Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 Президент Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағын беру туралы жарлыққа қол қойды

Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

“Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек” деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

25 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің оңтүстігіндегі Жамбыл облысына сапарлаған. Аймақ жұртшылығымен кездесу кезінде Тоқаев Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді де ұсынған. Айтуынша, бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны.

24 желтоқсанда қолбасшы, Совет одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туған күні. Елде даңқты қолбасшының туғанына 115 жыл толы атап өтіліп жатыр.

“Халық қаһарманы” атағы Қазақстандағы «Алтын Қыран» ордені және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Мұндай атақ Қазақстанға сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.

Қазақстанда мұндай атақ 30-дан астам адамға берілген. Арасында генерал Сағадат Нұрмағамбетов, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер Талғат Мұсабаев, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27🤔6👍5👏3🤮2🤡2🤷‍♂1
❗️Путиннің Бушпен әңгімесінде Қазақстан туралы да айтылады

2000-жылдары Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Бушпен әңгімеде Ресей "өз еркімен көп жерін бере салғанын" айтып, Украина мен Қазақстан, Кавказды да атаған.

Путин мен Джордж Буштың жабық кездесулерінің, телефон арқылы сөйлесулерінің стенограммасын «Ақпарат еркіндігі заңы» аясында АҚШ ұлттық қауіпсіздік архиві жариялады. Ол 2001-2008 жылдар аралығында өткен үш кездесуді қамтиды.

Сол кезде Путин Бушқа Украинаның НАТО-ға қосылуына Мәскеу жол бере алмайтынын айтып, Украинаны "жасанды мемлекет" деп атаған. Бұған қоса, НАТО-дағы одақтастары Ресейдің өзін НАТО-ға шақыруына болатынын меңзеген.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26🖕25🤔3🤨1🗿1
Тіл дауы, "СССР тумасы", кешірім сұраған мейрамхана — AzatNEWS | 25.12.2025

"СССР-де туғам". Тіл дауына байланысты қоғам сынынан соң мейрамхана кешірім сұрады. | Қазақстанда қайта-қайта қоғамды дүрліктіретін тіл дауын біржола шешудің амалы бар ма? | Тәжік-ауған шекарасында не болып жатыр? Қарулы қақтығыстан кемі бес адам қаза тапты.

КӨРІҢІЗ
🔥12👍10🤬1
⚡⚡⚡Ақтаудағы ұшақ апатына "оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтері" әсер еткен болуы мүмкін. Қазақстан көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті былтыр желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апат себептерін анықтау бойынша аралық хабарламасында осындай қорытынды жасады.

«Жарылғыш заттардың ізі табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтері әсерінен болуы мүмкін. Алайда олардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес» делінген қорытындыда.

Бұл - аралық қорытынды. Былтыр 26 желтоқсанда Қазақстан көлік министрінің бұйрығымен құрылған апат себептерін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.
👎14😁4💩4🤬3👀2🥴1
Майдан даласындағы «мереке», Рождестводағы тілек | Cоғыс жаңалықтары

Майдан даласында жүрген Украина сарбаздары Рождество мерекесін отбасымен бірге онлайн "атап өтіп" жатыр. Ал балалар дронның емес, отшашудың үнін естігісі келеді. Бірақ Ресей мейрам қарсаңында атысты тоқтатуға келіспеді.

КӨРІҢІЗ
😭11🤬10🤷‍♂1🤷‍♀1🔥1
💬 Қазақстанда бір жылда Украинадағы соғысқа барғандарға қарсы жүздеген іс қозғалған

Қазақстанда бір жылда Украинада Ресей әскері қатарында соғысқандарға қарсы 700 қылмыстық іс қозғалған. Бұл рекорд деп жазды "Прощай, оружие" жобасымен бірге есептеген "Медиазона".

Қазақстан соттары "Вагнер" жалдамалысы болғандарға және Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойғандарға бірдей үкім шығарады. Қазақстан Қылмыстық кодексі бойынша, олар соғысқа барып, «қылмыстық ниетін жүзеге асырған».

Бұған дейін Қазақстанда жылына осы сияқты ондаған істер ашылатын, алайда 2025 жылы украиналық "Хочу жить" жобасының хабарламаларынан кейін жағдай өзгерген деп жазды "Медиазона".

Қазақстан билігі әзірге басылым келтірген деректерге реакция білдірмеді.

"Медиазона" мен BBC-дің Орыс қызметінің хабарлауынша, Украинамен соғыста Қазақстанның кемінде 200 азаматы қаза болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎8👍6🤬6❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украиналық 5 жасар ақын қыз

Украиналық Злата Птиця өлең жазады, оның өлеңдері көбіне зымыран, жарылыс және майдандағы солдаттар туралы. 5 жасар қыздың видеолары желіде кең тарап, көп жұртты тебірентті. Оның өлеңдерін тыңдағандар көңілі босап, көзіне жас алғанын айтады. Ресей дрондары оның туған қаласы Межовадағы мектеп, балабақша, дүкендер мен аурухананы қиратты, қыздың отбасы бас сауғалап, басқа жаққа қашуға мәжбүр болды.
❤27😢12👏7🏆2🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астаналық белсенді Ербол Есхожин көлігінің артына жапсырылған көк және сары түсті полиция қырғызып алып тастағанын хабарлады. Белсендінің сөзінше, полиция “бір адамның арыз жазып, Украина туын іліп алып, ұлт араздық қоздырып жүр деп айтқанын” жеткізген.

“Шынымен де күйіп тұрмын. Украина туын іліп алсам бір жөн. Сондағысы екі түс қана. Ол аздай “терроризм”, “ұлтараздық” [бабын ілеміз] деп неше түрлі қысым жасады. “Не істесеңдер соны істеңдер” деп дедім. Олар көлікті айыппұл тұрағына қойып, артындағы бояуды қырып тастапты” деп белсенді көлігін де көрсетті.

Әзірге Астана полициясы оқиғаға түсініктеме бермеді.
🤬44❤2👍2🤣2🥰1😁1
🗣Шымбұлақтағы тіл дауы: полиция тараптарға айыппұл салды

Алматы қаласы полициясы Шымбұлақтағы мейрамханалардың бірінде болған жағдай жөнінде мәлімдеме жасады. Полиция Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаны толық тексергенін айтты.

Полицияның айтуынша, олардың әрекеттеріне құқықтық баға да берілген. Екі қатысушыға да "Бұзақылық" фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот шешімімен олар 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Алматыдағы Gusto мейрамханасының қызметкерінің тұтынушыға «СССР-де тудым, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емеспін!» деген видеосы тарап, көптің наразылығын туғызған. Жанжал кезінде қонақ пен әкімші жұлысып та қалады. Әлеуметтік желіде бұл видео жылдам тарап, қызу талқыланды.

Даудан кейін мейрамхана Instagram-дағы парағын тек қазақ тілінде жүргізе бастады. Кейінгі күндері жазылған посттары да қазақша. Ал қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан қызметкер Елена жұмыстан қуылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32👏5❤1🤬1🆒1
🔴Ақтаудағы ұшақ апатына бір жыл: аралық хабарлама, бітпеген тергеу, төленбеген өтемақы

Бір жыл бұрын Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer E190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақтағы 67 адамның 38-і қаза тапты. Содан бері 12 ай өтсе де, тергеу әлі аяқталған жоқ, ал бұл оқиға Әзербайжан мен Ресей арасындағы ұзаққа созылған дипломатиялық дағдарысқа себеп болды.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬11🤔7
Lufthansa ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды: рейсте жолаушы көз жұмды

26 желтоқсанда Lufthansa әуе компаниясының Мюнхен – Пекин бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себеп болған.

Ұшу кезінде ер адам есінен танып қалған. Ұшақ қонған сәтте әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем тобы ұшаққа бірден жеткенімен жолаушы ұшақ қонғанға дейін көз жұмғаны белгілі болды.

Тиісті процедура мен жанармай құйылғаннан кейін ұшақ сағат 7:56-да Пекинге ұшып кеткен.

Әуежайдағы полиция қылмыстық іс қозғады. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, шетел азаматы жүрек ауруынан көз жұмған. Полиция тергеу жалғасып жатқанын айтты.
🤔8😢6
💬 Зеленский "жақын арада" Трамппен кездесетінін хабарлады

"Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін. Украина жасасын" деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский желіде.

Kyiv Post-тың жазуынша, Украина президенті жуық арада АҚШ-тың Флорида штатына келіссөзге барады. Басылым дереккөздерінің бірінің сөзінше, егер бәрі ойдағыдай жүзеге асса, кездесу 28 желтоқсанда өтуі мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔13👍5❤2👎2🙏2☃1😁1🤡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда қазақ тіліне қатысты тағы бір дау ушықты. Алматыдағы Густо мейрамханасының қызметкерінің тұтынушыға «СССР-де тудым, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емеспін!» деген видеосы тарап, көпшіліктің ашуын туғызған. Дау қалай басталып, қалай өрбіді? Қазір не боп жатыр?
👍18🤬12🔥2🤯1
🗣Air Astana ұшағы Фукуокқа оралды

26 желтоқсанда Фукуоктан Алматыға қарай ұшқан Air Astana ұшағы Вьетнам әуежайына оралды. Бұған борт дәретханаларының істен шығуы себеп болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те ұшып шығып, 14:14-те қонған.

“Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейс 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 4.00-ге дейін шегерілді. [Жолаушыларға] ыстық тамақ пен сусын ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасып жатыр” деп жазылған Air Astana хабарламасында.

Шамамен бір апта бұрын Алматы – Бангкок бағыты бойынша ұшқан Air Astana ұшағы техникалық себепке байланысты Дели қаласына қонуға мәжбүр болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7😱4🔥2
💬 Қазақстан үкіметі ERG-дегі үлесін сатпайтынын мәлімдеді

Қазақстан қаржы министрлігі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы акционерлерінің құрамы өзгеретіндігі туралы ақпарат тараған шақта өзінің үлесіне қатысты түсініктеме берді. Үкімет Forbes Kazakhstan басылымына берген ресми жауабында мемлекет компаниядағы өз үлесін сатпайды деп мәлімдеген.

Жуырда Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып, қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп ERG-дің шамамен 40 пайыз акциясын сатып алуға өтініш бергенін жазған. Атап айтқанда, басылымның жазуынша, ол Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі (20,7%) бөлікті сатып алуға ниет білдірген. Басылымның мәліметінше, Мүтәліп екеуін қосқанда 1,4 млрд долларға сатып алуға келісіп те қойған.

ERG компаниясының баспасөз қызметі "акционерлер деңгейіндегі кез келген талқыға түсініктеме бермейтінін" айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤4🔥3
🗣АҚШ 15 жылға дейін Украина қауіпсіздігіне кепілдік беруі мүмкін

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, АҚШ 15 жылға дейін Украина қауіпсіздігіне кепілдік беруі мүмкін. Бірақ Киев бұл мерзімді барынша ұзартуға тырысып жатыр. Бұл жөнінде Axios жазды.

"Менің ойымша, бізге 15 жылдан да көп мерзім керек" деді Зеленский 26 желтоқсанда басылымға.

Украина президенті егер алдағы кездесуде Трамп бұдан да ұзағырақ мерзімге келіссе, мұны "ірі табысқа" балайтынын айтты.

Зеленскийдің сөзінше, екі ел де қауіпсіздікке кепілдік беру құжатын парламенттен өткізуі керек. Оның айтуынша, Америка-Украина келісімінің негізгі аспектілері келісіп қойылған және бес құжатта баяндалған. Оған алтыншысы да қосылуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔13👎8🔥6👍4❤1😁1🤣1
Германияда қаза болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі ұсталды

Мәскеуде Германияда қаза болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі ұсталды. Бұл жөнінде марқұмның бауыры Қанат Сайлыбаев пен адвокат Мұрат Адам хабарлады.

Олардың сөзінше, Александр Донцов пен Наталья Донцова Мәскеуде 23 желтоқсанда ұсталған. Қазіргі кезде оларды елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, дипломатиялық процедураларға байланысты және ұсталғандарда бірнеше азаматтық болуына орай процесс созылуы мүмкін.
👍21❤2
🔴Неліктен Батыс елдерінің басшылары Ресеймен соғысты ескертіп жатыр?

НАТО басшысы Марк Рютте және Еуропа елдерінің өзге де жетекшілері 2025 жылы Ресей алдағы жылдары НАТО елдеріне шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы бірнеше рет ескертті.

Кейбір сарапшылар Ресейдің жақын арада шабуылдау қабілетіне күмән келтіреді, бірақ ұзақ мерзімді перспективада Путин билікті сақтап қалу үшін соғыс тұтандыруы ықтимал дейді.

Жақында жарияланған сараптамалық орталықтың есебінде Ресейдің келесі нысынасы Эстония болуы мүмкін екені жазылған, бірақ Ресейге әлеуетін қалпына келтіруге 5-10 жыл керек.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔10🥱7👍5👎5❤1😁1🤣1
💬 BBC: Ресей дрондар жүйесі әскеріне сантехника сатушы жетекші болып тағайындалды

Ресей дрондар жүйесі әскерінің жетекшісі болып Юрий Ваганов тағайындалды. Ол – Мәскеу түбіндегі Электросталь елді мекенінен шыққан кәсіпкер әрі ерікті, арнайы әскери білімі жоқ. Бұл жөнінде әскери блогерлер мен BBC-дің Орыс қызметі хабарлады.

Әскери ортада Вагановты "Юра Унитаз" деп атайды, себебі BBC дереккөзінің хабарлауынша, 2022 жылға дейін ол Электростальда сантехниканы сатумен айналысқан. Оның соңғы жұмыс орны - "Ситистрой-групп" компаниясы.

2024 жылы Украина қарулы күштері халықаралық қауымдастық мойындамаған "Донецк халық республикадағы" Иловайск елді мекеніндегі полигонды атқылаған. Сол кезде 24 ресейлік әскери қаза болған. Ресейшіл әскери блогер Владимир Романовтың жазуынша, Судоплатов атындағы "Судный день" батальонының операторлары қаза болған. Оның сөзінше, курс жетекшісі дайындық өтіп жатқан аумақтың координатын бот арқылы жіберген, блогерлер бұған Вагановты кінәлаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁15💩6❤3👍1🤔1
🗣Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті

Атысты тоқтату режимі жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де күшіне енді және ол "қарудың барлық түрлеріне" қатысты.

"Тараптар әскерді қазіргі орындарында әрі қарай жылжытпай ұстап тұруға келісті" деп жазылған құжатта.

Келісім аясында Таиланд егер атысты тоқтату режимі 72 сағатта бұзылмаса, 18 камбоджалық әскери тұтқынды босатады. Тараптар сонымен бірге "жағдайды ушықтыруы мүмкін арандату әрекеттерінен" аулақ болуға уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26😁3