Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🔸Тоқаев Конституциядағы қазақша қателерді түзеуді тапсырды

"Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады" деді ол.
👍31😁5
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстанда Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді. Бұл туралы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда айтылды.
🔹Сонымен Қазақстанда бес жылдан кейін Ұлттық құрылтай жұмысын тоқтатады. Тоқаевтың өз бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайдың орнын Халық кеңесі деген жаңа орган басады.

Қаңтар оқиғасынан кейін билікті толық қолына алған Тоқаев Ұлттық құрылтайды билік пен қоғамның диалог алаңы деп құрған еді. Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, ал былтыр Бурабайда өткен.
🤡16🔥5😁2🤔1
Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.
🔸Вице-президент қандай қызмет атқарады?

Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады. Оны президент парламенттің келісімімен өзі тағайындайды. Вице-президенттің өкілеті мен міндеттерін де президент анықтайды.

Дегенмен оның негізгі қызметіне халықаралық форумдарда, келіссөздерде Қазақстан делегациясын бастап апару, елдегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартаушылық ұйымдармен байланыс орнату кіреді.
🤔10💩7❤5
Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәлімдемелер. Қысқа-нұсқа

🔸Бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Парламентте 145 депутат болады. Депутаттар партия тізімімен сайланбақ. Бір палаталы парламенттің мерзімі – бес жыл.

🔸Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді.

🔸Елде вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті президенттің өзі тағайындайды.

🔸Бұған қоса, мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады.

🔸Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норманы Конституцияға енгізбек.

🔸Парламент реформасы және Конституцияға өзгеріс бойынша референдумның уақыты алдағы уақытта жарияланады.

t.me/azattyq
👍13🔥6👎4💩4❤2🤔2👌2
"Құрылтай" атты парламент және вице-президент. Тоқаев Қазақстан Конституциясын қалай өзгертпек?

ОҚЫҢЫЗ
👎12👍11💩8
Досым Сәтпаев: Қолдан жасалған саяси конструкция әліз болады

Саясаттанушы Досым Сәтпаев желідегі парақшасында жаңадан құрылатын Халық кеңесі мен вице-президент қызметіне қатысты пікір білдірді:

Жаңадан құрылатын Халық кеңесі билік қабылдаған шешімдерді "қоғам атынан легитимизация жасау функциясын" атқарады.

Вице-президентке келсек, ол үш негізгі функцияны атқарады. Біріншіден, президент қайтыс болса, отставкаға кетсе не импичмент жарияланса, оның орнын басатын қосалқы лидер. Екіншіден, жүйедегі саяси балансты ұстап тұрушы. Үшіншіден, президенттің арнайы тапсырмаларын орындап, парламенттегі бақылаушы болады. Бұған қоса, вице-президент парламентке президенттің мүддесін ұсынады.

Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, қолдан жасалған саяси конструкция Конституцияны өзгерту арқылы құрылса, халық арасынан сенім мандаты жоқ белігі бір адамдарға сүйенсе, ал сол жүйе күшті саяси институтқа арқа сүйей алмаса, онда бұл өте әлсіз конструкция болады.

t.me/azattyq
👍22❤7✍2🔥2
Гренландияға талас: Трамптың есебі және Еуропаның алаңы

АҚШ президенті Дональд Трамп Данияның автономиясы Гренландия аралын бақылауына алғысы келетінін бірнеше жылдан бері айтып жүр. Биыл қаңтардың басында АҚШ әскері Венесуэлаға шабуылдап, президент Николас Мадуроны тұтқындап алып кеткенде бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты.
https://www.youtube.com/watch?v=g4_k9_Ec_OI
🤔9🔥6🤬1
Azattyq - Азаттық
Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәлімдемелер. Қысқа-нұсқа 🔸Бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Парламентте 145 депутат болады. Депутаттар партия тізімімен сайланбақ. Бір палаталы парламенттің мерзімі – бес жыл. 🔸Қазақстан халқы ассамлеясы мен…
"Түбегейлі саяси өзгеріс болмайды"

Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстары "саяси жүйеге үлкен өзгеріс әкелмейді" деп санайды.

- Қазақстанда түбегейлі жаңа Конституция қабылданды деп ойламаймын. Қазіргі қос палаталы парламент бір палаталы болатындықтан Конституцияға өзгеріс енгізу керек. Ал президент пен үкіметке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Сондықтан Конституция толық өзгереді деп айта алмаймын. Соншалықты үлкен саяси реформа болады деуге келмейді. Ұлттық құрылтайда Тоқаев айтқан ұсыныстарға қарағанда, Конституцияға тек техникалық өзгерістер енгізіледі. Президенттік жүйе әріқарай жұмыс істей береді. Парламент пен үкімет арасында үлкен өзгеріс жоқ, тек сенаттан бас тартты, - дейді ол Азаттыққа сұхбатында.

Сарапшылардың Құрылтайдағы ұсыныстар жайлы пікірін мына сілтемеден оқи аласыз.
💯14🔥8👎5❤1🤔1
🗣 Астана қалалық сотының апелляция алқасы "СпецТреидТМ" компаниясының іскерлік беделін қорғауды және жарияланған материалды алып тастауды сұрап SotReport.kz басылымына қарсы берген арызы бойынша алдыңғы шыққан сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Астана қаласының соты компанияның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Талапкер даулы материалда келтірілген сөздер бағалау пікір емес, нақты фактілер жайлы тұжырым деп мәлімдеп, апелляцияға шағым берген.

Сот редакция жариялаған материал ресми әрі тексеруге болатын дереккөздерге – мемлекеттік сатып алулар порталы мәліметтеріне, сот шешімдеріне және мемлекеттік органдардың ресми жауаптарына сүйеніп дайындалған деген байлам жасаған.

Бұған дейін, 16 қаңтарда "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қозғалған істі қараған Ақтөбе қаласының әкімшілік соты жергілікті журналист Ақмарал Майкөзованы ақтаған деп жазды құқықтық медиа-орталық. Журналистке қарсы талап-арызды "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы түсірген. Бұл дауға акционерлік қоғамның атқарушы орган мүшелеріне 2024 жылғы жұмысына төленген сыйақылар мөлшері жөнінде журналист жолдаған сауалға корпорацияның берген жауабы ілік болған еді.
🔗Оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2😁1
🔴 Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде Ресейдің жаппай шабуылынан кейін, 20 қаңтар кешіндегі жағдай бойынша, Киев қаласында бір миллионнан астам тұтынушы жарықсыз қалғанын айтты.

Бұған қоса ол Украина астанасында төрт мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй жылусыз отырғанын растады. Сейсенбі күні таңертең жылусыз қалған үй саны шамамен 5600 болған, кейін олардың бір бөлігі қайта қосылған.

Зеленский жағдайды реттеу үшін нақты шаралар, соның ішінде электр энергиясын тарату мен тұтынуды қайта бөлу мәселесі шешу қажет екенін айтты. Бұл шараларды үкімет талқылауы керек деді ол.
🔗Оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢12🤬7😱6😁1🤔1🙏1🤡1
❤️ Азаттық радиосы Алматыдағы Қытай бас консулдығының Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жолдаған дипломатиялық нотасын қолға түсірді. Онда былтыр 13 қарашада белсенділер ұйымдастырған наразылық "Қытай Халық Республикасының абыройына қарсы ашық арандату және Қытай коммунистік партиясының, сондай-ақ Қытай басшысының беделіне тіл тигізу" деп сипатталып, Қазақстан билігінен "[оқиғаны] жан-жақты тергеуді" талап етеді.

"Араздық қоздыру" бабымен күдікті деп танылған "Нағыз Атажұрт" еріктілерінің соты 23 қаңтар күні Талдықорғанда өтпек. Азаттық радиосының қолында бар құжатқа сәйкес, Қытайдың мұсылман ұлттарға қатысты саясатына наразылық білдірген 19 белсендіні қудалауға ресми Пекиннің қысымы себеп болған.
🔗Толық мақаланы Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25💩5❤1👍1👏1
❤️ "Агенттер арандатуы", азаптау мен түрме

О
ралбек Өміров "терроризмді насихаттады" деген айыппен 2018 жылы желтоқсанда сотталып, 6 жыл 10 ай қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шыққан. Өзіне тағылған айыпты мойындамаған Өміров тергеу кезінде азапталғанын, салдарынан соқыр болып қалғанын айтады.

🎥Азаттық түсірген видеосюжетті көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13😱9🤯2
🗣 Макрон "күштінің сөзі жүретін" заман жайлы айтты

20 қаңтар күні Швейцарияның Давос қаласында басталған Дүниежүзілік экономика форумында сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың кейінгі іс-әрекеттері мен мәлімдемелеріне қарсы уәжбен баға берді. Әйткенмен Трамптың өзіне тікелей сын айтпады.

Макрон әлемде қалыптасқан ережелер жойылып, тек күштінің сөзі жүретін заман тууы мүмкін деп алаңдайтынын айтты. Ол қара күш емес, заң үстемдігі болғанын жақтайтынын мәлімдеді. Макрон Трамптың Гренландияға қатысты талаптарын да, АҚШ-тың еуропалық сегіз елге баж салығын енгізетіні туралы сес көрсетуін де қабылдай алмайтынын тағы қайталады. Сонымен бірге ол одақтастарды "анағұрлым қуатты әрі тәуелсіз Еуропа" құру жолында бірлесе әрекет етуге үндеп, НАТО ұйымын сынға алды. Альянстың қазіргі ахуалы көңіл көншітпейді деді Франция президенті.

Көзіне қара көзілдірік тағып алып сөйлеген Макрон (ол бұған дейін жұрт алдына көзі қабынған күйде шыққан еді) осы форумға қатысатын Дональд Трамппен жеке кездесу жоспарым жоқ деп мәлімдеді. Ал Трамп пен еуропалық өзге лидерлердің сөзі жөнінде толығырақ Азаттықтан оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤2
💬 Давосқа ұшып шыққан Трамп мінген ұшақ кері оралды

Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға ұшып шыққан АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай "электр жүйесіндегі ұсақ ақауға" байланысты Мэриленд штатындағы Эндрюс әскери базасына қайта оралған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай экипаж "сақтық үшін" кері қайтқан жөн деп ұйғарған. Ұшақтың бірнеше жарық шамы істемей қалған. Трамп Швейцарияға басқа ұшақпен аттанады деп айтылды.

АҚШ президенті мен оның кабинет мүшелері Давоста еуропалық лидерлермен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр деген ақпарат болған. Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Гренландия жайлы болмақ деген болжам айтылған. Трамп АҚШ қауіпсіздік мүддесіне байланысты бұл аумақты өз бақылауына алуы тиіс деп есептейді.
🔗Оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11🔥4❤1👍1
АҚШ Кариб теңізінде Венесуэла мұнайы тиелген жетінші кемені ұстады

Сейсенбі, 20 қаңтар күні АҚШ әскери күштері Венесуэла жағалауына таяу маңда тағы бір кемені қолға түсірді. Венесуэла мұнайын тиеп алған Sagitta танкері – былтырғы желтоқсан айының басынан бері санкцияларды мойынсұнбай әрекет еткен танкерлерді бұғаттау операциясы аясында АҚШ жағалау күзеті ұстаған жетінші кеме болып отыр.

"Санкцияға ұшыраған кемелерге президент Трамп енгізген шектеуді бұзған кезекті танкердің ұсталуы Венесуэладан заңды әрі келісілген мұнайды ғана шығаруды қамтамасыз етуге деген табандылығымызды айқын көрсетеді", – делінген АҚШ-тың Оңтүстік әскери басшылығы таратқан мәлімдемеде.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, теңізде Либерия туын көтеріп алып жүзген Sagitta танкеріне иелік ететін компания Гонконгта тіркелген. Кеме 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін енгізілген америкалық санкциялар тізіміне енгізілген. Танкердің қай жерде екенін дәл көрсететін транспондері осыдан екі ай бұрын кеме Балтық теңізінен шыққан кезде белгі бергеннен кейін өшірілген.
🔗Оқыңыз
👍16❤3🤬1
Жапон экс-премьерін өлтірген адам өмір бойына түрмеге қамалды

Жапония соты бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірген деп айыпталған 45 жастағы Тэцуя Ямагамиге өмірлік түрме жазасын кесті. Ямагами 2022 жылы Нара қаласында өткен сайлауалды науқан кезінде Абэге қолдан жасалған қарудан оқ атқанын сотта мойындады. Ауыр жараланған Абэ ауруханада көз жұмған.

Адвокаттар Ямагами діни топ тарапынан қысым мен зорлық-зомбылық көрген, ал Синдзо Абэні өлтіруге "қайғы-қасіретке толы балалық шағы" себеп болған деп түсіндірген. Ямагамидің өзі Абэні "Бірігу шіркеуі" атты діни ұйымына қатысы бар деп есептегенін мәлімдеді. Айыпталушының анасы осы діни ұйымға қайырымдылық көмек ретінде 100 миллион иенге жуық (шамамен 633 мың доллар) ақша берген. Мұның аяғы отбасының қаржыдан айырылып, күйреуіне себеп болған.

Ямагамидің ісі "Бірігу шіркеуінің" ішіндегі жағдайларға қоғам назарын аудартты. Тергеу деректеріне сәйкес, ұйым мүшелерін садақа беруге мәжбүрлегені анықталған.

Билік діни ұйымның іс-әрекетінен 169 адам зардап шеккен, ал келтірілген материалдық шығын көлемі – шамамен 2,4 миллиард иен дейді. Сот "Бірігу шіркеуін" діни ұйым мәртебесінен айырып, оны тарату туралы шешім шығарды. Бұған қоса Жапонияда қайырымдылық көмек жинаған кезде манипуляция амал-тәсілдерін шектейтін заң қабылданды.
🔗 Оқыңыз
👍11❤3🤔3🔥2
Қазақстанда қатты аяз кезінде Тәжікстанның 81 азаматы құтқарылды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Не болды?

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы қатты аяз кезінде автобус тоқтатылған. Автобуста Тәжікстанның 81 азаматы (17-сі бала) болған.

"Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері мен полиция жолаушыларды эвакуациялап, адаптация орталығына және қаладағы қонақ үйге орналастырды. Жолаушыларға көмек көрсетілді. Эвакуацияланған адамдар құтқарушыларға көмегі үшін алғыс айтты" деді министрлік хабарламасында.

Мигранттар қайда кетіп бара жатқан?

Тәжікстан азаматтары қайда кетіп бара жатқаны айтылмады. Әдетте Тәжікстан азаматтары автобуспен Қазақстан арқылы Ресейге барады. Ұшақ билетінің қымбаттығына байланысты мыңдаған тәжікстандықтар Ресейге автобуспен қатынауға мәжбүр.
👍19❤3🔥3😁1
❗Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф 22 қаңтарда Ресей президенті Путинмен кездесетінін мәлімдеді.

Уиткофф CNBC арнасына берген сұхбатында кездесу Путиннің бастамасымен болатынын айтты. Бұл кездесу өтетінін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады.
👎24👍4🔥2🤮2👻2😁1
🔸Балалардың желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы жасалды. Не белгілі?

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын жасады. Бұл туралы ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді.

Оның сөзінше, заң жобасы сарапшылардың бағалауынан өткен және қоғамдық талқыға шығарылған. Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі шектеу қою жолдарын, жасөспірімдердің жасын тексеру механизмін жасамақ. Бұған қоса, заң бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатыны да талқыланады.

20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда мәжіліс депутаты Сергей Пономарев балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынған еді.

2025 жылы желтоқсанда Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға оннан аса әлеуметтік желіге, соның ішінде Facebook, Instagram, TikTok, X, Snapchat және YouTube-қа кіруге тыйым салған. Австралия билігі шешімін "балаларға қарсы зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың желіге тәуелділігін алдын алу" деп түсіндірген.
👍28❤4🔥3
❗АҚШ президенті Дональд Трамп «Вашингтон Гренландияны алу үшін әскери күш қолданғысы келмейді» деді. Бірақ ол Гренландияны АҚШ-қа беру туралы келіссөзді «тез арада» бастағысы келеді. Бұл туралы Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономика форумда айтты.
🤡18👍3👎2🔥2❤1🤪1