Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⚡Иранның жаңа рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи билікке келгелі алғаш рет мәлімдеме жасады.

Оның сөзі Иранның мемлекеттік телеарнасынан оқылды.

Хаменеи әлемдегі мұнайдың 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы "қысым құралы" ретінде жабық қалуы тиіс деді. Бұған қоса, ол Иран көршілерімен татулыққа үміттенетінін, Тегеран Таяу Шығыстағы елдердегі америкалық базаларға ғана соққы жасап жатқанын айтады.

Мұжтаба Хаменеи аймақтағы АҚШ-тың әскери базалары тез арада жабылуы керек, әйтпесе соққы жасала береді деді.

Иранның жаңа рухани көсемі билік басына келгелі елдің алдына шықпады. Бұған дейін халықаралық басылымдар Мұжтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің соққысынан жараланды деген. Иран сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растаған.

АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылынан Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи қаза тауып, 8 наурызда оның орнына ұлы Мұжтаба Хаменеи сайланған. Мұжтаба Хаменеиді Иранның Сарапшылар кеңесі сайлаған.
👍22🤮9❤3🔥3
Атырауда әскери жаттығу кезінде бір сарбаз қаза болды

Атырау гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде әскери жаттығу кезінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза болды. Бұл жөнінде гарнизонның баспасөз қызметі хабарлады.

"12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде жоспарлы дала жаттығуы кезінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі оқ тиіп жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаруды абайсыз ұстаудан туындауы мүмкін" деп жазылған хабарламада.

Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілген, алайда дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалған, арнайы комиссия құрылған.
😱15🤬10😡3🕊2❤1
БҚО-да "мектеп әкімшіліктерін референдумды насихаттауға міндеттегені жайлы" пост жариялаған мұғалімнің өзі прокуратураға шақырту алды

Аудио мен хабарламаны Facebook-тағы парағына Сырым аудандық мәслихатының депутаты, мұғалім Серік Марксұлы жариялаған. Ол жергілікті прокуратурадан заңсыздықты тексеруді талап еткен. Ізінше прокуратураға шақырту алған.

“Ал енді прокуратура мені шақырады да қызық сұрақтар қояды. “Сіз сол чаттың ішінде өзіңіз болдыңыз ба?”. “Сізге оны кім берді?”.... Мен оларға “сіздер енді тыңдап көрсеңіздерші. Бәрі белгілі болып тұр ғой деймін” деді Серік Марксұлы Азаттыққа.

Оның сөзінше, нақты жағдайда сайлау туралы заңның 27-бабының 4-тармағы бұзылып отыр және мұндай жағдай аймақта өте көп. Жергілікті мәслихат депутаты, мұғалім жергілікті құқық қорғау органдары осындай жайттарға мониторинг жасап, заңсыздықты анықтау керек деп санайды.

“Менің өзімнің ойым енді, бұлар енді өз қолын өзі кеспейді ғой. Жазбада да көрсеткенімдей, мұның ар жағында билік тұр ғой. Бірақ бізде сот, прокуратура, полиция бәрі атқарушы билікпен бірігіп кеткен ғой. Олар көзбояушылық ретінде бір нәрсе жасағандай болады. Сосын жылы жауып қояды деп ойлаймын” деді ол.


Азаттық 12 наурызда БҚО прокуратурасына хабарласқан кезде баспасөз хатшысы Әсел Зайдуллина ресми сауал жіберуді өтінді.
🤬32❤1
💬 АҚШ танкермен тасымалданатын Ресей мұнайы мен мұнай өнімдеріне санкцияны уақытша алып тастады

Бейсенбі күні АҚШ 11 сәуірге дейін кемелерге тиелетін Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін сатуға рұқсат беретін жаңа лицензия шығарды. Бұл жөнінде АҚШ қаржы министрлігіне сүйенген Reuters жазды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты мұнай саудасына қойылған санкция уақытша алынуы мүмкін екенін айтқан, бірақ нақты елдердің атын атамаған еді.

АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы салдарынан Ормуз бұғазы іс жүзінде бұғатталды. Әлемде өндірілетін мұнайдың бестен бір бөлігі дәл осы бағытпен тасымалданады. Бұдан кейін халықаралық нарықта мұнай күрт қымбаттаған.

Ресей мұнайына салынған санкция оның Украинамен соғысына байланысты салынған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26🤣10👎7😡2❤1🤮1
АҚШ-тың Мичиган штатында синагогада атыс болды

Бейсенбі күні АҚШ-тың Мичиган штатында Детройт маңындағы синагогада белгісіз біреу күзет қызметкерлерімен атысты деп хабарлады жергілікті полиция. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

"Атыс болғаны туралы ғана ақпарат бар, біреудің зардап шеккені туралы мәлімет расталмады" деді Окленд аймағының шерифі Майкл Бушар.

Ізінше "Израиль храмы" синагогасындағы атыс кезінде күдіктінің мерт болғаны белгілі болды.

Шериф Бушарға сүйенген CNN-нің жазуынша, күдікті синагогаға өз көлігін бағыттағаннан кейін қаза болған. Оны күзет қызметкерлері байқап қалып, оқ атқан. Төтенше оқиға болған аумақ маңындағы мектептен оқушылар эвакуацияланған, ал тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген.

Америка мен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты елде жағдай күрделенген шақта оқиға орнына көп құқық қорғау қызметкері жіберілген.
👍13🤬7❤3🤔2
Комитет: БАӘ-де қазақстандықтарға 217 жылжымайтын мүлік тиесілі

Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, мұндай ақпарат декларациялар мен шетел ведомстволарымен дерек алмасу арқылы алынған.

Комитет дерегінше, 2025 жылы декларанттар БАӘ-де 168 жылжымайтын мүлікті тіркеген, оның алдында 49 нысанды көрсеткен.

Бұған дейін Дубайдағы Fairmont The Palm қонақүйі маңы дронмен атқыланғаннан кейін ондағы кешенде қазақстандықтардың пәтерлері туралы ақпарат шыққан еді. Комитет өкілдері ол пәтерлер жөнінде тексеріс жүргізілмегенін хабарлаған.

Осы аптада Қазақстан Бас прокуратурасының активтерді қайтару қызметі "қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексеруға негіз жоқ екенін айтқан.

Сурет: Ирандық дронның соққысынан кейін бүлінген Fairmont The Palm ғимараттарының бірі. 1 наурыз 2026 жыл.
🤬11❤5🔥5😡2
🗣Ирактың батысында америкалық танкер ұшақ апатқа ұшырады

Ирактың батысында америкалық KC-135 танкер ұшағы апатқа ұшырады, оқиғаға тағы бір ұшақ қатысты деп хабарлады АҚШ әскері. Ираншыл қарулы топ өкілдері ұшақты атып түсіргенін мәлімдеді. АҚШ әскері мұны жоққа шығарды.

Иран күштері қолдайтын “Ирактағы ислам қарсыласу” тобы мәлімдемелерінде “еліміздің егемендігі мен әуе кеңістігін қорғау мақсатында” ұшақты атып түсіргенін айтты. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Ал АҚШ орталық қолбасшылығы “Ирактың батысында бір ұшақ апатқа ұшырады, екіншісі ойдағыдай қонды. Бұл қарсылас жақ немесе одақтастардың атқылауымен байланысты емес” деп мәлімдеді.

Reuters дереккөзінің айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақта алтыға дейін әскери қызметкер болуы мүмкін.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталған кезде америкалық үш F-15 жойғыш ұшағын Кувейт қателесіп атып түсірген еді.

Boeing шығаратын KC-135 – Америка әскери флотына қарасты танкер ұшақтардың негізгі тобынан, әскери тапсырмалар орындауда шешуші рөл атқарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15😢5❤4🤔3😡1
❗️Қазақстанда әлеуметтік желілердегі ақпаратқа репост жасағандар жазаланбақ

Қаржы мониторинг агенттігі тыйым салынған контенпен күрес туралы жобасын таныстырды.

Басты назарда - терроризм насихаты, қаржы пирамидалары, заңсыз лотерея мен онлайн-казиноларды әлеуметтік желілер мен мессенжерлердегі жарнамалар. Мұндай ақпаратқа репост жасағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал ресурстың өзі жабылады. Құжатты талқылау 20 наурызға дейін жалғасады деп хабарлады “Құқықтық медиа орталығы”.

Құжатқа қарағанда, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер, мессенжерлер, ақпарат құралдары, өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформалар тексерілмек. Тексеруді қаржы мониторинг агенттігі жүргізеді.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Tengrinews агенттігіне “егер адам өз парақшасында біреудің заңға қайшы контентін жариялап және мұның заңсыз екенін ескертсе де” оның жазаға тартылатынын айтқан.

ЗАҢҒА ҚАЙШЫ КОНТЕНТКЕ НЕ КІРЕДІ?

Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңға сәйес, заңға қайшы контентке елдің конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, Қазақстанның тұтастығын бұзуға шақыру, үгіттеу немесе насихаттау кіреді. Бұған қоса:

▪️мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру
▪️соғыс
▪️әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық үстемділік
▪️қатігездік, күш көрсету, суицид, порнография, есірткі,
психотропты заттар,
▪️сепаратизм, алаяқтық идеясы, ұлтаралық, дінаралық келісімнің бұзылуына ықпал ететін ақпарат пен соған шақыру, үгіттеу мен насихаттау кіреді.

Қазақстан билігі Meta, Telegram сияқты ірі онлайн-платформаларды елде өкілдіктерін ашуға міндеттей бастағаннан кейін олардың өкілдіктері де пайда бола бастады. Ізінше Facebook пен Instagam-дағы жазбаларының жойылғаны туралы шағымдар да көбейіп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮14❤9💩5👎1👏1
🔴Орталық Азияда Конституцияны өзгерту жайлы референдум қандай мақсат көздейді және одан кім ұтады?

Кейінгі бірнеше жылда Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда, оған дейін Тәжікстанда Конституцияны өзгерту жөнінде референдумдер өтті. Орталық Азия елдерінің билігі мұны саяси жағынан жетілдіру үшін қажет деп түсіндірген. Талдаушылар бұл өзгертулер ең алдымен осы бастаманы көтергендерге жағдайын нығайту үшін керек болды дейді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯9🤬9❤2
Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаевтың өкімімен сонымен бірге Бинұр Жәленов Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
🤮6😁4❤3🤬2🥱1
Қазақстанда қоғам пікіріне сауалнама жүргізуге қатысты 26 заңбұзушылық анықталды. Бұл жөнінде жұма күні мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов хабарлады.

“Мониторинг барысында 26 заңнама бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде – 24-ін онлайн-платформа қолданушысы, екеуін интернет-платформа жасаған. Барлық заңбұзушылық қоғам пікіріне әлеуметтік сауалнама жүргізумен байланысты” деді Ысқақов.

Ақпарат бас прокуратураға жолданған. Бұған қоса, онлайн-платформада үгіт-насихат жүргізуге қатысты 54 заңбұзушылық анықталған. Ақпарат ішкі істер министрлігіне жіберілген.

15 наурызда қазақстандықтар сайлау учаскелеріне барып, Конституцияны жаңарту мәселесіне дауыс береді. Референдум қарсаңында қоғам пікірін анықтау қатаң реттеліп, желіде "референдумға барасыз ба?" деп пост жазғандар да, блиц-сауалнама жүргізген журналистер де, "референдумды бақылайсыз ба?" деп сұраған белсенділер де айыппұл арқалап жатыр. Орталық референдум комиссиясы "Сайлау туралы" заңға сәйкес хабарлама жіберіп, рұқсат алған заңды тұлға ғана бұл іспен айналыса алатынын айтады.
😱9💩4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Осы аптада Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани қала мұсылмандарына ауызашар берді. АҚШ-тың кей саясаткерлері қала басшысының бұл қадамын айыптап, оны “қақпа ішіндегі жауға” теңеген. Мамдани бұған "сыншылар тұрғындармен ас бөліскенім үшін күйіп-пісіп жатыр” деп жауап берді.
❤36🔥12👍4👎3🥰1😍1🤝1
FT: АҚШ Иранмен соғыста ұзақ жылға арналған оқ-дәрісін сарқыды

АҚШ Иранмен соғыс бастағалы бері ұзақ жылға арналған маңызды оқ-дәрі қорын шығындады. Атап айтқанда, мәселе алысқа ұшатын "Томагавк" ракетасы жөнінде болып отыр. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Financial Times жазды.

“Әскери-теңіз флоты осының салдарын бірнеше жыл бойы көреді” деді басылым дереккөзі.

Алдағы уақытта Пентагон Ақ үй мен Конгреске әскери салаға қосымша 50 миллиард долларға дейін қаражат бөлу туралы өтініш жібермек.

Осы аптада Пентагон өкілдері сенаторларға соғыстың алғашқы алты күнінде АҚШ 11 млрд доллар қаражат жұмсағанын хабарлаған. Ол негізінен оқ-дәріге кеткен. FT дереккөзінің айтуынша, алдағы уақытта ведомство Конгреске жұмсалған оқ-дәрі жөнінде ақпарат береді.

Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының мәліметінше, соғыстың алғашқы 100 сағатында АҚШ 168 "Томагавк" ракетасын пайдаланған. Конгресмендердің бірі басылымға “бұл өте көп” екенін және оны қалпына келтіру үшін “жылдар кететінін” айтты. Бір "Томагавк" ракетасының құны – 3.6 млн доллар.
🤣20🤔6❤3👍3👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОСК өкілі: ЕҚЫҰ сынымен келіспейміз

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 13 наурызда ЕҚЫҰ-ның Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдумға дайындығы туралы есебінде айтылған сынмен келіспейтінін жеткізді.

“Тиісті реттеу жоқ деген берген бағаларына келетін болсам, мұнымен келіспеймін. Неге? Себебі Қазақстанның тұтас сайлау жүйесі заңдылық пен конституциялық құқық принциптері не бағытталған. Қаржыландыру мәселелері бойынша ашықтық жоқ деп те айта алмайсың. Бұл мәселелерді өзіміздің отырыстарымызда ашық айтып келеміз. Құрметті журналистер көп сұрақ қойып жатыр, біз жауап беріп жатырмыз. [Жалпы] Қажеттілікті бағалау миссиясының басты мақсаты – бұл жаққа миссияны жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдау. [Есептің] қорытынды бөлігінде “миссияны жіберуге болады деп санаймыз” деп жазған, оларды біз аккредитациядан өткіздік, қазір залда отыр” деді Ерман.

Ақпан айының соңында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ДИАҚБ) Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдумға дайындық туралы есебін жариялаған. Есеп авторлары “тым аз уақыт берілген, сөз бостандығы бойынша бұрынғы ұсыныстар орындалмаған, әкімшілік ресурсты орынсыз қолдану ықтималдығы жойылмаған” деген қорытындыға келген.
💩17🤯5👍4❤1🔥1🖕1
⚡Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиадада қазақстандық Ербол Хамитов биатлоннан 4,5 шақырымға із қуып жарысу (отырып жарысу) сынында паралимпиада чемпионы атанды.

Күміс жүлдені украиналық Тарас Рад, қоланы қытай Цзысюй Лю иеленді.

Бұл - Хамитовтың паралимпиададағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін шаңғымен спринт жарыста қола медаль алған еді.
👍51❤9
Астанада өзбектер құлдықта болдық дейді. Мейрамхана мұны мойындамайды

Астанадағы «Карима» мейрамханалар желісінде жұмыс істеген бір топ өзбек мигранты жұмыс беруші еңбегімізді қанады, құжаттарымызды алып қойды деп шағым айтып отыр. Олар жалақысын ала алмай жүргенін, паспорттарын алып қойғанын айтады. Бұл мейрамханадағы мигрант жұмысшылардың еңбегімізді қанады деп шағым айтуы алғаш рет емес.

КӨРУ
🤬23🤔7😡3😭2🤯1
АҚШ Иранның жаңа көсемі туралы ақпарат үшін $10 млн сыйақы ұсынды

АҚШ мемлекеттік департаменті Иранның жаңа көсемі Мұжтаба Хаменеи мен өзге де жоғары лауазымды тұлғалар туралы ақпарат үшін 10 млн доллар көлемінде сыйақы белгіледі.

Тізімде 10 адамның аты-жөні бар, алтауының аты-жөні аталған. Іздеу салынғандар арасында Иран ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Лариджани де бар. Ол жұма күні Тегеран орталығындағы митингке қатысты.

АҚШ Иран жетекшілері үшін аса ірі сыйақы белгілеп жатқан жоқ: регламент бойынша мұндай сыйақының ең жоғарысы – 25 млн доллар деп жазды халықаралық БАҚ. Департамент өкілдерінің айтуынша, Иран жетекшілері туралы ақпарат бергендер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін релокация бойынша да көмек сұрай алады. Оларға Tor және Signal мессенжерлері арқылы шығып, деректерді беру ұсынылып жатыр.
🤔11👎4❤3🔥3😁3👍1🤬1
🗣Куба саяси тұтқындарды босатып, АҚШ-пен келіссөз жүргізді

Жұма күні Куба саяси тұтқындарды босата бастады және АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанын растады.

Бұған дейін Америка Венесуэла басшысын ұстағаннан кейін Каракас Кубаға мұнай тасымалдауды тоқтатып, соның салдарынан Куба қиын жағдайда қалған. Дональд Трамп Кубаға Венесуэла мен Ираннан кейін “кезек соныкы” деп сес көрсеткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25😁7🔥4❤1🤬1
Екібастұзда азаматтық белсенді Жанат Жамалиев ұсталды деп хабарлады “Белсенділер экстремист емес” тобы.

Facebook-та Гүлжан Мұратбаева есімді қолданушы 14 наурызда полиция учаскесінде белсендінің қан қысымы 230-ға дейін көтеріліп, жедел жәрдем қызметі шақырылғанын жазды. Оның сөзінше, сот оны 20 тәулікке қамаған.

“Жедел жәрдем шақырды! Қан қысымын 180-ге түсірді. Менің ойымша, Жанатқа медициналық көмек керек, оны ауруханаға дереу жатқызу керек деп ойлаймын. Бірақ судья Жанатты 20 тәулікке соттап, қандай жаза және не үшін бергені белгісіз, арнайы қабылдау орнына жіберді” деп жазды ол.

Оның алдында қолданушы көп баланың әкесі, белсенді Жамалиевтің “митингіге шақырған” жазбаға репост жасағаны үшін ұсталғанын жазған.

Сот порталында іс ашылғаны, судья тағайындалғаны жөнінде дерек бар, бірақ сот қаулысы әлі жарияланбаған. Істі судья Динара Нұрсұлтанова жүргізген.
🤬15😡6❤2👎1
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады

Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, Таяу Шығыста ахуал ушыққалы бері сол жақтан 10 275 қазақстандық әуе және құрлық жолы арқылы қайтарылған.
👍17❤2🤔2