Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы шабуыл бастағалы желіде түрлі фейк видео мен посттар тарап жатыр. Солардың Қазақстан аудиториясына жеткендерін шолып шықтық.
👍22🤣12🔥5❤1
Таяу Шығыс елдерінен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды

“Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды” деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Ведомство эвакуация жалғасып жатқанын айтты. Жолаушыларды тасымалдау әуе рейстері арқылы да, жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр деді министрлік.

Бұл бағытта жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.
👍9❤5😁3🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Харьков қаласына жасалған соққыдан 7 адам қаза болды

Сенбі, 7 наурызға қараған түні Харьков қаласына жасалған ресейлік ракета соққысынан 7 адам қаза болды, кемінде 15 адам жарақаттанды. Бұл жөнінде жергілікті билік хабарлады. Баллистикалық ракета бес қабатты тұрғын үйге құлаған.

Қаза болғандар арасында екі бала және 65 жастағы әйел бар. Төрт адам ауруханаға жатқызылған, 11 жасар баланың жағдайы ауыр. Құтқарушылар үйіндіні аршып жатыр, оның астында әлі де адамдар қалған болуы мүмкін.
😭25🤬8🔥4😈4🤷‍♀1🤷‍♂1
АҚШ Ресей мұнайына салынған санкцияны алу мүмкіндігін қарастырып жатыр

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Fox Business эфирі кезінде осылай деп мәлімдеді.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери қимылына қатысты Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау үзілген шақта шенеунік осындай мәлімдеме жасады. Халықаралық нарықтағы мұнайдың 20 пайызы осы бағыт арқылы өтеді. Бессенттің сөзінше, АҚШ бұл мәселені шешіп жатыр.

Жұма, 6 наурызда АҚШ қаржы министрлігі Үндістанның мұнай өңдеу зауыттарына Ресейдің әлі сатып алынбаған теңіздегі мұнайын сатып алуға 30 күн берді. Бессенттің айтуынша, бұл Ресейге Украинаға қарсы соғысын қаржыландыруына аса қатты әсер ете қоймайды. Министрдің сөзінше, мұндай шара Иранның халықаралық отын нарығына жасаған қысымын әлсіретуге мүмкіндік береді.

Кремль Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан шақта Ресей мұнайына сұраныс айтарлықтай ұлғайғанын айтты.
🤣28👎16💩11🤮4😁2❤1👏1😡1
Трамп Минабтағы қыздар мектебіне жасалған шабуылға Иран жауапты деп есептейді

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 наурыз күні Air Force One ұшағында БАҚ өкілдерінің осыдан бір апта бұрын Ирандағы мектепке кім шабуыл жасағаны жайлы сұрағына:

"Өзім көрген деректерге сүйенсек, бұл ирандықтардың жасағаны", деп жауап қатқан.

Ал Пентагон басшысы Пит Хегсет "Тергеу жүргізіп жатырмыз, бірақ бейбіт халыққа шабуылды тек жалғыз тарап – Иран жасайды", деген.

Иран билігі 28 ақпанда – АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған күні – елдің оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан қыздар мектебіне жасалған әуе шабуылынан 150-ден астам адам қаза тапқан деп мәлімдеген. Бұл санды растайтын тәуелсіз дереккөздер табылмай отыр.

Мектепке жасалған шабуылға жауапкершілікті АҚШ та, Израиль де, Иран да әзірге мойнына алған жоқ.

Бұған дейін Reuters агенттігі аты-жөні жарияланбаған екі дереккөзінің мәліметіне сүйеніп, АҚШ әскери тергеушілері Ирандағы қыздар мектебіне жасалған шабуыл салдарынан ондаған оқушы қаза тапқан оқиғаға америкалық сарбаздар жауапты болуы ықтимал деп есептейтінін хабарлаған. The New York Times басылымы әлеуметтік желілердегі жазбалар мен спутниктен түсірілген суреттерге сүйеніп, мектеп ғимараты дәлдеп нысанаға алған шабуыл салдарынан қатты зақымданған және мектепке шабуыл жақын жердегі Ислам революциясы сақшылары корпусы пайдаланатын базаға шабуылдармен бір мезгілде жасалған деп жазған.
🤡29🔥8❤4👎3🤬2🖕2👍1💯1
БАҚ: Үндістан Иран әскери кемесін "гуманитарлық себеппен" паналатқан

Үндістан өзінің Кочин портына Иранның IRIS Lavan әскери кемесі тоқтауына "гуманитарлық себеппен" рұқсат берген. Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар мен үнді шенеуніктерінің сөзіне сүйеніп, Reuters және Bloomberg агенттіктері осылай деп хабарлады.

Иран техникалық ақауларға байланысты 28 ақпанда кемені портқа кіргізуге шұғыл рұқсат сұраған. 1 наурызда Үндістан жағы өтінішті қабыл алған. 4 наурыздан бастап Lavan Кочин портында тұр. Кемедегі 183 экипаж мүшесі Үндістанның әскери-теңіз базаларына орналастырылған.

"Бұл мәселеге қандай да бір құқықтық тұрғыдан емес, гуманистік көзқараспен қарадық. Біз дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын", деген Джайшанкар.

Оның айтуынша, Lavan ирандық басқа кемелермен бірге жаттығуға қатысқан. Олардың арасында 4 наурызда Шри-Ланка жағалауында америкалық сүңгуір кеме суға батырған IRIS Dena фрегаты да болған. Иран кемесі Үндістан ұйымдастырған әскери жаттығудан кейін Иранға қайтып бара жатқан.
❤15🤔8🙏3🔥1
Тегеранға жасалған түнгі шабуылдан мұнай өңдейтін зауыт маңында ірі өрт шықты

8 наурызға қараған түні әлеуметтік желілерде Иран астанасында шыққан ірі өрттің видео-фотолары тарады. Ақпарат агенттіктері бұл өрт Тегерандағы "Шахран" мұнай қоймасы мен мұнай өңдейтін зауыты маңында болған деп жазды.

Иранның ресми басылымдары мұнай қоймасына Израиль мен АҚШ күштері шабуыл жасаған, бірақ үлкен залал келмеген деп хабарлады. Алайда кейбір дереккөздер өрт ауқымына қарап, мұнай өңдеуші кәсіпорын аумағы да өртенген болуы мүмкін деп топшылайды.

Былтыр маусымда Израиль Иранмен арадағы 12 күндік соғыс кезінде Тегерандағы осы мұнай өңдеу зауытына әуе шабуылын жасаған. Зауыт содан кейін де жұмысын жалғастырған.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы бастаған әуе шабуылдары екінші аптаға жалғасты. Иран қарымта ретінде Израильге қоса, АҚШ әскери базалары орналасқан Таяу Шығыстағы бірнеше елге зымыран мен дрон атқылап, осы аймақтан әлемдік нарыққа шығарылатын мұнайдың 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеді. Соғыс басталғалы бері әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт көтерілді.
❤10👎8👍2🔥2🤬1
Трамп есірткі картельдеріне қарсы әскери коалиция құрылғанын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңадан құрылған альянсқа қазірдің өзінде 17 мемлекет қосылғанын айтты. Ол бұл мәлімдемесін 7 наурызда Майамиде өткен "Америкалар қалқаны" саммиті кезінде жасады.

Негізінен АҚШ-қа жақын саясат ұстанатын үкіметтер қатысқан жиында АҚШ президенті Латын Америкасының бірқатар елдері – Аргентина, Парагвай, Боливия, Сальвадор, Эквадор, Гондурас, Перу және өзге мемлекеттердің жетекшілерімен кездесті.

Пентагон өкілдері АҚШ тіпті серіктестерінің қолдауынсыз-ақ Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне соққы беруге дайын деп мәлімдеді. Аймақта америкалық әскери іс-әрекеттер мен арнайы операцияларды кеңейту – Вашингтонның ықпалын жүргізудің жаңа бір бөлшегі ретінде қарастырылып отыр.

Бұған қоса президент Трамп Кубаның Вашингтонмен келісім жасауға ниет танытып отырғанын мәлімдеп, олар өзімен және АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.
👍14🤡3❤1🔥1
Әлиев Тоқаевқа Әзербайжанға қолдау танытқаны үшін ризашылық білдірді

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әзербайжан эксклавы Нахчыванға жасалған әуе шабуылын айыптағаны үшін ризашылығын білдірді.

"Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран мемлекетінің Нахчыванға жасаған шабуылдарын айыптағаны және Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырмал және одақтас қатынастар рухына сай қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін", деп жазды Әлиев Х әлеуметтік платформасында 7 наурызда жариялаған постында.

5 наурызда Әзербайжан өз эксклавы Нахчывандағы әуежайға Иран жағынан дрон шабуылы жасалғанын, кемінде екі адам зардап шеккенін хабарлады. Президент Әлиев оқиғаны "террор актісі" деп атап, Ираннан түсініктеме беруді және кешірім сұрауды талап етті.

Қазақстан президенті Тоқаев Нахчыванға жасалған шабуылды "бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекет" деп атап, оны "қатаң айыптайтынын" мәлімдеген. Тоқаев "аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін мәселе дипломатиялық тәсілдермен реттеледі" деп үмітттенетінін айтқан.

Иранның қарулы күштері Әзербайжан аумағына дронмен шабуыл жасағанын жоққа шығарған.
👍19❤6🔥1
Уиткофф Иранға барлау деректерін бермеуді Ресейге "қатаң" ескерткенін айтты

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф шабуылды нысанаға бағыттауға көмектесетін барлау деректерін Иранға бермеу жөнінде Мәскеуге ескерту жасалғанын мәлімдеді. Ол мұны АҚШ пен Израильдің Иранға әуе шабуылдары екінші аптаға жалғасқан шақта айтты.

7 наурызда АҚШ президентінің Air Force One ұшағында Уиткофф Мәскеуге Тегеранға ақпарат бермеу жайлы ескертілді ме деген журналистер сұрағына: "Мен мұны өте қатаң түрде айттым", деп жауап қатқан, бірақ одан өзге ештеңе айтпаған.

6 наурыз күні АҚШ шенеуніктері Азат Еуропа/Азаттық радиосына Ресей Иранға Таяу Шығыстағы америкалық әскер мен әскери нысандарға шабуылдаған кезде нысананы дәл көздеуге көмектесетін барлау ақпаратын беріп отыр хабарлаған. Бұл Washington Post газетінің Мәскеу аймақта ауқымы кеңейіп жатқан қарулы қақтығыста елеулі, бірақ жанама рөл атқарып отыр деген мәліметін растайды.

АҚШ барлау агенттіктері бұл хабарламаларға қатысты көпшілік алдында түсініктеме беруден бас тартты.
👍19🖕8🔥4🤔3
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты қазақстандық әйелдерді құттықтауында "жаңа Халық Конституциясы жобасының өзегі – еліміздің Тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың мүдделері мен құқықтары" екені айтылған.

"Референдумға шығарылған жаңа Ата заңның жобасында ана мен баланы қорғау, неке және отбасы институтын күшейту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда заңды құрметтеу, табиғатты аялау, әділдік, еңбекқорлық, жауапты және жасампаз отаншылдық қағидаттарын орнықтыруға баса мән берілді", дейді президент.

Қазақстанда 15 наурыз күні Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтпекші. Ақорда Конституцияға енгізілмек өзгертулерді "жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту" деп түсіндіреді. Ал кейбір заңгерлер мен құқық қорғаушылар жоба президент билігін одан сайын күшейтіп, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді деп есептейді. Үкімет жанындағы құрылымдар мұндай пікірді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.

Құқық қорғаушылар елде жаңа Конституция жобасы немесе референдумды сынаған азаматтар қуғын көріп, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Ресми Астана елде ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қазақстандағы референдумға дайындық туралы есебінде үкімет бұл шараға тым аз уақыт берген, сөз еркіндігі бойынша бұрынғы ұсыныстар орындалмаған, әкімшілік ресурсты орынсыз қолдану ықтималдығы жойылмаған деп сын айтқан.
👎13💩5😁3
Соғыс басталғаннан бері Таяу Шығыстан Қазақстанға 6254 адам оралған

7 наурыздың кешінен бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 1,8 мыңға жуық адамды Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары ұшақтары 11 рейспен жеткізген. Мұндай ақпаратты 8 наурыз күні таңертең Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті жариялады. Комитет жексенбі күні тағы да бірнеше рейспен Таяу Шығыстан адамдар елге жеткізілмек деп хабарлады. Алайда нақты неше адам, қай қалалардан келетінін айтқан жоқ.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылын жасап, Иран қарымта ретінде Парсы шығанағындағы бірқатар елге дрон және зымыран атқылаған. Алғашқы кезде әуе қатынасы мүлде тоқтап қалып, соғыс өтінде қалған шетелдіктерді еліне қайтуға бірнеше күн өткенде мүмкіндік алған.

Ресми мәліметтер бойынша, 3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға жиынтығы 6254 адам 37 рейспен оралған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, соғыс басталған сәтте Таяу Шығыс елдерінде 10 мыңнан астам қазақстандық болған деп жазды Vlast басылымы.
👏8👍2🤮2🔥1
АҚШ пен Израиль жоғары деңгейде байытылған уран қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иранға арнайы жасақ жіберу мүмкіндігін талқылаған, деп жазды Axios басылымы дереккөздерге сүйеніп.

Басылым мұндай операция екі ел Иранның әскері енді елеулі қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін ғана жүргізілуі мүмкін дейді.

Axios мәліметінше, келесідей екі нұсқа қарастырылған:
- Ираннан байытылған уранды түгелдей алып кету;
- немесе ядролық энергетика саласы мамандарын тартып, уранды сол жерде сұйылту.

Былтыр маусым айында АҚШ пен Израиль Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасағаннан кейін уран қорлары үйінділер астында қалған. АҚШ пен және Израильдің ресми өкілдерінің айтуынша, содан бері оларға ирандықтар да қол жеткізе алмай отыр.

Басылым сөйлескен адамдардың дерегінше, ядролық отынның басым бөлігі Иранның Исфахан қаласындағы нысандардың біріндегі жер асты тоннельдерінде сақталған, ал қалған бөлігі Фордо мен Натанздағы бункерлерде қалып қойған.

Америкалық шенеуніктердің дерегінше, Иранда шамамен 440 килограмм жоғары деңгейде байытылған уран бар. Оның негізгі бөлігі Исфаханда орналасқан. Қазіргі байыту деңгейі 60 пайыз, ал ядролық қару жасау үшін оны 90 пайызға дейін жеткізу қажет.
👎12👍8🤔5
ВВС: Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы сайланды, бірақ әзірге жарияламай отыр

ВBC-дің Парсы қызметі Ирандағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі Ахмад Аламолходаның айтқанына сүйеніп, марқұм аятолла Әли Хаменеидің орнын басатын адам таңдалған деп хабарлады. Аламолхода Иранның жаңа көшбасшысы сайланды деп айтқанымен, оның есімін атамаған.

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын Сарапшылар кеңесіне кіретін 88 дін қызметкері таңдаған. Иранның Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім туралы ресми мәлімдемені Сарапшылар кеңесі хатшылығының басшысы Хоссейни Бушехри жасауға тиіс. Әзірге ондай мәлімдеме жасалған жоқ.

Иранды 38 жыл басқарған аятолла Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль 28 ақпан күні Иранға әуе шабуылын жасаған кезде қаза тапты. Осыған дейін ақпарат құралдары Хаменеидің орнын басуға үш адам: марқұмның ұлы 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи, 67 жастағы ықпалды дінбасы Әлиреза Арафи және Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейнидің немересі 56 жастағы Хассан Хомейни ұсынылды деп жазған.

"Сарапшылар кеңесі осылардың ішінен Мұжтаба Хаменеи лайық деген таңдау жасапты, алайда АҚШ пен Израиль жаңа көшбасшы болатын адамның көзін жояды деген қауіппен өз шешімін әзірге жария етпеуді жөн көрген" деп хабарлаған басылымдар.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа көшбасшысын таңдауға өзі қатысуға ниет білдіріп, билікке Мұжтаба Хаменеи келгенін қаламайтынын айтқан еді.
🤔18😁6❤1🔥1
56 жастағы Мұжтаба Хосейни Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы деп жарияланды. Жаңа көшбасшыны таңдайтын Сарапшылар кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың "АҚШ-тың мақұлдауынсыз таңдалған кез келген адам ұзаққа бармайды" деген ескертуіне қарамастан, 8 наурызда өз шешімін жариялаған.

Енді Мұжтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы ретінде мемлекеттегі барлық мәселелер бойынша соңғы шешімді өзі қабылдайды және іс жүзінде бүкіл билікті жеке дара уысында ұстайтын болады.

Мұжтаба Хаменеи – Иран ислам республикасы тарихындағы үшінші жоғарғы көшбасшы. 1979 жылғы ислам революциясы нәтижесінде шах билігін құлатып, теократиялық режим құрған бірінші көшбасшы Рухолла Хомейни өле-өлгенше ел биледі. Ол қайтыс болған соң, 1989 жылдан бастап Иранның жоғарғы көшбасшысы болған аятолла Әли Хаменеи биыл АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылын бастаған күні – 28 ақпанда қаза тапты.

Содан бері бұл соғыс бүкіл өңірге тарады: Иран қарымта ретінде Израильге қоса АҚШ-тың әскери базалары орналасқан аймақтағы елдерге зымыран мен дрон атқылаған.

Бұған дейін Тегеранды қарсыласуды тоқтатып, берілуге шақырған АҚШ президенті Трамп Әли Хаменеидің орнын ұлы Мұжтаба Хаменеи басқанын қаламайтынын айтқан. Израиль Иранның жаңа көшбасшысын болып жарияланған адам ажалына жолығатын болады деп мәлімдеген.
👍13🤣8❤4🔥3👎1
Жұмбақ Мұжтаба. Иранның жаңа рухани көсемі кім?

Ол діни семинариядан басқа еш жерде сөйлемеген, жұрт алдына шықпаған, сұхбат бермеген, тіпті дені дұрыс фото, видеосы да жоқ. Әкесінің орнына Ирандағы ең жоғары қызметке келген Мұжтаба Хаменеи кім?

https://smarturl.click/8pRov
🔥11👎5
9 наурыздағы сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 120 долларға жетеқабыл болып, кейін қайта төмендеді. Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың бағасы барреліне 119 долларға жетті. Бірақ ол да сауда барысында кейін шегінді. Cонда да шикі мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 100 доллардан түскен жоқ.
🔥16👍4
Мұжтаба Хаменеиді елдің жаңа рухани көсемі деп жариялаған соң іле-шала Иран Израильге және Парсы шығанағындағы араб елдеріне зымыран мен дрон ұшырды. Көрші елдер Иранның кек алу әрекетіне наразылық білдірді.

«Иран аятолла саид Мұжтаба Хаменеидің басшылығымен оккупацияланған аймаққа алғашқы зымырандарын ұшырады». Иранның IRIB мемлекеттік телеарнасы 9 наурыз таңертең Telegtam-да осылай деп хабарлады.

Постқа снарядтың суреті қоса тіркеліп, онда «Сіздің бұйрығыңызбен, Саид Мұжтаба!» деп жазылған.
😁15🔥4❤2👍2👎1🤮1
9 наурызда таңертең Бахрейннің Ситра аралына Иранның ұшқышсыз ұшағы шабуыл жасап, соққыдан 32 адам зардап шекті. Бұл туралы Бахрейннің мемлекеттік BNA агенттігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында төрт бала, оның ішінде екі айлық сәби бар. Жеті және сегіз жастағы екі бала аяғынан ауыр жарақат алды.

Ситрада Бахрейн мемлекеттік мұнай-газ компаниясының Bapco Energies мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) орналасқан. Ақпарат құралдары мұнай өңдеу зауыты маңында өрт шыққанын хабарлады. Bapco Energies "аймақта Иран соққылары жалғасып жатқанына және мұнай өңдеу компаниясы бөлімшелерінің біріне жасалған қатыгез шабуылдан кейінгі қалыптасқан жағдайға" байланысты форс-мажор жариялады.
👍11👎5🤬3🤡1
Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады. Израиль дереккөзі Reuters агенттігіне мұндағы отын қару-жарақ жасауға, сондай-ақ әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтты.

Иран ұлттық мұнай компаниясы соққылардан ұйымның төрт қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді.

Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыс салдарынан улы көмірсутек, күкірт оксиді және азот көп бөлінгенін хабарлады. Соның кесірінен қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген қауіп бар.
👎9🤔7❤5🤬2👍1