Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
ОСК азаматтардың референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жариялады.

Сағат 12-дегі жағдай бойынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 37,54 % немесе 4 677 595 адам бюллетень алған.
🙉10💩7❤4😁4👎2
📌“Бюллетеньге алдын ала қол қою, өзге үшін дауыс беру”. Тәуелсіз байқаушылар референдумда бірнеше заңбұзушылық тіркеді

Жас сайлаушылар лигасы мен “Еркіндік қанаты” ұйымы референдум барысында бірнеше заңбұзушылық тіркегенін хабарлады.

Жас сайлаушылар лигасының хабарлауынша, сағат 10-дағы жағдай бойынша төрт заңбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда:

🔺Алматыда үш учаскеде комиссия бюллетеньдерге алдын ала қол қойып (41 бап, 5-бөлім), бақылаушылардың ескертуінен кейін мұны тыйған. Тағы бір учаскеде сайлаушы кабинадан тыс жерде дауыс берген, комиссия оны кабинаға баруға көндіре алмаған.

🔺Астанада бір учаскеде екі сайлаушы тұрақты тіркеусіз дауыс берген, комиссия өкілдері оны сол жерге сайлаушылар тізіміне енгізген.

🔺Түркістанда бір учаскеге бөтен адамдар: мектеп пен әкімдік қызметкерлері кіріп-шығып жүр.

“Еркіндік Қанаты” қорының мәліметінше, Астанада үш учаскеде бақылаушылардың дербес деректерін заңсыз жинау фактілері тіркелген.

🗣“Комиссия мүшелері бақылаушылардан жеке куәліктерін талап етіп, оның көшірмесін жасап, өздеріне алып қалуда. Мұндай әрекеттер дербес деректерді қорғау туралы заңнамаға қайшы” деп жазылған қордың хабарламасында.

Бұдан бөлек, комиссия мүшелері тарапынан дауыс беру барысын фото және бейнежазбаға түсіруді шектеу әрекеттері байқалып отыр.

Осыған дейін қор өкілдері Астанадағы бір учаскеден бақылаушыны шығарып тастағанын хабарлаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡17💩7🤮3
Azattyq - Азаттық
Астанада полиция Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайды босатты. Одан бөлек ұсталған тағы 3 адам ұсталған. Олардың екеуі – журналист Сәния Тойкен мен Informburo басылымының тілшісі. Полиция Азаттық тілшісіне ұсталған өзге адамдарды да жіберетінін айтқан. Полиция…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Журналист Сәния Тойкен өзін Тоқаев дауыс беруі керек болған учаскеден ұстағанын айтты

Оның сөзінше, полиция өзі мен қызын президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс береді делінген учаскеден таңғы сағат 7-ден кете бере ұстап әкеткен.

"Мен өзім таңертеңгі сағат 7-де Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев дауыс беретін N50 учаскеге барғанмен. Бірақ кіріп те үлгерген жоқпын, менің қолымды қайырып және қызымның қолын қайырып, оған қатты әлімжеттік көрсетіп, бізді осы басқармаға алып келді. Осы жерде төрт сағат ұстап отырып, бізді тергеді, бірақ қолымызға хаттама берген жоқ. Хаттаманы бермегеннен кейін қол да қойған жоқпын" деді Сәния Тойкен желіде жариялаған видеосында.
🤬22😱14👎3❤2😡1
Тоқаев: президент сайлауы 2029 жылы өз мерзімінде өтеді

Брифинг кезінде журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан вице-президенті лауазымы туралы сұрады.

“Вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ” деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, вице-президент лауазымы "билік институттарын нығайтуы" керек. Оның айтуынша, президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді.
😁13💩7🤮6🤡5🔥3👍2❤1
Azattyq - Азаттық
Тоқаев: президент сайлауы 2029 жылы өз мерзімінде өтеді Брифинг кезінде журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан вице-президенті лауазымы туралы сұрады. “Вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда…
Тоқаев: Қазақстанда қос билік болмауға тиіс

Жексенбі күні дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға тоқталып, Ирандағы “діни биліктің” ерекшелігі туралы да айтты. Қос билік тақырыбын да шалып өтті.

“Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын” деді ол.
🤡13🤔7👍4🤮4💩3👎1
Назарбаев: Кезінде Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді

Қазақстанда жаңа Конституцияға дауыс беріп жатқан күні бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев сол туралы пікірін айтып, “референдумды қолдайтынын” жеткізді. Оның пікірі ресми сайтында жарияланды.

“Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін” деді.
🤬18🤮8👍7💩4🤡3❤2🖕1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Фотоесеп"

Азаттық тілшілері өздері барған учаскелерде көп азаматтың жәшік жанында “есеп үшін” суретке түсіп жатқанын көрді. Мұны бақылаушылар да айтып жатыр.

Осыған ұқсас жайтты Оралдағы “Жария” бақылаушысы Хәкім Меңдібай да жазды.

“Әрбір бесінші адам жәшік жанында суретке түсіруді сұрайды, жұмыстан талап етіп жатыр дейді. Кейбірі бюллетенін ашып қойып түсуге тырысып жатыр, бірақ сайлау комиссиясының төрағасы әзірге бұған қатаң жол бермей жатыр” деп жазды журналист Ардақ Бөкеева түске қарай.
💩19🤣12🤡1🙊1😡1
Azattyq - Азаттық
🗣Оралда тәуелсіз бақылаушылардың нөмірін белгісіз біреулер жарнама сайттарына жариялап тастаған Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында референдумды бақылайын деп отырған “Жария” қоғамдық бірлестігінің екі өкілі Хакім Меңдібай мен Самал…
Оралда тәуелсіз бақылаушылар “референдумды бақылаймыз” деп тіркелген азаматтардың жартысына жуығы учаскеге келмегенін хабарлады

Бүгін “Жария” мен “Абырой” ұйымдарының коалициясы қаладағы 136 учаскенің 59-ын қамтыған. Бірақ 14 наурызда кешке олар 104 учаскені қамтимыз деп ойлаған. Ал бүгін “референдумды бақылаймыз” тіркелген азаматтардың жартысына жуығы келмей қалған.

“Кейбір бақылаушылардың себебі белгілі, жұмыс орындарынан қысым жасалғандықтан олар бақылаудан бас тартты. Ал қалған бақылаушылардың учаскеге шықпау себебі түсініксіз. Біздің ойымызша бұл бақылаушылар тапсырма бойынша мандат алып, учаскеге шықпай қалды” деді коалиция өкілдері Азаттыққа.

Бұған дейін “Жария” өкілдері бақылаушылардың қысымға ұшырағанын айтқан. Бір күн бұрын белгісіз біреулер ұйымның екі өкілінің телефонын жарнама платформаларға жариялап, осылайша жұмыстарына кедергі келген. Ол жөнінде Азаттық жазды.
🤬15❤4😁1
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум өтті деп танылды

Заң бойынша, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өткен болып саналады.

ОСК мәліметінше, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, азаматтардың 51,93 % немесе 6 471 378 адам бюллетень алған.
🤮21💩7😁5❤3😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда BES.media бас редакторы мен бақылаушыларды “орын жоқ” деп учаскеге кіргізбеуге тырысқан

№68 референдум комиссияның төрағасы Асылбек Дәуітбаев учаскеде отыруға болмайтынын, ал бос орын жоқ екенін жеткізді.

Учаскеде бақылаушылар Мария Лобачева (“Эхо”), Данил Бектұрғанов (ОФ “Гражданская экспертиза”) және BES.media бас редакторы Серікжан Мәулетбай болған.

Ақыры біраз даудан кейін оларды кіргізген.
🤣14🤬9😡6💩3
Azattyq - Азаттық
Алматыда BES.media бас редакторы мен бақылаушыларды “орын жоқ” деп учаскеге кіргізбеуге тырысқан №68 референдум комиссияның төрағасы Асылбек Дәуітбаев учаскеде отыруға болмайтынын, ал бос орын жоқ екенін жеткізді. Учаскеде бақылаушылар Мария Лобачева (“Эхо”)…
💬 Астанада Жас сайлаушылар лигасының бақылаушысын полицияға әкетті

Лига өкілдерінің хабарлауынша, N85 учаскеде бақылаушы камерасын қосулы күйде қалдырып, тамаққа кеткені үшін учаскеден шығарылған. Ізінше оны полиция әкетіп, “Қазақстанның демократиялық таңдау” (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар-жоғын тексерген.

Лига өкілдері сағат 14.00-дегі есебінде бұған қоса, N258 учаскеде “дауыс беру процесіне кедергі келтірді” деген уәжбен тағы бір бақылаушысын шығарып жібергенін жазды. МИСК территориялық сайлау комиссиясынан түсініктеме сұрап жатыр.

Ал Өскеменде N82 учаскеде бақылаушыны суретке түсіргені үшін учаскеден шығарып жібереміз деп сес көрсеткен. N71 учаскеде “еден жуамыз” деп барлық бақылаушыны ғимараттан шығарып жіберген.

Қазақстан соты билік сыншысы Мұхтар Әблязов негізін қалаған ҚДТ-ны “экстремистік ұйым” деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ұйымды “бейбіт оппозициялық қозғалыс” деп таныған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬18😡2
Алматыда кемінде үш адамның ұсталғаны хабарланды

Алматыда Астана алаңында сағат 14.40 шамасында үш адам ұсталды: Алмат Жұмағұлов, Оралбек Өміров және Сүйіндік Алдабергенов. Қазір оларды Алмалы аудандық полиция бөліміне әкелген. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Алматы полициясы әзірге түсініктеме бермеді.

Сурет: Бақытжан Төреғожинаның парақшасы
🤬17❤10😡1
ОСК мәліметінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, азаматтардың 64,43 % немесе 8 029 286 адам бюллетень алған
👎20🤣19💩7❤2😁1
🗣Астанада BES.media-ның ерікті тілшісі мен "Еркіндік қанатының" заңгерін референдум учаскесінен шығарып жіберді

BES.media-ның хабарлауынша, олар дауыс берушілерді тізімге енгізу кезінде болуы мүмкін заңбұзушылықтарға комиссияның назарын аудартқан. Осыдан кейін №349 учаскеден ерікті тілші Күләш Садықова мен “Еркіндік қанаты” қорының заңгері Роман Реймер шығарылған.

Роман Реймердің сөзінше, бақылаушылар бірнеше рет азаматтарды құжатсыз тізімге енгізу жағдайын тіркеген және оның себебін анықтауға тырысқан. Ал комиссия өкілдері мұны біресе “тіркеумен”, біресе олардың “Қазақстан темір жолы” қызметкерлері екендігімен түсіндірген.

Бақылаушылар ықтимал заңбұзушылық туралы акт жасап, шамамен жарты сағат комиссияның жауабын күткен, осыдан кейін әуелі Роман Реймер, кейін Күләш Садықова учаскеден шығарылған.

Комиссия өкілдері бақылаушылар комиссияның жұмысына және дауыс беруге кедергі келтіргенін, комиссия мүшелерін рұқсатсыз түсіргенін айтқан.

Реймер мен Садықова комиссияның шешімімен келіспейді және оған шағым түсіретінін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25💩1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада "Еркіндік қанатының” бақылушысын “ұйымның аккредитациясы жоқ” деген себеппен тіркемей, N169 учаскеден шығарып жіберген.
🤬29🤣2🤪2😡1
❗Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, азаматтардың 70,98 пайызы, яғни, 8 845 280 адам дауыс берген.
🤡33🤮8😁5❤2💩2🤪1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістанда автобуспен адамдарды сайлау учаскелеріне апарып дауыс бергізіп жүрген болуы мүмкін деген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Facebook-те Несібелі Хайруллақызы есімді қолданушы 177 YA 13 мемлекеттік нөмірі бар сары автобустың ізімен жүріп, оның сайлау учаскелеріне тоқтағанын, одан адамдардың түскенін видеоға түсіріп алған.

Видео авторының айтуынша, көлік Түркістандағы кемі үш сайлау учаскесіне тоқтап, адамдар дауыс беріп шыққанша күтіп тұрған.

Азаттық видеодағы ақпараттың шынайылығын растай алған жоқ. Құзырлы органдар бұл видеодағы ақпарат бойынша әлі түсініктеме бермеді.
😱18😁9🤬8❤2🤮2😡1
Azattyq - Азаттық
Алматыда полицияның белсенді Оралбек Өміровті ұстаған сәті
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ұсталған белсенділердің бірі Алмат Жұмағұлов полициядан шыққаннан өздерін қалай ұстағанын баяндады. Айтуынша, бөлімшеде оларды шамамен 2 жарымнан бастап кешкі 7-ге дейін ұстаған
🤬31✍1👎1🤮1💩1😡1
Azattyq - Азаттық
❗Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, азаматтардың 70,98 пайызы, яғни, 8 845 280 адам дауыс берген.
❗Референдумда дауыс бергендер үлесі - 73,24%

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, Конституцияны өзгерту бойынша референдумда дауыс бергендердің үлесі 73,24 пайыз болды, яғни, 9 126 850 адам дауыс берген. Жалпы дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 12 миллионнан асады.

Сағат 20:00-де ел бойынша учаскелер жабылып, дауыс санау басталды.
🤡24🤮6👍3🖕3🙏2❤1👎1😁1