Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🇺🇦🇺🇸🇷🇺Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдері кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Келіссөз бүгін де
жалғасады

Келіссөз басталмай тұрып Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян делегация басшыларымен кездесті.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, келіссөздің бірінші кезеңі «барынша жабық режимде» өткен, БАҚ өкілдері қатыстырылмаған. «Кемінде бір күн осындай қатаң режим сақталады» деді агенттіктің дереккөзі. Келіссөз екі күнге созылады.

Украина президенті Владимир Зеленский келіссөзде соғысты аяқтау параметрлері талқыланатынын айтты және өзіне сағат сайын Украина өкілдері есеп беретінін жеткізген.
👍27🔥3❤1
💬 БАӘ соты сегіз өзбек азаматын өмір бойы түрмеге кесті

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) соты Дубайда "жаппай тәртіпсіздік ісі" бойынша айыпталған Өзбекстанның 8 азаматына өмірлік түрме жазасын берді. Тағы бір азамат 25 жылға сотталды. Бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Оқиға 2025 жылы сәуір айында Дубайдағы жанармай станциясы аумағында болған.

БАӘ құқық қорғау орган өкілдерінің мәліметінше, сол кезде екі өзбек азаматы қаза болған: бірі пышақ жарақатынан оқиға орнында мерт болған, екіншісі ауруханаға көз жұмған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬15😡10👏2🔥1
🗣АҚШ наразылықты басып-жаншығаны үшін Иранның “тасадағы флотына” санкция салды

АҚШ Иранның "тасадағы флотына" тиесілі 9 танкер мен соларға қатысы бар 8 компанияға санкция салды. АҚШ қаржы министрлігі мұндай шектеу Тегеран наразылықты басып-жаншыған тұста салынып жатқанын атап өтті.

Тізімге енген танкерлер Палау, Комор аралдары мен Панаманың туларымен жүреді. Шектеу сол кемелерді иеленген немесе басқарған компанияларға да қойылды. Олар Үндістан, Либерия, Оман, БАӘ, Маршалл мен Сейшель аралдарында тіркелген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24🤬4❤3😁3
💬Конституциялық комиссия отырысы: президент отставкаға кеткен жағдайда өкілеті вице-президентке жүктелуі мүмкін

24 қаңтарда Астанада конституциялық комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Жиенбаев енгізілейін деп жатқан вице-президент пен халық кеңесі институтының өкілеті туралы айтты.

🗣"Президенттің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілетін вице-президентке жүктеу ұсынылып отыр. Вице-президент өкілетті ала алмаған жағдайда, ол құрылтай төрағасына беріледі. Құрылтай төрағасы оны атқара алмаса, премьер-министрге жүктеледі" деді Жиенбаев.

Президент отставкаға кеткен жағдайда екі ай ішінде сайлау өткізу ұсынылып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡17😁5🤔5❤3💩3👍2
🔴Иранда интернет қалпына келмеді, қаза болғандар артқаны хабарланды

Иранда интернет қысқа уақытқа қалпына келгенмен цифрлық түнек жалғасып жатыр деп хабарлады цифрлық құқықты қорғау тобы. Ал мемлекетке қатысы бар ақпарат агенттігі елде интернет жуық арада қалпына келеді деп жазды.

"Иранда интернет қысқа уақытқа қалпына келгендей болғанмен цифрлық блэкаут үшінші аптаға кетіп барады" деп жазды Netblocks цифрлық құқықты қорғау тобы 24 қаңтарда X желісінде.

АҚШ-та шоғырланған HRANA құқық қорғау тобының мәліметінше, наразылықта 5 137 адам қаза болғаны расталған, 7400-ден астам адам жараланған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21👍5😱4😭2❤1
Axios дереккөзі: Путин мен Зеленскийдің кездесуіне
жақындадық

Америка шенеуніктерінің айтуынша, Абу-Дабиде екі күндік келіссөз кезінде барлық мәселе талқыланған: Ресейдің Донбасқа қатысты талабы, Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі дау, соғыс аяқталғаннан кейін жағдайды ушықтырмауы үшін қажет қадамдар.

ТАСС агенттігінің жазуынша, тараптардың келісімімен кездесу жабық өткен. Ол үш сағаттан астам уақытқа созылды.
😁9🤮6❤4👍3🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза болды

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 24 қаңтарда сағат 15:30-да Ақсу ауданында «Көшкентал – Қапал» автожолының 4-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктері соқтығысқан.
😢27😱8❤1😡1
🔴Cотталған мигрант әйелдерді Ресей қалай соғысқа жіберіп жатыр?

Орталық Азия елдерінен қара жұмыс істеуге Ресейге барып, түрмеге түскен әйелдерге "бостандыққа шыққың келсе Украинаға соғысқа бар" деген ұсыныстар айтылып жатыр дейді құқық қорғаушылар. "Эзгулик" ұйымының айтуынша, Ресейде жазасын өтеп жатқан ондаған өзбек әйелінің туысы осы мәселемен хабарласқан.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25😱15😡2🤷‍♀1🤷‍♂1👻1
💬 Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз қаза болды

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде сарбаз өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақаттан көз жұмды. Бұл жөнінде құрлық әскері қолбасшылығы хабарлады. Оқиға 23 қаңтарда болған.

Сарбаз әскерге былтыр сәуірде шақырылған. Қылмыстық іс қозғалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢29😡11🤬3🤷‍♂1🤔1🤯1
💬 АҚШ-тың қорғаныс саласындағы жаңа стратегиясында Ресей "басқаруға болатын" қатер ретінде көрсетілген

АҚШ қорғаныс министрлігі ұлттық қорғаныстың жаңа стратегиясын жариялады. Онда жақын болашақта НАТО-ға мүше шығыстағы елдер үшін Ресей «тұрақты, бірақ басқаруға болатын қатер» күйінде қала беретіні жазылған.

"Ресей түрлі демографиялық және экономикалық қиындықтардан зардап шегіп жатса да, Украинада жалғасып жатқан соғыс оның әлі де болса әскери және өнеркәсіптік пәрмені барын көрсетіп отыр" деп жазылған құжатта.

Стратегиядағы жеке бір бөлім "әлемдегі ең қуатты АҚШ-тан кейінгі екінші ел" Қытайға арналған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16😁5🤣2❤1👍1💯1
🗣 АҚШ-тың Миннеаполис қаласында федералдық шекара қызметінің агенті жергілікті тұрғынды атып өлтірген

Бұл оқиға үш баланың анасы, 37 жастағы Рене Гуд иммиграция және кеден қызметі (ICE) өкілі атқан оқтан қаза тапқанынан кейін 17 күн өткенде болды.

CNN дерегінше, бұл жолы мерт болған адам — 37 жастағы Алекс Претти. Оның ата-анасы Associated Press агенттігіне ұлдары жансақтау бөлімінде медицина қызметкері болып жұмыс істегенін айтқан. 24 қаңтар күні таңертең болған оқиға орнына жеткен полиция бірнеше оқ тиген ер адамды тапқан. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан, бірақ ол адам ауруханаға апара жатқан кезде көз жұмған. Оның АҚШ азаматы екені ресми түрде расталды.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің баспасөз хатшысы Триша Маклахлин Миннеаполисте "зорлық-зомбылық сипатындағы шабуыл жасап, іздеуде жүрген заңсыз мигрантты" ұстау операциясын жүргізіп жатқан федералдық шекара қызметі өкілдеріне қолында тапаншасы бар бір адам жақындаған деп айтқан. Оның сөзінше, әлгі адам өзін қарусыздандырмақ болған шекарашыларға қарсылық көрсетіп, салдарынан агент оқ атуға мәжбүр болған.

Миннесота билігі оқиға кезінде түсірілген видеолар Ішкі қауіпсіздік министрлігінің "қарсылық көрсетті" дегені "бос сөз" әрі "өтірік" екенін көрсетеді деп, бұл атыс оқиғасын штат тергеушілері тексерсін деген талап айтты. Хеннепин округі прокуроры Мэри Мориарти де сондай талап қойып отыр.

🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10😢7🤬4❤1😭1
💬 Украина президенті Владимир Зеленский өткен бір апта ішінде Ресей әскері Украина аумағына 1700-ден астам әскери дрон, 1380-нен аса басқарылатын авиациялық бомба және түрлі үлгідегі 69 зымыран ұшырғанын мәлімдеді. "Қазір Ресейдің басты нысанаға алып отырған нысандары — біздің энергетикамыз, маңызды инфрақұрылым және тұрғын үйлер", — деп жазды ол өз Telegram-арнасында. Сондай-ақ Зеленский Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізудің маңызын ерекше атап өтті.

Сенбі күні Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кейін қалада 1676 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалғанын Киев мэрі Виталий Кличко хабарлады. Оның айтуынша, 24 қаңтардағы шабуыл салдарынан жалпы саны шамамен алты мың үй жылу жүйесінен ажыратылған. "Настоящее Время" басылымы дерегінше, бұл үйлердің басым бөлігі 9-шы және 20-қаңтардағы шабуылдардан кейін жылуға екі рет қосылған немесе қосуға әрекет жасалған нысандар болған.

🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14❤3💩3🤡3⚡1🔥1
💬 Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы айлақ құрылғыларының біріндегі жоспарлы жұмыс толық аяқталды

Құрылғыны жөндеу жұмыстары былтыр дрон шабуылына дейін басталған. Қарашаның аяғындағы шабуыл салдарынан терминалдағы басқа бір құрылғы зақымданған еді.

Жөндеуден өткен құрылғыда жүк тасымалдау жүйесіне 21 қаңтарда гидравликалық сынақтар жүргізіліп, одан кейін су астындағы мұнай құбырындағы шеткі манифольд ашылып, мұнай тиеу үшін танкер айлаққа қойылды, деп хабарлады жексенбі күні КҚК баспасөз қызметі.

Осылайша, қазіргі уақытта теңіз терминалында мұнай жөнелту екі айлақтық құрылғы арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр дейді консорциум.

🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍7❤3🤮2👏1
⚡️2026 жылғы 24 қаңтарда Стамбұл қаласының Шишли ауданында Өзбекстан азаматы әйелдің сүйегі табылған. Түрік басылымдарының жазуынша, қоқыс ақтарып жүрген жергілікті тұрғын контейнер ішінен басы жоқ адам сүйегін тауып алған.

Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығының хабарлауынша, түрік құқық қорғау органдары марқұмның кім екенін анықтаған.

Консулдық осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталғанын айтты. Олар Түркиядан Грузияға ұшаққа мініп кетіп қалмақ болған жерінен қамауға алынған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱15
🔴 Axios басылымы Украинадағы соғысты аяқтауға арналған АҚШ, Ресей және Украина делегацияларының үшжақты келіссөзінің келесі кездесуі 1 ақпанда Әбу-Дабиде өтуі мүмкін деп жазды. Басылым мұны аты-жөні аталмаған америкалық шенеуніктің айтқанына сүйеніп жазды. Бұған дейін 23-24 қаңтарда өткен келіссөздер — соғыс басталғалы бері осындай форматтағы алғашқы кездесу — жаңа раунд өткізу жөнінде уағдаластықпен аяқталғанын Батыс басылымдары, украиналық медиа мен Ресейдің ТАСС агенттігі де жазған.

Axios сөзін келтірген америкалық ресми тұлғалардың пікірінше, Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының Әбу-Дабидегі кездесуі келіссөздердің келесі кезеңіне өту жолындағы маңызды қадам болған. Басылым сөйлескен дереккөздердің бірі тараптар Ресей мен Украина президенттерінің кездесу ықтималдығы да талқылағанын айтып, "Путин мен Зеленскийдің кездесуіне өте жақын" қалғанын жеткізген. Оның сөзінше, келесі келіссөз раундының сәтті өтуі әлгіндей кездесудің алғышарты бола алады.

🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍5🤔4🔥2
❗️ Францияның EOS Technologie компаниясы Украинаға 500 шақырымға дейін қашыққа ұша алатын және әуеде бес сағатқа дейін қалықтуға қабілетті Rodeur 330 үлгісіндегі әскери дронның шағын партиясын жеткізген дейді France Presse агенттігі.

Өндіруші компания Rodeur 330 дронын екі оператор он минутқа жеткізбей құрастыра алады, ал аппарат бес сағатқа дейін әуеде қалықтап жүре алады дейді. Украиналық NV басылымы дрон жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жетеді және ол 5 мың метр биікке көтеріле алады деп жазды.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏23👍19🔥2❤1😱1🤬1🖕1😡1
❗Президентке Құрылтайды таратып, орган басшыларын тікелей тағайындау өкілеті ұсынылды

Конституциялық комиссияның екі отырысынан кейін әділет министрі Ерлан Сәрсембаев президенттің өкілетіне қатысты мынандай ұсыныстар жасады:

🔹Президент депутаттардың келісімімен вице-президентті, премьерді, Конституциялық соттың он судьясын, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін, Жоғарғы аудиторлық палатаның сегіз мүшесін сайлай алады. Депутаттар президенттің ұсынысын екі рет қабылдамаса, президент Құрылтайды тарата алады.

🔹Президент бас прокурорды, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, Ұлттық банктың, ҰҚК, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғарғы аудиторлық палатаның, Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын, мемлекеттік күзет қызметінің басшысын, адам құқығы жөніндегі уәкілді өзі тағайындай алады.

Бұл әзірге Конституциялық комиссияда айтылған ұсыныс.
🤡21🥱12🤔4🤬3💩3❤2
Бейбіт митингілерге шектеу қою ауқымын кеңейту ұсынылды

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссияның екінші отырысында бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсыныс айтылған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.

Жиын өткізуге қойылатын бұрыннан бар шектеулерге қосымша себептер ретінде конституциялық құрылымның негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау секілді жаңа негіздер қосылады. Депутаттың сөзінше, бұл өзгеріс жиналу еркіндігі мен мемлекет пен қоғам мүдделері арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға бағытталған.

🔹Қазіргі талап қандай?


Қазіргі Конституцияда бейбіт жиналыстарға тек мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулықты сақтау және өзге адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған.
💩27🤬8👎6✍1👍1👏1🏆1😡1
❗Адам құқығына қатысты қандай ұсыныстар айтылды?

🔹Конституциялық комиссия отырысында өмір сүру құқығын әр адамның абсолютті әрі ажырамас, туа біткен құқығы ретінде Конституцияда нақты жазуды, адамды заңсыз ұстаудан, зорлық-зомбылықтан, тінтуден және мәжбүрлеуден қорғау тетіктерін кеңейтуді ұсынды.

🔹Адам ұсталған сәтте оған құқықтары мен ұстау себептері міндетті түрде түсіндірілуі керек деген ұғымды негізгі заңға енгізу ұсынылды.

🔹Конституцияға адамның қадір-қасиетімен қатар оның абыройы, игі аты мен қоғамдық беделін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын кеңейтіп, дербес деректерді заңсыз жинау, сақтау және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологиялар арқылы қорғау нормаларын енгізу ұсынылды.

🔹Сөз еркіндігі өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамдық тәртіпке және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс деген талап қою ұсынылды. Зорлық-зомбылыққа, соғысқа және алауыздыққа үндеуге тыйым салу күшейтіледі.
🤔8👍5🤬3🔥1👏1🏆1
🔴 Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нипах вирусы қаупіне байланысты елдің барлық шекаралық өткізу бекетінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілгенін хабарлады.

Адамға аса қауіпті Нипах вирусы Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде тіркелген. Министрлік қазіргі сәтке Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру я инфекцияны сырттан әкелу дерегі тіркелмегенін, әйткенмен алдын алу шарасы ретінде Қазақстанға Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген жолаушыларға бақылау күшейтілгенін айтады.
Қолайсыз елдер тізімі эпидемиологиялық жағдайға қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Нипах вирусы адамға науқас кісіден, жануарлардан (жарқанат, шошқа), лас тағам мен сусын арқылы жұғды. Науқас адамның қызуы көтеріліп, басы ауырып, тұла бойын әлсіздік басып, ауыр түріне шалдықса, жүйке жүйесі зақымдалып, пневмония қоса асқынуы мүмкін деп ескертеді мамандар.

Нипах вирусына қарсы вакцина әлі табылған жоқ дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥2😁2❤1🤔1