Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Иранның әуе қорғаныс жүйесі дайындық режиміне көшірілді, Ұлыбритания Ирандағы елшілігін жапты

Иран азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жабатынын ресми түрде хабарлады. Бұған қоса, Ислам революциясы сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері мен әуе қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілген.

Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін жауып, барлық қызметкерін эвакуациялады. АҚШ Катардағы әуе базасындағы қызметкерлерінің санын азайтты. Бұл АҚШ-тың Таяу Шығыстағы маңызды әскери базасы. Онда шамамен 10 мың әскери және азаматтық қызметкер бар.

Бұған дейін Иран билігі Америка шабуылдаса, АҚШ-тың аймақтағы әскери базаларына соққы жасайтынын ескерткен.
🔥26❤4🤔3😁2
Иран әуе кеңістігін жапқаннан кейін қазақстандық Air Astana әуе компаниясы ұшақтарының бағыты өзгеретінін мәлімдеді.

Енді әуе компаниясының ұшақтары Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға Иранды айналып ұшады. Сол себепті тұрақты және чартерлік рейстердің ұшуы мен қону уақыты өзгеруі мүмкін.

Компания өкілдері жағдайды бақылап отырғанын, жолаушыларға рейстердің статусын тексеруге кеңес берді.
👍15❤10🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте таныс жігіт пышақтап өлтірген 21 жастағы Нұрай Серікбайды туыстары жерледі. Бұл оқиға бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Туыстарының сөзінше, күдікті бойжеткеннің артынан қалмай, бірнеше ай бойы мазасын алған. Жұрт полиция іс бойынша бірден әрекет етпеді сынап жатыр.
😢33😱4
🗣HRW Қазақстан билігін "Атажұрт" белсенділеріне тағылған айыпты алып тастауға үндеді

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін Қытай билігінің Шыңжаңдағы қиянаттарына бейбіт түрде қарсылық білдірген 19 қазақстандық белсендіге тағылған айыпты алып тастауға үндеді. Құқық қорғау ұйымы 14 қаңтар күнгі үндеуінде "Нағыз Атажұрт" еріктілер тобы мүшелері пікір айту еркіндігі құқығын жүзеге асырғаны үшін 10 жыл түрмеге кесілуі мүмкін екенін жазды.

Сот 21 қаңтарда Талдықорғанда басталмақ.

"Қазақстан билігі "Атажұрт" белсенділеріне тағылған айыпты алып тастап, оларды дереу босатуы керек. Қытайға қудалауына көмектесудің орнына Қазақстан үкіметі Қытай билігін Шыңжаңдағы адамзатқа қарсы қылмысын тоқтатуы үшін қысым жасауы керек" деді Human Rights Watch ұйымының Азия бойынша директорының орынбасары Майя Ван.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥34❤6🤬2
Астанада полиция балаларының қазасын әділ тергеуді талап етіп жүрген үш ананы ұстап әкеткен болуы мүмкін деп хабарлады құқық қорғаушы Инга Иманбай
Азаттыққа.

Оған түске қарай аналардың бірі “бізді полиция ұстап әкетті” деп жазып жіберген. Содан бері аналардан хабар үзілген.

“Ал негізі бүгін Ақнәр Гүлістанның анасы, Сана Мерланның анасы, Адель Аканованың анасы бірігіп, президент әкімшілігіне ұжымдық арыз жазбақ болған. Олар “барлық қылмыстық істер Алматы, Атырау қалаларынан алынсын. Бас прокуратура тергеу тобын құрсын” деп хат жазып, тапсырғысы келген. Не үшін, қалай алып кетті, білмеймін” деді құқық қорғаушы.

Азаттық әзірге оларға хабарласа алмады. Астана полициясынан жауап алуға тырысып жатыр.
😡21🤬13❤5
Azattyq - Азаттық
Желтоқсан қатысушылары және белсенді азаматтар Алматыдағы Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш алдына да келді. Арасында «араздық қоздыру» бабымен қараша айында сотталған блогер, белсенді Мирболат Мырзатайұлының туыстары да бар. Олар Мирболат 15 жасында…
Белсенді Мирболат Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылды

Төрт жылға бас бостандығынан айрылған қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлы апелляциялық соттың қаулысы шықпай жатып, Алматыдағы түрмеден Тараздағы абақтыға ауыстырылды. Бұл жөнінде Адам құқығын қорғау бюросы жазды.

Мырзатайұлының әйелі Гүлшат Бишуинованың хабарлауынша, 12 қаңтар күні түнде қоғам белсендісін Алматы түрмесінен әкетіп, Тараздағы №67 мекемеге орналастырған. Белсендінің адвокаты Жанар Балғабаева бұл заңсыз деп санайды.

“Себебі, блогерге қатысты апелляциялық шағым әлі қаралмады. Заң бойынша, бірінші сатыдағы соттың үкімі шыққан соң сотталушының оған қалалық сотқа шағымдануға қақысы бар. Одан кейін үкім өзгеріссіз қалса, сотталушыны жазасын өтеу мекемесіне ауыстырады. Мирболат Мырзатайұлы мен оның қорғаушысы Алматы қалалық сотына шағым түсіріп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасымен келіспейтінін білдірген. Процесс өткенше, Мырзатайұлы Алматыдағы мекемеде отыруы тиіс еді. Мирболат Мырзатайұлын не себепті Тараз түрмесіне әкетті деген сауал туындайды?” деп жазды бюро.

Былтыр қарашада Алматының Медеу аудандық соты блогер Мирболат Мырзатайұлын Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (“Алауыздық қоздыру” бабы) бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Блогер өзіне тағылған айыптарға келіспей, апелляциялық шағым беретінін айтқан.
🤬17❤3🤔2
Azattyq - Азаттық
Астанада полиция балаларының қазасын әділ тергеуді талап етіп жүрген үш ананы ұстап әкеткен болуы мүмкін деп хабарлады құқық қорғаушы Инга Иманбай Азаттыққа. Оған түске қарай аналардың бірі “бізді полиция ұстап әкетті” деп жазып жіберген. Содан бері аналардан…
Астанада полиция Ulysmedia тілшісін ұстады

Редакцияның хабарлауынша, журналист балаларының қазасын әділ тергеуді талап етпек болып, президент әкімшілігіне хат тапсырғысы келген аналар жиналған жерге барған. Бұған дейін полиция үш ананы ұстап әкеткенін Азаттық хабарлаған еді. Ақпаратқа қарағанда, полиция журналисті де белгісіз себеппен ұстап әкеткен.

“Әйелдер балаларының суреттерін ұстап тұрды. Арасында Алматыда үйінің ауласында дарға асулы күйде табылған оқушы қыз Адель Ақанованың суреті де бар. Анасы Айнагүл Беисова қызын өлтіріп кеткеніне сенімді. Бұған қоса, Ақнәр Гүлістанның анасы да келді” деп жазды редакция.

Masa.media-ның жазуынша, полиция қызметкерлері журналистің телефонын тартып алып, оқиға орнынан түсірілген материалдардың бәрін өшірген. Есіл аудандық полициясында бір сағаттан астам уақыт ұстап, түсініктеме жазуға мәжбүрлеп, кейін босатқан.

Ата-аналар балаларының қазасын әділ тергеуді, олардың өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді. Құқық қорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, олар президент әкімшілігі кеңсесіне де кіре алмаған, өтініштері де қабылданбаған.

Азаттық Астана полициясына хабарласқанмен баспасөз хатшысы әзірге телефонына жауап бермеді.

Сурет: Masa.media
🤬18😱6❤2
🔴"Оппозиция емеспіз". Қазақстанда тағы бір топ партиясын тіркей алмай отырғанын айтты

Қазақстанда тағы бір бастамашыл топ партия тіркеуге өтініш бергенін, бірақ рұқсат ала алмағанын, әкімшілік кедергілерге тап болғанын мәлімдеді. Экономист, 2022 жылғы президент сайлауында кандидат болған Мейрам Қажыкен YNTYMAQ бастамашыл тобы атынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, осы мәселеге назар аударуды сұрады.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡18👍5🤬2💩2❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Омбы қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы хоккей турнирі кезінде халықаралық дау туды. Омбыдағы «12 канал» телеарнасының шолушысы Максим Гречанин микрофон қосулы екенін байқамай, Қазақстан командасын балағаттап, ұлтты қорлайтын сөздер айтты.
🤬54👎16💩5🤡3❤2🤯1😈1
Azattyq - Азаттық
Астанада полиция Ulysmedia тілшісін ұстады Редакцияның хабарлауынша, журналист балаларының қазасын әділ тергеуді талап етпек болып, президент әкімшілігіне хат тапсырғысы келген аналар жиналған жерге барған. Бұған дейін полиция үш ананы ұстап әкеткенін Азаттық…
Астана полициясы балаларының қазасын әділ тергеуді талап еткен үш әйелді ұстағанын растады. Полицияның хабарламасын ҚазТАГ жариялады.

“Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасына рұқсат етілмеген жиын өткізуіне байланысты үш әйел жеткізілді. Аталған тұлғалармен бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге басқармаға өзін журналист деп таныстырған, бірақ онысын растайтын құжаттары болмаған ер адам жеткізілді. Аты-жөні анықталғаннан кейін ер адам босатылды” деп жазылған полиция хабарламасында.

15 қаңтарда күндіз Астанада президент әкімшілігі кеңсесіне ұжымдық хат тапсырмақ болған үш әйелді полиция ұстаған еді. Хатта олар балаларының қазасын әділ тергеуді сұраған.

Құқық қорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, олар кеңсеге кіре алмаған, өтініштері де қабылданбаған. Есесіне оларды полиция ұстап әкеткен. Олардың қазір босатылғаны-босатылмағаны белгісіз. Құқық қорғаушының сөзінше, әйелдер ешқандай да наразылық өткізбеген – олар конституциялық құқықтарын пайдаланып, президентке хат тапсырмақ болған.

Бейсенбі күні полиция аналармен бірге Ulysmedia тілшісін де ұстаған. Редакцияның хабарлауынша, оның телефонын полиция тартып алып, ішіндегі материалды өшірген. Полиция хабарламасында ол жөнінде айтылмайды
🤬17👍1
Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты.

▪"Балалар ауруханада көз жұмды"

Облыстағы төтенше жағдай департаменті хабарлауынша, өрт сөндірушілерге хабар таңғы 8:33-те түскен. Үш минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үй өртке оранғанын көрген. Өрт басталғанда үйде төрт бала болған, біреуі сыртқа шығып үлгерген. Қалған үшеуін өрт сөндірушілер сыртқа алып шыққан.

"Алайда кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды" деді департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт себептері анықталып жатқаны хабарланды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған. Өрт шыққанда балалардың ата-анасы я жақындары қайда болғаны айтылмады.

▪Балалар қаза болған өрт оқиғалары

Қазақстанда жер үйлердегі өрттен балалар қаза тапқаны жайлы хабарлар жиі шығады. Биыл 11 қаңтарда СҚО Жұмабаев ауылында жер үйде өрт шығып, ер адам балаларымен қаза тапқан.

Былтыр 18 қарашада Түркістан облысы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке меншік үйде шыққан өрттен 12 адам мерт болды, тоғызы – кәмелетке толмаған бала. 4 маусымда БҚО Жымпиты ауылындағы тұрғын үйдегі өрттен бес бала көз жұмған еді.

2024 жылы күзде Астанадағы жеке үйлердің бірінде өрт шығып, 13, 9, 3, 2 жастағы төрт бала көз жұмған. Оның алдында Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке үйде өрт болып, бес бала өлі табылған.

2019 жылы ақпанда Астананың Көктал-1 шағын ауданында уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы кішкентай бес қыз бала опат болған. Бұл оқиға елде үлкен резонанс тудырған еді.

2024 жылы Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған. Төтенше жағдай департаменттері жұртты жер үйде өрт ережелерін сақтауға, балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырған.
😢17❤2😱2
Иран наразылықта қаза болғандар "жүздеген адам ғана" деп отыр

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында наразылықтан қаза тапқандар «жүздеген адам ғана» деп, бұған дейін тараған мыңдаған адамның қазасы жайлы хабарларды «дезинформация» деді. Ол Иран билігі қаза тапқандардың нақты санын «жақында жариялайтынын» айтады.

Аракчи қаза болғандарды «террористер» деп отыр. Министр «Израильдің көмегімен қаруланған террористер қаза тапқандардың санын өсіру үшін полицейлер мен адамдарды әдейі атты. Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың Ирандағы жағдайға араласуына алдын ала жағдай жасамақ болды» дейді. Аракчи бұл сөздеріне дәлел ұсынған жоқ.

Иран билігі 28 желтоқсанда басталған көтерілістің қатысушыларын «террористер» деп атап, басып-жаншыған.

Аракчи «наразылық тоқтады, кейінгі төрт күнде ешқандай наразылық пен тәртіпсіздік болмады» деп отыр. Бұған қоса, ол ешкім дарға асылмағанын, өлім жазасы орындалмағанын айтады.

▪Құқық қорғау ұйымы: 3428 адам қаза болды


Бірнеше күннен бері Иранда интернет пен байланыс сөніп тұр. Сондықтан Ирандағы жағдайдан толық ақпарат алу, қаза тапқандардың санын анықтау қиын.

Ал Норвегияда орналасқан Iranian Human Rights Organization ұйымы наразылықтан кемі 3428 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды дейді. АҚШ-тағы HRANA ұйымы 14 қаңтарда 2435 адам қаза болғанын айтқан.
💩16😱8👍2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің шабуылдары мен қыстың суық ауа райы Украина халқын жарық пен жылусыз қалдырды. Ауыр жағдайға қарамастан Украина халқы тіршілігін жалғастырып жатыр.
👍42🙏17😢11❤3💔1
🔴Түркістан облысында "Атажұрт" белсендісін полиция күштеп ұстап әкетті

15 қаңтардың кешінде Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында тұратын Бағдат Тоғыспаевты жергілікті полицейлер күштеп ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттыққа оның туыстары хабарлады. Тоғыспаев өзін Қазақстанда тіркелмеген "Атажұрт" партиясының мүшесімін деп таныстырады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17👍7🤬4😁1
Түркістан облысында "егде тартқан әкесін ұрған" ер адам сотталды

Түркістан облысында "егде тартқан әкесін ұрды" деп айыпталған ер адам 5 жылға түрме жазасына кесілді. Жетісай ауданының соты А.С. есімді ер адамды Қылмыстық кодекстің "Қасақана денсаулыққа орташа зиян келтіру" және "Қинау" баптарымен айыпты деп тапты. Бұл туралы полиция департаментіне сілтеме жасап, Tengrinews сайты хабарлады.

Оқиға қалай болған?

Тергеу құжаттарына қарағанда, А.С. 2025 жылы мамырда ауыр дертке шалдыққан әкесін қолына алған. Бірақ сол жылы тамызда әкесінің қауқарсыздығына ашуланып жиі ұра бастаған. Сот ер адамның әкесін кемі үш рет ұрғанын анықтаған.

Қыркүйекте А.С. мен әйелі қарт адамды ұрып жатқанын көршісі видеоға түсіріп алып, желіге жариялап жіберген еді. Бұл қоғамда резонанс тудырған. Ал соққыдан кейін 70 жастағы егде адамның жағдайы нашарлап, көз жұмған.

Сот-медицина экспертизасы егде адамның қабырғасы сынғанын, денесінде көп жарақат болғанын анықтаған еді.

Айыпталушы не деді?

15 қаңтарда соттағы соңғы сөзінде А.С. кінәсін мойындап, "өмір бойы өкініп өтетінін" айтып, елден кешірім өтінген. Прокурор күдіктіні 6 жыл 2 айға соттауды сұраған еді.

Егде тартқан адам қайтыс болған соң А.С. мен әйелі де күдікке ілінген. Зейнеткердің келінінің үстінен "Ұрып-соғу" бабы бойынша іс қозғалып, бірақ дәлел болмаған соң іс жабылған.
👍13❤3🔥2😱2👎1
Azattyq - Азаттық
Ресейлік тележүргізуші, кремльшіл пропагандист Владимир Соловьев жеке эфирінде Ресей Орталық Азия, Армения сияқты «өз ықпалындағы елдердегі мәселелерге» назар аударып, ол жақта да арнайы әскери операция жүргізуді жоққа шығармау керек деді.
Захарова Соловьевтің сөзін "ресми ұстаным емес" дейді

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова кремльшіл журналист Владимир Соловьевтің "Орталық Азия мен Арменияға арнайы әскери операция жүргізу" жайлы айтқан сөзін "журналистің жеке ойы", "Мәскеудің ресми ұстанымы емес" деді.

Бұған қоса, Захарова Соловьев мұны "мәлімдеме емес, сұрақ ретінде айтты", ал "диван сарапшылар оны Ресейдің ресми позициясы ретінде провокацияға бұрды" деп отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі "Ресейдің ресми позициясын ресми өкілдер айтады" дейді.

Захарова мәлімдемесінде жағдайды "іспен сараптауға" шақырып, Ресей Орталық Азия мен Арменияға "талай рет көмекке келіп, қол ұшын созды" дегенді меңзеді.

"Қанша рет көмекке келіп, қол ұшын создық қой?.. Қанша рет тарихтағы қиын сәттерден қалай шығу жолын іздедік. Қанша рет түсініспеушілік болған сәттерді артта қалдырдық. Міне, осыған мән беру қажет. Ешқашан сүрінбей, провокацияға баса назар аудармау керек" деді ол.

🔹Соловьев не деп еді?

10 қаңтарда Ресейдің пропагандашыл журналисі Владимир Соловьев "Соловьев Live" хабарында Армения мен Орталық Азияны Ресейдің ықпал аймағы санап, "қажет болса, неге өз ықпал аймағымызда арнайы әскери операция бастамасқа?" деген еді.

🔹Соловьевтің сөзіне реакция

Армения Ресей елшісі Сергей Копыркинді шақырып наразылық нотасын табыс етті. Өзбекстан депутаты Әлішер Қадыров мұндай сөздер "стратегиялық әріптестікке кері әсер ететінін", "Орталық Азия елдері кез келген агрессияға тойтарыс бере алатынын" айтқан. Қырғызстанда парламент депутаты Дастан Бекешев Соловьевті нон грата тұлға деп жариялауды ұсынды. Ал Қазақстан депутаты Айдос Сарым "Соловьев сынды "сәуегейлердің"пікіріне мемлекеттік дәрежеде реакция берудің асқан қажеті жоқ" деген.
🤮25💩8😁5👍2❤1🤯1🤬1🌭1
ІІМ кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісін бақылауына алды

ІІМ Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі бақылауына алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Министрлік жас қыздың өлімін тексеру үшін "тәжірибелі мамандардан арнайы тергеу тобы құрылғанын" айтады.
11 қаңтарда Шымкентте студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Желіде тараған видеода жас жігіттің, қызды пышақтап, қашып кеткені байқалады. 13 қаңтарда полиция 28 жастағы күдіктіні Шымкенттен 10 шақырымдай жерден ұстаған. Оның үстінен адам өлтіру бабымен іс қозғалған. Күдікті — Нұрайдың танысы.

▪Оқиға қалай болған?

Марқұмның жақындары "Курсив" сайтына Нұрай күдіктімен былтыр жазда тойда танысқанын айтқан. Көп өтпей жігіт сөз салып, қазан айында еркінен тыс алып қашқан. Бұл некеге қыз да, оның отбасы да қарсы болған. Қызды полиция көмегімен жігіттің үйінен алып кетіп, артынша арызданған. Бірақ күдікті қайта мазаламайтынын айтып уәде еткендіктен, кешірім берген.

Алайда аңду, қорқытып-үркіту тоқтамаған. Бұл бойынша ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне арызданғаны айтылады. Нұрайдың туысы "прокуратура мен полиция бұл арыз бойынша жұмыс жүргізбеген" дейді. 11 қаңтар күні Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтап кеткен.

Ішкі істер министрлігі "полиция арыз бойынша жұмыс жүргізбеді" деген мәлімдемелерге байланысты қызметтік тексеріс тағайындалғанын хабарлады.
🔥13🤬9❤3😢3😁1
Сот адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айырды

16 қаңтарда Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының судьясы Дәурет Тілеубаев министрлік шағымы бойынша адвокатты лицезиясынан айырды.

🔹Не болды?

Бұған дейін әділет министрлігі Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенованың мүддесін қорғап жүрген адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыруды сұрап сотқа жүгінген. Министрлік тұжырымы бойынша, адвокат сотқа дейінгі тергеу барысы туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Адам бұл айыптарды терістеген.

🔹Қорғаушы не дейді?

Адвокат сотта да министрліктің таққан айыбын жоққа шығарып, сотта дәлел ұсынғанын айтады.

"Шағымда айтылған әрбір жоққа шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл қолымызден келді деп ойлаймын. Әділет министрлігінің шағымында айтылған әрбір айыпты дәлелдермен жоққа шығарды. Сот неше мұндай шешім шығарғанын түсінбей тұрмын. Сот шешімін әлі алған жоқпыз. Танысқан соң құқығымызды пайдаланып, апелляциялық шағым түсіреміз" деді Адам соттан соң.

Қазақстанда жүзден аса адвокат Мұрат Адамға араша түсіп, мәлімдеме жасаған еді.

🔹Бажкенова ісі

1 желтоқсанда Алматыда полиция Orda.kz сайтының редакциясында тінту жүргізді. Басылым қызметкерлері мен заңгерлер тергеу тобы жалақы төлеуге арналған қаражатты алып, құжаттар мен техниканы тәркілеп, сейфті бұзғанын хабарлады. Сол кезде адвокат Мұрат Адам тиісті өкілеттігі бола тұра редакцияға да, Бажкенованың пәтеріне де кіргізілмегенін және тінтуге санкциямен танысуға мүмкіндік берілмегенін мәлімдеді, бұл қылмыстық-процестік заңнаманы бұзу екенін айтқан.
🤬13🤡5🤣3👏1💯1
Белсенділер бір палаталы парламентті партия тізімімен сайлау ұсынысына қарсы шықты

Алматыда қоғам белсенділері бір палаталы парламент реформасын талқылап, парламент тек партия тізімімен сайлануы керек деген ұсынысқа қарсы шықты.

🔹Белсенділер не ұсынды?

Жиыннан соң сайлау заңнамасына өзгеріс енгізу туралы қарар қабылданды. Қарарда Қазақстандағы сайлау туралы заң халықаралық талаптарға сай емес екені айтылып, бірқатар баптарды қайта қарау ұсынылған. Атап айтқанда, парламент мәжілісін қалыптастыруда мажоритарлық жүйенің үлесін 70% дейін арттырып, партиялық тізім арқылы сайланатын депутаттар санын 30% шектеу қажет екені көрсетілген.

Қарар авторларынің бірі - тарихшы, белсенді Есенғазы Қуандық "елде электораттың 98% ешбір партияға мүше емес. Себебі билік төменнен жасақталған партияларды әдейі тіркемей отыр. Партия деген шынайы болуы үшін төменнен жасақталуға тиіс" деді.

Сонымен бірге қарарда сайлау комиссияларының құрамын тек саяси партиялар ұсынуға тиіс деген норманы өзгертіп, қоғамдық ұйымдарға да кандидат ұсыну құқығын беру ұсынылған.
Жиынды қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы бастаған бір топ азаматтық белсенді, "желтоқсаншылар" бірлестігі ұйымдастырып, қаржыландырған.

🔹Жиындағы шу

Сәрсенбайұлының айтуынша, талқылауды өткізу барысында көп кедергілер болған. Жиын өтуі керек болған төрт жер де ойнынан айнып, өткізбей тастаған. Ақыры ұйымдастырушылар кедергі болмас үшін "Дат" газетінің дөңгелек үстелі форматында өткізуге мәжбүр болған. Мұны мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұсынған. Ол қоғамдық талқылауда айтылған ұсыныстарды 20 қаңтарда өтетін ұлттық құрылтайда ел билігіне жеткіземін деген.

Жиында депутаттың өзі болмады. Талқыны "Дат" газетінің атынан келген Құтмағамбет Талапбайұлы бастап, жүргізе бастаған. Алайда ол жиынның басында сөйлеген спикер Есенғазы Қуандықтың сөзіне шүйлігіп, оның мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин туралы айтқан сыни сөздерінен кейін, "тақырыптан ауытқыдың, регламентті сақтамадың" деп бірнеше рет ескерту жасап сөзін бөлді. Кейін Талапбайұлы "біз бұлай келіскен жоқпыз" деп жиыннан шығып кетті.
Алматылық белсенділер талқыдағы ұсыныстарын ресми түрде билікке жолдамаған.

🔹Парламент реформасы


Тоқаев бір палаталы парламент құру ұсынысын былтыр 8 қыркүйекте халыққа жолдауында айтқан. Ол парламентті тек партиялық тізіммен сайлауды ұсынды. Биліктің жоспары бойынша, ұсыныстар биыл талқыланып, 2027 жылы референумға шығарылуы керек. 20 қаңтарда Қызылордадағы ұлттық құрылтайда да реформа жайлы айтылмақ.
👍21❤2🔥2😁2
🔴Иран Ресейдің Украинаға қарсы соғысында қаншалық маңызды?

Ресей 2022 жылғы ақпанда Украинаға баса-көктеп кіріп, үлкен соғыс бастағалы Иран Мәскеу үшін негізгі қару-жақ көздерінің біріне айналды. Бірақ Азаттық сөйлескен сарапшылардың айтуынша, қазір Тегеран Кремльдің соғысында бұрынғыдай маңызды рөл атқаруды қойған.

Bloomberg агенттігінің 12 қаңтардағы хабарына қарағанда, Иран 2021 жылғы қазаннан бері Ресейге жалпы сомасы 2,7 млрд долларға жететін әуе қорғаныс жүйелері мен баллистикалық зымыран сатқан. Агенттік бұл деректі Батыс елдеріндегі шенеуніктердің бірінен алған. Қауіпсіздік саласында қызмет ететін лауазымды тұлғаның аты-жөні аталмады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤7👎3🔥2🤬1