Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
АҚШ-тың Иранға қатысты баж салығы: Қазақстан даму сценарийлерін бақылап отыр

Елдің сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда жасайтын елдерге 25 пайыз баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты осындай мәлімдеме жасады.

"Әзірге ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап жатыр", – деді Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.
💩15❤4🤬4
Azattyq - Азаттық
❗Қара теңізде Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдады - Reuters 13 қаңтарда Қара теңізде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған екі танкерге дрон шабуылдағаны айтылды. Бұл туралы Reuters агенттігі…
⚡Қазақстан энергетика министрлігі Қара теңізде, Каспий құбыр консорциумы маңында Қазақстанның мұнайын тасуға арналған екі танкер дрон шабуылына ұшырағанын растады. Ведомство кемелерге шабуыл жасалғанда мұнайлар тиелмегенін, танкерлер бос болғанын, Қазақстан шығынға ұшырамағанын айтады.

Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақтан келетін мұнайды, Либерия туымен жүрген Delta Harmony танкері "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер Грекияның компанияларына тиесілі екені айтылған.

Министрліктің хабарлауынша, Matilda танкерінде жарылыс болған, бірақ өрт шықпаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, кеме бүлінбеген, теңізде жүзе алады. Ал Delta Harmony кемесінде өрт шығып, сөндірілген, зардап шеккендер жоқ дейді министрлік.
👍18❤2👎2🔥2😱1🤡1
💬Прокурор Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады

Оңтүстік Кореяда арнайы прокурор 2024 жылы желтоқсанда елде қысқа уақытқа әскери жағдай жариялап, ізінше "бүлік ұйымдастырды" деп айыпталып, биліктен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ельді өлім жазасына кесуді сұрады.

Оңтүстік Кореяның заңнамасында мұндай айыпқа ауыр жаза қарастырылған, алайда мұндай жаза ондаған жыл бойы ешкімге берілмеген деп жазды Reuters.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨19👍3❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейлік тележүргізуші, кремльшіл пропагандист Владимир Соловьев жеке эфирінде Ресей Орталық Азия, Армения сияқты «өз ықпалындағы елдердегі мәселелерге» назар аударып, ол жақта да арнайы әскери операция жүргізуді жоққа шығармау керек деді.
🖕34💩21🤬5🤣4🤡2💊2🤯1
Теміртауда аязда мыңнан астам адам жылусыз қалды

13 қаңтарда кешке Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу магистралінде құбыр жарылып, 40 шақты көп қабатты тұрғын үй мен ондаған жеке үй, бизнес нысаны жылусыз қалған. Бұл жөнінде “Вечерняя Караганда” басылымы жазды. Мұндай апат аяз қақаған шақта болып отыр.

Қала әкімі Ғалым Әшімов 1970-жылдардан бері жөндеу көрмеген ескі құбыр жарылғанын айтты. Апаттық бригадалар үзіліссіз жұмыс істеп, тиісті техника жұмылдырылғаны хабарланды.
😱20❤2💔2👍1
Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде жарақаттанды

“Ұлттық ұланның” баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 қаңтарда күндіз Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің жаттығу полигонында болған.

Жаттығу кезінде сарбаз аяғын “қауіпсіздік ережелерін сақтамай” жарақаттап алған. Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.

Сарбазға алғашқы медицина көмегі көрсетіліп, Қонаев ауруханасына жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы бойынша тексеріс басталды.
🤬14❤2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы ахуал ушыққан тұста АҚШ бұған араласуы мүмкін екенін ескертті. Тегеран келіссөздер жүргізуге әзірміз, бірақ «соғысқа да сақадай-сай дайынбыз» деді. Сарапшылар АҚШ әскери және экономикалық шаралармен жауап беруі мүмкін деп болжаған. Президент Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің АҚШ-пен операцияларына 25 пайыз тариф енгізді.
❤10🤔7🔥2🤬1
Украинадағы соғыс биыл біте ме?

Ресей Украинаға соғыс ашқалы төрт жылға таяп қалды, негізгі мәселелер бойынша тараптардың ұстанымы бір-бірінен әлі де тым алшақ. Сарапшылар Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қанды қақтығыс 2026 жылы аяқталуы екіталай деп болжайды.
🙏15🔥4🥰1🤔1
❗Ирандағы қазіргі жағдай қалай?

🔹Бүгін, 14 қаңтарда Иран режимі наразылықта ұсталған алғашқы адамды дарға асатыны айтылып жатыр. 26 жастағы Ерфан Солтани бір апта бұрын Тегеранда ұсталған. Солтанидің туыстары ВВС сайтының Парсы қызметіне «сот процесі өте жылдам өтіп, екі күннің ішінде өлім жазасы кесілді» деген. Иран соты жас жігітті «Құдайға қарсы соғысқа шықты» деп айыптаған.

🔹АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда журналистерге Иран наразыларды дарға асса «өте қатаң шара қабылдайтынын» айтты.
АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency есебінше, Ирандағы наразылықта қаза тапқандардың саны 2571 адамнан асқан.

🔹АҚШ пен Канада азаматтарын Ираннан кетуге шақырды. Екі ел азаматтарына Түркия немесе Армения арқылы шығып кетуге кеңес берді.

🔹Трамп пен SpaceX иесі Илон Маск арасындағы әңгімеден соң Starlink интернет қызметі Иранға тегін таратылатын болды. Иранда алты күннен бері интернет бұғатталған еді. Тегеран Starlink интернетін де бұғаттауға тырысып жатыр.

t.me/azattyq
😢16🔥6🤔3❤2🤬1
Украинада Юлия Тимошенконың партиясының кеңсесінде тінту болды

Украина жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) және мамандандырылған жемқорлыққа қарсы прокуратура (САП) Жоғарғы рададағы фракция жетекшілерінің бірі жемқорлық күдігіне ілінгенін хабарлады.

Мәселе бірқатар депутаттардың пайдасына орай фракция атынан нақты заң жобаларына дауыс беру жөнінде болып отыр.

Ведомство өкілдері фракция жетекшісінің аты-жөнін атамады. Азаттықтың Украин қызметінің "Схема" жобасы дереккөзінің айтуынша, "Батькивщина" фракциясына жетекшілік ететін Юлия Тимошенко күдікке ілінген.

Тимошенконың өзі тінту болғанын растап, айыпты жоққа шығарды
👍6🤔6❤1😁1
💬 Апелляциялық сот: Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеу туралы шешім өзгермеді

14 қаңтарда Астананың әкімшілік сотының апелляциялық алқасы Азаттықтың 7 тілшісінің аккредитациясына қатысты бірінші инстанцияда шыққан шешімді өзгертпеді.

Былтыр 20 тамызда сот Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныған еді. Бұл шешімге келіспеген Азаттық шешімді апелляцияға берген.

Бүгін таңертеңгі сот отырысында адвокат Лилия Гафарова Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілерінің аккредитация мерзімін уақытында қарамай, осылайша әуелі олардың "аккредитациясыз" жұмыс істеуіне жағдай жасады, ізінше "аккредитациясыз жұмыс істеді" деп айыптап, Конституцияда жазылған жұмыс істеу құқығынан айырды деп мәлімдеді.

Ал сот отырысы кезінде сыртқы істер министрлігінің мүддесін қорғаған Константин Воробьев пен Мейрам Муташев бұған дейін ұстанымын жеткізгенін айтып, бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
🤬11🤔8❤3👏1😁1👌1
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи кім және жұрт оған неге қарсы?

🔗 КӨРІҢІЗ
🤔9🔥4🤬1
🗣Ресей мемлекеттік думасы Беларусьпен “азаматтарды шет мемлекеттердің негізсіз қудалауынан бірігіп қорғау туралы” келісімді ратифакациялады.

ТАСС-тың жазуынша, мәселе бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин парламентке енгізген заң жобасы жөнінде болып отыр.

Келісімге екі мемлекет 2025 жылы наурызда қол қойған.

Құжатта ресейліктер және белорус азаматтарының азаптау немесе дөрекілікке ұшырау қаупі туындаған жағдайда тараптар шет мемлекеттердің өтініштерін орындаудан бас тарта алатындығы жазылған. Тараптар сонымен бірге өзге елдер олардың азаматтарының бостандығын шектеуге тырысса, қарсы шара қолданып, бір-біріне ақпарат беруге міндетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣22💩9❤4🤮3👎2👏1🤝1
❗Министр мектеп директорларын 2+2 жүйесімен тағайындауды ұсынды

Қазақстанда мектеп директорлары енді екі жылға тағайындалып, жақсы нәтиже көрсетсе қызметі тағы екі жылға созылады. Бұл оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

«Министр ретінде позициям, директордың қызмет мерзімі екі жыл болуы керек. Екі жылда білім сапасы, балалардың нәтижесі жақсы болып, қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілік мәселесі жақсы жолға қойылса, директордың жұмыс мерзімін бір мәрте тағы екі жылға созуға болады. Қазір бұл мәселе министрлікке бұйрық ретінде енгізілді» деді министр 14 қаңтарда Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

Қазір елде мектеп директорлары 4 жылға тағайындалады. Бірақ мектептерде мектеп директорларының ротациясы жиі бола бермейді. Бұған дейін министрлік кейбір мектептерде директорлар 10 жылдан аса уақыт отырған мойындаған.
👍33😁3❤2🤔2
🗣ҰҚШҰ әскерін кіргізу себептері кеңейтілуі мүмкін: заң жобасы мәжіліске түсті

Түзетулер аумаққа әскерді жіберу негіздерін кеңейтеді.

"Келісім тараптардың аумақтарында ҰҚШҰ күштері мен құралдарын уақытша орналастырудың құқықтық негізін реттейді және олардың мәртебесін анықтайды. Түзетулер тараптардың аумағына әскерді орналастыру негіздерін мысалы, дағдарыстың алдын алу, гуманитарлық көмек және жоспардан тыс тексерулерді қарастырады" деді мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.

Ол жетекшілік ететін халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬39👎19👍2💩2👏1👌1🙈1
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстан энергетика министрлігі Қара теңізде, Каспий құбыр консорциумы маңында Қазақстанның мұнайын тасуға арналған екі танкер дрон шабуылына ұшырағанын растады. Ведомство кемелерге шабуыл жасалғанда мұнайлар тиелмегенін, танкерлер бос болғанын, Қазақстан…
Қазақстан сыртқы істер министрлі Қара теңізде Қазақстан мұнайын күтіп тұрған танкерлерге шабуылға алаңдаушылық білдірді.

Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 14 қаңтардағы мәлімдемесінде Қазақстан бірнеше Еуропа елдерінің елшілерімен шұғыл кездесу өткізгенін, АҚШ-пен және шетелдік серіктестерімен байланыс орнатқанын айтты. Кездесуде халықаралық құқықтың талаптарының сақталуы, көмірсутегін тасымалдау мен теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылған.

"Қазақстанның ешқандай қарулы қақтығысқа қатысы жоғын, жаһандық әрі еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты үлес қосып келе жатқанын атам өтеміз. Бұған қоса, Қазақстан энергия ресурстарын халықаралық талаптарға сай жеткізіп отыр. Танкерлердің барлық қажетті рұқсаты болды және тиісті сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Министрлік кейінгі уақытта мұндай оқиғалардың жиілеп бара жатқанын, бұл халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысына қауіп төндіретінін ескертеді. Сондықтан серіктестерімізді осындай оқиғаларды алдын алу үшін бірлескен шаралар әзірлеуге және тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырамыз" деді Ерлан Жетібаев.

13 қаңтарда Қара теңізде, Каспий құбыр консерциумы маңайында Қазақстанның мұнайын күтіп тұрған Matilda және Delta Harmony танкерлеріне дрон шабуылдаған. Қазақстан энергетика министрлігі танкерлерге мұнайлар тиелмегенін, Қазақстан мұнайы шығынға ұшырамағанын мәлімдеген.
👍13❤4🔥3💩2
⚡АҚШ қазақстандықтарға иммиграция визасын беруді тоқтатты. Бұл нені білдіреді?

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 21 қаңтардан бастап 75 елдің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға да иммиграция визасын беруді уақытша тоқтатады. Бұл шешімнің жай-жапсарын түсіндірейік.

Шешімді АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 14 қаңтарда жариялады. Reuters агенттігінің ақпаратынша, 75 елдің арасында Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Молдова, Беларусь, Грузия, Иран, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Иран бар.

🔸АҚШ-тың барлық визасы тоқтай ма?

Жоқ, бұл шешім туристік, студенттік визаларға, футболдан әлем кубогына берілетін визаға әсер етпейді. Шешім тек АҚШ-қа көшіп барып, тұруға мүмкіндік беретін иммиграция визасына қатысты шыққан. Әдетте АҚШ-тың грин-картасын алғандар алдымен иммиграция визасына тапсырып, сол арқылы Америкаға көшіп барады.

🔸Шешімге не түрткі болды?

Мемлекеттік департамент бұл шешім "шетелден келетін азаматтардың әлеуметтік және мемлекеттік жеңілдіктерді пайдалануды тоқтату үшін шығарылғанын" айтады.

"Мемлекеттік департамент АҚШ-қа болашақта көшіп келетіндерді иммиграцияға жарамайды деп тану өкілетін пайдаланады. Себебі иммиграцияға жарамайтындар АҚШ-қа масыл болып, Америка халқының жомарттығын асыра пайдалануы мүмкін" деді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысының орынбасары Томми Пиготт.

🔸Иммиграция визасын қарау қашан қалпына келмек?

АҚШ енді иммиграция визасының құжаттарын қарастыру процедурасын қайта қарамақ. Вашингтон иммиграция визасын қарау уақытша тоқтатылды дейді, бірақ бұл типтегі визаларды беруді қашан қалпына келтіретінін ашып айтпады.

t.me/azattyq
👍20❤5👎3🔥3
Иранның әуе қорғаныс жүйесі дайындық режиміне көшірілді, Ұлыбритания Ирандағы елшілігін жапты

Иран азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жабатынын ресми түрде хабарлады. Бұған қоса, Ислам революциясы сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері мен әуе қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілген.

Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін жауып, барлық қызметкерін эвакуациялады. АҚШ Катардағы әуе базасындағы қызметкерлерінің санын азайтты. Бұл АҚШ-тың Таяу Шығыстағы маңызды әскери базасы. Онда шамамен 10 мың әскери және азаматтық қызметкер бар.

Бұған дейін Иран билігі Америка шабуылдаса, АҚШ-тың аймақтағы әскери базаларына соққы жасайтынын ескерткен.
🔥26❤4🤔3😁2
Иран әуе кеңістігін жапқаннан кейін қазақстандық Air Astana әуе компаниясы ұшақтарының бағыты өзгеретінін мәлімдеді.

Енді әуе компаниясының ұшақтары Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға Иранды айналып ұшады. Сол себепті тұрақты және чартерлік рейстердің ұшуы мен қону уақыты өзгеруі мүмкін.

Компания өкілдері жағдайды бақылап отырғанын, жолаушыларға рейстердің статусын тексеруге кеңес берді.
👍15❤10🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте таныс жігіт пышақтап өлтірген 21 жастағы Нұрай Серікбайды туыстары жерледі. Бұл оқиға бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Туыстарының сөзінше, күдікті бойжеткеннің артынан қалмай, бірнеше ай бойы мазасын алған. Жұрт полиция іс бойынша бірден әрекет етпеді сынап жатыр.
😢33😱4