Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Иран ракеталары Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдады

Катар әуе кеңістігінде ирандық ракета атып түсірілді деп хабарлады ел билігіне сүйенген AFP ақпарат агенттігі. Елде Американың аймақтағы ең ірі "Эль-Удейд" базасы шоғырланған.

Халықаралық ақпарат құралдары БАӘ астанасы Абу-Дабиде жарылыс естілгенін хабарлады. Әуе кеңістігін уақытша жаптық деп хабарлады БАӘ билігі.
🔥8🤬5👍3❤1🤔1
Reuters: Иран президенті Израиль мен АҚШ-тың соққысы кезінде зардап шеккен жоқ, аятолла Әли Хаменеи елден кеткен

Ирандық Shargh ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеранда президент резиденциясы мен оның штаб-пәтеріне соққы тиген. Иран ақпарат құралдарының жазуынша, президент Масуд Пезешкиан соққының салдарынан зардап шекпеген.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қазір ел аумағында емес деп жазды Reuters. Ақпарат агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, аятолла қауіпсіз жерге әкетілген.
😁33❤4😱3👍2🤬2🤮1
Қазақстан СІМ: Иранда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Ведомствоның хабарлауынша, қазір Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы бар.

“Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ” деп жазылға ресми хабарламада.
❤9😁4🤔2
Иран Американың Парсы шығанағындағы базаларына соққы жасады

Бұл жөнінде Ислам революциясы сақшылар корпусына сүйенген Fars хабарлады.

Атап айтқанда, Иран Катардағы “Әл-Удейт”, Кувейттегі Әли әл-Сәлем, БАӘ-дегі Әл-Дафра, сонымен бірге Бахрейндегі АҚШ-тың бесінші флотының базасына ракетамен соққы жасаған.

Иран қорғаныс министрлігі Тегеран жауап ретінде Американың аймақтағы барлық әскери базаларына соққы жасайтынын ресми түрде мәлімдедген.
🔥17🤬6👍5😁1
Azattyq - Азаттық
Иран Американың Парсы шығанағындағы базаларына соққы жасады Бұл жөнінде Ислам революциясы сақшылар корпусына сүйенген Fars хабарлады. Атап айтқанда, Иран Катардағы “Әл-Удейт”, Кувейттегі Әли әл-Сәлем, БАӘ-дегі Әл-Дафра, сонымен бірге Бахрейндегі АҚШ-тың…
Иранда интернет өшті

Бұл жөнінде NetBoocks жобасы хабарлады. Ұйым дерегінше, елде интернет әдеттегі көрсеткіштен 4%-ға ғана істеп тұр.

Елде интернет АҚШ пен Израильдің Иранға соққысы тұсында өшіп жатыр.
🤬16🔥3
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіне шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды” деп жазылған Ақорда хабарламасында.
😁25👍11🤔5🗿2
Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне ұшуды толық тоқтатты

Тыйым Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерін және оған жақын жатқан жақын аумақты қамтиды. Бұл жөнінде Қазақстан азаматтық авиация комитеті хабарлады.

“Аталған нұсқау қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады” деп жазылған хабарламада.
👍13❤10🔥2
Блогер Ұлан Шәмшет 15 тәулікке қамалды

Блогер, белсенді Ұлан Шәмшет медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде адвокат Диас Ахметов Facebook желісінде хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, бұған дейін полиция қызметкерлері оның үйіне барып, үйін тінтіп, тыйым салынған заттар таппаған. Оның сөзінше, осыдан кейін полицейлер Шәмшетті медициналық куәландыруға жеткізген.

"Ол бас тартты. Бұл полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау туралы айыпқа түрткі болды" деді адвокат.
🤬17🤔6❤2
💬 Әлем елдері АҚШ пен Израильдің Иранға соққысына қалай реакция білдірді?

🔺Ұлыбритания үкіметі Израиль мен АҚШ-тың операциясына қатыспағанын мәлімдеп, жағдайдың әрі қарай ушыққанын қаламайтынын жеткізді.

“Иранға ядролық қару жасауына ешқашан мүмкіндік бермеу керек және дәл сол себепті шешімге келіссөз арқылы қол жеткізу талпынысын үнемі қолдаймыз” деп жазылған үкімет мәлімдемесінде.

🔺Еуроодақ дипломатиясының басшысы Кая Каллас израильдік әріптесі Гидеон Саар және аймақтағы өзге де ресми өкілдермен әңгімелескенін алға тартып, ЕО араб әріптестерімен бірге қақтығысты дипломатия жолымен шешу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

🔺Германия үкіметінің хабарлауынша, Израиль Иранға соққы жасайтынын Берлинге алдын ала хабарлаған. Канцлер Фридрих Мерц жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтып, Еуропадағы әріптестерімен байланыста отырғанын мәлімдеді. Келесі аптада ол Вашингтонда Дональд Трамппен кездеседі.

🔺Франция басшысы Эммануэль Макрон БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Макронның сөзінше, Тегеран өзінде “ешқандай жол қалмағанын” түсінуі керек және ядролық қарудан және құрлықаралық баллистикалық ракетадан бас тартып, “келіссөзге отыруы” керек.

🔺Ресей “БҰҰ мүшесі – тәуелсіз әрі егемен мемлекетке қарсы алдын ала жоспарланған және себепсіз қарулы басқыншылықты” айыптады.

Ресей СІМ АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққысын “ойланбаған қадам” және халықаралық құқық нормасын бұзатын “қауіпті авантюра” деп бағалады. Ведомство өкілдерінің пікірінше, АҚШ пен Израиль “конституциялық құрылымды жоюды және күшке бағынудан бас тартқан өздеріне тиімсіз мемлекеттің басшылығын жоюды” көздеп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁16👍6🔥6❤2
🗣Израильдің 12-арнасы дереккөздерге сүйене отырып, соққының салдарынан аятолла Әли Хаменей қаза болған болуы мүмкін немесе жарақаттанған болуы ықтимал деп хабарлады. Иранның рухани көсемі әзірге жұрт алдына шыққан жоқ.

Reuters агенттігі Ирандағы дереккөздерге сүйене отырып, соққының салдарынан ислам революциясы сақшылар корпусының бірқатар қолбасшысы мен шенеуніктері опат болғанын жазды. Израильдегілер ирандық бірқатар жоғары лауазымды қолбасшылардың қаза болғанына сенімді, алайда ақпарат нақты расталған жоқ.

Reuters дереккөзінің айтуынша, қаза болғандар арасында Иран қорғаныс министрі Әмір Насирзаде және ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпур бар болуы мүмкін.

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдеріне сүйенген Axios жазуынша, АҚШ Иранның ракеталық бағдарламасын соққылауды көздегенін, ал Израильдің соққысы Иранның жоғары басшылығына қарсы бағытталғанын жазды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22👏6❤4👎2🤬1
Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи NBC News телеарнасына берген түсініктемесінде “бірнеше ирандық қолбасшы қаза болды, бірақ жоғары лауазымды басшылар тірі” деді. “Білуімше”, Әли Хаменеи де тірі деді ол.
😁34😱4❤1🤔1
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін шұғыл жиын өткізеді

Ол Алматы уақыты бойынша 1 наурызда сағат 2-де өтеді. Шұғыл жиын өткізу туралы өтінішті Франция, Бахрейн, Колумбия, Қытай және Ресей берген.

БҰҰ кезектен тыс жиыны жарияланбай тұрып БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Таяу Шығыстағы жағдайды айыптады.
👎20😱6👍3🤮1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Америка мен Израильдің Иранға соққысы кезінде ракеталардың бірі Минаб қаласындағы қыздар мектебіне түскен. 60-тан астам адам қаза болды.

Fars ақпарат агенттігі оқиға орнынан видео жариялады. Онда мектеп ғимаратының бір бөлігі қирағаны көрінеді. Қалған бөлігінде түтін байқалады.

Иран жағының ресми мәліметі бойынша, мектепке ракета соққысынан кемінде 63 адам мерт болған. Шабуыл кезінде мектепте 170 оқушы болған.

Минаб қаласында ислам революциясы сақшылар корпусының базасы орналасқан.
😭42🤬13👍5❤1🙏1💔1
Иран Дубайдағы ғимаратқа дронмен шабуылдады. 4 адам зардап шекті.

Дрон шабуылы салдарынан Пальм Джумейра аралы ауданында төрт адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі.

Дубайдағы ғимаратқа соққы жасалғаны көрінетін видеоны Supernova+ телеграм-арнасы жариялады
😢25👍10🤯2🤬2🙏1😨1
⚡Израиль тарабы Хаменеи "қаза тапты" дейді

Израиль премьер министрі Биньямин Нетаньяху Иранның жоғарғы көсемі Аятолла Әли Хаменеи "бұл өмірде енді жоқ" деп мәлімдеді. Оның сөзін Reuters ақпарат агенттігі таратты. Израильдің екі телеарнасы да Хаменеи "өлтірілгенін" хабарлады.

Хаменеидің қаза тапқаны жайлы хабарды әзірге тек Израиль тарабы айтып жатыр.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрлігі ВВС сайтына АҚШ пен Израильдың соққысынан жоғары билік өкілдері зардап шеккен-шекпегенін нақты айта алмайтынын мәлімдеген. Ал таңертеңгі шабуылдан соң Иран тарабы "шабуылдан Хаменеи зардап шеккен жоқ" деген еді

t.me/azattyq
🔥16🤯8🤬5👏3❤2👍1🍾1
❗Израильдің ресми өкілдері Reuters ақпарат агенттігіне Иранның жоғарғы көсемі Аятолла Әли Хаменеидің мәйіті резиденциясынан табылды деп айтқан.
🔥26😢7❤3👍1👎1🤝1
⚡Америкалық Axios агенттігінің журналисі Барак Равидтің хабарлауынша, Израильдің АҚШ-тағы елшілігі Хаменеидің мәйітін үйінді астынан алып шыққанын айтқан. Израильдің "12 каналының" хабарлауынша, Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен Израильдің күштік құрылым басшыларына қаза тапқан Хаменеидің мәйітінің суретін көрсеткен.

Иран билігі Хаменеидің өлімін растаған жоқ, бірақ бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Хаменеи тірі ме деген сұраққа "білуімше" Хаменеи тірі деген еді.

Азаттық радиосы Хаменеидің қазасын қазіргі жағдайда тәуелсіз дереккөздер арқылы тексере алмайды.

t.me/azattyq
👍16😱8❤1🔥1
⚡Израиль әскері ЦАХАЛ Иран қорғаныс министрі Азиз Насирзаде, Иран революция сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур, Иран қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Шамхани, әскери канцелярия басшысы Мохаммад Ширази сенбіде жасалған шабуылдан қаза тапты дейді.

Reuters агенттігі де дереккөздеріне сілтеп, Иран қорғаныс министрі Азиз Насирзаде мен сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың қаза болғанын жазды.

ЦАХАЛ Әли Хаменеидің өлімі жайлы ештеңе деген жоқ.

t.me/azattyq
🔥21🤬5👍1