Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
9 наурызда таңертең Бахрейннің Ситра аралына Иранның ұшқышсыз ұшағы шабуыл жасап, соққыдан 32 адам зардап шекті. Бұл туралы Бахрейннің мемлекеттік BNA агенттігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында төрт бала, оның ішінде екі айлық сәби бар. Жеті және сегіз жастағы екі бала аяғынан ауыр жарақат алды.

Ситрада Бахрейн мемлекеттік мұнай-газ компаниясының Bapco Energies мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) орналасқан. Ақпарат құралдары мұнай өңдеу зауыты маңында өрт шыққанын хабарлады. Bapco Energies "аймақта Иран соққылары жалғасып жатқанына және мұнай өңдеу компаниясы бөлімшелерінің біріне жасалған қатыгез шабуылдан кейінгі қалыптасқан жағдайға" байланысты форс-мажор жариялады.
👍11👎5🤬3🤡1
Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады. Израиль дереккөзі Reuters агенттігіне мұндағы отын қару-жарақ жасауға, сондай-ақ әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтты.

Иран ұлттық мұнай компаниясы соққылардан ұйымның төрт қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді.

Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыс салдарынан улы көмірсутек, күкірт оксиді және азот көп бөлінгенін хабарлады. Соның кесірінен қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген қауіп бар.
👎9🤔7❤5🤬2👍1
❗Ираннан Қазақстанға қышқыл жаңбыр келе жатыр ма?

"Қазгидромет" Иран аумағынан Қазақстан мен Орталық Азияға қышқыл жаңбыр келе жатыр деген сөзді жоққа шығарып, бұған ғылыми дәлел жоқ деп мәлімдеді.

"Қышқыл жаңбыр ауаға өндірістен, энергетика мен транспорттан күкірт оксиді мен азот тарағанда болады және ластану аймағында жауабы. Ауа массалары ұзаққа таралғанда күкірт оксиді мен азоттың концетрациясы табиғи атмосфералық процестерден азаяды. Қазіргі мониторингке сай, лас заттардың Қазақстан мен Орталық Азияға тарау белгілері тіркелген жоқ" деді "Қазгидромет" 9 наурызда.

Демалыс күндері Израиль Иранның мұнай базаларына соққы жасап, Тегеранда үлкен өрт болған. Кейін қаланың аспанын түтін басқан еді. Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыстан соң улы көмірсутек, күкірт оксиді және азот көп бөлінгенін хабарлады. Соның салдарынан қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген қауіп бар.

t.me/azattyq
👍6🔥5🤔3❤2
Қазақстанның өз ішінде де, шетелде де Батыстың мұнай-газ компанияларымен даулы істер қаралып жатыр. Астана шетелдік компаниялардан жүздеген миллиард доллар талап етіп отыр. Талап ол ғана емес, жалпы 90-жылдары қабылданған ойын ережелерін өзгерту. Істің бәрі жабық, бірақ бізге жеткен там-тұм ақпараттан елдегі жемқорлық пен парақорлық туралы жиі айтылатыны байқалады. Осы тақырыпта Азаттықтың лоңридін оқыңыз.
🔥24❤5👍4🤷‍♂1
Қазақстан Израильден қазақстандықтарды эвакуациялауға көмек сұрады

Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесіп, Израильде жүрген қазақстандықтарды эвакуация жасауға көмек сұрады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Саармен сөйлескенде "азаматтардың эвакуациясы Қазақстан үшін өте маңызды" екенін айтқан. Ал Саар Израиль тарабы Қазақстан азаматтарының эвакуациясын ұйымдастыруға бар күштерін салатынын, бұл мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеген.

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан соң Таяу Шығыс елдерінде жүрген мыңдаған қазақстандық елге қайта алмай қалған. Қақтығыс басталғалы Қазақстан эвакуация ұйымдастырып, БАӘ, Катар, Оман, Сауд Арабиясында жүрген жеті мыңнан аса қазақстандықты елге әкелген. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде барлығы он мыңнан аса қазақстандық барын айтқан.
👍15👎5😁3❤2
❗НАТО Түркия әуесінде баллистикалық ракетаны "атып түсірді"

НАТО Түркия әуесіне кірген баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл – АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағалы Түркияға бағыттталған екінші ракета.

"НАТО тағы да Түркияға келе жатқан ракетаны атып түсірді. НАТО өзінің мүшелерін кез келген қауіптен қорғауға дайын" деп мәлімдеді альянс 9 наурызда.

Түркия қорғаныс министрлігі жағдайды растап, ракетаның сынықтары Сириямен шекараға жақын Газиантеп қаласындағы бос далаға құлады деп мәлімдеді. Түркия тарабы қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ дейді.

Бес күн бұрын НАТО Ираннан Түркияға ұшқан ракетаны құлатқан еді. Тегеран 9 наурыздағы жағдайға қатысты әзірге мәлімдеме жасамады. Ал бұған дейін Иран "Түркияны әдейілеп атпағанын" айтқан.

Бұған қоса, АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияның Адана қаласындағы АҚШ консулдығының кейбір қызметкерлері мен отбасыларын кетуді сұрады. Департамент Түркияның оңтүстік-шығысында жүрген америкалықтарды да аймақтан кетуге шақырды.
👍17❤7😱4👏3😢3
❗Атырауда былтыр жоғалып кеткен екі адамның сүйегі табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғындары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтың сүйегі 9 наурызда Атыраудың Геолог ықшамауданындағы бір үйдің ауласынан табылған.

Ағайынды екеуі 2025 жылдың аяғынан бері хабарсыз кеткендер тізімінде болатын. Олардың зейнеткер әке-шешесі биыл 6 қаңтарда өз үйінің сарайынан өлі табылған. Полиция ерлі-зайыпты қатыгездікпен өлтірілгенін хабарлап, қылмысқа күдікті ретінде осы отбасының күйеу баласына іздеу жариялаған.

Әйелімен (кісі қолынан мерт болған ерлі-зайыптның қызы) бірге биыл 24 ақпанда Индонезияда ұсталып, 8 наурызда Алматыға жеткізілген соң күдікті ер адам "Мирамгүл мен Наурызды өзі өлтіріп, оларды Атыраудағы өзі жалға алып тұрған үйдің ауласына жасырғанын мойындаған" деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

Ол үйді былтыр желтоқсанда полиция мен Ұлттық ұлан өкілдері арнайы техникамен тексеріп, ештеңе таба алмаған еді. Ал қазір күдіктінің айтуымен үйдің ауласынан ағайынды екеудің сүйегін тапқан. Қаза тапқан төртеуінің де 3-топтағы мүгедектігі болған.

Аса ауыр қылмысқа күдікті ер адам мен оның әйелі Атырауға жеткізілген.
🤬22🤯5😢3❤1😡1
💬 Трамп Иран жайлы ұсыныс білдірген Путинге Украина бойынша келісімге келуді айтқан

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин биылғы жылы алғаш рет телефон шалып сөйлескен. Трамп Путин оған Иранмен арадағы жанжалды реттеуге "көмектесуге ниет білдіргенін" айтты.

"Біз Украина туралы сөйлестік, ал ол ешқашан бітіп болмайтын күрес. Президент Путин мен президент Зеленский бір-біріне өлердей өш, бір-бірімен тіл табыса алмайтындай көрінеді. Бірақ, ол жөнінде жақсы әңгіме болды деген ойдамын",

деді Трамп 9 наурызда Флоридада өткен баспасөз мәслихатында.

Путиннің айтқан ұсынысына байланысты Трамп: "Одан да егер Украинадағы соғысты аяқтауға көмектессең, ең пайдалысы сол болмақ. Міне сол пайдалы болар еді" дедім оған. Бірақ жақсы әңгіме болды" деп мәлімдеді.

Путин мен Трамп телефонмен сөйлескенін Кремль де хабарлады.

АҚШ-пен Украина жөнінде жүргізілетін келіссөздердегі Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев "конструктивті әңгіме бір сағатқа созылды" деп жазды. Оның сөзінше, АҚШ пен Ресей басшылары "Украина мен Ирандағы қақтығыстарды шешудің ықтимал жолдарын талқылаған".
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁21🥱10❤4👍2👀1
🗣Нарықтағы мұнай бағасы Трамп "соғыс жуырда аяқталады" деген соң сәл түсті

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 наурызда CBS арнасына берген сұхбатында "соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін, бірақ дәл бұл аптада емес" деп мәлімдеген. Бұған қоса ол бастапқыда 4-5 апта болады деп болжанған АҚШ әскери операциясы одан әлдеқайда тез жүріп жатқанын айтқан.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт өсуіне себеп болған Ормуз бұғазын бұғаттауға байланысты Трамп қазір ол жерден кемелер өтіп жатқанын, бірақ бұғазды "өз бақылауына алсам ба" деген ойы барын айтқан.

9 наурыз күні әлемдік нарықта мұнай бағасы 2022 жылдың ортасынан бергі кезеңде ең жоғары деңгейге жетті: сауда басталған кезде Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 120 доллардың маңайына дейін көтеріліп, кейін сәл түсті.

Трамп соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін деп мәлімдемегеннен кейін мұнай бағасы төмендеп, қор нарқы өсе бастағанын Bloomberg агенттігі хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁15❤5👻3🔥2👀1
⚡️Беларусь журналисі Павел Добровольский 9 жылға сотталды

Минск қалалық соты журналист Павел Добровольскийді "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпты" деп танып, тоғыз жылға бостандығынан айырды. 6 наурызда жабық сот отырысында шығарылған үкімге сәйкес, журнарлист жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады деп хабарлады Беларусьтің журналистер қауымдастығы.

Беларусьтегі және шетелдік басылымдарда жұмыс істеген Добровольскийдің соңғы жұмыс орны – БелаПАН тәуелсіз агенттігін Беларусь билігі "экстремистік құрылым" деп танып, қызметін тоқтатқан.

2020 жылғы қазан айында Павел Добровольский пәтерінде ұсталып, рұқсат етілмеген митингке қатысқаны туралы әкімшілік іс бойынша 15 күн қамауда отырып шыққан.

Беларусьтің қуғындағы журналистері негізін қалаған Позірк сайты билік журналист Павел Добровольскийге 2020 жылғы жаппай халық наразылығы кезінде атқарған кәсіби қызметіне байланысты айып таққан болуы мүмкін деп жазды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬9😐6👍1
🔴 Щучинскідегі кафедегі жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы "Палау орталығы" кафесінде 26 ақпанда болған жарылыс салдарынан қатты зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болған.

"Зардап шеккендердің бірі 8 наурызда Бурабай стационарының жансақтандыру бөлімінде жан тапсырды. 9 наурызда Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханада емделіп жатқан тағы бір науқас әйел қайтыс болды", деген 9 наурыз күні облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы Нариман Ермек.

Кафеде жарылыс болған кезде 5 адам сол жерде қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Бірнеше күн өткенде тағы екі адам емдеу мекемесінде жан тапсырды. Төтенше жағдай департаменті кафеде газ баллоны жарылған деп хабарлады.

Бұл оқиғаға байланысты "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, дәмхана иесі қамауға алынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢23🤬1
🔺 АҚШ комиссиясы абақтыда отырған Иаков Воронцовты сенім-нанымы үшін қудаланғандар тізіміне қосты

АҚШ-тың Халықаралық діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) сенім-нанымы үшін қудаланған адамдар тізіміне (Frank R. Wolf Freedom of Religion or Belief Victims List) православ священнигі мәртебесінен айырылған қазақстандық Иаков Воронцовты қосқан.

Қазір ол тізімде 2488 адам бар, деп жазды Қазақстанның адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросы.

Биыл 13 ақпанда Алматының әкімшілік соты Иаков Воронцовты "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну" бабы бойынша 10 күнге қамаған. Воронцов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

"Үйімнен табылды делінген ұнтақ маған тиесілі емес. Ол әдейі тасталған деп білемін. Осылардың бәрі – абырой-беделімді түсіріп, мені жазалау үшін жасалған",

деген ол қамауда отырып жазған хатында.

Воронцов 10 күндік қамаудан шыға сала тергеуге әкетіліп, ізінше тергеу сотының шешімімен 2 айға қамалған. Қазір Алматының тергеу абақтысында қамауда отыр.

Иаков Воронцов Орыс православ шіркеуіндегі қызметін 2023 жылғы маусым айында аяқтаған. Ол Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптағаны үшін қазақстандық митрополиялық округ басшылығы тарапынан қысым көргенін айтқан еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤6👎1
Қазақстандық журналистер Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы Конституция және алдағы референдум туралы посттарын өшіріп жатқанын мәлімдеді.

YouTube-тағы JURTTYN BALASY арнасының авторы Мұрат Данияр Instagram-дағы парақшасына шабуыл жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, бір жылдағы жазбалары толық өшірілген.

Ал Respublika.kz.media басылымы 57 материалы өшірілгенін хабарлады. Редакция мәліметінше, өшірілген пост саны 100-ге жеткен.

Басылымның жазуынша, өшірілген материалдар ішінде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, оппозициядағы саясаткер Әкежан Қажыгелдиннің Bild басылымына берген сұхбаты, оппозициялық саясаткер Оразалы Ержанов туралы және Конституцияны сынаушыларды қудалау туралы материалдар болған. Мұрат Данияр да, Respublika.kz.media да посттары Giorgio Armani атты қолданушының шағымдарынан кейін өшірілгенін айтады. META да, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі де бұл бойынша пікір білдірген жоқ.
👎12😡9🤯3😱2🤬2
Әйелдер маршына рұқсат ала алмаған феминистердің шарасына кедергі жасалды

Алматыда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні феминистер шара өткізіп, әйелдердің денсаулығы, әйелдердің бейбіт жиын өткізу құқығы, әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара басында залға бір топ әйел кіріп, айқайлап, спикерлердің сөзін бөліп, кедергі келтірген. Залға келгендердің арасында "Аманат" партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, "Рахым" әлеуметтік үйінің басшысы Бибінұр Шералиева, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі құрған Отбасы қолдау орталығының өкілдері Әсем Исаева мен Дилнар Инсенова болған. Шудан кейін феминистер полиция шақырып, полицейлер кедергі келтірген әйедерді алып кеткен.

"Рахым" қорының инстаграм парақшасында жариялаған видеода залға кірген әйелдер шулап, полициядан іс-шараны тоқтатуды, феминистерді залдан шығаруды талап еткені көрінеді. Видеоны түсіріп тұрған әйел "бұларға марш ұйымдастыруға рұқсат берейін деп жүрсіңдер ме?" деп дауыс көтеріп, айғайлайды.

Бұл шараны осыған дейін Алматыда 8 наурызда Әйелдер маршын өткізген феминистер ұйымдастырды. Олар биыл Алматы әкімдігіне Әйелдер маршын өткізуге 10 рет өтініш бергенімен, жергілікті билік "көрсетілген тақырыптағы бейбіт жиындар қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді" деп рұқсат етпеген.

Алматыда Әйелдер маршы 2022 жылы ұйымдастырылған, одан кейін феминистер марш ұйымдастыруға рұқсат ала алмай келеді. 2023 жылы әкімдікті сотқа бергенімен, сот олардың шағымын қанағаттандырмаған.
👍9😢4❤3🤣3👏1🤔1🤬1🤝1
🥉Паралимпиададағы Қазақстанның алғашқы медалі

Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов шаңғы жарысында (спринт, отырып жарысу) қола медаль иеленді. Алтын жүлдені қытайлық Цзысюй Лю, күмісті бразилиялық Кристиан Вестемайер алды.Бұл – Қазақстанның бұл паралимпиададағы алғашқы медалі.

28 жастағы Ербол Хамитов паралимпиадаға шаңғы мен биатлоннан қатысып жатыр. Ол 2022 жылы Пекиндегі паралимпиадаға да қатысқан еді. Петропавлда туған Хамитов – биатлон (2025 жыл, Словения) мен шаңғыдан (2023 жыл, Швеция) әлем чемпионы.

Италиядағы паралимпиадаға Қазақстаннан жеті спортшы қатысып жатыр. Жарыс 15 наурызда аяқталады. 10 наурыздағы нәтиже бойынша, жалпы есепте алғашқы бестікте Қытай (9 алтын), Австрия (4 алтын), Италия мен Украина (3 алтыннан), АҚШ (2 алтын) тұр. Қазақстан 23-орында.
👍44🔥5
⚡Украина Ресейдің Брянскідегі зауытына шабуылдады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Ресейдің Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Брянскіге жасалған ракета шабуылынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар деп мәлімдеді. Бұл туралы ол телеграм-арнасында жазды, бірақ қаза болғандар мен зардап шеккендердің санын айтпады.

Ресейдің қарулы күштеріне жақын Mash және Shot телеграм-арналары екі адамның қазасы туралы жазды. Shot кемі 16 адамның зардап шеккенін айтады.

Mash телеграм-арнасы шабуыл Storm Shadow ракетасымен жасалды дейді. Ал Astra телеграм-арнасы украиналық әскерилер "Кремний Эл" зауыты шабуылға ұшырады дейді.

Украина президенті Владимир Зеленский "РБК Украина" агенттігіне "Ресейдің ракеталарын басқару жүйесі дайындалатын Брянскідегі зауытқа сәтті соққы жасалғанын" растаған. Бірақ Зеленский Украина қарулы күштері қалай соққы жасағанын ашып айтпады.

"Кремний Эл" – Ресейдегі микроэлектроника құралдарын жасайтын ірі зауыттардың бірі. Көп өнімдерін Ресей қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жасайды. Бұл зауыттан шыққан құралдарды "Панцирь" ракетаға қарсы жүйесі мен "Искандер" ракета атқыш кешеніне пайдаланады.

2023 жылдан бері бұл зауыт бірнеше рет дрон шабуылына ұшыраған.

t.me/azattyq
🔥38👍11❤1
💬 Израиль әскері Тегеран мен Бейрутқа тағы соққы жасады

Израиль Тегеран мен Ливан астанасы Бейрут маңындағы нысандарға соққы жасай бастады. Иран Израильге қарай ракеталар жіберді.
Сейсенбі күні Израиль әскері Иран күштерінің негізгі орталықтарына соққы жасағанын хабарлаған.

Израиль әскері “Хезболланың” Дахия ауданындағы инфрақұрылымдарына соққы жасағанын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20👎6🔥1
Тоқаев Иранның БАӘ-ға жасаған зымыран және дрон шабуылын айыптады

“Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды” деп жазылған Ақорданың 10 наурыз түндегі хабарламасында.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында “халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну” екені атап өтілген.

28 ақпаннан бері Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бірнеше рет мәлімдеген жасаған. 1 наурызда ол Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына қолдау білдіріп, “достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті” айыптаған. Әзербайжанның Нахчыван әуежайына ирандық дрондардың соққысын да қатаң айыптаған еді.
👎19❤8😁6🕊4🤣4🔥2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның эстрада жұлдыздары жаңа Конституция жобасын қолдап бейнебаян жариялады. Әнде жаңа құжаттағы өзгерістер айтылмайды, «болашаққа қадам», «жаңа таң» сияқты тіркестермен сипатталған. Туындыға желі қолданушыларының пікірі әртүрлі.
🤮36😁23👎13💩10🤣3❤1🤯1🖕1
"Бағасы шарықтаған шаршы метр". Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында не болып жатыр?

Биылғы жылдың алғашқы айында Қазақстанда тұрғын үйге қатысты жасалған мәміле саны екі есеге жуық азайды. Соған қарамастан шаршы метрдің бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр. Сарапшылар жылжымайтын мүлік бағасы халықтың нақты табысынан алшақтап, көбігі көтеріліп барады дейді.

Оның үстіне Ресейдегі ахуал да қауіпті күшейтті: ондағы нарықта сауда-саттық көлемі екі есе төмендеп, құрылыс салумен айналысатын әрбір бесінші компания банкрот болуға шақ тұр. Көрші екі елдің осы саладағы тетіктері ұқсас: мемлекет жылжымайтын мүлік нарығына үйіп-төгіп бөлген арзан ақша ағыны кейін сарқылып қалды.

Енді алда не күтіп тұр, жылжымайтын мүлік бағасы не болмақ? Азаттық Азия жағдайды зерттеп көрді.

🔗Толығырақ оқыңыз
❤8👎4🔥4🤬2