Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
📝 Экс-министр Бейсембаев журналист Бажкеновадан бұған дейін жазғанын терістеуді талап етті

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналист Гүлнәр Бажкеновадан бұған дейін жариялаған ақпаратты терістеуді және шеккен моральдық зиянның өтеміне 20 млн теңге төлеуін талап етіп сотқа жүгінген. Даулы материалдарда Бейсембаев пен бұрынғы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арасында "туыстық қатынас" бар деген ақпарат айтылған.

7 қазандағы сот отырысында талапкер тарапы медиация аясында жаңа шарт ұсынды: Бажкенова екі мақалада айтқанын терістеп, 1 млн теңге өтемақы төлеуге тиіс. Сондай-ақ одан экс-министр туралы жаңа материал жарияламау және оның кәсіби қызметі жайлы басқа басылымдарда мақалалар шығуын ұйымдастыру талап етілген.

Бажкенованың адвокаты техникалық кедергілер барын айтты: журналистің телефоны тәркіленіп, Facebook аккаунты мен нөмірі бұғатталған. Сот тараптарға келісім шарттарын әзірлеуге уақыт беріп, келесі отырысты 19 қазанға белгіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁6👍3😱1
🔴 Тоқаев Транскаспий дәлізін TRIPP бастамасымен байланыстыру мәселесін талқылауды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия арқылы Қытайдан Еуропаға бағытталған көлік дәлізін "Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағдары" (TRIPP) жобасымен байланыстыру мүмкіндігі бар деп мәлімдеді. Мұны ол 8 қазанда Түркіменстанның Аваза қаласында өткен Орталық Азия және Әзербайжан президенттерінің 8-ші консультативтік кездесуінде айтты деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Қазақстан көлік инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, бұл өңірлік қарым-қатынас аясын кеңейтетінін айтқан. Оның сөзінше, Дүниежүзілік банк осы жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық іске асатын болса, 2040 жылға қарай Каспий теңізімен жүк тасымалдау төрт есе ұлғаяды деген болжам жасаған,

"Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді, – деген Тоқаев.


Былтыр тамызда АҚШ-тағы келіссөз кезінде Баку мен Ереван Армения аумағы арқылы Әзербайжанды оның эксклавы Нахчыванмен жалғайтын ұзындығы 40 шақырымнан асатын көлік дәлізін құруға келіскен. Бұл бағыт әрі қарай Түркияға, одан Еуропаға дейін ұласады деп жоспарланған.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ұсынысымен көлік дәлізі "Халықаралық бейбітшілік және гүлденуге арналған Трамп жолы" (Trump Route for International Peace and Prosperity, немесе TRIPP) деп аталған. Пашинян былтыр Қазақстанға сапармен келген кезде Тоқаев Астананың TRIPP жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтқан еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20🤡6🤔3❤2
☄️ Краматорскіде Ресей күштері шабуылынан кемінде 33 адам қаза тапты

8 қазанда Украинаның Краматорск қаласына жасалған әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 18 адам жараланған. Донецк облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин Ресейді жолаушылар мінген екі автобусты қасақана нысанаға алды деп айыптады.

Шабуыл таңертеңгі сағат 10-дар шамасында болған. Донецк облыстық прокуратурасының дерегінше, екі жолаушы автобусына әуеден бомба түскен. Алдын ала болжам бойынша, Ресей әскері жаңартылған УМПБ Д-30 СН басқарылатын авиабомбасын қолданған болуы мүмкін.

Украина тарапы жариялаған фотоларда екі автобустың да толықтай өртеніп, қирағаны көрінеді. Филашкин жұртты Украинаның қауіпсіз аймақтарына шұғыл көшуге шақырды.

Шабуылдан кейін Краматорск пен Славянск әскери әкімшіліктеріне қоғамдық көлік қатынасын тоқтату тапсырылды. Краматорск қалалық әкімшілігінің жетекшісі Александр Гончаренко майданға жақын қалада азаматтық көліктің өзі қауіпсіз емес екенін айтты.

Украина билігі мен халықаралық ұйымдар Ресей армиясының Украинадағы қалалар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарын соғыс қылмысы деп бағалап келеді. Ресей тарапы бейбіт нысандарға қасақана шабуыл жасағанын жоққа шығарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢27🤬7❤1
🗣️ ЕҚЫҰ жиынында қазақ құқық қорғаушылары саяси қудалауға түскендерге ара түсуге үндеді

8 қазанда Варшавадағы ЕҚЫҰ жиынында қазақстандық құқық қорғаушылар халықаралық қауымдастықты елде саяси және діни ұстанымы үшін қудалауға түскен деп санайтын адамдарға ара түсуге үндеді.

"Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина қазір Қазақстанда қамауда отырған Санжар Боқаевтың, Марат Жыланбаевтың, Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы туралы айтты.

"Бұлар бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі жағдай болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды ортақ бір мәселе біріктіреді: Қазақстанда дербес саяси немесе діни көзқарас ұстану қаншалықты қауіпсіз? Азамат өз пікірі, сыны мен белсенділігі үшін қудаланамын деп қауіптенетін болса, бұл сөз еркіндігі мен бейбіт жиналу бостандығы аясынан шығып кеткен проблема. Мен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросын Қазақстандағы ахуалды жіті әрі тұрақты бақылауда ұстауға шақырамын" деді Төреғожина.

Жиында Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев елдегі этносаралық және дінаралық татулық жайлы баяндап, Қазақстан үкіметі ұлт пен дінге қатысты кемсітуге жол бермеу бағытында барлық шараны қабылдап жатыр деп мәлімдеді. Омбудсмен әлгінде сөз болған саяси себеппен қудалауға түскендер мәселесі жөнінде ештеңе айтпады.

Қазақстандық "Демос" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов Ресейге жұмыс істеуге барып, еркінен тыс Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан Қазақстан азаматтарының, Ресейдің сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталып, қазір Ресейге экстрадициялану қаупі төніп тұрған Украина азаматы Рюбовь Рожанская мен шешен азаматы Мансур Мовлаевтың, Қазақстан соты "есірткі заттарын сақтаған" деген айыппен 4 жылға бостандығынан айырған бұрынғы діни қызметкер, Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына қарсы шыққан және өзіне тағылған айыпты мойындамаған Иаков Воронцовтың тағдыры жайлы айтты.

5 қазанда басталған Варшавадағы ЕҚЫҰ-ның Адам өлшемі жөніндегі жиыны 15 қазанға дейін жалғасады.
🤔12👍5❤2🤬1
🇰🇬 Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы сотталды

8 қазанда Бішкек соты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаевты "Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша 4 жылға бостандығынан айырды.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков осы баппен 7 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды.
Іс бойынша Әбдірахим Әбдірахманов 8 жылға сотталып, Ермек Ерматовқа 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды. Саясаткер Құбанышбек Қадыров толық ақталды. Ал сот 1 жыл 9 ай жаза кескен Серікбай Қабыланбек тергеу кезінде қамауда өткізген уақыты жаза мерзіміне есептеліп, сот залынан босатылды.

Қадырбек Атамбаев үкімді саяси қысым деп бағалап, билік сайлау алдында халықты қорқытуға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Ол анасы мен қарындасына қатысты да қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Тергеу қорытындысында айыпталушылар 2025 жылғы парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық пен тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған делінген. Құқық қорғау органдары қару-жарақ, оқ-дәрі, граната, байланыс құралдары мен ақша тәркіленген деп мәлімдеді. Айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔7❤2👏2😱2🥱2
🥇 Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Энн Карсонға берілмек

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын канадалық жазушы әрі ақын Энн Карсон алады. Бұл туралы 8 қазанда Стокгольмдегі Швеция академиясы хабарлады.

Сыйлық қаламгерге "классикалық дәстүрмен үндесе отырып, қазіргі заман әдебиетінің тың формаларын қалыптастырған батыл әрі тапқыр шығармашылығы үшін" берілмек.

76 жастағы Энн Карсон поэзия, проза, эссеистика мен антикалық мифологияны шебер ұштастырған туындыларымен танымал. Автордың белгілі кітаптарының бірі – "Қызылдың автобиографиясы" (Autobiography of Red) атты өлеңмен жазылған роман.

Сейсенбіден бері химия, физика, медицина мен физиология салаларында Нобель сыйлығын алуға лайық деп танылған адамдардың аты-жөні жарияланған.

Нобель апталығы кестесіне сәйкес, енді 9 қазанда Ослода Бейбітшілік сыйлығының иегері, ал 12 қазанда 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі Альфред Нобельдің құрметіне тағайындаған экономика ғылымдары бойынша сыйлық кімге берілетіні белгілі болмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍3🔥2
СІМ: Непалдағы апаттан кейін іздестірілген үш қазақстандықтың бірі табылды

Тамыздың соңында Непалдағы жойқын тасқыннан кейін "із-түзсіз жоғалғандардың" қатарында болған Қазақстан азаматы табылды. Ал екі қазақстандықтың қайда екені белгісіз деп хабарлады 8 қазанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
"Бұған дейін із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстаннан үш турист болған: екеуі Непалдан, біреуі Тибеттен. Непалда болғанда хабар үзілді делінген бір азаматымызға хабарласа алдық. Ол апат болған аймаққа сапарын шегерген. Қазір Қазақстанда" деді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Ал қалған екі қазақстандықтың туыстары ДНҚ-талдауы сияқты адамды анықтауға көмектесетін процедуралардан өткен.

5 қазанда Непал билігі іздеу-құтқару операциясын ресми түрде аяқтады. Ал Тибетте іздеу әлі жалғасып жатыр. Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған жойқын тасқыннан қаза болғандар 1,5 мыңнан асты. 5 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.
❤7🔥3🤔1
Киев мэрі тұрғындарға мүмкіндігінше қаладан кетуге кеңес берді

Киевтің мэрі Виталий Кличко Ресей әскерінің шабуылына байланысты қала тұрғындарын уақытша астанадан кетуге шақырды.

France-Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Кличко қала “тірі қалу” режиміне көшетінін айтып, Ресей әскері маңызды инфрақұрылым нысандарын соққылап жатқандықтан
жаппай дағдарыс қаупі туындағанын жеткізді.

8 қазанда күндіз және кешке Ресей әскері Киевтегі ең ірі энергетика нысандарына шабуылдаған. Бұл жөнінде Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады.

Қалада жарық өшіп, метроның жұмысы уақытша тоқтатылды. Бейсенбі күні кешке Киевтің кәріз жүйесі уақытша істемей қалғаны белгілі болды.

“Қанша жақсы дайындалсақ та, егер әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істемесе, жағдайымыз мүшкіл болуы мүмкін” деді Кличко AFP агенттігіне.

Дегенмен Киев мэрінің сөзінше, мәселе толық эвакуация жөнінде болып отырған жоқ, себебі бұл “қаңыраған қалаларды алу үшін Путин күткен ең жақсы сценарий болмақ”.
😢19❤7🤬2👎1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Журналист Асхат Ниязов Бұтақты шатқалында қалай құрылыс жүріп жатқаны жөнінде видео жариялады.
“Алматы тауларында тұманда орманды жойып жатыр. Бұл “Бұтақты”. Көбі ол жақта ағашты қалай кесіп жатқаны көрген. Егер шабылған ағаштардың ізімен жүрсеңіз, мынадай көрініске тап боласыз. Құрылыстың паспортын таба алмадық. Құрылысшылардың өздері не салып жатқанымызды өзіміз де білмейміз деп жауап берді” деп жазды журналист.

Алматы әкімдігі Бұтақтыда тау кластері дамытылады деп мәлімдеген. Әкімдіктің мәліметінше, мұнда қанатты жол станциясы салынып, инженерлік желі төселеді.

Үкімет Алматы тау кластері туризмін дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын былтыр ақпанда бекіткен. Жоспарға қарасақ, Іле-Алатауының Алматы жақ бөлігіндегі Кімасар, Бұтақты және Қотырбұлақ шатқалдары арқылы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" таудағы курорт-отелі және "Pioneer" тау сауықтыру кешені өзара байланысып жатқан туристік кеңістікке айналады.

Бұтақты – ерекше қорғалатын Іле Алатау ұлттық паркі аумағында орналасқан. Бұған дейін жергілікті экологтар бұрын құрылыс салу үшін ерекше қорғалатын аумақтың статусы өзгертілуі керек болған болса, қазір осы жобаға бейімдеп "тиісті заңнамалық өзгерістер" енгізілгенін, ол “ерекше қорғалатын аумақта” да құрылыс жүргізуге мүмкіндік беретінін айтып алаңдаушылық білдірген.

Жобаға қатысы бар компаниялар барлық "экологиялық талаптарды сақтауға" уәде берген, алайда экологтар бұған күмән келтіреді.
🤬11🤔10❤3🤡2🔥1🤯1
Рубио: Ресейдің Украинадағы соғысы аймақтық қақтығысқа ұласуы мүмкін

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейдің Украинаға қарсы соғысы тығырыққа тірелгенін, алайда тараптардың бірі жағдайды өзгерту үшін қауіпті әрекеттерге барса, қақтығыс кең ауқымды аймақтық соғысқа ұласуы мүмкін екенін ескертті.

НАТО мүшелері – Исландия, Грекия және Португалияға жасаған сапарының соңғы аялдамасы Лиссабонда сөйлеген Рубио Вашингтон соғысты түптің түбінде келіссөз арқылы реттеу қажет деп санайтынын және дипломатиялық күш-жігерге жәрдемдесуге дайын екенін айтты.

Рубио бұл сөзді айтқанда Украинаның Краматорск қаласына ондаған адамның қазасына әкелген шабуыл жасалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 8 қазан күні қаладағы екі автобусқа жасалған соққыдан кемі 33 адам мерт болған.

Азаттық тілшісі мемлекеттік хатшыдан Ресейдің Украинаға шабуылы және НАТО-ның шығыс шекарасындағы қауіпсіздік жайлы сұрады. Рубио бұл қақтығысты тығырыққа тірелген "өте қауіпті соғыс" деп атап, мұндай соғыс әдетте келіссөзбен немесе эскалациямен аяқталады деді.

Бірінші нұсқа қос тараптан күрделі компромисті қажет етеді. Екінші нұсқада не Ресей, не Украина әскери тепе-теңдікті өзгерту үшін соғысты ушықтыруға баруы ықтимал. "Бұл өте қауіпті" деді Рубио.
❤10🔥4😁2👍1
Azattyq - Азаттық
Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан жағына қайырылып, өзінің немересін алуға Астанаға барып, ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады. Бұл жөнінде Азаттықтың Украин…
Қазақстанда Ресей өтінішімен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская босатылды

Бұл жөнінде оның адвокаты Алексей Прянишников “Неміс толқынына” хабарлады. Рожанская Еуроодақ елдерінің біріне ұшып кеткен.

Басылымның жазуынша, Рожанскаяны босатуға Украина билігі, атап айтқанда сыртқы істер министрлігі мен омбудсмен күш салған. Бұған дейін адвокат “Қазақстан Украинамен Рожанская бойынша конструктивті диалог жүргізіп жатқанын” хабарлаған еді.

1 қазанда Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған. Ақпаратқа қарағанда, Ресейдегі қызы мен оның екінші күйеуі “өзара келісімге сәйкес” Рожанскаяға немересін Астанаға ұшаққа отырғызып жіберуі керек болған. Немересін Ресей жағы ақыры жібермеген.
❤23🔥7👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ-қырғыз музыкасындағы трендке не себеп?
👍23❤3🔥1
Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша бұрынғы жоғарғы комиссары Нави Пиллэйге – бейбітшілік пен халықаралық құқықты нығайтуға күш салғаны үшін берілді.
❤21👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбірі тіпті бүйрегін сатуға мәжбүр.
🤬14🔥7🤔1
Алматы түбінде жануарларды ұстайтын орын иесін өлтіріп кеткен. Полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады

Алматы облысында бұралқы иттерді ұстайтын "Твардовский дом" негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өлімі тергеліп жатыр. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қатысты тұлғаларды ұстауға бағытталған тиісті тергеу және жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр" деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Тепляковтың қазасы туралы жазбалар әлеуметтік желіде 8 қазанда пайда болды. Қолданушылар оның қазасына орай көңіл айтып жатыр. Ізінше желіде оны өлтіріп кеткені жөнінде ақпарат шықты.

Владимир Тепляков он жылдан астам уақыт бойы "Твардовский дом" орнын азық-түлік және өзге де заттармен қамтамасыз еткен. Қазір ондағы иттер мен мысықтардың күтімсіз қалғаны хабарланды. Қыс жақындаған тұста "Твардовский дом" үйін сақтап қалу үшін қаражат та жинастырылып жатыр.
🤔12❤6🤬3😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
7-9 қазан арасында Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, 200-ден аса кісі жараланды. Жапа шеккендер мен марқұмдар арасында балалар бар. Қыс жақындаған сайын Ресейдің энергетика нысандарына жасаған шабуылдарынан Украина жарық пен жылусыз қала ма деген қауіп күшейіп отыр.
🤬46😢4❤1
Ресейде Қазақстан азаматын Украинаға тыңшылық жасады деп айыптап отыр

Қазақстан азаматы Роман Беловқа Ресейде "Украинаға тыңшылық жасады" және "экстремизмді қолдады" деген айып тағылып отыр. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының ақпаратына қарағанда, ФСБ-ның Орынбор облысы бойынша басқармасының тергеу бөлімі тергеуді аяқтады.

Роман Белов 47 жаста. Ол Байқоңырда татуаж салумен айналысқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, 2025 жылы қарашада оны "фитнес-орталықты әрлеуге көмектес" деп алдап, Орынборға апарған. Өткізу бекетінде басына қара қап кигізіп, асфальтқа құлатып, ұрып-соққан, бұдан соң тергеу изоляторына жеткізген. Содан бері 11 айдай уақыт жертөледегі жалғызадамдық камерада отыр.

Ресей тергеушілерінің болжамы бойынша, Белов белгісіз адамға қандай да бір кесте берген. Қылмыстық іс құпияланғандықтан тағылған айыптың қаншалықты негізді екенін тексеру мүмкін емес.

Тамызда құқық қорғаушыларға Беловтың оқиғаны сипаттап жазған хаты тиді. Онда ол тергеу изоляторындағы жағдайды баяндайды.
«2025 жылдың 18 қарашасында "Ресей қарулы күштері туралы ақпаратты Украина арнайы қызметінің өкілдеріне жеткізу мақсатында жинады және тыңшылық жасады" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Мен таңғалғаннан мырс етіп едім, мені бірден жан-жақтан соққылады. Айыптауды жоққа шығарып, мұны істемедім деп айттым. Басымнан ұрды, сонда да жоққа шығара бердім. "Өмір бойы түрмеде отырасың..." деп қорқыта бастады, қорлады, намысыма тиді. Егер мойындамасам, әйелім түрмеге түсетінін, кем дегенде балаларым балалар үйіне жіберілетінін айтты»
😡32😱4❤2
Саят Исанов Қазақстан қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. Каспийде 14 сарбаздың өмірін қиған ауыр оқиғадан кейін қорғаныс саласында басшылар ауыстырылған.
🤔9💩2😁1🤯1
📹 Литвада мұсылмандарға қысым көрсетіліп жатыр ма?

Литвада Орталық Азия елдерінің 29 мыңға жуық азаматы тұрады. Олардың басым бөлігі – еңбек мигранты. Алайда қыркүйекте көші-қон тәртібі аяқасты өзгерді. Қырғызстан мен Өзбекстандағы виза орталықтар жұмыс істеуге рұқсат алу туралы өтініш қабылдауды тоқтатты. Ал 1 қарашадан бастап Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстандағы виза орталықтар Литвада ұзақ мерзімге тұруға қажетті құжаттарды қабылдауды мүлде тоқтатпақ. Мұндай шешім неге дәл қазір қабылданып отыр?

👉Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔6👍4👎4
АҚШ Ресеймен дизель бойынша операцияларға рұқсат берді

9 қазанда АҚШ қаржы министрлігі ресейлік дизельмен операция жүргізуге рұқсат беретін бас лицензия шығарды. АҚШ бұған дейін мұндай операцияларға санкциямен тыйым салған еді. Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) лицензиясы ресейлік дизельді сатуға, тасымалдауға, түсіруге, импорттауға рұқсат береді. 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін күшінде болады.

Дегенмен лицензия қаражатты Ресей орталық банк, Ресей ұлттық әл-ауқат қоры немесе қаржы министрлігінің Америкадағы қаржы мекемелеріне аударуға рұқсат бермейді.

АҚШ-тың шешімін Украина сынады. Ал Кремль бұл “ғаламдық экономикаға оң әсер ететінін” мәлімдеді.
🤬26😱11❤3💩2👎1