❗АҚШ президенті Дональд Трамп «Вашингтон Гренландияны алу үшін әскери күш қолданғысы келмейді» деді. Бірақ ол Гренландияны АҚШ-қа беру туралы келіссөзді «тез арада» бастағысы келеді. Бұл туралы Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономика форумда айтты.
🤡18👍3👎2🔥2❤1🤪1
Azattyq - Азаттық
❗Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф 22 қаңтарда Ресей президенті Путинмен кездесетінін мәлімдеді. Уиткофф CNBC арнасына берген сұхбатында кездесу Путиннің бастамасымен болатынын айтты. Бұл кездесу өтетінін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады.
⚡Трамп бейсенбіде Давоста Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін айтады. Бұған дейін Зеленский «Киевте мыңдаған үй жылусыз, жарықсыз отырғандықтан Давосқа барудың орнына елде қалуды таңдағанын, бірақ маңызды келіссөздер болса баратынын» мәлімдеген.
👍15🤔5🤡2❤1🤷1
Azattyq - Азаттық
Тоқаев Конституциялық комиссия құрды Қазақстанда парламент реформасы талқыланып жатқан тұста президент Тоқаев Конституциялық кеңес құрғанын жариялады. Ал референдум уақыты Конституциялық комиссия өзгерістер жобасын анықтаған соң жарияланбақ. 2022 жылғы…
❗Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл комиссия құрылатыны жайлы Тоқаев 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда айтқан.
Комиссияның 100-ден астам мүшесі болады. "Құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар кіреді" деген еді Тоқаев. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.
Президент "комиссия Конституцияға өзгерістер мен парламент реформасына қатысты барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейтінін" айтқан. Сол жоба әзірленген соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақыт белгіленеді.

💩19🔥6🤯5👎2❤1
Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде бір палаталы парламентте 145 депутат болатынын, парламент партия тізімімен жасақталатынын мәлімдеді. Бұған қоса, елде вице-президент лауазымы пайда болады. Ал Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы тарап, оның орнына 126 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылады. Вице-президентті де, кеңестің 126 мүшесін де президент тағайындамақ. Бұл саяси реформалар халыққа қалай әсер етпек?
Азаттық Тоқаевтың ұсыныстарын саясаттанушы, "Тәуекелдерді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаевпен талқылады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12🤡5👎4🔥4💯3
Ресей соты генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі Илья Поликарповты өлтірді деп айыпталған Өзбекстан азаматы Ахматжон Курбоновты өмір бойы бас бостандығынан айырып, бір миллион рубль көлемінде айыппұл салды. Сот Әзербайжан азаматы Роберт Сафарянға 25 жыл түрме жазасын берді. Ал ингушетиялық Батухан Точиев пен Рамазан Падиев 22 және 18 жылға бас бостандығынан айырылып, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19⚡1❤1👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
55 жастағы Оралбек Өміров 6 жыл 10 ай қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп, былтыр бостандыққа шыққан. Ол 2018 жылы желтоқсанда “терроризмді насихаттады” деген айыппен сотталған. Өміров өзіне тағылған айыпты мойындамай, тергеу кезінде азапталғанын айтқан. Салдарынан соқыр болып қалдым дейді ол. Өміров өзін “КНБ агенттерінің белсенділерге қарсы арандатуына түсіп қалдым” деп есептейді. ҰҚК бұл туралы Азаттық сауалына жауап бермеді.
😱12🤬5
Бұл бағдарламаның Оңтүстік Кореяда қылмыс жасап, елден күштеп шығарылуы тиіс шетел азаматтарына немесе 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін елге заңсыз келгендерге қатысы жоқ.
Сол елде заңсыз жүрген қазақстандықтар аталған бағдарламаға қатысуы үшін сондағы көші-қон кеңселеріне төлқұжат және ұшу билетімен барып, өз еркімен кету туралы өтініш беруі керек.
Былтыр министрлік Оңтүстік Кореяда жалпы 15 мың қазақстандық тұрып жатқанын, шамамен 11 мыңы заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.
Оңтүстік Корея Орталық Азияның еңбек мигранттары көп баратын елдер қатарына кіреді. Кореяға жұмыс іздеп кеткен қазақстандықтардың көбі ол елде Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда көп табыс табуға болатынын айтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24👎2❤1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Францияда прокатқа шықты. Фильм Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары колхоздар тарап, жекешелендіру саясаты кезіндегі әділетсіздікті көрсетеді.
👍30🔥5❤2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12
Іс жәбірленуші жақтың өтініші бойынша некеге мәжбүрлеу бойынша істі тіркемеген полиция қызметкерлеріне қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍33🔥4💩2❤1
Қазақстандықтар кедейленіп барады: ресми статистикаға қарағанда, халықтың табысы азайып, азық-түлікке кететін шығын өсіп отыр. Бұған 2026 жылы салықтың артқаны да әсер етіп отыр.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡37👍9🤬9
Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейс "азаматтарды өз отанына қауіпсіз әрі уақытында жеткізу" мақсатында АҚШ билігімен бірігіп ұйымдастырылған.
Екі ел арасында шетте жүрген Өзбекстан азаматтарының құқықтарын қорғау және оларды отанына қайтару мәселелері бойынша әріптестік жалғасып жатыр деп айтылады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏21🔥2👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы жарғыға қол қойды.
Келісімге қол қою рәсімі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда өтті. Кейін Кеңеске қосылуға келіскен елдердің басшылары келісімге қол қойды. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Әзербайжан, Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ, Аргентина, Парагвай басшылары, Венгрия, Әзербайжан премьерлері бар.
CNN келісімге 20-дан аса елдің лидері қол қойғанын айтады. Олардың қатарында Батыс Еуропа елдері, Қытай, Ресей жоқ. Бұл елдерге де Трамп шақырту жіберген.
АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесін БҰҰ-ға альтернатива ретінде құрған.

👍19👎6🤔4😁3🔥2🥱1
Azattyq - Азаттық
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы жарғыға қол қойды. Келісімге қол қою рәсімі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда өтті. Кейін Кеңеске қосылуға келіскен елдердің басшылары келісімге қол қойды. Олардың арасында Қазақстан…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақорда да Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойғанын хабарлап, шарадан шағын видео жариялады. Онда Тоқаевтың Трампқа бірдеңе айтып жатқаны көрінеді, Трамп жымиып, оны қолдағандай сыңай танытады
👍25😁12🤮3🤔2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік арналар президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістерді кеңінен мадақтап, әлеуметтік желіде де бұл тақырып қызу талқыланып жатқанымен, Алматы көшесінде Азаттық тілшісіне кезіккен көп тұрғын жаңалықтан бейхабар болып шықты. Билік Құрылтайда айтылған ұсыныстарды ауқымды саяси реформа деп сипаттап отыр. Ал тұрғындар не ойлайды, пікірін сұрап көрдік.
🤣14🤔13👍10❤2😁2💩2
⚡АҚШ, Украина және Ресей арасында үш жақты кездесу өтеді
Украина президенті Владимир Зеленский 23-24 қаңтарда АҚШ, Ресей және Украина арасында алғаш рет үш жақты кездесу өтетін мәлімдеді. Зеленский бұл сөзді Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда мәлімдеді.
«Орыстар компромиске дайын болуы керек. Украина ғана емес, бәрі де дайын болуы тиіс. Қандай нәтиже шығатынын көреміз» деді ол.

🔥20👍8❤3
❗Amnesty International халықаралық адам құқығы ұйымы Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының істі болып жатқан 19 мүшесін босатуға шақырды.
Ұйым не деді?
"Қазақтан билігі қылмыстық заңнаманы теріс пайдалануды дереу тоқтатып, адам құқығы бойынша халықаралық стандарттың талаптарын орындауы тиіс. Яғни, "Атажұрт" белсенділеріне тағылған негізсіз айыптарды жойып, ұсталғандардың бәрін босатуы керек. Бейбіт наразылық билікке және Қытай сияқты ықпалды геосаяси ойыншыға ыңғайсыз болғаны үшін қылмыс саналмауы тиіс" деді Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Струтерс мәлімдемеде.
Amnesty International Қазақстан билігі "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабын "тағы да" белсенділерді қудалауға пайдаланып отыр деп санайды және "Атажұрт" белсенділерін қудалауды тоқтатып, тез босатуға шақырады.
19 белсенді неге қамалды?
"Ұлтараздықты қоздыру" бабымен істі боп жатқан 19 белсендінің соты ертең, 23 қаңтарда Талдықорғанда басталады. Қазір 13 белсенді қамауда, 6 белсенді үйқамақта отыр.
13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында Қалжат елді мекені маңында қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған ұлты қазақ азаматтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді.
Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай берген ақпаратқа сүйеніп берген жауабында, 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны, ал қос азаматтық екі елде де "заңсыз" екені айтылған.

👍26❤5🖕1
Швейцарияның Давос қаласында бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский кездесті. Келіссөз шамамен бір сағатқа созылды.
Кездесуден кейін Трамп журналистермен сөйлесіп, кездесудің "өте жақсы" өткенін айтты. Трамптың айтуынша, ол Ресей басшысы Владимир Путинге Украинадағы соғыс тоқтатылуы керек деген месседж жіберген. Владимир Зеленский де Давос форумында сөйлеген сөзінде Дональд Трамппен әңгіменің қалай өткеніне тоқталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤3😁2🥴1
Бұрын жеке сектордағы компанияның топ-менеджері болған Шахмұрат Мүтәліп аз уақыттың ішінде елдегі ауқатты кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Бірнеше мекеме құрып, ірі құрылыс компанияларын иелігіне алды. Мемлекеттік ірі жобалардың тендерін ұтты. Елдегі тау-кен саласындағы концерндерді сатып алуға ұмтылыс жатыр. Аз уақыттың ішінде Қазақстан президентінің жеке қабылдауына екі рет кіріп шықты.
Шахмұрат Мүтәліп кім? Бұрын-соңды жеке кәсіпкер ретінде танылмаған адам қалай аяқасты байлық жиды? Бір кезеңде олигарх Машкеевичтерге, Дариға Назарбаеваның қазіргі күйеуі делінетін Шәріпбаевқа қараған активтер оған қалай өтті? Азаттық жауап іздеді.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15👍5❤3🤔1
Қазақстандық Жазылбек Әжіғалиев бауырымен бірге нәпақа табу үшін желтоқсан басында Мәскеуге барған. Қаңтар айында оны ресейлік полиция ұстап, ұрып-соғып, соғысқа баруға көндіруге тырысқан. Бұл жөнінде оралдық азаматтық белсенді Маруа Ескендіроваға сүйенген "Уральская неделя" басылымы жазды.
"Оны учаскеге әкеліп, қатты ұрып-соға бастаған. Үш күн ұрып-соғып, электрошокермен азаптаған" деді Маруа Ескендірова.
Сурет: "Уральская неделя" басылымынан алынған скриншот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬30😱13❤4🤷♂1🤔1