала алмаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔17🤬5
❗️"Рухымызды сындыра алмайды". Киевтік ерікті, әнші әрі Украина сарбазының анасы Назгүл Шүкееваның әңгімесі

Назгүл Шүкеева – Оралда дүниеге келіп, Мәскеуде оқыған, Киевте тұрмысқа шығып, гастрольдік сапармен әлемді шарлаған әнші. Ресей кең ауқымды басқыншылық соғыс ашқаннан кейін алғашқы айларда Украинадан кетіп қалуға мүмкіндігі болған еді, бірақ ол балаларымен бірге түн мезгілінде төбеден оқ пен от жауатын, жарықсыз, суық Киевте қалуды ұйғарған.

Сирек кездесетін дауыс иесі, көмеймен ән айтудың шебері һәм джаз, авангард және ұлттық музыканы үйлестіруді меңгерген әнші қазір сахнаға шықпайды. Ол еріктілермен бірге белсенді жұмыс істеп, қарт украиндарға көмектесіп жүр.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍14🤮2🥰1
❗Қазақстан ресейлік белсенді Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты

Ресейлік белсенді, Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянова Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды. Бұл туралы Емельянованың адвокатына сілтеп, "Ковчег" құқық қорғау жобасы мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, белсендінің ісі бойынша келесі отырыс 27 ақпанда өтпек.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.

Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.
❤9🤔5💩2👍1
Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Тоқаевты сотқа берді

Белсенді Әлнұр Ілияшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсірді. Бұл жөнінде белсенді желіде хабарлады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты шағымды тіркеген.

Белсендінің түсіндіруінше, 15 наурыз күнгі республикалық референдумға “азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуы мүмкін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын өзгертуі ықтимал” жобаны қабылдау мәселесі шығарылып отыр. Белсенді өзінің уәждерін кестемен де көрсеткен.
🔥30👍15❤6😎4🏆2👏1😁1
Ержановтың ұсталуы, Тшановтың даты, сүйіншінің сұрауы — Azatnews | 26.02.2026

Жаңа Конституция жобасын ашық сынап жүрген қоғам белсендісі Оразалы Ержанов ұсталып, 10 тәулікке қамалды. Қылмыстық іс қозғалған. Саясаткер, қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың президент Тоқаевқа даты бар. Ол жаңа Конституцияны қабылдауға асықпайық дейді. “Атажұрттың” істі боп жатқан белсендісіне бауы берік болсын деп сүйінші салған адам айыппұл арқалады. Полиция мұны тіркелмеген ұйымды қаржыландыру деп тапқан.

🔗КӨРУ
🤬10⚡2
⚡Журналист Борейконың желідегі парақшалары бұзылды

Журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейконың Instagram және Facebook парақшасын әлдекімдер бұзған. Бұл туралы Азаттыққа журналистің өзі хабарлады.
Борейко парақшаларының бұзылуын бүгін, 26 ақпанда Youtube-арнасына шыққан видеолармен байланыстырады.

- Парақшамды бұзды, бар айтарым осы. Хронологиясына келсек, "Гиперборей" YouTube-арнасына таңертең сағат 9-да "Құқықтық медиаорталық" қоғамдық қорының жетекшісі Диана Окремовамен референдум қарсаңында қорқыту мен үркіту науқаны жайлы шықты. Ал түсте Оразалы Ержановтың ұсталғаны (Алматыда жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген белсенді Оразалы Ержанов қамалғаны хабарланды - Ред.) жайлы жедел шығарылым жарияланды. Осыдан соң басталды, – деді журналист Азаттыққа.

Қазір Борейконың Instagram және Facebook парақшасын есімі және бас суреті өзгертіліп, журналисті қаралайтын суреттер мен видеолар жарияланған.

Вадим Борейконың парақшасына алғаш рет шабуыл жасалып тұрған жоқ. Былтыр қарашада Борейконың, журналист Асхат Ниязовтың Instagram парақшасы өшіріліп, қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Instagram парақшасы бұзылған.

Қазанда тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров YouTube "Просто журналистика" арнасы өшіріліп, ізінше қалпына келтірген. YouTube-тың өзі арна негізсіз жабылғанын мойындағаны айтылған.

Кейінгі кезде Қазақстанда билікті сынап жүрген азаматтардың немесе тәуелсіз журналист, белсенділердің әлеуметтік желідегі парақшалары, YouTube-арналарының түрлі себеппен жойылуы жиіледі.

t.me/azattyq
🤬21❤1😁1
Щучинскіде дәмханада газ жарылып, жеті адам қаза болды

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында дәмханада газ жарылып, жеті адам қаза болды, 20-дан астам адам зардап шекті.

"Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ–ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды" деп жазылған департамент хабарламасында.

Зардап шеккендердің бір бөлігі Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған, алты адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. Бірнеше адам төтенше жағдай министрлігінің реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген.
😢13😱6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде Щучинскідегі дәмханада жарылыс болған сәт бейнеленген видео да тарады. Видеодан отқа оранған ғимараттан кейбір адамдардың шығып үлгергені көрінеді, кейбірінің киімін от шалған. Куәгерлер оларға бірден көмектесуге тырысады.

Ал Qumash арнасы таратқан мына видеода видеоны түсіріп тұрған адам қаладағы палау орталығының жанып жатқанын айтады.

Төтенше жағдай басқармасы өрт түнде толық сөндірілгенін хабарлады.
😱16
Сот Мовлаевқа босқын мәртебесін бермеу туралы шешімді заңсыз деп танудан бас тартты

Бұл жөнінде адвокаты Мұрат Адам хабарлады. Ол осылай болады деп күткенін де жеткізді.

Оның алдында адвокат сот "жұмыс уақытынан тыс уақытқа көшірілгенін, Мансур Мовлаевтың қатысуынсыз" өтетінін жазған.

Бұған дейін шешен азаматы Мансур Мовлаев егер Ресейге экстрадицияланатын болса, ол жақта өзін азаптап, тіпті өлтіріп тастауы мүмкін екенін мәлімдеген.
🤔15💩3❤2👎2
Azattyq - Азаттық
Желіде Щучинскідегі дәмханада жарылыс болған сәт бейнеленген видео да тарады. Видеодан отқа оранған ғимараттан кейбір адамдардың шығып үлгергені көрінеді, кейбірінің киімін от шалған. Куәгерлер оларға бірден көмектесуге тырысады. Ал Qumash арнасы таратқан…
Щучинск дәмханасындағы жарылысқа байланысты “Көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы (292-бап, 3-бөлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде аймақ полициясы хабарлады.

27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірі газ жарылып, 7 адам қаза болды, 20-дан астам адам зардап шекті, 13-ін түрлі дәрежеде күйік шалған.
😱16🙏6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украинадағы соғысқа төрт жыл толғанына орай БҰҰ Бас ассамблеясы жиынында Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі өзін «нағыз украинмын» деп атап, украиналық елшімен сөз таластырып қалды. Жиында Украинадағы бейбітшілік туралы қарар қабылданған. «Украинадағы баянды бейбітшілікті қолдау» деп аталатын қарарды жалпы 107 мемлекет қолдап, 12 ел қарсы шықты. 51 ел қалыс қалды. Қазақстан – қалыс қалғандар қатарында.
😁20🤬13❤4🤨2👍1👎1🗿1
🔴Күйеуін Қытайдан "құтқарған" әйел тағы да түрмеге сабылып жүр. Оралхан Әбеннің сергелдеңі

Таңғы сағат бес. Дала тас қараңғы. Оралхан Әбен түнде дайындаған тамағын көтеріп, Алматыдан Талдықорғанға қарай жолға шықты. Былтыр күзден бері қамауда жатқан күйеуі Тұрсынбек Қабидің сотына қатысу үшін Оралхан өзі еден жуушы болып істеп жүрген мектептегі жұмысынан сұранып, аптасына екі рет Талдықорғанға барады. Тұрсынбек Қаби – Қытайға қарсы бейбіт наразылық акциясына қатысқаннан кейін "алауыздық қоздыру" бабымен істі болған 19 адамның бірі.

45 жастағы Оралханға бұл жол таңсық емес. 2017 жылы Шыңжаңға барған Тұрсынбекті Қытай өкіметі шығармай қойған кезде Оралхан мемлекеттік органдарға, халықаралық ұйымдарға арызданып, Талдықорғаннан Алматыға жиі қатынаған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏10😢9💔5❤1