Сот Иаков Воронцовты абақтыда қалдырды
Апелляциялық сот бұрынғы дін қызметшісі Иаков Воронцовты абақтыда қалдырды. Адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің “Власть” басылымына хабарлауынша, қорғау жағы соттан оны үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ өтініші орындалмаған.
Адвокаттың сөзінше, ол “Есірткі притонын ұстау” (302-бап) және “Есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау” (296-бап) бойынша күдікке ілінген.

🤬27❤2🤔1
Azattyq - Азаттық
🔥Щучинск: кафедегі жарылыс құрбандарының саны тоғыз адамға жетті Ақмола облысы Бурабай ауданы орталығы Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Бұл туралы 3 наурыз күні облыстық денсаулық сақтау…
Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі екі айға қамалды
Сот оны екі айға қамады. Қылмыстық іс “Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы” бабы бойынша тергеліп жатыр.
Қайғылы оқиға 26 ақпанда болған. Дәмханада болған газ жарылысы мен өрттен 9 адам қаза болды, 20 шақты адам зардап шекті.

👍8❤5🔥1
⚡Шахед дроны Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына соққы жасады. Бұл жөнінде Әзербайжанға қарасты автономды республиканың тұрғындарына сүйенген Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады.
Тағы бірнеше дрон да құлаған.
Нахчыван әуежайы Иранмен шекарадан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан.
Нахчыван тұрғындарының айтуынша, ата-аналарға балаларын дереу мектептен әкету қажеттігі айтылған.
“Полиция жұртқа топ-топ болып жиналуға рұқсат етпей жатыр. Үйге қайтып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып жатыр” деді тұрғындардың бірі.

😢11🤔8🔥7👎3❤2
Azattyq - Азаттық
⚡Шахед дроны Әзербайжанның Нахчыван қаласының әуежайына соққы жасады. Бұл жөнінде Әзербайжанға қарасты автономды республиканың тұрғындарына сүйенген Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады. Тағы бірнеше дрон да құлаған. Нахчыван әуежайы Иранмен шекарадан…
Әзербайжан СІМ Нахчыванға дронмен соққы жасалғанын растады
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Нахчыван қаласына (Әзербайжан эксклавы) Иран аумағынан дронмен соққы жасалғанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, шабуылдың салдарынан екі адам зардап шеккен.
Әзербайжан СІМ-нің хабарлауынша, дрондардың бірі Нахчыван әуежайы терминалындағы ғимаратқа соғылған. Екіншісі Шекарабад ауылындағы мектеп маңына құлаған. Шабуылдың салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шеккен, әуежай ғимараты бүлінді деді ведомство өкілдері.
Баку оқиғаға Иранды айыптады. “Әзербайжанның қарымта жасауға құқығы бар, ал Иранның Бакудағы елшісіне қарсылық нотасын тапсыру үшін сыртқы істер министрлігіне шақырылды” деп жазылған СІМ хабарламасында.

👍19👎6❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы жағдай ұзақ мерзімде Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін бе? Мәжіліс депутаттарының жауабын видеодан көріңіз
👏8🤔4👍3❤1👎1
Зеленский Украина Иран дрондарымен күресуге көмектесуге дайын екенін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Иран билігі аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтып, Украина ирандық дрондар мен зымырандарға қарсы әрекет ету үшін мамандар жіберуге дайын деп мәлімдеді.
Зеленскийдің сөзінше, Иран Таяу Шығыста шабуылға қолданып отырған дрондар – Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылығы кезінде украин елдімекендеріне және инфрақұрылымына шабуылдап жатқан атышулы "Шахед" (Shahed) дронының нақ өзі.

"Қалай да аман қалғысы келетін Иран режимі өңірдегі барлық мемлекеттерге және жаһандық тұрақтылыққа айқын қауіп төндіреді. Иранға таяу жатқан ешбір ел өзін қауіпсіз сезіне алмайды", деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Зеленскийдің сөзінше, Иран Таяу Шығыста шабуылға қолданып отырған дрондар – Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылығы кезінде украин елдімекендеріне және инфрақұрылымына шабуылдап жатқан атышулы "Шахед" (Shahed) дронының нақ өзі.
"Украина адам өмірін қорғауға және жағдайды тұрақтандыруға өз үлесін қоса алады. Серіктестер бізбен байланысқа шығып жатыр", деді Зеленский.
"Біздің әскерімізде қажетті мүмкіндіктер бар. Украина мамандары сол жерде жұмыс істейді, ал топтар бұл әрекеттерді үйлестіруді бастап кетті. Біз адам өмірін, бейбіт халықты қорғауға және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған нақты қадамдарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Әсіресе аймақта қауіпсіз теңіз қатынасын қалпына келтіруге көмектесуге әзірміз", деген Украина президенті
🔥28👍12👎11❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4 наурызда АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың әскери өкілеттігін шектеуді көздейтін қарарды қолдамады. Жиында Иранға қарсы шабуылды айыптаған АҚШ қарулы күштері ардагерін полиция залдан күштеп шығарды.
👍21😁13👎6
Air Astana Таяу Шығыс елдеріне ұшуды шегеру мерзімін ұзартты
Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға ұшуды шегеру мерзімін 10 наурызға дейін ұзартты. Бұл бағытқа билет сату уақытша 17 наурызға дейін тоқтатылды.
Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылар билеттерін 30 сәуірге дейін ауыстыра алады немесе 11 наурызға дейін ақшаларын қайтара алады.
Компания Таяу Шығыстағы ахуалды бақылап отырғандықтарын мәлімдеді.

👍17🔥1🕊1
Әли Хаменеидің "үйінді астында жатқан суреті" шын фото ма? - Фактчек
Интернетте Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің "үйінді астында мәйіті табылды" деген сурет тарады. Бұл сурет жасанды интеллект арқылы жасалған.
Reuters Fact Check журналистері "Хаменеидің үйінді астындағы суретін" Google компаниясының видео, аудио, суреттерді тексеретін Google’s SynthID құралымен тексерген. Google’s SynthID суреттің әр бөлшегін (watermarks) тексеріп, жасанды интеллект арқылы жасалған деген қорытындыға келген.
Азаттық суретті Hive Moderation AI детекторы арқылы тексергенде бұл детектор бұл фотоның ЖИ арқылы жасалу ықтималдығы 98,5 пайыз деген нәтижені көрсетті.
Толығырақ мына сілтемеден таныса аласыз.
t.me/azattyq

👍15🔥7❤4🤔1
Жаңа партия құру жөнінде өтініш түспеген
Әділет министрлігі Азаттыққа берген ресми жауабында қазіргі кезде жаңа партия құру туралы өтініш түспегенін жазды.
“Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу тәртібі «Саяси партиялар туралы» Заңымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:
▫️«Amanat» партиясы
▫️«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы
▫️Қазақстанның халық партиясы
▫️«Ауыл» партиясы
▫️Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
▫️Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ»
▫️«Respublica» партиясы” деп жазылған хабарламада.
"Қазіргі уақытта Әділет министрлігіне саяси партияларды мемлекеттік тіркеуге қатысты өтініштер және партия құру туралы хабарламалар жоқ" деді ведомство өкілдері.
Қазақстанда 15 наурыз күнгі референдумнан кейін жаңа Конституция қабылданса, депутаттар бір палаталы құрылтайға партиялық тізіммен сайланбақ. Бұған дейін сарапшылар мұндай өзгеріс саяси партияларға мүше емес халықтың сайлану құқығына қайшы деген еді.
Қазақстанда тіркеуге өтініш берсе де, тіркеле алмай жүрген ұйымдар да бар. Солардың бірі – "Алға, Қазақстан". Ұйым өкілдері "билік бізді әдейі тіркемей отыр" десе, билік мұны жоққа шығарады.

👎16😁8🤡5❤2💩1
Иран басшысы болуға негізгі 3 кандидат: режим кімді таңдайды?
Иранда кейінгі 36 жылда алғаш рет жаңа жоғарғы рухани көсем пайда болмақ.
1989 жылы Иран Ислам Республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейни қайтыс болып, оның орнына аятолла Әли Хаменеи келген еді.
Хомейни өз өлімімен көз жұмса, Хаменеи АҚШ пен Израиль 28 ақпан күні Иранға соққы жасаған кезде қаза тапты. Енді 88 адамнан тұратын Сарапшылар кеңесі жаңа басшыны таңдауы қажет.
Вашингтондағы Таяу Шығыс институты Иран бағдарламасының директоры Алекс Ватанка Азаттық радиосына берген сұхбатында жаңа басшы Ирандағы режимнің саяси мақсатына қарай таңдалатынын айтады.
🔗Толығырақ оқыңыз

🤔17💩4❤1
Azattyq - Азаттық
Әзербайжан СІМ Нахчыванға дронмен соққы жасалғанын растады Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Нахчыван қаласына (Әзербайжан эксклавы) Иран аумағынан дронмен соққы жасалғанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, шабуылдың салдарынан екі адам зардап шеккен.…
Иран Әзербайжанның Нахчыван әуежайына соққы жасамағанын мәлімдеді
Иранның қарулы күштері Әзербайжан аумағына дронмен соққы жасағанын жоққа шығарды. Бұл жөнінде Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сүйенген Reuters жазды.
Бейсенбі, 5 наурызда Әзербайжан жағы Нахчыван әуежайына Иран жағынан дронмен соққы жасалғанын хабарлаған еді. Оқиғадан кемінде екі адам зардап шеккен.
Баку қарсылық нотасын тапсыру үшін Иран елшісін сыртқы істер министрлігіне шақырғанын хабарлаған. Әзербайжан жағы “қарымта қайтаруға құқылы” екенін айтты.

🤔14🔥4😁3
Azattyq - Азаттық
Әзербайжан СІМ Нахчыванға дронмен соққы жасалғанын растады Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Нахчыван қаласына (Әзербайжан эксклавы) Иран аумағынан дронмен соққы жасалғанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, шабуылдың салдарынан екі адам зардап шеккен.…
⚡⚡⚡ Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Нахчыван аймағына жасалған дрон шабуылын "Әзербайжан аумағына, Әзербайжан мемлекетіне қарсы террор актісі" деп атады.
"Иранның ресми өкілдері Әзербайжан тарабына түсініктеме беріп, кешірім сұрауы қажет. Ал террор актісін жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек" деді Әлиев елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

👍31❤2👎1🔥1
Azattyq - Азаттық
⚡⚡⚡ Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Нахчыван аймағына жасалған дрон шабуылын "Әзербайжан аумағына, Әзербайжан мемлекетіне қарсы террор актісі" деп атады. "Иранның ресми өкілдері Әзербайжан тарабына түсініктеме беріп, кешірім сұрауы қажет. Ал террор актісін…
Иран дрондары Әзербайжанның Нахчыван аймағын шабуылдауына қатысты Қазақстан президенті де пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны "бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекет" деп атап, оны "қатаң айыптайтынын" мәлімдеді.
"Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді" делінген Ақорданың телеграм-арнасындағы хабарламада.

😁20👍15❤4🤔4🔥3🤣2
Azattyq - Азаттық
Адвокат: Оразалы Ержановтың қамалуына қатысты шағымға жауап жоқ Адвокат Виталий Воронов қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың қамалуына қатысты шағым түсірген, бірақ әзірге тергеу сотынан ешқандай хабарлама келмеген. Бұл жөнінде адвокат журналист Вадим Борейкоға…
Оразалы Ержанов екі айға қамалды
Бұл жөнінде адвокат Виталий Вороновқа сүйенген журналист Вадим Борейко хабарлады.
“Бүгін, 5 наурызда 20:50-ден кейін, Оразалы Ержановтың 10 күндік қамау мерзімі аяқталған кезде, оны екі айға қамады. Мұны маған адвокат Виталий Воронов хабарлады” деп жазды журналист.

🤬19💩3
💬 Израиль Тегеранға жаппай соққы жасай бастағанын мәлімдеді
Израиль әскері Тегерандағы “Иран режимінің инфрақұрылымына” жаппай соққы жасай бастағанын мәлімдеді.
Иранның мемлекеттік телеарнасы да Тегеранда жарылыс болғанын хабарлады.
Бұған дейін Израиль әскері бас штабының жетекшісі Эяль Замир Израиль Иранға қарсы операцияның келесі кезеңіне өтетінін хабарлаған.
Таяу Шығыстағы ахуал бойынша соңғы ақпаратты Азаттықтың лайфблогынан оқыңыз

👍19👎10🤬4🤡4🔥3😱1
15 наурызда қазақстандықтар сайлау учаскелеріне барып, Конституцияны жаңарту мәселесіне дауыс береді. Референдум қарсаңында қоғам пікірін анықтау қатаң реттеліп, желіде "референдумға барасыз ба?" деп пост жазғандар да, блиц-сауалнама жүргізген журналистер де, "референдумды бақылайсыз ба?" деп сұраған белсенділер де айыппұл арқалап жатыр.
Орталық референдум комиссиясы "Сайлау туралы" заңға сәйкес хабарлама жіберіп, рұқсат алған заңды тұлға ғана бұл іспен айналыса алатынын айтады. Азаттық "әлеуметтік сауалнама деген не, оны қалай жүргізеді?", "қоғамдық пікірдің маңызы неде?" және "сайлау не референдум қарсаңында қоғам пікірін анықтайтын институттар бейтараптығы неге маңызды?" деген сұрақтарға жауап іздеді.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8🤬6🔥2
ҚТЖ-ға еншілес компания басшысына қарсы тергеу жүргізіп жатқанын растады
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы өзіне еншілес “Қазтеміртранс” компаниясының Алматы қаласы бөлімшесінің директоры Ақылбек Базеновке қарсы қылмыстық іс қозғалғанын растады. Дегенмен компания өкілдері заңсыз сыйақы жайлы мәліметке күмән келтіреді.
Сурет: “Қазтеміртранс” сайты

👍16🔥2❤1💩1