Рубионың сапары: 30 миллиард доллар инвестиция, террормен күрес және сирек минералдар
АҚШ Орталық Азиямен байланысты күшейтуге ниетті. Вашингтон жоғары деңгейдегі дипломатиялық ықпалдастықты экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айналдыруға ниетті. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері журналистермен өткен жабық брифингте хабарлады.
Мақаланы сайтқа бармай, осы жерден оқыңыз. Instant view-ді басыңыз👇
АҚШ Орталық Азиямен байланысты күшейтуге ниетті. Вашингтон жоғары деңгейдегі дипломатиялық ықпалдастықты экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айналдыруға ниетті. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері журналистермен өткен жабық брифингте хабарлады.
Мақаланы сайтқа бармай, осы жерден оқыңыз. Instant view-ді басыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Рубионың сапары: 30 миллиард доллар инвестиция, террормен күрес және сирек минералдар
АҚШ Орталық Азиямен байланысты күшейтуге ниетті. Вашингтон жоғары деңгейдегі дипломатиялық ықпалдастықты экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа айналдыруға ниетті. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері журналистермен…
🔥11👎5❤3👍1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиеншары Нұрасыл Медеу Қазақстанда мемлекеттік қолдауына ие екі университеттің негізгі үлесін басқарып отыр. Екі оқу орны да мемлекет бюджетіне салынған ғимаратты пайдаланады. Азаттық зерттеуінің толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.
😁17🤬10💩7👍3🤮2🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сенбіге қараған түні Мәскеу әуежайында жүздеген рейс кешікті немесе ұшпай қалды
Әуежайлардың онлайн-таблоларына сүйенген Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, жұма кешке және сенбіге қараған түні Мәскеуге ұшқан немесе одан келуі керек болған жүздеген әуе рейсі кешікті немесе ұшпай қалды. Бұған украин дрондары себеп деп жазды BBC-дің Орыс қызметі.
airports.ru сайтының жазуынша, Санкт-Петербургтегі негізгі әуежай Пулковода да 32 рейс ұшпай қалды, 140 кешіктірілді. Мәскеудің Шереметьевосында - 53 рейс кешікті, 143 рейс ұшпай қалды; Внуковода — 113 рейс кешікті, 55 рейс кейінге қалды, Домодедовода 59 рейс кешікті.
Baza-ның есебінше, Мәскеу әуежайларындағы түнгі шектеулердің салдарынан 370-тен астам рейс кейінге қалдырылды немесе кешікті.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин әлеуметтік желіде кейінгі сағаттарда Ресей астанасына жақын аумақта 140-тан астам дрон құлатылғанын хабарлады. Ал 10-17 қазан аралығында Мәскеу жаққа қарай 2730 дрон ұшқан, 534-і Мәскеуге жақындаған кезде жойылған.
Ресей қорғаныс министрлігі сенбіге қараған түні Ресей аймақтарында 610 дрон атып түсірілгенін хабарлады.
Қыркүйектің басында Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігі азаматтық авиация үшін қауіпсіз емес, себебі Ресей аспанында дрондар болады деп айтқан.
Видео: Астра

🔥19👏11🤔2❤1👍1
АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Конгресс қабылдаған – қайтыс болған сенатор Линдси Грэмнің құрметіне орай аталған құжатта қарастырылған Ресей мен оның әріптестеріне қарсы санкция шараларын тоқтататын жарлыққа қол қойды.
Заң бойынша, АҚШ әкімшілігі аталған шараларды 18 қазанға дейін қолданысқа енгізуі керек болған. Дегенмен сол құжатта президент әкімшілігі ұлттық мүддені ескере отырып, аталған шараларды қолданудан бас тарта алатыны да жазылған. Трамп сол құқықты пайдаланды.
Мәселе, ең әуелі, Ресейден импортталатын тауарларға 500 пайыздық баж салығын енгізу, Ресей мұнайы мен газын ең көп сатып алатын бес елден келетін тауарларға 100 пайыздық импорттық баж салу, сонымен бірге заңда көрсетілген жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға санкция енгізу туралы болып отыр. Олардың қатарында Ресейдің қорғаныс, энергетика және қаржы саласының өкілдері, сонымен бірге «тасадағы флотқа тиесілі» кемелер бар.

😡29🔥5👎2🤡2❤1🤮1
Лавров: содырлар Ауғанстан арқылы Орталық Азияға босқын және турист ретінде кіруі мүмкін
Халықаралық экстремистік ұйымдардың содырлары Ауғанстан арқылы заңды және заңсыз жолмен Орталық Азия елдеріне өтуге тырысады. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 16 қазанда мәлімдеді.
Оның айтуынша, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен шектесетін Ауғанстан аумақтарында мұндай белсенділік ерекше байқалады. Министрдің сөзіне қарағанда, террористік топтардың содырлары босқын немесе турист кейпіне еніп, Ауғанстан аумағынан Орталық Азия елдеріне өтуге әрекет жасауы мүмкін. Ресей сыртқы істер министрі ДАИШ-тың бөлімшесі саналатын «Хорасан уәлаяты» тобы содырларынан негізгі қауіп барын айтты.

😁19🤡12🤬4❤3👍2💩2
Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді
Президенттің туысы Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді. Президенттің жиеншарының Қазақ ұлттық спорт университетін (KNUS) мемлекетке "өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдағаны" жөнінде ақпарат сенбі, 17 қазанда университеттің ресми сайтында жарияланды.
Сайттың жазуынша, Нұрасыл Медеу оқу орнында өткен салтанатты жиын кезінде "кез келген алыпқашпа әңгімеге нүкте қойғым келеді. Бұл – сату да емес, сенімгерлік басқаруға беру де емес, мәжбүрлі түрде жасалған қадам да емес" деп айтқан.
Ол "студенттер алдындағы барлық міндеттеме толық көлемде сақталатынын", "бұрын тағайындалған құрылтайшы гранттары бойынша міндеттемелер де" орындалатынын айтқан.
Мұндай ақпарат Азаттықта жарияланған зерттеуден бір күн өткеннен кейін жарияланып отыр.
Зерттеуде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені, құрылтай депутаты Дана Медеуованың ұлы 23 жастағы Нұрасыл Медеудің мемлекет қолдауына ие екі оқу орнына — Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университеті мен Қазақ ұлттық спорт университетіне — иелік ететіні айтылады. Екі университеттің де 95 пайыз үлесі Медеуге тиесілі, ал қалған 5 пайызы мемлекеттік компаниялардың еншісінде.
Зерттеу авторлары оқу орындарының мемлекеттік инфрақұрылым мен қолдауды пайдалануына байланысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы сұрақ көтереді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке "командасының көмегімен" жеткенін, өзіне ешқандай "артықшылықтар берілмейтінін", ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтқан.

😁27💩13🤣5👍3👏1🤯1
Украин дрондары “Вконтакте” дата-орталықтарына шабуылдады
VK («Вконтакте») компаниясының Ленинград облысындағы деректерді өңдеу орталығына дрон шабуылдады деп жазылған компанияның баспасөз хабарламасында.
“VK қызметтерін қолданушылар қалыпты режимде қолдана алады” деді компания өкілдері.
Бұған дейін Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко аймаққа жаппай дрон шабуылы болғанын хабарлаған. Оның сөзінше, аймақта 95 украин дроны атып түсірілген.
Украина жағы әзірге түсініктеме бермеді. Қазан айында украин дрондары Yandex пен Сбербанктің дата орталықтарына шабуылдаған.
Yandex-тің сервистерінде ақау пайда болды. Сол кезде Қазақстанда да компанияның бірқатар сервистері істемей қалды.

🔥33👍8👌4❤1😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
MrBeast лақап атымен танымал блогер Өзбекстанға барды. Ол бұл елге туризмді дамыту жобасы аясында келген. Блогерді көріп, онымен суретке түскісі келген мыңдаған жанкүйер Самарқандағы Регистан алаңына жиналды. Адам қарасы тым көп болғандықтан, жұрт бірін-бірі итеріп, блогерге жақындауға тырысты. Оқиға түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары бұл көріністер Өзбекстан туралы жағымсыз пікір қалыптастырып, елдің туристік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
🤬14👍5👎2😁1🤯1😎1
Алма мен пістеден қалай ақша табуға болады?
Бағбандардың сұранысқа ие дақылдарға жаппай ауысуы жергілікті сорттарды жоғалтып алу қаупін тудырмай ма? Құлпынай өсіру неге сәнге айналды? Алма мен өрік қашан мол өнім береді? Климаттың өзгеруіне қалай бейімделу керек? Қырғыз ғалымы, ауыл шаруашылығы маманы, кәсіпкер Медербек Жанбаевпен сұхбатты ұсынамыз.
Мақаланы сайтқа бармай, осы жерден оқыңыз, Instant view-ді басыңыз

Алма мен пістеден қалай миллион табуға болады?
Алма мен пістеден қалай миллион табуға болады? Алманың жабайы сорттары жойылып бара жатыр ма? Алма мен өрік қашан мол өнім береді? Азаттықтың Қырғыз қызметі ғалым, ауыл шаруашылығы маманы, кәсіпкер Медербек Жанбаевпен сұхбат құрып, осы және өзге сұрақтар…
👍9❤2
Зеленский: Украинада Starlink жылдамдығы шектеулі, бұл реактивті дронды атып түсіруге кедергі жасайды
Украина президенті Владимир Зеленский ел аумағында Starlink байланыс терминалдарының жылдамдығы әлі де шектеулі – сағатына 161 шақырым болып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, көршілес Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш – сағатына 180 шақырым.
Зеленский Starlink терминалдары жұмысының Украина аумағында ғана баяулауы жоспарланған әрекет деп санайды. Сенбі күні журналистермен сөйлескен ол Украина өкілдері SpaceX корпорациясынан да, АҚШ әкімшілігінен де жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысып жатқанын, бірақ әзірге жауап ала алмай отырғанын айтты.
Зеленскийдің сөзінше, бұл шектеулер Ресейдің реактивті дрондарына қарсы күресті де қиындатып отыр. Себебі оларды анықтайтын дрондар сағатына 161 шақырымнан жоғары жылдамдықпен ұшуы керек.

😢20😡13❤2🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Петербургқа соғыс басталғалы бергі ең рі шабуылдардың бірі жасалды
“Петербург мұнай терминалы”, "Ручьи" мұнай қоймасы, Вконтакте дата орталығы, Ozon қоймаларына соққы тиді. Дрондардың бірі көпірге түсті.
Губернатор Беглов жексенбі күні таңертең бір адам қаза болғанын, тағы бес адам жараланғанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, зардап шеккендердің саны 10-ға жетті. 12 тұрғын үй бүлінді.
Екі трансформаторлық станцияның жұмысы тоқтады. 20 мың тұрғын жарықсыз қалды. Пулково әуежайында шабуылдың салдарынан ондаған рейс кейінге қалдырылды, жолаушылар терминалдан эвакуацияланды.
Видео: Exilenova арнасы, Ozon қоймасындағы өрт

👍38❤9
Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза болды, 10 адам зардап шекті
17 қазанда Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында шағын автобус пен КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Екі адам қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Алматы–Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Екі адам оқиға орнында қаза болды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді" деп жазылған Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
😢17🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Франциядағы наразылық: мыңнан астам адам ұсталды
17 қазанда Францияда халық тұрмыcының нашарлауына қарсы өткен наразылық кейбір жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, наразылыққа қатысқан 1 200-ге жуық адам ұсталды. Полиция қызметкерлерінің 150-ге жуығы жарақаттанды.
Париж, Марсель және басқа да ірі қалаларда полиция мен наразылар қақтығысып қалды. Полиция наразыларға су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданды. Ал тәртіпсіздікке қатысушылар полицияға Молотов коктейльдерін лақтырды.
Кейбір жерлерде қымбат дүкендер де тоналды. Лимож қаласында XIX ғасырда салынған әкімдік ғимараты тұтас өртенді. Бордода да тарихи ғимарат отқа оранды. Лионда туристік ақпарат орталығынан өрт шықты.
BBC мәліметінше, Марсель, Лион, Гренобль, По, Монпелье, Тулуза және Валанста өрт қою мен тонау оқиғалары тіркелген. Авиньон, Лилль және Бордо қалаларында наразылар мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына шабуыл жасады. Париждегі Республика алаңында наразылар мен полиция қақтығысты.
Видео: Лимождағы ғимараттың өртенуі. CBS

🤬18😁3😢2
Солтүстік Корея басшысының қымбат төрт яхтасы анықталды. Бірінде бассейн мен аквапарк бар
BBC тілшілері спутник суреттері арқылы Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның Вонсандағы вилласының маңынан төрт ірі яхтаны анықтады. Болжам бойынша, оларды Солтүстік Корея басшысы мен отбасы пайдаланады.
Қандай яхталар? Кемелердің ұзындығы шамамен 50, 55, 60 және 80 метр. Ең үлкен яхтаның палубасында ұзындығы 50 метрлік бассейн мен аквапарк орналасқан. Бұл яхта шілдеден қазан айының ортасына дейін түсірілген бірнеше спутниктік суреттен байқалған. Бірнеше ай бойы техникалық қызмет көрсетілген үлкен яхта шілде басында Солтүстік Корея басшысының отбасының виллаларына жақын орналасқан Кальма түбегіне жеткізілген.
Яхталардың иесі кім? Солтүстік Корея билігі кемелердің кімге тиесілі екенін ресми түрде жарияламайды. BBC сөйлескен бұрынғы шенеуніктер, елден қашып кеткендер мен сарапшылардың пікірінше, мұндай көлемдегі яхталарды ел басшыларына қатысы жоқ адамдардың еркін пайдалануы екіталай.
Яхталардың қозғалысы Ким Чен Ынның жұрт алдына шықпаған кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Алайда кемелердің орналасқан жері оның сол уақытта яхта бортында болғанын дәлелдемейді.
Кемелер қанша тұрады? Анықталған яхталардың нақты бағасы белгісіз. BBC мәліметінше, осыған ұқсас кемелердің құны ондаған миллион доллардан басталып, кейбірінің бағасы 100 миллион доллардан асады.
Ал БҰҰ-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, Солтүстік Корея халқының шамамен 40 пайызы азық-түлік тапшылығы мен сапасыз тамақтан зардап шегеді.

🤬17😁9❤5👎1
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқанға келді
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға келді. 18 қазан кешкісін ол мінген ұшақ Самарқан әуежайына қонды. Ұшақ трапынан Рубионы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы әрі президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева, Өзбекстан сыртқы істер министрі Бақтияр Саидов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Дүйсенбі, 19 қазанда Рубионың Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерімен кездесулері жоспарланған. Жоғары деңгейдегі дипломатиялық келіссөздер барысында Вашингтон аймақпен экономика мен қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

❤15😁5🔥3🤔2👎1
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің түрлі қаласында қымбатшылыққа қарсы өткен жаппай наразылықтан кейін, 18 қазан күні халыққа үндеу жасады. Наразылықтар кезінде тәртіпсіздік болып, дүние-мүлік бүлініп, дүкендер тоналған.
Макрон сегіз минуттық сөзінде зорлық-зомбылықты айыптап, өзгенің мүлкін қиратқан және тонағандар заң алдында жауап беріп, келтірген шығынды өтейді деді.
Президент тәртіпсіздікті "радикал әсіресолшыл топтардан шыққан бүлікшілер ұйымдастырды, оларға қылмыстық ортадан көп адам қосылды" деп мәлімдеді. Ол дүкені мен кафесі қиратылған кәсіпкерлерге өтемақы төленетінін айтты.
Бұған қоса Макрон бұзақылық жасағандар мен заңды талабын айтуға шыққан адамдарды ажырату қажет екенін ескертті. Ол наразылық білдірушілердің ашынуына негіз барын, Францияның, әсіресе әлеуметтік салада, қиын жағдайда тұрғанын мойындады.
"Болашағымыз біз қалағандай емес" дейді жастар. Біз олардың реніштерін естуге тиіспіз", – деді Макрон.
Макрон барлық тараптың: наразылық білдіргендер мен олар қарсы шығып отырғандардың қатысуымен диалог өткізу қажет деді.
"Бәрі – жұмысшылар, студенттер, жергілікті әкімшілік, саясаткерлер келіссөз өткізіп, талқылауға қатысуы керек", – деді ол.
Ол жанармай бағасының өсуі жалпы қымбатшылыққа әсер етіп отырғанын мәлімдеді. Бірақ отын дағдарысын туғызған себептерге Францияның қатысы жоғын айтып, жақын арада Парсы шығанағы елдерімен мұнай мен мұнай өнімдері бағасын тежеу жөнінде келіссөз жүргізуге уәде берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17😁7👍4
Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 18 қазан күні АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен телефонмен сөйлескен. Олар америкалық және украиналық делегациялардың 9 қазанда Флоридада өткен кездесуінің қорытындысын талқылаған.
Зеленский телефон әңгімесінің нәтижесін хабарлаған жоқ. Ол тек Украина бейбітшілікті жақындату және АҚШ-пен ынтымақтасу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты. Оның сөзінше, Киев серіктестерін Ресейдің шабуылдары мен әуе қорғанысының жағдайы жөнінде үнемі хабардар етіп отыр.
"Бұл жерде көп нәрсе Американың ұстанымына байланысты. Украина алдағы уақытта да сындарлы, адал жұмыс істеуге және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайын", – деп жазды Зеленский әлеуметтік желідегі парағына.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🔥3
Azattyq - Азаттық
18 қазанда NBC News телеарнасына сұхбатында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың "Линдси Грэм заңы" деп аталатын санкциялық шараларды іске қосудан бас тартқаны жайлы сұраққа жауап берді.
Ресей президенті Владимир Путин өзін жеңімпаз сезінетін шығар деген Зеленскийдің болжамынша, осыдан кейін Кремль Ресей газына салынған санкцияларды алып тастау және бұғатталған ресейлік активтерді босату мәселесін көтереді деген ойын айтқан.
Зеленский Трамптың мәлімдемелеріне қарсы уәж келтіріп, АҚШ пен әлемде бензин мен дизель бағасының өсуіне Украина әскерінің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруі себеп емес деді. Оның сөзінше, бағаның өсуіне Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бөгеп тастағаны себеп болған.
Украина президенті елдегі Starlink спутнигі арқылы байланысты шектеу туралы бұйрықты АҚШ үкіметі бергеніне сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, SpaceX компаниясы тек техникалық жұмысты атқарған. Зеленский Украина әскері пайдаланатын Starlink байланысы әлі толық қалпына келмегенін, оның ең жоғары жылдамдығы 161 километрмен шектеліп тұрғанын хабарлады.
Ол АҚШ үш күн бойы Украина әскеріне барлау деректерін бермегенін, бірақ қазір ақпарат алмасу қайта басталғанын растады. Украина барлау мәліметтерін өзге көздерден де алады. Алайда Ресейдің баллистикалық зымыран ұшыруын бақылауда дәл америкалық деректерге сүйенеді және үш күн бойы сондай ақпаратсыз қалдық деп түсіндірді Зеленский.
Зеленский Трамп қабылдаған шешімдерін, Ресей мен оның президенті Владимир Путинге көзқарасын өзгертеді деп үміттенетінін айтты. Жексенбі күні NBC News жүргізушісінің сұрағына ол:
.

"АҚШ-сыз бізге өте қиын болады. Бірақ АҚШ ресми түрде Путиннің жағына шығып, Ресейді қолдаса, біз төтеп бере алмаймыз. АҚШ президенті біздің жағымызда болады немесе тым болмағанда екі жақтың ортасында тұрады деп үміттенеміз", – деп жауап қатты
.
NBC News
Zelenskyy says waived Russian sanctions are 'strengthening Putin's war against us'
In an exclusive interview with Meet the Press, Ukrainian President Volodymyr Zelenskyy says that President Trump's decision to waive Lindsey Graham’s Russia sanctions law shows "really big support for Putin."
❤13🤔2
Azattyq - Азаттық
18 қазанда NBC News телеарнасына сұхбатында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың "Линдси Грэм заңы" деп аталатын санкциялық шараларды іске қосудан бас тартқаны жайлы сұраққа жауап берді. Ресей президенті Владимир Путин өзін жеңімпаз сезінетін шығар деген…
NBC News АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің де пікірін сұрады
Бессент АҚШ үкіметі Украинадағы Starlink байланысын баяулатуға араласты деген Зеленскийдің сөзін үзілді-кесілді жоққа шығарып, оны "байыпсыз мәлімдеме" деп атады және өзі шындыққа сай емес деп есептейтін мұндай мәлімдемелерге сақ болуға кеңес берген.
Бессент Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастамағанын, тек "жағдайға қарап, не болып жатқанын түсіну үшін 60 күндік үзіліс жасағанын" айтты. Оның сөзінше, тек дизель отынына салынған эмбарго алынған.
Телехабар жүргізуші АҚШ Украинаның одақтасы ма деген сұрақты үш қайыра қойғанымен, Бессент өзінің президент те, Мемлекеттік департамент басшысы да емес екенін айтып, ол сұраққа тікелей жауап бермеді.

Treasury secretary refuses to say if the U.S. sees Ukraine as an ally
Scott Bessent denied the U.S. government was involved in limiting Starlink speeds for Ukrainian forces and said it was “reckless” for Zelenskyy to say so.
🔥6👎3🤬3
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы қазанның 15-18 аралығында Мароккода өткен әлем кубогы жарысында сапы сайысынан финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алтын жүлде иеленді. Мұны елдің туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Қазақстандық спортшылар жарыс барысында Түркия, Гонконг және Египет командаларынан басым түсіп, жартылай финалда Франция құрамасын жеңген.
Қазақстан атынан бұл жарысқа Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5