Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🗣Алматыда блогер Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық соты басталайын деп жатыр

Алматы қалалық сотына блогердің туыстары, белсенділер, жақтастары жиналған.

🔸Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.

🔸Айыптау актісінде блогердің 2025 жылғы сәуірде Алматыдағы мекеменің кеңсесіне барып, "мекеме басшысымен жанжал барысында" "ұлт араздығын қасақана қоздыруға кіріскені" жазылған. Актіге сүйенсек, блогер мен мекеме басшысы арасында келіспеушілік тілге қатысты туындаған.

🔸Блогер өзіне тағылған айыптарға келіспей, апелляциялық шағым беретінін айтқан. Құқық қорғаушылар мен белсенділер Мирболат Мырзатайұлын босатуға шақырған.

Сурет: Алматы қалалық соты, 27 қаңтар 2026 жыл.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🙏8🤬2👍1
Azattyq - Азаттық
Алматы қалалық сотының маңында полиция көліктері де көрінеді. Жедел жәрдем көлігі де тұр.
Мирболат Мырзатайұлы сот залына әкелінбеді. Сот алқасы оны сотқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Айтуларынша, апелляциялық шағымды қорғаушылар жағы түсірген.

Бұған дейін қорғау жағы апелляциялық қаулы шықпай жатып, Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған еді.
😱20🔥4👎2🤬2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сот алқасы, прокурор мен Бишуиновтың қорғаушысы әрі әйелі Гүлшат Бишуинова бір залда. Адвокаттар сотқа онлайн қосылды. Ал блогердің жақтастарына арнайы екі зал бөлінген. Екі зал да лық толы. Мирболатты қолдауға тіл жанашырлары азаматтық белсенділер келді
❤20👍8🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Решт қаласындағы наразылықта қаза тапқандардың мәйіттерінің видеосы желіде тарап кетті. Қаңтардың басында Ирандағы билікке қарсы наразылықта биліктің күштері наразыларға оқ атқаны айтылады. Ал АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists in Iran ұйымы наразылықта 5800-ден аса адам қаза болды дейді.
😨15🤬7🕊4
АҚШ ұшақ тасығыш кемесі Таяу Шығысқа жетті. Иранға соққы жасала ма?

Таяу Шығысқа АҚШ әскерінің шоғырлануы Иранға соққы жасала ма деген сұрақты күшейтті. Вашингтон әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ дегенімен, сарапшылар жағдайдың ушығу ықтималдығы жоғары деп отыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
👍24🔥7❤4👎3🤔2🤬1
Azattyq - Азаттық
Мирболат Мырзатайұлының сотында бір сағатқа үзіліс жарияланып, жұрт сыртқа шықты. Сот алдында жақтастары “Мирболатқа бостандық!” деп айқайлады.
⚡Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Прокурор өз сөзінде блогер тілге қатысты “арандату сипатындағы сұрақтар қойып”, “тіл білмегені үшін” мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті деді. Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.
🤬30😡13😢3
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты.

Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
😁16🤔7
❗КҚК-ға шабуыл жайлы жазбалардан терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ

Украинаның Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуылын қолдаған қазақстандықтардың жазбаларында мемлекетке сатқындық пен терроризмге шақыру белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы 27 қаңтарда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Tengrinews сайтының жазуынша, Балаева мұны депутаттық сауалға жауап ретінде айтқан.

🔹Айдос Сарымның шағымы

2025 жылы 17 желтоқсанда депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігінен Каспий құбыр консорциумына шабуылдауға үгіттегендердің сөзіне "терроризмді насихаттау" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары аясында құқықтық баға беруге шақырған. Сарым депутаттық сауалында Қазақстан үшін аса маңызды инфрақұрылым нысанына шабуылды желіде ашық "қолдайтын және құптайтын жазбалар жарияланып жатыр, бұл ұлттық мүддеге соққы боп тиеді" деген.

Осыдан соң Астананың полиция департаменті "Әлеуметтік, ұлтаралық араздық қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.

🔹КҚК-ға жасалған шабуыл

29 қарашада Украина теңіз дрондарымен Ресейдің Қара теңіздегі танкерлері мен мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасаған. Осы кезде КҚК-ның портына да дрон түскен. Cалдарынан мұнай айдайтын үш құрылғының бірі істен шыққан. Бұл шабуылдан соң Қазақстан Украинаға қарсылық білдірген еді. Украина СІМ шабуыл Қазақстан немесе басқа үшінші елге бағытталмағанын, бар мақсаты – басқыншының әрекетін тежеу екенін айтқан.

КҚК мұнай құбырының ұзындығы – 1500 км. Бұл құбыр арқылы Еуропаға тасымалданатын мұнайдың 80 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Мысалы 2024 жылы КҚК арқылы 68,6 млн тонна мұнай экспорттаған, оның 55 млн тоннасы – Қазақстан өнімі.
👍17😁7❤5🕊2
Azattyq - Азаттық
❗Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты. Жақыпова бұл қызметке 2023 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.
❗Тоқаевтың жарлығымен Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ертаев 2024 жылдан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген.
🤔16💩5🖕3