Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Трамп Украина Ресейге қарағанда соғысты тоқтатуға көбірек мүдделі болуы керек екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина ұсынылған шарттарға келісіп, соғысты тоқтатуы керек дегенді айтты.

«Ол [Зеленский] келісімге келуге дайын болуы керек, себебі менің ойымша, оның халқы енді бұған шыдамайды» деді Трамп. Оның сөзінен AFP үзінді келтіреді.

«Ресей - үлкен машина. Тек алға жылжып келеді. Олар көп жер басып алды» деді Трамп.

Дональд Трамп Украина Донецк облысының қалған бөлігін шайқассыз берсе, Ресей соғысты тоқтатуға келісетінін тағы қайталады. Украина мен оның Еуропадағы одақтастары Ресей мұнымен тоқтамайтынын және Путин бастаған Ресей билігі тәуелсіз Украинаны жою мақсатынан бас тартпады деп санайды.

Трамп Путинмен соңғы әңгімесінде одан соғыстың басында ресейліктер тұтқынға алып, екі жыл бұрын алты жыл 10 айға бас бостандығынан айырған 74 жастағы америкалық Стивен Хаббардты босатуды сұрағанын мәлімдеді. Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та Хаббардтың тағдырын Путинмен жақындағы кездесуінде талқылайтынын жеткізді.
🤡23🤬12❤5🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина әскері алғаш рет майдан шебіндегі жаралы сарбазды дронмен эвакуациялады. Бұл үшін арнайы гексакоптерді ұшырған.
👍37🔥9❤1
Алматыда журналист Вадим Борейконың соты жалғасты

Бұған дейін "Etude-Ybyrai" компаниясы журналист жариялаған материалдар "іскерлік беделге нұқсан келтірді" және "жалған ақпарат таратты" деп сотқа жүгінген. Борейко өзіне тағылған айыптарға нақты айғақ-дәлелдер жоғын айтқан. Осыған дейін осы іс аясында журналистің шоттары да бұғатталғаны хабарланған еді.

20 қазан күнгі сотта қорғау жағы жүргізілген филологиялық-экономикалық сараптаманың нәтижесінің дұрыстығыа күмән келтірді. Бұл жөнінде "Власть" жазды.
«Филологиялық сараптамаға келсек, сарапшы талап-арызда көрсетілген талаптардың шегінен шығып кеткен... Ол Вадим Николаевичтің барлық сұрағын біріктіріп, өз бетінше қайта тұжырымдаған. Бұл ретте қай күнгі материал екені, материалдың қайда жарияланғаны, тіпті бұл сөзді кім айтқаны да мүлде нақтыланбаған» деді адвокат Жанна Оразбақова.
"Өткір күректің" жазуынша, сот Вадим Борейконы өз сотынан ақпарат бермеуге міндеттеген.
🤬8👌2
"Бұл қадам үкіметке деген сенімді азайтады". Жәрдемақы беру шарты неге өзгеріп отыр?
 
Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақыны тұрмыс деңгейіне қарап беру туралы шешім әлі де қызу талқыланып жатыр. Бірі мұндай төлемдер азаматтың әл-ауқатына қарамастан берілуі керек десе, бірі үкімет қадамының қисыны бар, бірақ жұртты топтарға бөлу және есептеу әдісі күмәнді дейді. Ал екі күн бұрын eGov Mobile қосымшасында адамдардың тұрмыс деңгейін бағалайтын калькулятор қызметіне шектеу қойылды. Азаттық осы тақырып жөніндегі кейінгі өзгерістерді талдап, экономист Мақсат Халықтан сұхбат алды.
 
Толық оқу үшін төмендегі INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇
😱7🤔5❤2👍2🤬1
❤️ Біз сияқтылар көп". Қазақстаннан Грузияға суррогат ана болуға барған әйелдердің әңгімесі

Грузия қазір суррогат ана қызметіне жүгінетін шетелдіктер тапсырыс беру үшін жиі таңдайтын елдердің біріне айналды. Бұл сала қалай жұмыс істейді, суррогат ана мен биологиялық ата-ананы кім байланыстырады, келісімшартта қандай міндеттемелер қарастырылған? Азаттық радиосы Грузиядағы суррогат ана индустриясының жұмыс тәртібіне үңіліп, суррогат ана болуға барған екі қазақстандық әйелдің оқиғасын баяндайды.

Толық оқу үшін төмендегі INSTANT VIEW жазуын басыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12
Қазақстандық журналистер Құрылтайда ақпарат құралдарының жұмысын шектейтін ережені алып тастауды талап етті

Құрылтайда аккредитациясы бар 40 журналист Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебайға ұжымдық хат жолдап, брифинг өткізу ережесін өзгертуді талап етті. БАҚ өкілдері шараның тақырыбынан тыс сұрақ қоюға тыйым салатын нормаға қарсы болды. Бұл жөнінде “Өткір күрек” жазды.

Хат авторларының айтуынша, мұндай шектеулер негізсіз. Олардың пікірінше, журналистердің министрлерге, депутаттар мен өзге де лауазымды тұлғаларға олардың құзыретіндегі кез келген сұрақты қою мүмкіндігі болуы керек. Олар Құрылтай басшылығынан даулы норманы қайта қарап, жазбаша жауап беруді сұрады.

Құрылтай ғимаратында депутаттарға өз бетінше сұрақ қоюға тыйым салынатыны 31 тамызда белгілі болған. БАҚ өкілдеріне ғимаратта депутаттармен тек ұйымдастырылған баспасөз жиынында және тек белгіленген күн тәртібі туралы сөйлесуге рұқсат етіледі деген жаңа талап енгізілді. Парламент қызметкерлері ол талаптар журналистерді аккредиттеу ережелері мен БАҚ туралы заңға сүйеніп қабылданғанын айтқан.
🔥17❤4👍1😁1
Ресей Өзбекстанның оңтүстігіне әскери техникасын әкелді

Өзбекстанның Ауғанстанмен шектесетін Сурхандария облысында «Қамқорлық-2026» атты Өзбекстан мен Ресейдің бірлескен әскери жаттығулары басталды. Оған дрондар, жерүсті роботтандырылған кешендер мен Ми-24 тікұшақтары қатысады.

Әскерилер шекара маңынан шартты заңсыз қарулы топтар анықталған жағдайда бірлесіп әрекет етуді пысықтайды.

Жаттығу Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ауғанстаннан Орталық Азияға террористік топтар босқындар мен турист кейпін жамылып өтуге тырысып жатқаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды. Сонымен бірге бұл шара АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Самарқанда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінен кейін өтіп жатыр.
💩18🤬7😁4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы сапарында орыс тілінің Өзбекстанда ресми мәртебесі жоқ екенін атап өтті. Былтыр Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та осы қалада орыс тілі туралы сөз қозғап, оның мәлімдемесі елде қызу талқыланған еді.
👍17😁5❤2
Ақтөбе облысында шахта опырылып құлап, 24 жастағы жұмысшы қаза болды

Оқиға 20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында болды. Жұмыс кезінде кен жынысы опырылып құлап, 24 жастағы жұмысшы астында қалып қойған. Ер адам сол жерде жан тапсырды.

«Қазхром» компаниясының мәліметінше, шахтер қорғаныш бекітпесін орнатып жатқан кезде кен массасы кенеттен опырылып құлаған. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабар берілген деп айтылады. Мамандар оқиғаның себебін анықтауы керек, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар ма еді, соны да анықтайды.

“Қазхром” – Eurasian Resources Group (ERG) тиесілі кәсіпорын. Қазақстанның түрлі салалары мен аймақтарындағы кәсіпорындарды біріктіретін ең ірі өнеркәсіп холдингі ұзақ жыл бойы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын "ескі гвардия" олигархтарына тиесілі болған. Биыл жазда ERG менеджерлер кеңесінің құрамына Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінің үлесін сатып алған кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп кірді. Ол жиынтығы 39,3% акцияларға иелік етеді. ERG-дің өзге акциялары мемлекет (40%) пен Ибрагимовтар отбасына (20,7%) тиесілі.
😢6🤬3
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткоффпен кездесу кезінде Украина әскері қатарында соғысып, тұтқынға түскен америкалық Стивен Хаббард босатылғанын хабарлады. Бұл жөнінде ТАСС жазды. Путиннің сөзінше, Хаббард Пулково әуежайында отыр.

Кездесу Санкт-Петербургтегі Константин сарайында өтіп жатыр. Уиткофф Ресейге Ослодан ұшып келді, ол жақта Украина басшысы Владимир Зеленский және Еуропадағы серіктестермен келіссөз өткізген.

ТАСС-тың жазуынша, Путин Уиткоффтан сол кездесудің қорытындысын сұраған. Трамптың арнайы уәкілі Ослодағы келіссөз өнімді өткенін айтты. Уиткофф сонымен бірге Путин Ресей, Украина мен АҚШ арасындағы келіссөзді жалғастыру мүмкіндігін қарастыратындығына үміт білдірген. Ол Украинадағы соғысты реттеу жолы көрсетілген құжаттарды әкелгенін айтты.

Сурет: америкалық Стивен Хаббард
😁8👍3🤔2
Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында үш күнде 10 алтын ұтты

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль ұтты. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар: 10 алтын, 10 күміс және 12 қола.

“Ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Шукурбеков Журқамырза, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен Анастасия Калаус салды” деп жазылған туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарында Қазақстан 41 медаль алған: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола.

Биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан 150 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 24 қазанға дейін жалғасады.

Сурет: туризм және спорт министрлігі
👍9🔥4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазанның басынан бері Еуропа елдерінде наразылық өршіп жатыр. Мыңдаған адам көшеге шығып, қымбатшылыққа, мемлекеттік қызмет сапасынның төмендігіне, жемқорлық пен білім жүйесіндегі олқылықтарға қарсылығын білдірді.
👍10🔥2❤1
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Захарованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат беретін QazETA жүйесі туралы ақпаратты Ресейге "дипломатиялық арналар арқылы жіберген". Бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.

"QazETA электронды кіру рұқсаты жүйесі Қазақстанға визасыз келу құқығы бар 85 елдің, оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтарына қолданылады. Қазір QazETA жүйесі туралы толық ақпарат аталған барлық мемлекетке дипломатиялық арналар арқылы жіберілді", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстаннан шетел азаматтарына, соның ішінде Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтарына электронды кіру рұқсатын енгізу тәртібіне қатысты қосымша түсініктеме күтетінін айтқан.
👎5❤1
Украина соғысты аяқтау үшін НАТО-дан бас тарта ма? «Жаңа шартта» не бар? | Соғыс жаңалықтары

Соғысты тоқтатуға күш салып жатқан АҚШ-тың ресми өкілі Уиткофф Норвегияда Владимир Зеленскиймен кездесіп, ары қарай Ресейге ұшып барды. Ол бүгін Владимир Путинмен кездеспек. Ал Дональд Трамп ресми Киевті соғысты аяқтауға мүдделі болуы керек деп қыстап отыр. Ал Ресей Украинаға әуе соққысын жиілетті.

https://youtu.be/tWjPW53T7ZA?is=9wFgpakRs9nYZZlz
🤬5