Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬 Valentino сән үйінің негізін қалаған әйгілі модельер Валентино Гаравани 93 жасында дүниеден өтті

Valentino Garavani қоры 19 қаңтарда жариялаған мәлімдемеде модельер Римдегі өз үйінде, жақындарының ортасында өмірден озғаны айтылған.

1960 жылы Valentino сән үйін тең құрылтайшы ретінде құрған Валентино Гаравани кейін Джорджо Армани мен Карл Лагерфельдпен қатар ХХ ғасырдағы сән индустриясының ең ірі тұлғаларының біріне айналды. Ол Жаклин Кеннеди, Диана ханшайым, Маргарет ханшайым сияқты танымал адамдарға, сондай-ақ Софи Лорен, Элизабет Тейлор, Одри Хепберн, Мерил Стрип, Джулия Робертс, Шэрон Стоун, Гвинет Пэлтроу секілді кино және өнер жұлдыздарына арнап киім тіккен.

2007 жылы Валентино сән әлемінен кететінін ресми түрде мәлімдеген.

Марқұмды жерлеу рәсімі 23 қаңтарда Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуінде өтпек.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🕊5👍1👎1
🔴 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай жұмысы басталды. Жиынға оның төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын құрылтай құрамында жиынтығы 117 адам бар.

Қызылордада өтіп жатқан жиында елде парламент реформасын жасау, ол үшін Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу жайлы мәселе талқыланбақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡14👍9💩5🤔2
❗Қазақстанда жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады. Бұл туралы Қызылордадағы құрылтайда президент Тоқаев мәлімдеді.

- Еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын... Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа парламентте төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек, - деді Тоқаев.
❤17👎14👍10🤔4🤬4
❗Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқыру фактісі "жай ғана қаржылық қылмыс емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін жағдай" деді.

Бұған дейін билік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өтірік пациенттерге, өмірде жоқ адамдарға ақша жұмсалғанын анықтаған. Кейбір фактілерде 768 мың ер адамға жатыр мойны қатерлі ісігіне «скрининг жасалғаны» белгілі болған. Үкімет енді бұл қорды Қаржы министрлігіне тапсырмақ.
👍34🔥3🤪3
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
❤24👍22👎4🔥2🤡1
⚡Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.
🤔16❤15👎9🤡7👍1😁1
❗Тоқаев жаңа қабылданған Салық кодексін түзетуді тапсырды.
❤16😁11👍7🤔3
⚡Мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады. Қазір бұл қызметті Ерлан Қарин атқарады.
👍23😁11😱2🤡2
❗Тоқаев Шымкентте кісі қолынан Нұрай Серікбаеваның ісіне байланысты ішкі істер министріне Шымкент қаласы полиция департаментінің әрекетін тексеруді тапсырды. Бас прокурор да бұл мәселені тексермек.

🔸Нұрайдың оқиғасы

11 қаңтарда студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Күдікті — Нұрайдың танысы. Марқұмның жақындары Нұрай күдіктімен былтыр жазда тойда танысқанын айтқан. Көп өтпей жігіт сөз салып, қазан айында еркінен тыс алып қашқан. Бұл некеге қыз да, оның отбасы да қарсы болған. Қызды полиция көмегімен жігіттің үйінен алып кетіп, артынша арызданған. Бірақ күдікті қайта мазаламайтынын айтып уәде еткендіктен, кешірім берген. Алайда аңду, қорқытып-үркіту тоқтамаған.

Бұл бойынша ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне арызданғаны айтылады. Нұрайдың туысы "прокуратура мен полиция бұл арыз бойынша жұмыс жүргізбеді" деген еді. 11 қаңтар Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтап кеткен.
👍24❤5😱2🌚1
⚡Бір палаталы парламент бес жылға сайланбақ. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Тоқаев мәлімдеді.
👍19👎4🤡3🔥2
❗Бір палаталы парламент пропорционал жүйе, яғни партия тізімімен сайланады. Енді парламентте Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы болмайды.

Тоқаев облыс, аудан деңгейіндегі мәслихаттарда мажоритарлық жүйені сақтап қалуды ұсынды.

- Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған парламенттегі президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады, - деді Тоқаев.
👍17👎16👏3🔥2💩2
❗Қазақстан президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норманы Конституцияға енгізбек.

Қазіргі Конституцияға сай, президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, билік сенат төрағасына өтеді. Ал сенат төрағасы президенттің қалған мерзімінде ел басқарады.

"Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін" дейді Тоқаев құрылтайда.
👍16😁5❤4🔥2
Тоқаев Конституциялық комиссия құрды

Қазақстанда парламент реформасы талқыланып жатқан тұста президент Тоқаев Конституциялық кеңес құрғанын жариялады. Ал референдум уақыты Конституциялық комиссия өзгерістер жобасын анықтаған соң жарияланбақ.

2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз, - деді Тоқаев құрылтайда.
👎7❤5👍4💩4🔥1😍1
🔸Тоқаев Конституциядағы қазақша қателерді түзеуді тапсырды

"Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады" деді ол.
👍31😁5
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
🔹Сонымен Қазақстанда бес жылдан кейін Ұлттық құрылтай жұмысын тоқтатады. Тоқаевтың өз бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайдың орнын Халық кеңесі деген жаңа орган басады.

Қаңтар оқиғасынан кейін билікті толық қолына алған Тоқаев Ұлттық құрылтайды билік пен қоғамның диалог алаңы деп құрған еді. Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, ал былтыр Бурабайда өткен.
🤡16🔥5😁2🤔1
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.
🔸Вице-президент қандай қызмет атқарады?

Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Оны президент парламенттің келісімімен өзі тағайындайды. Вице-президенттің өкілеті мен міндеттерін де президент анықтайды.

Дегенмен оның негізгі қызметіне халықаралық форумдарда, келіссөздерде Қазақстан делегациясын бастап апару, елдегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартаушылық ұйымдармен байланыс орнату кіреді.
🤔10💩7❤5
Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәлімдемелер. Қысқа-нұсқа

🔸Бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Парламентте 145 депутат болады. Депутаттар партия тізімімен сайланбақ. Бір палаталы парламенттің мерзімі – бес жыл.

🔸Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді.

🔸Елде вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.

🔸Бұған қоса, мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады.

🔸Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норманы Конституцияға енгізбек.

🔸Парламент реформасы және Конституцияға өзгеріс бойынша референдумның уақыты алдағы уақытта жарияланады.

t.me/azattyq
👍13🔥6👎4💩4❤2🤔2👌2
"Құрылтай" атты парламент және вице-президент. Тоқаев Қазақстан Конституциясын қалай өзгертпек?

ОҚЫҢЫЗ
👎12👍11💩8
Досым Сәтпаев: Қолдан жасалған саяси конструкция әліз болады

Саясаттанушы Досым Сәтпаев желідегі парақшасында жаңадан құрылатын Халық кеңесі мен вице-президент қызметіне қатысты пікір білдірді:

Жаңадан құрылатын Халық кеңесі билік қабылдаған шешімдерді "қоғам атынан легитимизация жасау функциясын" атқарады.

Вице-президентке келсек, ол үш негізгі функцияны атқарады. Біріншіден, президент қайтыс болса, отставкаға кетсе не импичмент жарияланса, оның орнын басатын қосалқы лидер. Екіншіден, жүйедегі саяси балансты ұстап тұрушы. Үшіншіден, президенттің арнайы тапсырмаларын орындап, парламенттегі бақылаушы болады. Бұған қоса, вице-президент парламентке президенттің мүддесін ұсынады.

Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, қолдан жасалған саяси конструкция Конституцияны өзгерту арқылы құрылса, халық арасынан сенім мандаты жоқ белігі бір адамдарға сүйенсе, ал сол жүйе күшті саяси институтқа арқа сүйей алмаса, онда бұл өте әлсіз конструкция болады.

t.me/azattyq
👍22❤7✍2🔥2
Гренландияға талас: Трамптың есебі және Еуропаның алаңы

АҚШ президенті Дональд Трамп Данияның автономиясы Гренландия аралын бақылауына алғысы келетінін бірнеше жылдан бері айтып жүр. Биыл қаңтардың басында АҚШ әскері Венесуэлаға шабуылдап, президент Николас Мадуроны тұтқындап алып кеткенде бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты.
https://www.youtube.com/watch?v=g4_k9_Ec_OI
🤔9🔥6🤬1