Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына украин дрондарының соққысын “масқара” деп атады

АҚШ басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуылы үшін сынады.
“Зеленский тоқтатуы керек, Путин де. Зеленский мұнай өңдеу зауыттарына қайта соққы жасап жатыр десеңіз, ол бар болғаны мұнай бағасының өсуіне қол жеткізеді. Менің ойымша, бұл масқара” деді Трамп Newsmax-қа берген сұхбатында.

Трамп сонымен бірге Зеленскиймен “жұмыс істеуге” құлықсыздық танытты.
“Ол келісімге келгісі келмейді. Келіссөз жүргізгісі келетінін айтады, бірақ шын мәнінде олай емес. Жоқ, мен Зеленскийдің жақтаушысы емеспін” деді АҚШ басшысы.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ өтінішімен енгізілген үш күндік үзілістен кейін украин әскері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққысын жалғастыратынын мәлімдеген. Ол мұны Financial Times-қа айтты.

“Тыйым алынды. Жетер енді” деді Зеленский.

Ол Ресей әскері Укринаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққысын жалғастырып жатқанын айтқан еді. Зеленскийдің сөзінше, кейінгі аптада соның салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза болған.
🤬16😁13🤡6🤮2🥰1
Azattyq - Азаттық
Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылардың сөздерін ажырату қиын. 44 жастағы Санжар Боқаев наурыз айынан бері қамауда отыр. Бас прокуратура Боқаев "аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған…
Санжар Боқаевтың ісінде адвокаттар істі прокуратураға қайтару туралы өтініш берді, себебі олардың айтуынша, істе заңбұзушылықтар бар.

Адвокаттардың сөзінше, тергеу органдары іс материалдарын айыпталушыларға толық бермеген. Соған қарамастан іс сотқа жөнелтілген. Қорғау жағы видеосы бар дискпен де таныспағанын да жеткізді. Айтуларынша, дискті алған кезде ашылмай қойған.
“Бізге тергеу, айғақтарды тексеру, пәтер мен көлікті тінтудің видеоларын көруге рұқсат бермеді. Айыптау мен қорғау жағы іс материалдарымен танысу құқығынан айырылды. Сондықтан біз өтініш бере алмаймыз. Біз оларды сот отырысы басталғанға аз уақыт алғанда алдық, оларды жүктеуге уақыт кетті және оларды әлі де қарау қажет” деді адвокат Алма Мусина.

Сотта үзіліс жарияланды.

Сот кезіне Санжар Боқаевқа бес бап бойынша айып тағылғаны белгілі болды: “алаяқтық” (190-бап), “ұрлық” (188-бап), “қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру” (218-бап), “ағашты заңсыз кесу” (340-бап), “жалған ақпарат тарату” (274-бап).
🤬24💯2
Reuters: Украинадағы Starlink-тің жұмысын бәсеңдету туралы бұйрық Ақ үйден түскен

Starshield – Starlink-тің әскерилерге арналқан нұсқасының жұмысын шектеу туралы бұйрық Ақ үйден түсті деп жазды АҚШ-тағы екі дереккөзге сүйенген Reuters.

Дереккөздің айтуынша, АҚШ қорғаныс министрлігі украин әскері қолданатын Starshield-тің жұмысы бәсеңдетілуі керек деген хабарлама алған. Ақ үйде нақты кімнің мұндай шешім қабылдағанын дереккөз айтпады.

Дегенмен Американың жоғары лауазымды тұлғасы АҚШ президенті “ешқандай өтініш айтқан жоқ” деді. Ақ үй түсініктеме бермеді.

Дональд Трамптың Владимир Зеленскийді қатаң сынаған тұста украин әскері Starshield-тің жұмысы баяулағанын хабарлаған. SpaceX жетекшісі Илон Маск Starshield-тің жұмысына қатысты кез келген шешімді АҚШ үкіметі мен президент қабылдайды деді.
🤬33❤1
Azattyq - Азаттық
Санжар Боқаевтың ісінде адвокаттар істі прокуратураға қайтару туралы өтініш берді, себебі олардың айтуынша, істе заңбұзушылықтар бар. Адвокаттардың сөзінше, тергеу органдары іс материалдарын айыпталушыларға толық бермеген. Соған қарамастан іс сотқа жөнелтілген.…
Санжар Боқаев, Ұлан Нүсіпқожа, Мадияр Қалменовтің адвокаттарының судьяны ауыстыру туралы өтініштері орындалған жоқ. Олар процеске адвокат Айман Омарованы онлайн қоспағаннан кейін судьяға сенімсіздік білдірген еді. Прокуратура өтінішке қарсы шықты.

Жұма күні сәл ертерек адвокаттар сотқа дейінгі тергеуде көп заңсыздық болғанын айтып, істі прокуратураға қайтаруды сұраған еді. Адвокаттардың сөзінше, оларға іс материалдарымен толық танысуға мүмкіндік берілмеген.
🤬27😁1
Қазақстанда жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылады

Сервис eGov қосымшасы арқылы істейді. Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, SMS-хабарламалардан кейін 200-ден астам қазақстандық жәрдемақыға мұқтаж емес екенін мәлімдеп, төлемдерден бас тартуға дайын екенін білдірген. Осыдан кейін ауқатты азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жәрдемақыдан онлайн бас тартуға мүмкіндік беретін сервис әзірленген.

Келесі жылдан бастап Қазақстанда жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгермек. Оған сәйкес, отбасының әл-ауқат деңгейі ескерілмек. Егер жәрдемақы алуға үміткер адамның отбасы ауқатты деп танылса, ол мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айырылуы мүмкін.
😁12💩6🤔2❤1🤯1
Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңында түс кезінде болды деп жазды журналист Вадим Борейконың телеграм-арнасы.

Полиция ұстап жатқан адам, куәгерлердің айтуынша, сот басталмай тұрып бір сағат бұрын келген. Үзілістен соң қорғау жағы бұл аталған іс бойынша негізгі куәгер Ахлиддин Хамракулов екенін айтты. Оның бұл жерге келу және полицияның оны ұстау себебі әзірге белгісіз.

Биыл наурызда Боқаев ұстала салысымен желіде бір адам түскен, бірақ мазмұны бір-біріне қайшы екі видео тарады.

Біріншісінде "полиция мені Боқаев пен оның көмекшісі Ұланға қарсы жалған куәлік беруге мәжбүрледі, азаптады" деп жыларман күйде сөйлеген ер адам бейнеленген. Оның адвокаты Диас Ахметов бұл видеоны Алматы қалалық полиция департаментінің кіре берісінде екі ай бұрын түсіргенін айтты. Бұл адвокат Санжар Боқаевты да қорғаған.

Осы видеоның ізін ала тағы да осы адам түскен басқа видеоны анонимді телеграм арналар таратты. Онда әлгі адам өзін Түркістан облысы тұрғыны Ахлиддин Хамракуловпын деп атап, бұған дейінгі видеода айтқан сөзінен айнып, солай сөйлеуге мәжбүрледі деп өз адвокатын айыптаған. Бұл видеоны Хамракулов өз еркімен түсірді ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз қалып отыр.

16 қазанда адвокаттар осы оқиғаны тексеруді сұрап, үш өтініш берді.
🤔17🤬7❤1
Azattyq - Азаттық
Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңында түс кезінде болды деп жазды журналист Вадим Борейконың телеграм-арнасы. Полиция ұстап жатқан адам, куәгерлердің айтуынша, сот басталмай тұрып бір сағат бұрын келген.…
Боқаевтың ісі бойынша куәгердің сот ғимараты маңында ұсталуы: адвокат оның мұнда келгенін біреу қаламайды дейді

“Айыптау сөз, жауаптардан құралған. Бүгін негізгі куәгерді түсінуімше, ұстап әкетті. Ол [ағаш кесу] ісі бойынша негізгі куәгер. Оның бұл жерге келгені біреуге қолайсыз” деді Боқаевтың адвокаты Радмир Утепов түскі үзіліс кезінде.

Үзілістен соң қорғау жағының адвокаттары бұл оқиғаны айтып, соттан аталған куәгердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған.

“Шын куәлік берсе екен дейміз, ертеңгі күні жоғалып кетпесе екен дейміз” деді адвокат Радмир Утепов.

Судья Жанат Әбенова ұсталған адамның қылмыстық іс бойынша куәгер екенін растап, бірақ куәгерлер “басты сот талқылауында болмауы керек” деді. Дегенмен адвокаттар оны ғимарат ішінен емес, сыртта ұстағанын айтты.

Адвокаттар соттан оқиғаны тексеруді және күштік құрылымдардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады. Судья бұл мәселе бойынша прокуратураға қайырылу керектігін айтты. Алматы полициясы әзірге, оқиғаға түсініктеме берген жоқ.
😱9🤬7💩2❤1
Сенатор Джон Кертис: "АҚШ мүддесі үшін Орталық Азияның тұрақтылығы өте маңызды"

Орталық Азияның тұрақтылығы АҚШ үшін неліктен маңызды? Ресей мен Қытайдың ықпалы артып келе жатқан тұста Вашингтон аймақ елдеріне не ұсына алады? Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың сапары қарсаңында америкалық сенатор Джон Кертис қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, АҚШ-тың аса маңызды минералдарға деген қызығушылығы және қырғиқабақ соғыс заманынан келе жатқан сауда шектеулерін алып тастау мүмкіндігі туралы айтып берді.

Мақаланы сайтқа бармай толығырақ осы жерден оқыңыз 👇
👍9💯5❤3
Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? Зерттеу🔎

2021 жылы спорт пен салауатты өмір салтын дамыту жөніндегі мемлекеттік стратегия негізінде Астанада спорт академиясы құрылды. Ал 2026 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұрындық болуымен жасанды интеллект саласында жаңа бір университет пайда болды.

Азаттық бұл екі оқу орнына мемлекетпен бірге президенттің туысы 23 жастағы Нұрасыл Медеу иелік етіп отырғаны туралы зерттеу дайындап жатқанда оның өзі мемлекеттік телеарнаға сұхбат берді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке "командасының көмегімен" жеткенін, өзіне ешқандай "артықшылықтар берілмейтінін", ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтты.

Зерттеуді сайтқа бармай осы жерден оқыңыз. Instant view-ді басыңыз 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡17🔥6💩3
Өзбекстанда президент пен президент әкімшілігі қызметкерлерінің қол сұғылмаушылығы мен иммунитеті туралы заң қабылданды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев президент әкімшілігі қызметкерлері мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдерінің қол сұғылмаушылық кепілдігін бұзғандарға қылмыстық жауапкершілік белгілейтін заңға қол қойды. Құжат 15 қазанда күшіне енді.

Заң бойынша президентке, әкімшілік қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне өмір бойына қол сұғылмаушылық кепілдігі беріледі. Ал әкімшіліктің басшылық қызметтегі қызметкерлеріне бұл иммунитет жұмыстан кеткеннен кейін тағы бес жыл сақталады.

Заңға сәйкес, мысалы депутатты жауапкершілікке тарту үшін парламенттің тиісті палатасының келісімі керек. Президент әкімшілігінің басшылық қызметкерлерін жауапкершілікке тарту үшін мемлекет басшысының жазбаша келісімі қажет.

Бұл заң президент әкімшілігінің өкілеті кеңейіп жатқан тұста қабылданды. 2025 жылғы маусымнан бері әкімшілікті Мирзияевтің үлкен қызы Саида басқарып келеді.
💩19🤣14🙈2❤1
Ресей Украина аймақтарын соққылады, қаза болғандар бар

Сенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Славянск қаласына авиабомбамен соққы жасады. Қалалық әскери әкімшіліктің жетекшісі Вадим Ляхтың айтуынша, кемінде бір адам қаза болды, 10 адам жарақаттанды. Үйінді астында адамдар қалуы мүмкін.

Запорожьеге де соққы жасалды. Украинаның төтенше жағдай ведомствосының хабарлауынша, бес адам жарақаттанды, арасында бала да бар. Бірнеше ескі ғимарат бүлінген.

Харьков пен Харьков облысындағы он елді мекенге әуеден соққы жасалды деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің жетекшісі Олег Синегубов. Оның сөзінше, екі адам қаза болды, 41 адам зардап шекті.

Украинаның қарулы күштері өткен түні әуеде 293 дронды жойған. 25 орынға дрон түскен.
🤬16😭8
Рубионың сапары: 30 миллиард доллар инвестиция, террормен күрес және сирек минералдар

АҚШ Орталық Азиямен байланысты күшейтуге ниетті. Вашингтон жоғары деңгейдегі дипломатиялық ықпалдастықты экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айналдыруға ниетті. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері журналистермен өткен жабық брифингте хабарлады.

Мақаланы сайтқа бармай, осы жерден оқыңыз. Instant view-ді басыңыз 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👎5❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиеншары Нұрасыл Медеу Қазақстанда мемлекеттік қолдауына ие екі университеттің негізгі үлесін басқарып отыр. Екі оқу орны да мемлекет бюджетіне салынған ғимаратты пайдаланады. Азаттық зерттеуінің толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.
😁13🤬9💩6👍3🤮1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сенбіге қараған түні Мәскеу әуежайында жүздеген рейс кешікті немесе ұшпай қалды

Әуежайлардың онлайн-таблоларына сүйенген Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, жұма кешке және сенбіге қараған түні Мәскеуге ұшқан немесе одан келуі керек болған жүздеген әуе рейсі кешікті немесе ұшпай қалды. Бұған украин дрондары себеп деп жазды BBC-дің Орыс қызметі.

airports.ru сайтының жазуынша, Санкт-Петербургтегі негізгі әуежай Пулковода да 32 рейс ұшпай қалды, 140 кешіктірілді. Мәскеудің Шереметьевосында - 53 рейс кешікті, 143 рейс ұшпай қалды; Внуковода — 113 рейс кешікті, 55 рейс кейінге қалды, Домодедовода 59 рейс кешікті.

Baza-ның есебінше, Мәскеу әуежайларындағы түнгі шектеулердің салдарынан 370-тен астам рейс кейінге қалдырылды немесе кешікті.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин әлеуметтік желіде кейінгі сағаттарда Ресей астанасына жақын аумақта 140-тан астам дрон құлатылғанын хабарлады. Ал 10-17 қазан аралығында Мәскеу жаққа қарай 2730 дрон ұшқан, 534-і Мәскеуге жақындаған кезде жойылған.

Ресей қорғаныс министрлігі сенбіге қараған түні Ресей аймақтарында 610 дрон атып түсірілгенін хабарлады.

Қыркүйектің басында Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігі азаматтық авиация үшін қауіпсіз емес, себебі Ресей аспанында дрондар болады деп айтқан.

Видео: Астра
🔥13👏7🤔2
АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Конгресс қабылдаған – қайтыс болған сенатор Линдси Грэмнің құрметіне орай аталған құжатта қарастырылған Ресей мен оның әріптестеріне қарсы санкция шараларын тоқтататын жарлыққа қол қойды.

Заң бойынша, АҚШ әкімшілігі аталған шараларды 18 қазанға дейін қолданысқа енгізуі керек болған. Дегенмен сол құжатта президент әкімшілігі ұлттық мүддені ескере отырып, аталған шараларды қолданудан бас тарта алатыны да жазылған. Трамп сол құқықты пайдаланды.

Мәселе, ең әуелі, Ресейден импортталатын тауарларға 500 пайыздық баж салығын енгізу, Ресей мұнайы мен газын ең көп сатып алатын бес елден келетін тауарларға 100 пайыздық импорттық баж салу, сонымен бірге заңда көрсетілген жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға санкция енгізу туралы болып отыр. Олардың қатарында Ресейдің қорғаныс, энергетика және қаржы саласының өкілдері, сонымен бірге «тасадағы флотқа тиесілі» кемелер бар.
😡20🔥5❤1👎1🤡1
Лавров: содырлар Ауғанстан арқылы Орталық Азияға босқын және турист ретінде кіруі мүмкін

Халықаралық экстремистік ұйымдардың содырлары Ауғанстан арқылы заңды және заңсыз жолмен Орталық Азия елдеріне өтуге тырысады. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 16 қазанда мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен шектесетін Ауғанстан аумақтарында мұндай белсенділік ерекше байқалады. Министрдің сөзіне қарағанда, террористік топтардың содырлары босқын немесе турист кейпіне еніп, Ауғанстан аумағынан Орталық Азия елдеріне өтуге әрекет жасауы мүмкін. Ресей сыртқы істер министрі ДАИШ-тың бөлімшесі саналатын «Хорасан уәлаяты» тобы содырларынан негізгі қауіп барын айтты.
😁10🤡9🤬3👍2❤1💩1
Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді

Президенттің туысы Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді. Президенттің жиеншарының Қазақ ұлттық спорт университетін (KNUS) мемлекетке "өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдағаны" жөнінде ақпарат сенбі, 17 қазанда университеттің ресми сайтында жарияланды.

Сайттың жазуынша, Нұрасыл Медеу оқу орнында өткен салтанатты жиын кезінде "кез келген алыпқашпа әңгімеге нүкте қойғым келеді. Бұл – сату да емес, сенімгерлік басқаруға беру де емес, мәжбүрлі түрде жасалған қадам да емес" деп айтқан.

Ол "студенттер алдындағы барлық міндеттеме толық көлемде сақталатынын", "бұрын тағайындалған құрылтайшы гранттары бойынша міндеттемелер де" орындалатынын айтқан.

Мұндай ақпарат Азаттықта жарияланған зерттеуден бір күн өткеннен кейін жарияланып отыр.

Зерттеуде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені, құрылтай депутаты Дана Медеуованың ұлы 23 жастағы Нұрасыл Медеудің мемлекет қолдауына ие екі оқу орнына — Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университеті мен Қазақ ұлттық спорт университетіне — иелік ететіні айтылады. Екі университеттің де 95 пайыз үлесі Медеуге тиесілі, ал қалған 5 пайызы мемлекеттік компаниялардың еншісінде.

Зерттеу авторлары оқу орындарының мемлекеттік инфрақұрылым мен қолдауды пайдалануына байланысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы сұрақ көтереді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке "командасының көмегімен" жеткенін, өзіне ешқандай "артықшылықтар берілмейтінін", ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтқан.
😁19💩8🤣3