Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
Блогер Ұлан Шәмшет 15 тәулікке қамалды Блогер, белсенді Ұлан Шәмшет медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде адвокат Диас Ахметов Facebook желісінде хабарлады. Адвокаттың сөзінше, бұған дейін полиция қызметкерлері оның…
Әкімшілік қамауда отырған блогер Ұлан Шәмшет жаза мерзімі бітер шақта тағы 5 күнге қамалды

Бұл жөнінде адвокаты Диас Ахметовке сүйенген журналист Мирас Нұрмұханбетов хабарлады.

“Ұланды камерада темекі тартып, мекеме қызметкеріне [бейәдеп] сөз айтты деп айыптаған... оған дейін оны тағы бір қамалушымен бірге ылғал камераға орналастырған, ол бұған наразы болған (Ұланның аяғы ауырады) және мұны тез ұсақ бұзақылық деп рәсімдеген” деп жазды журналист.

Сот порталындағы дерекке қарағанда, істі 14 наурызда судья Руслан Жамалбеков қараған. Қаулы әзірге жарияланбады.

28 ақпанда Ұлан Шәмшет "Билік өкілінің талабына бағынбау" (667-бап) бабы бойынша 15 тәулікке қамалған еді. Оның әкімшілік қамау мерзімі бүгін аяқталуы керек болған.

Сурет: Блогер Ұлан Шәмшет (сол жақта) және адвокат Диас Ахметов. Facebook-тан алынды.
🤬22👎6🤣3
АҚШ Харк аралына соққы жасады. Трамп кемелерді бұғаздан әскердің көмегімен өткізетінін айтты

Трамп АҚШ Иранның ірі мұнай терминалы орналасқан Харк аралына соққы жасағанын хабарлады. Иран АҚШ-пен әріптестік орнатқан мұнай компанияларына шабуылдайтынын айтып сес көрсетті. АҚШ басшысы кемелерді Ормуз бұғазынан әскердің көмегімен өткізетінін айтты. Таяу Шығыстағы ахуал қалай болып жатыр?

🔗Толығырақ оқыңыз
👍18👎3🤬3❤1
ХАМАС Иранды Парсы шығанағы елдерін ракета және дронмен соққылаудан бас тартуға үндеді

“Иран Ислам республикасының осы басқыншылыққа халықаралық норма мен заңдарға сәйкес барлық құралмен жауап беру құқығын мойындай отырып, қозғалыс Ирандағы бауырларын көрші елдерге соққы жасамауға шақырады” деп жазылған ХАМАС (кейбір елдерде террористік ұйым деп танылған) мәлімдемесінде.

Оның мәлімдемесінен BBC үзінді келтіреді.

Газа секторында Израильмен екі жыл соғысқан ХАМАС халықаралық қауымдастықты да әскери қимылды дереу тоқтатуға күш салуға шақырды.

Бұған дейін аталған топ Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеидің өлтірілуін айыптап, мұны “сұмдық қылмыс” деп атаған еді.

Иранның түсіндіруінше, оның шабуылы көрші елдерге емес – Парсы шығанағындағы Америка нысандарына қарсы бағытталған, алайда көп соққы азаматтық нысандарға тиді.

Осыған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге “қасақана емес шығын” келтіргені үшін кешірім сұраған. Дегенмен мұндай соққы оның кешірімінен кейін де жалғасты.
🤣12❤7😁3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
13 наурызда Көкшетауда белсенді Назгүл Жүсіпованы маска таққан полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Қазір оның қайда екені белгісіз, оны тауып беруге көмектесулеріңізді сұраймын деп ұлы құқық қорғаушылардан көмек сұрады. Белсендінің жақындарының аудиосын “Белсенділер экстремист емес” тобы таратты.

Азаттық 14 наурызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына хабарласқан кезде кезекші бөлімде телефон тұтқасын алған Дәулетов белсендінің басқармаға әкелінбегенін айтты.
🤬31👎4❤3
Қазақстан мұнайын тиеуге келген танкерге Новороссийск маңында соққы тиді

Қазақстан мұнайын тиеп, алып кетуі керек болған Грекия туын ілген Maran Homer танкеріне Новороссийск маңындағы Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) терминалы жанында соққы тиді. Бұл жөнінде CNN Greece хабарлады.

Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, кемеге қатты зақым келмеген – оң жақ бөлігі бүлінген. Кемеде 24 адам болған. Ешкім зардап шекпеген.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 14 наурызда таңертең кеме КҚК терминалына кіруге рұқсат сұрап тұрған кезде болған. Танкер Ресейдің территориялық суынан тыс аумақта болған. Оқиғадан кейін кеме Новороссийск аумағынан шығып кеткен.
🔥15🤔6👍3❤2
🗣Оралда тәуелсіз бақылаушылардың нөмірін белгісіз біреулер жарнама сайттарына жариялап тастаған

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында референдумды бақылайын деп отырған “Жария” қоғамдық бірлестігінің екі өкілі Хакім Меңдібай мен Самал Ғилманованың атынан белгісіз біреулер Olx пен хабарландыру жарияланатын мессенжерлерге өтірік жарнама жазып, нөмірлерін жариялаған.

“Осының салдарынан бақылаушылардың телефонында тыным жоқ, жұмыс істеуіне кедергі жасалып жатыр” деді ұйымның төрағасы Бекнұр Сыражанов 14 наурызда Азаттыққа.

“Кеше видео түсіріп, ол видео Facebook-та тұр, қарап көрсеңіздер болады, “Орал қаласындағы учаскелердің бәрін қамтимыз ба деп отырмыз, бірақ бақылаушылар жетіспей жатыр. Бақылаушы болғысы келетін азаматтар болса, міне, мына нөмірге хабарласыңыз” деп Хакім мен Самалдың нөмірін қалдырған едік. Сол видео жарияланғаннан кейін бүгін таңертеңнен бастап, сол жарияланған екі нөмірдің біреуін olx-қа салып жіберген, кір машинасын сатады деп. Екіншісін мына оңтүстік жақта жұмысқа шақыратын WhatsApp-топтар бар ғой. Сондай топқа салып жіберген. Енді сол “жұмыс керек” деп қайта-қайта хабарласып, мазасын алып жатыр” деді ол.

Бақылаушылар полицияға арыз түсірген. Полициядағылар арызды қабылдап алған.

Ұйым төрағасының сөзінше, аймақта тәуелсіз бақылаушы боламын деген азаматтарға қысым жасалып жатыр, соның салдарынан кемінде 10 адам бақылаушы болудан бас тартқан.

“Оларға “ермеңдер” деп айтылғаннан, қазір енді бақылаушы болуға ниет білдірген қыз-жігіттер бақылаушы болудан бас тартып жатыр. Оларға енді жұмыс керек қой. Жұмыстарынан айырылмау үшін бас тартады. Отбасыларын асырау керек, несиелерін төлеу керек деген сияқты. Біз оларға "бақылаушы бол" деп талап қоя алмаймыз” деді Бекнұр Сыражанов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23❤4💩4😱1
❗️Қазақстанда жаңа Конституцияға қатысты референдум басталды

Азаттық күні бойы референдум барысынан, негізгі оқиғалардан ақпарат таратады.

Референдум учаскелерінің басым бөлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де ашылады, алайда жекелеген арнайы учаскелерде сағат 6-да ашылады.

ОСК дерегінше, елде 10,4 мыңнан астам учаске бар, 600-ден астамы – арнайы учаскелер. Бұлар медицина мекемелер, әскери бөлімдер, перзентхана және өзге орындарда орналасқан.

Қазақстан аумағынан тыс жүрген азаматтар 54 елдегі 71 учаскеде дауыс бермек.

ОСК дерегінше, Қазақстанда 12 миллионнан астам сайлаушы бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩13❤8👍4🤮1
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сеул мен Токиодағы қазақстандықтар бірінші болып дауыс берген.
😁16🤔4❤1🖕1
Азаматтарға "БАҚ-та 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады.

Қазақстан заңы бойынша, сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өткен болып саналады.

Қазақстанда бұған дейін де 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары Конституцияға өзгерістер енгізілген.
🤔8💩5❤2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы N128 референдум учаскесі
🔥10👍5💩5😁2
Azattyq - Азаттық
Астанадағы N128 референдум учаскесі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандағы 10,4 мың референдум учаскесінде таңертеңгі сағат 7-де әнұран ойналып, осылайша дауыс беру басталды.
😁20💩6🔥3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы бірнеше референдум учаскесі орналасқан аумақта журналистерді кіргізбеді
👎24💩7🤬6🤮4❤1
Azattyq - Азаттық
Астанадағы бірнеше референдум учаскесі орналасқан аумақта журналистерді кіргізбеді
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Заң бойынша ақпарат құралдарының кез келген учаскеден ақпарат таратуға құқығы бар. Журналистер дауыс беру процесіне кедергі келтірмесе де өзін Әлішер деп таныстырған ақпарат министрлігінің өкілі журналистердің ақпарат таратуына кедергі келтірді
🤬26💩7👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы N350 референдум учаскесінде аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азаттық тілшісіне "ОСК-дан аккредитацияңыз жоқ" деп кіргізбеуге тырысты. Бірақ сәлден кейін кешірім сұрап, учаскеге кіргізді
🤬28😁8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Азаттық тілшісінің ''Конституцияның тым жиі өзгеруіне алаңдамайсыз ба?” деген сұрағына былай деп жауап берді
💩26🤮8🤯7❤1👍1👎1🤔1
Астанадағы N129 референдум учаскесіндегі байқаушылар.

Ресми мәлімет бойынша, референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды. Олар 38 елден келген, 11 халықаралық ұйымның атынан қатысады.

Бұған дейін кейбір мамандар елдің өз ішінде тіркелген бақылаушылардың арасында тәуелсіз бақылаушылардың аздығын айтқан еді. Ал бар тәуелсіз бақылаушылар қысымға ұшырағанын айтқан.
🔥7💩5👎3
Қазақстан бойынша істеп жатқан референдум учаскелерінің картасы. ОСК дерегі.
🔥6💩5
Azattyq - Азаттық
13 наурызда Көкшетауда белсенді Назгүл Жүсіпованы маска таққан полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Қазір оның қайда екені белгісіз, оны тауып беруге көмектесулеріңізді сұраймын деп ұлы құқық қорғаушылардан көмек сұрады. Белсендінің жақындарының аудиосын “Белсенділер…
💬 Өскеменде белсенді Руслан Нұрханов 15 тәулікке қамалды деп хабарлады “Белсенділер экстремист емес” тобы. Сот шешімінде белсендінің 12 наурызда Ұлан ауданы Айыртау ауылында “басқа тұлғаға қатысты жедел іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны” жазылған.

Сотта белсенді өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Топтың хабарлауынша, аймақта белсенді Ерденбек Заркумхановтың да соты жүріп жатыр. Оған “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша айып тағылған.

Құқық қорғаушылар Facebook-та Қазақстанда референдум қарсаңында қудаланғандардың тізімін жасаған. Ондағы тізімде ондаған адамның аты-жөні бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Егер референдумда халық жаңа Конституцияны қолдамаса, Конституцияға түзету енгізу идеясы кейінге шегеріле ме? Әлде билік жобаны қайта қарастырып, қайта ұсына ма?”. Азаттық тілшісі осы сұрақты сенат спикері Мәулен Әшімбаевқа қойды.

Сенат спикері “бүгін халқымыз қандай шешім қабылдайды, солай болады” дегенмен сұраққа нақты жауап бермеді.
👎35🤮12🔥3💩2❤1👍1
"Журфак" телеграм-арнасынан
😁19❤5🔥5