Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🔴Тағы екі миллиардер қосылды. Әлемдегі ең бай адамдар тізіміне Қазақстаннан сегіз адам енді

Америкалық Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдар тізіміне биыл Қазақстаннан сегіз адам енді. Оның екеуі тізімге алғаш рет кіріп отыр. Бұған дейінгі жылдары осы тізімде болған қазақстандық миллиардерлердің түгелге дерлігінің байлығы көбейе түскен. Олардың қатарында бұрынғы президенттің қызы мен күйеу баласы – Динара мен Тимур Құлыбаевтар да бар.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26👍3👎2🤣2🖕2❤1💩1
Azattyq - Азаттық
Депутат бұрынғы шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап етпек 1 наурызда Дубайда Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде ол жақта қазақстандық ауқатты азаматтар, оның ішінде қазақстандық бұрынғы шенеуніктерге…
Бас прокуратура қазақстандықтардың "Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексермейді

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі "қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексеруге негіз жоқ деп санайды. Ведомство BES.media басылымына жіберген жазбаша жауабында осылай деп мәлімдеген.

"Ресми тексерусіз, оның ішінде өкілетті органдардың тексеруінсіз шетелде жылжымайтын мүлікті сатып алғаны және [немесе] ие болғаны жайлы ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес" деп жазылған басылымға берген жауапта.

1 наурызда Дубайда Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде ол жақта қазақстандық ауқатты азаматтар, оның ішінде қазақстандық бұрынғы шенеуніктерге тиесілі баспана зардап шеккен болуы мүмкін екені талқыланған еді.
🤬34🤡13😁4💩4🤮3❤2🤯1😡1
NYT: Иранның жаңа көсемі соққы барысында жараланған

Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеи қаза болғаннан кейін оның орнын басқан ұлы 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи Израиль мен АҚШ алғаш рет соққы жасаған күні аяғынан жараланған. Бұл жөнінде Иран және Израиль шенеуніктеріне сүйенген New York Times жазды.

Ирандық үш шенеуніктің сөзінше, кіші Хаменеи есін біледі және байланыстан оқшауланған, жақсы қорғалған орында отыр.

Израильдің екі әскери шенеунігінің айтуынша, кіші Хаменеидің жараланғаны жайлы ақпарат оларда ол Иранның жаңа көсемі ретінде тағайындалғанға дейін болған.

NYT-тің жазуынша, Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Хаменеиді “жараланған соғыс ардагері” деп те атай бастаған. Дегенмен оның қандай жағдайда жарақат алғаны және жарақатының ауырлығы белгісіз.

Мұжтаба Хаменеи 8 наурызда Иранның жоғарғы көсемі болып жарияланған. Одан бері ол жұрт алдына шықпаған, ешқандай жазбаша мәлімдеме жасамаған.
👍9😁7🤔6👎4
Самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмақ

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда самокаттарды жалға беретін компаниялар әрбір техниканы тіркеп, мемлекеттік нөмір тағуға міндеттелмек. ІІМ тиісті талапты бекітті.

Мұндай өзгеріс жол қауіпсіздігін жақсартып, заң бұзғандарды бақылауды жеңілдетуі тиіс деп айтылады. Қазір самокат араласқан оқиғаларды тексеру көп жағдайда қиын, себебі олардың иелерін анықтау қиынға соғады дейді полиция.

Бұған дейінгі ереже самокаттарға тротуарда сағатына 6 шақырыммен жүруіне рұқсат етсе, жазда енетін өзгеріс бұған да тыйым салмақ. Тек кейбір орындарда ғана рұқсат етілмек. Олар велосипед жолы болмаған жағдайда жолдың оң жағында жүре алады.

Полиция кейінгі кезде самокаттар көбейгенін, онымен бірге самокат қатысқан қылмыс саны артқанын айтып отыр. Ресми мәлімет бойынша, мысалы 2025 жылы Алматыда электр самокат қатысқан 386 жол апаты болған. Соның салдарынан 400-ден астам адам зардап шеккен, бір адам қаза болған.
😁18👍7🔥3❤1👎1🤔1💯1
🔴"Ұйымдасқан шабуыл". Facebook пен Instagram билікті сынайтын жазбаларды неге өшірді?

Қазақстанда билікті сынайтын саяси белсенділер, журналистер, блогерлер, тіпті тәуелсіз институттар Meta платформаларындағы жазбалары өшірілгенін хабарлады. Бұл шешімдерді даулағандардың кейбірі жазбаларының қайтарылғанын айтып отыр.

Контент бұғаттау неліктен жиілеп кетті? Бұған кім мүдделі? Әлеуметтік желі алгоритмі қалай жұмыс істейді? Осы сұрақтарды Meta компаниясымен жалған ақпарат бойынша әріптестік орнатып, бірігіп жұмыс істейтін Factcheck.kz сайтының редакторы Думан Смақовпен талқыладық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎9😁4🤬4❤1
🗣БАҚ: Қазақстан соғысқа қарсы ресейліктерді жаппай депортациялауға дайындалып жатыр

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ықтиярхат алу туралы қылмыстық істі тергеп жатқан болуы мүмкін. Бұл жөнінде "Слово защиты" және соғысқа байланысты Қазақстанға кеткен ресейліктерге көмектесетін құқық қорғаушыларға сүйенген бірнеше БАҚ жазды.

"Новая газета Европа" басылымының жазуынша, бұл іс бойынша әскерге шақырылатын жастағы ондаған ресейлік куәгер атанған. Тергеу ақпан соңында басталған, бір шақырғанда 3-4 адам тергеліп жатыр.

Құқық қорғаушылар тергеудің соңы ықтиярхатты заңсыз алған ресейліктерді елден жаппай депортациялауға ұласуы мүмкін деп топшылайды. Олардың айтуынша, мәселе саяси қудалаудан гөрі жалған ықтиярхатты сатып алуға көбірек қатысты.

Ақпан айының соңында Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан билігінен 176 адам босқын мәртебесін сұрап отырғанын хабарлаған. Дегенмен ведомство босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екенін айтпаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🔥6😱3❤1👎1🤣1
🔴Аз ұлттарды ассимиляциялау саясаты ма? Қытай "бірлік туралы" жаңа заң қабылдамақ

Қытай "Этностық бірлік пен прогреске ықпал ету" деп аталатын жаңа заң қабылдамақ. Онда елде "ескі дәстүрлерді өзгертіп, жаңа мәдениет қалыптастыру", "қытай тілін елдегі басқа тілдерден жоғары қою", "балаларға алдымен қытай тілін үйрету" деген баптар бар. Азшылықтар құқы не болады?

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎26🤬22👍6❤2👀1
🗣Парсы шығанағында екі мұнай танкеріне жасалған шабуылдан кемінде бір адам қаза болды

Екі мұнай танкерінде жарылыс Ирактың Басра порты маңында болды. Бұл жөнінде BBC жазды. Ирак порты компаниясының бас директоры екі шетел мұнай танкерінен 38 адам құтқарылғанын, кемінде бір адам қаза болғанын хабарлады.

Шабуылды Иран мойнына алды. “Парсы шығанағындағы екі мұнай танкерін” суасты дроны “жарып жіберді” деп хабарлады Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы.

Шабуылдан кейін Ирактағы мұнай порттары жұмысын тоқтатқан. Ирак біріккен жедел қолбасшылықтың өкілі Саад Маан шабуылды “егемендікке қолсұғушылық” деп атады.

CNN растаған видеода екі танкердің жанып жатқаны, жалынның суға төгілген мұнайға да жайылғаны көрінеді. Кемелерді бақылау деректеріне қарағанда, екі танкер өрт басталған кезде якорьмен бір-біріне жалғанып тұрған.

Бұл Мальта туын ілген Zefyros танкері мен Маршалл аралдарының туымен жүрген Safesea Vishnu танкерлері. Safesea Vishnu иесі америкалық Safesea Transport Inc. компаниясы. Ал Zefyros грек компаниясына қарайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔7🤬5🙏3
АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма?

Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады.

🔗Толығырақ оқыңыз
🤔18👍7🙏1🖕1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада белсенді Гүлнәз Серікбаеваның ұсталғаны хабарланды

Қызылордада полиция белсенді Гүлнәз Серікбаеваның үйін тінтіп, өзін алып кетті. Оның үйіне тінту жүргізу туралы сот санкциясында “алауыздық қоздыру” (174-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жазылған.

Іске Серікбаеваның Facebook жазбалары түрткі болған деп айтылады. Сот қаулысына қарағанда, сот психологиялық-филологиялық сараптама Серікбаеваның “жазбаларының жалпы бағыты орыс, қытай ұлты өкілдеріне қатысты жағымсыз пікір айтуға бағытталған” деген қорытындыға келген.

Желіде жариялаған видеода оны үйінен түнде бетін қарамен жауып алған арнайы жасақ өкілдерінің ұстап әкеткені, анасының бұған қарсы болғаны көрінеді.

"Жаңа ғана милициялар келіп, қызымды жұлқылап алып кетті. Мен қасарысып едім, мені итеріп жіберді де, желкем [қабырғаға] тиді, қан қысымым көтеріліп кетті. Содан кейін жедел жәрдем шақырттық. Жедел жәрдем мені алып кетеміз деп еді, үйде кішкентай бала бар. Оны қалай тастап кетемін?! Сонымен бармай қалдым" деді оның анасы Дәбеш Шілдебаева желіде тараған видеода.

Қызылорда полициясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Видео: "Белсенділер экстремист емес" тобы
🤬36❤3👎3👀2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екі мұнай танкерінде жарылыс Ирактың Басра порты маңында болды. Бұл жөнінде BBC жазды. Ирак порты компаниясының бас директоры екі шетел мұнай танкерінен 38 адам құтқарылғанын, кемінде бір адам қаза болғанын хабарлады.
👍11😱6❤2🙏2
"Хезболла" Израильдің солтүстігіне ракета және дрондармен шабуыл жасады

11 наурызда кешке ираншыл шииттік "Хезболла" тобы (АҚШ, Израиль, Канада, Египет және бірқатар елде террористік ұйым деп танылған) Ливанның оңтүстігінен Израильдің солтүстігіне қарай шамамен жүз ракета мен біраз дрон жіберді. Әзірге толық емес мәлімет бойынша екі адам жеңіл жарақаттанған.

Оның алдында сәрсенбі күні ертерек Ливан денсаулық сақтау министрлігі Израиль Ливанның шығысындағы Бекаа жазығын атқылағаннан кейін кемінде 7 адам қаза болғанын, 23 адам жараланғанын мәлімдеген.
👍13🤬11🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пекин қытай тілін басқа тілдерден жоғары қоятын, ханзу ұлты мен басқа ұлттардың үйленуін қолдайтын, балаларға «компартияны сүюді міндеттейтін» заң жобасын қабылдамақ. Бұл қандай заң?
🤬25😱9👍4🔥2🤮1
Тоқаев: президент туралы бөлім небәрі 10 баптан тұрады

12 наурызда мәслихат депутаттарының республикалық форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция жобасында президенттен гөрі адам құқығына көбірек көңіл бөлінгендігін алға тартты.

“Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға 30 баптан тұратын ең үлкен бөлімнің арналуы тегін емес. Бұл – Ата заңның шамамен үштен бірі. Салыстырмалы түрде айтсақ, президент туралы бөлім небәрі 10 баптан тұрады” деді Тоқаев.

Бұған дейін елде кейбір сарапшылар жаңа Конституция жобасы президенттің билігін күшейтіп жіберуі мүмкін деген қауіп айтқан.

Бейсенбі күнгі форумдағы сөзінде Тоқаев "президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқаруына тыйым салатын норма" айырықша мәнге ие деді. Бұл ереже биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды деді.

“Кейбір ықпалды адамдар, басқаша айтқанда «сұр кардиналдар» немесе «саясат сахнасының сыртындағы ойыншылар» мемлекеттік институттарды алмастырмауы керек. Бұл тәжірибе түбегейлі жойылды” деді ол.
🤮20❤5💩5🆒2
Azattyq - Азаттық
Тоқаев: президент туралы бөлім небәрі 10 баптан тұрады 12 наурызда мәслихат депутаттарының республикалық форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция жобасында президенттен гөрі адам құқығына көбірек көңіл бөлінгендігін алға тартты. …
Тоқаев “арнайы құқық режиміндегі” аумақтар ел тұтастығына қауіп төндірмейтінін айтты

Бейсенбі күні форумда сөйлеген Тоқаев қоғамда Конституция жобасына қатысты айтылған кейбір сындарға “реакция білдіргендей” болды. Соның бірі – “арнайы құқықтық мәртебеге ие” болуы мүмкін Алатау қаласы сияқты “арнайы аумақтар”.

“Жекелеген аумақтар мен «қарқынды дамитын қалалар» үшін арнаулы құқық режимін белгілеу ұсынылып отыр. Осы нормаға байланысты еліміздің аумақтық тұтастығына қауіп төндіреді деген қауесет тарай бастады. Әдетте мұндай ауыр айыптауды әлемдік тәжірибеден мақұрым, заңнамалық сауаты жоқ адамдар айтады” деді Тоқаев.

Ол сонымен бірге тіл мәселесін де жанап өтті.

“Айтпақшы, жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесін төмендетіп жатыр-мыс деген күңкіл әңгімеге қатысты да осыны айтуға болады. Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Стилистикалық және грамматикалық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген” деді ол.
👍30🔥25👏25👎19🤮8❤3💩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желіде Конституция жобасы туралы жазбалар өшіп, ал сын айтқан, бойкотқа шақырған кейбір азамат қамауға алынған тұста қолдау сарынындағы публикациялар да жиіледі. Алдағы бейсенбі-жұма ресми үгіт-насихатың соңғы күндері. Референдумда жаңа басты заң жобасын қолдап дауыс беруге шақырып жатқан тарап саяси науқанға үгітті қалай жүргізіп жатқанын бір қорытындылап көрсек.
🤣25👎9🤬6❤3🤡3🤮1
🗣Петропавл соты белсенді Вадим Курамшинді 10 тәулікке қамады

Петропавл соты белсенді Вадим Курамшинді әлеуметтік желіде "жалған ақпарат таратқаны" үшін (456-2 бап) кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға жіберді. Әкімшілік іске оның Конституцияны талқылағандарды жазалап жатқаны туралы посты түрткі болған.

Іс материалдарына қарағанда, 2 наурызда Курамшин өзінің Instagram және TikTok-тағы аккаунттарында видео жариялап, "Конституцияны талқылаған осындай жазбалар үшін полицияға шақырту беріп, отырғыза бастады" деген. Полиция мұны "қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін" "жалған тұжырым" деп санаған.

Сотта Курамшин өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол конституциялық құқығын пайдаланып, өз пікірін жеткізгенін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16👎9❤4👍2
Қазақстан соғысқа қарсы жасөспірімді Ресейге депортацияламауды жөн көрді

Батыс Қазақстан облыстық соты 16 жастағы Тимур Турковты Ресейге депортациялау туралы бірінші инстанцияда шыққан шешімнің күшін жойды. Бұл жөнінде “Уральская неделя” басылымының бас редакторы Тамара Еслямоваға сүйенген Адам құқығы бюросы жазды.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейдің Оралдағы консулдығы Тимур Турковты Ресейге қайтару үшін “барын салған”. Бірақ сот жасөспірімді елде қалдыруды жөн көрген.

Былтыр Ресейден қашып келген Тимур Турков Кремльдің саясаты және оның әскери риторикасымен келіспейтінін білдірген. Ол өзі тұрған аймақтағы мектептерде соғыс әспеттеліп, Украинада қаза тапқан ресейлік сарбаздарды жерлеу рәсіміне жоғары сынып оқушыларын қарауыл қылып қоятынын айтқан.
👍38👎4🤡3
Пентагон жақын күндері Ирандағы қыздар мектебіне шабуыл бойынша АҚШ Конгресіне тергеу мәліметтерін береді. Азаттық радиосының дереккөзі мектепке АҚШ зымыран атқан болуы мүмкін деген болжамның "жаны бар" дейді.

🔺 Не болды?

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Сол күні елдің оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан қыздар мектебіне жасалған әуе шабуылынан 175 адам қаза тапқаны хабарланды.

🔺 АҚШ-қа кім кінә тағып отыр?

Reuters пен The New York Times алғаш болып өз дереккөздеріне сілтеп, АҚШ әскері ескі барлау мәліметтеріне сүйеніп нысана көздеуде жаңсақтық жасаған болуы мүмкін деген.

🔺 Конгресс не дейді?

АҚШ-тың 46 демократ-сенаторы қорғаныс министрі Пит Хегсетке жылдам тергеу жүргізуді талап етіп хат жазған. Оларды Республикалық партиядан сайланған кей конгрессмен қолдаған.

🔺 Ақ үйдің ұстанымы қандай?

АҚШ президенті Дональд Трамп бастапқыда шабуылға Иран жауапты деген. Күдік күшейіп, журналистер қайта сұрақ қойғанда Трамп бұл оқиға туралы пікір айту үшін жеткілікті ақпараты жоқ екенін, бірақ тергеу қорытындыларын мойындайтынын мәлімдеген.
😁11🔥6👎3🤷‍♂1🤬1
⚡Иранның жаңа рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи билікке келгелі алғаш рет мәлімдеме жасады.

Оның сөзі Иранның мемлекеттік телеарнасынан оқылды.

Хаменеи әлемдегі мұнайдың 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы "қысым құралы" ретінде жабық қалуы тиіс деді. Бұған қоса, ол Иран көршілерімен татулыққа үміттенетінін, Тегеран Таяу Шығыстағы елдердегі америкалық базаларға ғана соққы жасап жатқанын айтады.

Мұжтаба Хаменеи аймақтағы АҚШ-тың әскери базалары тез арада жабылуы керек, әйтпесе соққы жасала береді деді.

Иранның жаңа рухани көсемі билік басына келгелі елдің алдына шықпады. Бұған дейін халықаралық басылымдар Мұжтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің соққысынан жараланды деген. Иран сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растаған.

АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылынан Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи қаза тауып, 8 наурызда оның орнына ұлы Мұжтаба Хаменеи сайланған. Мұжтаба Хаменеиді Иранның Сарапшылар кеңесі сайлаған.
👍22🤮9❤3🔥3