Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
"Журфак" телеграм-арнасынан
😁19❤5🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы N622 учаскеде екі адам "дауыс береміз" деп келіп, "тіркелмегенсіз" деген соң "өтірік қағаз беріңізші, суретке түсіп алайын" деді. Бірақ оларға қағаз берілмеді.

Екі адам сонда да жәшік жанына суретке түсті. “Бұл не үшін керек“ деген сұраққа жауап бергісі келмеді
🤣44💩4🤡2
Астанада N46 және N63 учаскеге "Мұқалмас" ұйымының байқаушыларын "орын жоқ" деп кіргізбей қойды. Бұл жөнінде байқаушылар хабарлады. Олардың кейбірі таңғы сағат 5.40-та барса да "орын жоқ" деген
🤬25😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елдегі саяси өзгерістерді референдум арқылы шешу «күнделікті саяси өміріміздің нормасына айналды» деді.

Азаттық тілшісі Қариннен «Конституция тағы өзгермей ме?» деп сұрады.
💩24😁3🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Жаңа жобада сөз бостандығына кепілдік берілетіні айтылған. Бірақ сонымен бірге кейбір жағдайда шектелетін жағдайлар да келтірілген. Мұны Конституцияға қосудың қандай қажеті болды? Онсыз да өзге де нормативтік актілермен реттелмей ме?”. Азаттық тілшісі ақпарат министрі Аида Балаеваға осы сұрақты қойды.
🤮12🔥11💩3
⚡️Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінен Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайдың ұстап әкеткені хабарланды. Онымен бірге Информбюро тілшісі де ұсталған болуы мүмкін.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱17🤬12❤1
Azattyq - Азаттық
⚡️Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінен Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайдың ұстап әкеткені хабарланды. Онымен бірге Информбюро тілшісі де ұсталған болуы мүмкін. Полиция әзірге түсініктеме бермеді
Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы Жолдас Өрісбайдың ұсталғанын растады.

"Қандай негізде ұстадыңыздар?" деген сұраққа кезекші бөлімінде отырған өзін Сейіт Бұқарбай деп таныстырған адам "заңға қайшы әрекет істеді ме, істемеді ме, соны анықтап білеміз" деді.

"Ол кісілерді осында алып келді. Қазір түсініктеме анау-мынауын алады. Одан кейін жібереді" деді ол.
🤬21😁10❤3
Azattyq - Азаттық
Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы Жолдас Өрісбайдың ұсталғанын растады. "Қандай негізде ұстадыңыздар?" деген сұраққа кезекші бөлімінде отырған өзін Сейіт Бұқарбай деп таныстырған адам "заңға қайшы әрекет істеді ме, істемеді ме, соны анықтап…
Астанада Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінде журналист, Азаттықтың бұрынғы тілшісі Сәния Тойкенді де полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттыққа аты-жөнін атамауды өтінген журналист хабарлады.

Оның сөзінше, Сәния Тойкен ұсталған сәтте оның себебін сұрауға тырысқан Informburo сайтының тілшісін бірге әкеткен.

Ақпаратқа қарағанда Оқушылар сарайында N50, N51, N58, N483 сияқты бірнеше сайлау учаскесі орналасқан.
🤬29💩2❤1
Ал Алматыдағы Астана алаңын полиция бақылап тұр. Алаңның әрбір бұрышында полиция көліктері көрінеді. Полицейлердің бірі Азаттық тілшісіне “тыныштықты күзетіп тұрмыз” деді.

Алаң қасында мобильді интернетті бұғаттайтын көлік те байқалды. Бұған дейін шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шақырған еді.
😁13💩6❤3🖕2😡2
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10-дағы жағдай бойынша дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 19,2 % немесе 2 393 844 дауыс берген.

Ең жоғары көрсеткіш – Қарағанды облысы (26,64 %) мен Қызылорда облысында (24,02 %). Ең төменгі көрсеткіш – Алматы қаласында (9,54 %).
😁11🖕4❤3💩3🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы мемлекеттік опера және балет театрында орналасқан референдум учаскесінде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап беруге ықылас білдірген жоқ.
💩22❤9🤬3😐2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің Конституцияңызды қайта жазып жатыр Бұған не дейсіз?".

Учаскеде дауыс бергеннен кейін журналистер бұрынғы президентке осы сұрақты қоюға тырысқан. Алайда экс-президент өзінің журналистерден алыс тұрғанына шарасыздық танытқандай болып бір қарады да кетіп қалды
💩24🤮7🔥6😁5🤬5👍3😭2❤1🤨1😐1
Azattyq - Азаттық
Астанада Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінде журналист, Азаттықтың бұрынғы тілшісі Сәния Тойкенді де полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттыққа аты-жөнін атамауды өтінген журналист хабарлады. Оның сөзінше, Сәния Тойкен ұсталған сәтте оның…
Астанада полиция Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайды босатты. Одан бөлек ұсталған тағы 3 адам ұсталған. Олардың екеуі – журналист Сәния Тойкен мен Informburo басылымының тілшісі. Полиция Азаттық тілшісіне ұсталған өзге адамдарды да жіберетінін айтқан.

Полиция Жолдас Өрісбайды "құқығыңызды түсіндірейін" деп әңгімеге тартып, кейін ұстап әкеткен. Журналистің айтуынша, басқармада ешбір полицей оларға не үшін ұсталғанын түсіндірмеген. 3 сағаттан кейін тілшіні ұстап әкеткен референдум учаскесінің қасына алып әкеліп, телефонын сол кезде ғана қайтарып берген.
😱15🤬5👀5😁4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада "Еркіндік қанатының" бақылаушысы Рахат Садықовты N16 учаскеден шығарып жіберген.
🤬17🤯7😁1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайындағы N51 учаскеде дауыс берді деп хабарлады Ақорда.

Дәл осы учаскеде орналасқан ғимаратта бірнеше сағат бұрын полиция бірнеше журналисті ұстап әкетті. Оның ішінде Азаттық тілшісі де бар. Полиция ұстау себебін түсіндірген жоқ.

Бүгін журналистер Астанадағы Президент орталығында Тоқаевтың дауыс беруін күткен еді, алайда ізінше Тоқаевтың ол “ғимаратта дауыс бермейтіні” айтылды. Арада бірнеше сағат өткен соң президенттің Оқушылар сарайындағы учаскеге барғаны белгілі болды.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев “дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг” өткізген. Президент "конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым" деген.

Сурет: Ақорда
🤬18🤯11❤5💩5😁1🤮1