Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Тоқаев сайлауға қайта түсе ме? — AzatNEWS | 19.01.2026

- Тоқаевты қайта президент сайлауына қатысуға үндейтін мәлімдеме пайда болды.

- Қаңтар көтерілісінде көзіне оқ тиген азаматтың өтемақы туралы арызын сот қайта қарады.-

Істі болып жатқан журналист Гүлнәр Бажкенованың адвокаты Мұрат Адам лицензиясынан айырылды.
👎27🔥5💩2❤1
💬 Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін жариялады

Сарапшылар ол алдағы уақытта премьер-министр болуды көздеп осындай шешім қабылдаған болуы мүмкін деп топшылайды.

Радевтің президент қызметіндегі өкілет мерзімі 2027 жылғы қаңтарда аяқталуы тиіс еді. Алайда жуырда үкімет тарағаннан кейін Радев алда болатын кезектен тыс парламент сайлауына жеке саяси партия құрып қатысу үшін мерзімінен бұрын отставкаға кетуді ұйғарған сияқты деген жорамал айтылып жатыр.

Румен Радев "Украина егемен, демократиялық және еркін ел болу үшін" оның жерінің бір бөлігін беруге болады деген пікір айтқан. Оның көптеген мәлімдемесі Кремльдің ресми ұстанымдарымен үндесетін. Ол Украинаның Ресей басқыншылығынан қорғану әрекеттерін де ашық айыптап, болгариялық оқ-дәрілерді үшінші елдер арқылы Украинаға жеткізуге де қарсы болған.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16🤡4❤2
⚡️ Хромтауда газ жарылып, бес адам зардап шеккен

Жергілікті "Диапазон" басылымы көпқабатты тұрғын үйлердің маңында орналасқан бір қабатты шағын дәмханада болған жарылыс күшінен нысанның шатыры ұшып кеткен деп жазды. Әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 19 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында болған деп хабарлады. Жарылыстан зардап шеккен, жас шамасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 20 пайызына дейін күйік шалған. Қалған төртеуі травматология бөлімшесіне жатқызылды" деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Алдын ала дерекке сай, ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығы жарылған. Салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған. Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6😱6👍1
🔺 Биылғы қаңтардың қорытындысы бойынша, Ресей бюджетіне мұнай мен газдан 420 млрд рубльдің кірісі түседі, бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 46 пайыз кем және 2020 жылдың тамызынан бергі кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш деп жазды Reuters.

Қазіргі кезде Ресей бюджетіне құйылатын барлық кірістің шамамен төрттен бірі мұнай-газ сатудан түседі.

Ресейлік мұнай бағасы құлдыруы кірістің төмендеуіне негізгі себептердің бірі болып отыр.

Мұнайдан түсетін табыс кемігенін Ресей билігі де мойындап отыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, желтоқсан айында бұл кірістер 447,8 млрд рубльге дейін қысқарған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤2🔥2
❗️ Қырғызстан неліктен жүргізуші куәлігін жаппай ауыстырып жатыр?

Президент Садыр Жапаров бұл науқанды бұрын шетелде жасалып келген Қырғызстан құжаттарының қорғаныс деңгейі әлсіз болуымен байланысты деп түсіндірген.

Қазір барлық ресми құжаттар "Учкун" мемлекеттік кәсіпорнында басылып жатыр. Жапаров ескі үлгідегі құжаттарды айналымнан алып тастау арқылы ел ішінде де, шетелде де қолдануға жол берілмейтінін айтты. Мақсат – заңсыз құжаттарды анықтау, тәртіп орнату, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің халықаралық беделін қорғау.

Қырғызстанда жүргізуші куәлігін 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында тегін ауыстыруға болады деп белгіленген мерзім кейін тағы біраз уақытқа ұзартылды.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🤔4
💬 Valentino сән үйінің негізін қалаған әйгілі модельер Валентино Гаравани 93 жасында дүниеден өтті

Valentino Garavani қоры 19 қаңтарда жариялаған мәлімдемеде модельер Римдегі өз үйінде, жақындарының ортасында өмірден озғаны айтылған.

1960 жылы Valentino сән үйін тең құрылтайшы ретінде құрған Валентино Гаравани кейін Джорджо Армани мен Карл Лагерфельдпен қатар ХХ ғасырдағы сән индустриясының ең ірі тұлғаларының біріне айналды. Ол Жаклин Кеннеди, Диана ханшайым, Маргарет ханшайым сияқты танымал адамдарға, сондай-ақ Софи Лорен, Элизабет Тейлор, Одри Хепберн, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Шэрон Стоун, Гвинет Пэлтроу секілді кино және өнер жұлдыздарына арнап киім тіккен.

2007 жылы Валентино сән әлемінен кететінін ресми түрде мәлімдеген.

Марқұмды жерлеу рәсімі 23 қаңтарда Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуінде өтпек.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🕊5👍1👎1
🔴 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай жұмысы басталды. Жиынға оның төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын құрылтай құрамында жиынтығы 117 адам бар.

Қызылордада өтіп жатқан жиында елде парламент реформасын жасау, ол үшін Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу жайлы мәселе талқыланбақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡14👍9💩5🤔2
❗Қазақстанда жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады. Бұл туралы Қызылордадағы құрылтайда президент Тоқаев мәлімдеді.

- Еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын... Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек, - деді Тоқаев.
❤17👎14👍10🤔4🤬4
❗Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқыру фактісі "жай ғана қаржылық қылмыс емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін жағдай" деді.

Бұған дейін билік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өтірік пациенттерге, өмірде жоқ адамдарға ақша жұмсалғанын анықтаған. Кейбір фактілерде 768 мың ер адамға жатыр мойны қатерлі ісігіне «скрининг жасалғаны» белгілі болған. Үкімет енді бұл қорды Қаржы министрлігіне тапсырмақ.
👍34🔥3🤪3
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
❤24👍22👎4🔥2🤡1
⚡Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.
🤔16❤15👎9🤡7👍1😁1
❗Тоқаев жаңа қабылданған Салық кодексін түзетуді тапсырды.
❤16😁11👍7🤔3
⚡Мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады. Қазір бұл қызметті Ерлан Қарин атқарады.
👍23😁11😱2🤡2
❗Тоқаев Шымкентте кісі қолынан Нұрай Серікбаеваның ісіне байланысты ішкі істер министріне Шымкент қаласы полиция департаментінің әрекетін тексеруді тапсырды. Бас прокурор да бұл мәселені тексермек.

🔸Нұрайдың оқиғасы

11 қаңтарда студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Күдікті — Нұрайдың танысы. Марқұмның жақындары Нұрай күдіктімен былтыр жазда тойда танысқанын айтқан. Көп өтпей жігіт сөз салып, қазан айында еркінен тыс алып қашқан. Бұл некеге қыз да, оның отбасы да қарсы болған. Қызды полиция көмегімен жігіттің үйінен алып кетіп, артынша арызданған. Бірақ күдікті қайта мазаламайтынын айтып уәде еткендіктен, кешірім берген. Алайда аңду, қорқытып-үркіту тоқтамаған.

Бұл бойынша ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне арызданғаны айтылады. Нұрайдың туысы "прокуратура мен полиция бұл арыз бойынша жұмыс жүргізбеді" деген еді. 11 қаңтар Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтап кеткен.
👍24❤5😱2🌚1
⚡Бір палаталы парламент бес жылға сайланбақ. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Тоқаев мәлімдеді.
👍19👎4🤡3🔥2
❗Бір палаталы парламент пропорционал жүйе, яғни партия тізімімен сайланады. Енді парламентте Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы болмайды.

Тоқаев облыс, аудан деңгейіндегі мәслихаттарда мажоритарлық жүйені сақтап қалуды ұсынды.

- Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған парламенттегі президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады, - деді Тоқаев.
👍17👎16👏3🔥2💩2
❗Қазақстан президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норманы Конституцияға енгізбек.

Қазіргі Конституцияға сай, президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, билік сенат төрағасына өтеді. Ал сенат төрағасы президенттің қалған мерзімінде ел басқарады.

"Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін" дейді Тоқаев құрылтайда.
👍16😁5❤4🔥2
Тоқаев Конституциялық комиссия құрды

Қазақстанда парламент реформасы талқыланып жатқан тұста президент Тоқаев Конституциялық кеңес құрғанын жариялады. Ал референдум уақыты Конституциялық комиссия өзгерістер жобасын анықтаған соң жарияланбақ.

2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз, - деді Тоқаев құрылтайда.
👎7❤5👍4💩4🔥1😍1
🔸Тоқаев Конституциядағы қазақша қателерді түзеуді тапсырды

"Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады" деді ол.
👍31😁5
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
🔹Сонымен Қазақстанда бес жылдан кейін Ұлттық құрылтай жұмысын тоқтатады. Тоқаевтың өз бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайдың орнын Халық кеңесі деген жаңа орган басады.

Қаңтар оқиғасынан кейін билікті толық қолына алған Тоқаев Ұлттық құрылтайды билік пен қоғамның диалог алаңы деп құрған еді. Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, ал былтыр Бурабайда өткен.
🤡16🔥5😁2🤔1