Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
⚡️ 5 қаңтар күні Алматының орталығындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінің алдына жиналған отызға жуық адам 2022 жылғы Қаңтар көтерілісі кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алып, марқұмдарға құран бағыштады.

Оларды алаңның айналасында жүрген, қарапайым киім киген адамдар сырттай бақылап тұрды. Қаңтар құрбандарын еске алу және құран бағыштау кезінде алаңда мобильді интернет байланысы істемей қалды. Азаттық тілшісі алаңның бір шетінде әлдебір байланыс құрылғылары бар арнаулы көліктер тұрғанын көрді.

Қаңтар құрбандарына құран бағыштап, еске алғаннан кейін жиналған адамдар ың-шыңсыз тарап кетті.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏17🔥8❤6👍4🤡2😢1🥴1
📍📊 Былтырғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 млн 478 мың 900 адам болған. Яғни, жыл басынан бері халық саны 0,96 пайыз көбейген. Мұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қаңтар-қараша айларында елдің 20 өңірінің 12-сінде халық саны азайғаны тіркелген. Халық өңірлерден ірі қалаларға қоныс аударып жатыр.

Былтырғы жылдың он айында елде қала халқының саны 1,88 пайыз өсіп, 13 млн 13 мың адамға жеткен. Ал ауыл халқының саны 0,59 пайыз азайып, 7 млн 465 мың 800 адам болған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥2❤1
Нью-Йоркте Венесуэла президенті мен әйеліне қатысты сот басталады

Дональд Трамп АҚШ енді Венесуэланы "уақытша басқарады" деді. Елдің вице-президенті уақытша басшы қызметіне кіріседі. Мадуро АҚШ-та тергелмек. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін шұғыл кеңес өткізеді. Ал Венесуэланы алда не күтіп тұр, Трамптың бұл тәсілін халықаралық қауымдастық қалай қабылдады?

Көріңіз
👍13👎4❤2🔥2🤔1🤬1🖕1
Тоқаев Назарбаев туралы айтты. Президент сұхбатына шолу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне сұхбат берді. Мәтін-сұхбатта қамтылмаған тақырып кемде-кем. Елдегі билік транзиті, Назарбаевтың Мәскеу сапары, әскердегі әлімжеттік, көлік апаты, туризм, Қаңтар көтерілісі және өзге түрлі мәселе сөз болған. Маңызды тұстарын шолып өттік.

Көріңіз
💩20😁8👎5❤2👍2🤣1
💬 Венесуэланың биліктен шеттетілген басшысы Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флорес 5 қаңтар күні алғаш рет Нью-Йорк федералдық сотына алдын ала отырысқа әкелінді. АҚШ ол екеуін 3 қаңтарда Каракаста қарулы операция кезінде ұстап, АҚШ-қа жеткізген.

Мадуро мен әйелі АҚШ билігі оларға тағып отырған "есірткі терроризмі", кокаин импорттау мақсатында сөз байласу, қару қолдану және сақтау туралы айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👎1😁1
⚡️ Василий Малюк Украинаның қауіпсіздік қызметі (СБУ) басшысы қызметінен кетті

"Мен Украинаның қауіпсіздік қызметі жүйесінде қалып, әлемдік деңгейдегі асимметриялық арнайы операцияларды іске асыруды жалғастырамын. Олар алдағы уақытта да дұшпанға барынша зор шығын келтіре береді", – деген Малюк мәлімдемесінде.

"Украинская правда" басылымы Малюк қызметтен кетуге дайын екені туралы шешімді ел президенті Владимир Зеленскиймен кеңескеннен кейін қабылдаған деп жазды. Басылым мәліметінше, бұған дейін Малюк арнайы операциялар аяқталмағанын алға тартып, отставкаға кететіні жайлы өтініш жазудан бас тартқан. Алайда жағдайды ушықтырмау және мемлекетке зиян келтірмеу үшін ақыр соңында келісім берген.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢10🔥5🤔5❤1
📝 2025 жылғы қаңтар-қараша аралығында Ресейде 100 адамды өмір бойына бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады.

Бұл – кейінгі 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жалпы 2005-2024 жылдар аралығында Ресей соттары осындай 1316 үкім кескен.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮13❤4🤬3👎2🤷‍♀1
🔺 Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ахмат Қадыров жаңа қызметіне қоса спорт министрі лауазымын сақтап қалды деп хабарлады "Кавказ.Реалии" басылымы.

Жаңа жыл қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары Рамзан Қадыров Мәскеуде ауруханаға түсті деп хабарлаған, алайда оны ресми түрде растаған ақпарат болған жоқ.

Жалпы алғанда, Қадыров әулетінің 100-ге жуық мүшесі билік құрылымдарымен байланысты қызметте. Бұл көрсеткіш бойынша ол Ресейде бірінші орында тұр. "Проект" басылымының деректеріне сәйкес, екінші орында президент Владимир Путин: оның 20-дан астам туысы әртүрлі басшы қызметтер атқарады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮26🤬4💩4🤯1
❤️ "Әппақ болып жатыр екен. Желкесінен шұңқыр көрінеді". Дүрбелең күндері із-түзсіз жоғалған күйеуін шарқ ұрып іздеп, соңында Алматының мәйітханасынан тапқан Шапағат Қадырова төрт жыл бұрынғы оқиғаны осылай еске алды.

2022 жылғы қаңтардың алғашқы күндері Жаңаөзеннен басталған бейбіт наразылық дүрбелеңге ұласты. Ахуал ушыққан тұста Қазақстан президенті ескертусіз оқ атуды бұйырды. "Азаттық Азия" асыраушысынан айырылған, бірақ қылмысқа кінәлілерді жауапқа тартқыза алмаған отбасылармен сөйлесті.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱11😢10❤5🙏2🥱1😡1
🗣Ирандағы наразылық акциялары барысында кемінде 20 адам қаза тапқан

Мұндай деректі ирандық Human Rights Activists News Agency (HRANA) құқық қорғау ұйымы хабарлады. Тағы 51 адам зардап шеккен, олардың басым бөлігі бытыра я резеңке оқ тиіп жараланған. Наразылық акцияларына қатысқан кемінде 990 адам ұсталған. Құқық қорғаушылардың пікірінше, ұсталғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Ирандағы наразылықтар 28 желтоқсанда, экономикалық дағдарыс дендеген елде ұлттық валюта күрт құнсызданып, инфляция күшейіп жатқан шақта басталды. HRANA деректерінше, сегіз күн ішінде кемінде 222 елді мекенде шерулер өткен.

The Times басылымы барлау есебіне сүйеніп, Иранның 86 жастағы рухани көсемі, аятолла Әли Хаменеидің елде күшейіп келе жатқан наразылықтарды билік баса алмаған жағдайға дайындаған балама жоспары бар, ол – Ресейге қашу деп жазды.

🔗 Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬17😢5👍3❤1
🗣 Астананың полиция департаменті Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуылға қолдау білдіргендердің "теріс сипаттағы мәлімдемелерін" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Ондай әрекеттерге түпкілікті құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданатынын бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға жауабында айтқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (ұлтаралық араздық қоздыру) бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп жазған Асылов.

17 желтоқсан күні мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігінен Каспий мұнай құбыры нысанардына Украина жасаған шабуылды қолдаған азаматтардың жазбаларын тексеруді сұраған. Ол Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым нысанына шабуылды әлеуметтік желіде "ашық қолдайтын және құптайтын жазбалар жарияланып" жатқанын, олар "ұлт мүддесіне соққы боп тиетінін" айтып, құзырлы органдарға тексерісті "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында саралауды ұсынған.

🔗 Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬26💩7❤5😁5🤮5👍3🤡3👏1🍾1
Мадуроның соты, Трамптың сесі, Венесуэланың жауабы

АҚШ арнайы операция ұйымдастырып, елінен әкеткен Венесуэланың қызметінен шеттетілген президенті Николас Мадуро мен әйелі Силия Флорес дүйсенбіде Нью-Йорк сотында кінәсін мойындамады. Судья келесі процесті 17 наурызға бекітті. АҚШ президенті Дональд Трамп Каракасқа сес көрсеткеннен кейін Венесуэланың уақытша басшысы Делси Родригес Вашингтонды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
👍18🤔6❤3
Қанды көтеріліс, атылған оқ, айтылмаған шындық — AzatNEWS l 06.01.2026

Қаралы Қаңтар көтерілісіне 4 жыл толды. Айтылмаған ақиқат, шешілмеген жұмбақ көп пе, аз ба? | Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қанды оқиғаны Қазақстан ұмытқысы келе ме? Ресми түрде еске алмады. | Қаңтарда жараланып, зардап шеккендердің кейбірі әлі соттасып жүр.

КӨРІҢІЗ
🔥21😢19❤4😡1
Шетел дипломаттары "ЛГБТ пропагандасы" туралы заңға қатысты алаңдаушылық білдірді

Германия елшілігі жариялаған мәлімдемеде: «Біздің ойымызша, бұл өзгерістер Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сай келмейді және ұғымдарды өз еркінше түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл негізгі бостандықтарға, атап айтқанда кемсітушіліктен азат болу құқығына әсер етуі мүмкін», — делінген.
👎35👍9🤡2🖕2🔥1
2026 жылы Қазақстанды не күтіп тұр?

Қазақстан 2026 жылы бірқатар экономикалық және саяси қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Экономистер Қазақстан билігі салық реформасын жүргізіп, бюджеттегі дефицитті жойғысы келеді, бірақ іс жүзінде мұның жүзеге асуы екіталай дейді. Халықаралық экономикалық институттар рецессия кесірінен инфляция ұлғаю қаупі арта береді деп болжайды. Биыл елді не күтіп тұр?

🔗 КӨРІҢІЗ

🔗
ОҚЫҢЫЗ
👎10💯3❤2🔥2😱1
Қазақстанның әділет министрлігі Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың мүддесін қорғап жүрген адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыруды сұрап сотқа жүгінді. Министрлік тұжырымы бойынша, адвокат сотқа дейінгі тергеу барысы туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан.
🤬27🤔5👍1👏1😁1
"Төңкеріс жасауға машықтанғандар" кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар "төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен" ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді.
💩30😁11❤5🤬4
🔴Бақытжан Төреғожина: қоғам төрт жыл бұрынғыдан жақсы өмір сүріп кетті деуге келмейді

Қаңтар неге халықаралық деңгейде көп айтылмады? Құрбандардың нақты саны қанша? Көтеріліске қатысқан, қаза тапқан, азапталған, билік тарапынан сотталған адамдардың соттарында қандай ұқсастық я айырма бар? Осы сұрақтарға "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина жауап берді.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯23🔥6🤮1🖕1
💬 Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияға бақылау орнатудың түрлі амалын қарастырып жатыр, ол тіпті күш қолданудан да бас тартпауы мүмкін. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді. Оның сөзінше, Трамп Гренландияға бақылау орнатуды "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік бойынша басымдығы" деп атаған және бұл " Арктика аймағындағы қарсыластарды тежеу үшін" маңызды.

The Wall Street Journal хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Конгресс мүшелеріне арналған жабық брифингте әкімшілік аралды Даниядан сатып алуға тырысып жатқанын айтты.

Еуропа елдерінің жетекшілері Трамптың мәлімдемесін қатаң сынады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡16❤4👍3👎3🔥2🤬1🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Иран қауіпсіздік күштері ел бойынша жалғасып жатқан наразылықтар кезінде демонстранттарға оқ атып, олардың қаза тапқаны хабарланды. Норвегиядағы Hengaw адам құқықтарын қорғау ұйымының мәліметінше, 3 қаңтарда Иранның батысындағы Малекшахи қаласында кемінде төрт адам қаза тауып, 30 адам жараланған.
🤬21❤4👎3👍1