Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сарым: 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент болады

"Тоқаевтың мерзімі нөлге теңестіріліп, қайта сайлануы мүмкін бе?" деген сұраққа мәжіліс депутаты Айдос Сарым "жоқ, ол [7 жылдық мерзім] өзгермеуі керек" деп жауап берді. Ол Тоқаевты "өз сөзіне берік" адам деп сипаттап, жеті жылдық президенттігі аяқталғаннан кейін қызметінен кетеді деді.

"Кеше ғана бірнеше журналист сұраған еді. Мен айттым, біздің президентіміз кейбір адамдар ойлағандай билікқұмар адам емес. Ол принципі бар, философиясы, ұстанымы бар адам. Сондықтан менің ойымша, 2029 жылы бізде Қазақстанда үшінші президент болады" деді Айдос Сарым.

Ол сөзінде Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер арасында да "президенттің өкілеті мен билігін күшейтуге бағытталған норма жоқ" деп сендіруге тырысты.
😁20💩13🤡12👍4👏4🤔2🤬2❤1
💬 Прокуратура ҚазТАГ-тың бас директорын үйқамаққа алу туралы өтінішін кері қайтарды

“Қазір полиция департаментінен шықтық. Әсет Матаев ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойды. Әрі қарайғы жоспар – өзіміз заңсыз әрі негізсіз деп санайтын 274 және 254-баптарымен қылмыстық қудалаумен күрес” деп жазды адвокат Елена Жигаленок әлеуметтік желіде.

Желтоқсан басында ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген.

Ақпарат агенттігі бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. ҚазТАГ басшылығы бұл қылмыстық істі сөз бостандығын шектеу әрекеті деп бағалаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤5🤔5👍2
🗣АҚШ конгрессмені Қазақстан билігін "Атажұрт" белсенділерін босатуға үндеді

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Джеймс Макговерн Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 мүшесін дереу босатуға үндеді. Ол мұны Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовқа жолдаған хатында мәлімдеді.

"Қазақстан үкіметін "Атажұрт" белсенділеріне қатысты қылмыстық айыптарды алып тастауға, осы іс аясында қамауда немесе үйқамақта отырған барлық адамдарды дереу босатуға, сондай-ақ Қазақстан заңдарының бейбіт пікір білдіруге немесе заңды адам құқықтарын қорғау қызметіне қарсы жазалау құралы ретінде пайдаланылмауын қамтамасыз етуге шақырамын" деді Массачусетс штатынан сайланған демократ Макговерн.

Джеймс Макговерн – өкілдер палатасындағы адам құқықтары жөніндегі комиссиясының тең төрағасы. Сондай-ақ ол Конгрестің Қытай жөніндегі комиссиясына мүше. Бұрын осы комиссияға жетекшілік еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍56🔥9❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапқаннан кейін жұмыстан босатылған полицейлер қыздың өліміне қатысымыз болмаса да қоғам қысымының құрбаны болдық деп мәлімдеді. Ал Нұрайдың туыстары күдікті бұған дейін қызды ұрлап әкетіп, аңдығанын, ол жөнінде полицияға берген арыздан еш нәтиже болмағанын айтады.
👍19🔥6🤔4
💬 Конституциялық комиссия: 77 бапқа түзету енгізілді, бұл – Конституция мәтінінің 84%-ы

Конституциялық реформа аясында ұсынылып жатқан түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтиды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов сәрсенбі күні конституциялық комиссияның отырысында осылай деп мәлімдеді.

“Ұсынылып отырған жаңартылған Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім мен 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды –“Халық кеңесі” және “Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу”.Тағы төрт бөлімнің аты өзгертілді. Тұтастай алғанда өзгертулер мен толықтырулар Ата заңымыздың барлық бөлімін қамтыды, 77 бапқа түзету енгізіледі, бұл Конституцияның 84 пайызы” деді ол.

Оның сөзінше, құжатта “азаматтар мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары” ескерілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14🥱5👍4🤔4🤡3😁2💩2
Тоқаев қазақстандық банк шетелге 7 трлн теңгені "заңсыз жібергенін" айтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" мәлімдеді. Бұл туралы Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында айтты.

"Жақында [Қаржылық мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды" деді Тоқаев.

Дегенмен Қазақстан президенті 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін айтпады.

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен бірге коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейту міндетін жүктеді.
💩17❤4😁3🤬3👏2😡2😢1
Ресей жолаушылар пойызына шабуыл жасады. Қаза тапқандар бар | Соғыс жаңалықтары

Украина мен Ресей соғысында жараланған және қаза тапқан сарбаздар саны 2 млн-ға жуықтады. | Ресей шабуылынан Харьков облысында жолаушылар пойызы бүлінді, қаза тапқандар бар. | АҚШ президенті Дональд Трамп екі тарап бейбіт келіссөзге бір табан жақындағанын айтты. | Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен жолығуға әзір.
😢17❤3🤔3
Үшінші президент, Конституцияны өзгерту, әнұран ауыстыру — AzatNEWS l 28.01.2026

Тоқаев келесі сайлауға қатыса ма? Мәжіліс депутаты маңызды мәлімдеме жасады. | Қазақстанның қазіргі Конституциясы 84 пайыз жаңарады, 77 бапқа өзгеріс енеді. | Былтыр ғана мемлекеттік туын өзгерткен Қырғызстанда енді әнұран ауыспақ.
🤮9👍6💩3❤1
Azattyq - Азаттық
Тоқаев қазақстандық банк шетелге 7 трлн теңгені "заңсыз жібергенін" айтады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" мәлімдеді. Бұл туралы Тоқаев…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗Тоқаевтың шетелге шығарылған 7 трлн теңге туралы сөзі Ақорда сайтынан, басқа да сайттардан алынып қалды.

🔹Не болды?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" жайлы сөзі Ақорда сайтынан алынып қалды.

Бұған қоса, қазақстандық сайттар да Тоқаевтың осы сөзі айтылған видеоларды, ақпараттарды алып тастағаны байқалды.

Ақорда және басқа да сайттар президенттің бұл сөзін неге алып тастағанын әзірге түсіндірмеді.

🔹Тоқаев не деп еді?

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында "Жақында [Қаржылық мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады" деген еді.

Тоқаев 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін, ақша қай елдерге шыққанын ашып айтпаған.
🤣40🤔14😁7💩4😡3👎2😱1
💬 Қонаевта көп қабатты тұрғын үйде газ жарылды

28 қаңтарда кешке Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, пәтердің бөлме арасындағы қабырғалары бүлінген.

Оқиғадан екі адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, тұрғын үй орталық газбен жабдықталған, алайда жарылыс болған пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢14👏3🤔1
Жаңаөзен ауруханасында дәрігер пышақ жарақатынан қаза болды

Оқиға 28 қаңтарда қаладағы медицина мекемелерінің бірінде болған. Мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерге тап беріп, пышақ ұрған. Соның салдарынан 29 жастағы ер адам өз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, жанжал “отбасы-тұрмыстық негізде” туындаған. Оқиғадан кейін күдікті қалалық полицияға өзі барған.

“Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.
😭20👎3
Руслан Желдібай президенттің көмекшісі және баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.
🤔14💩5👍4🔥3
Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылған.
👍17💩8❤4🤔3
🔴Өзбекстан фермерлері "жерімізді қытай инвесторларына беріп жатыр" дейді

Өзбекстан билігі жер беру процесі ерікті әрі толық заңға сәйкес жүзеге асырылады және ауылшаруашылық жерлері ешқандай қытайға, ешқандай шетелдікке, берілмейді дейді. Алайда Өзбекстанның шығысында мақта, көкөніс және жеміс өсірумен айналысатын фермерлердің Азаттықтың Өзбек қызметіне (Озодлиқ) айтуынша, жергілікті шенеуніктер түнде үйлеріне келіп қоқан-лоқы жасап, жерді тапсыруға мәжбүрлеген. Осы қысым кесірінен олар күнкөріс көзінен айырылған.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎22😱10🤬5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Grand Slam жарыстары қатарына енетін Australian Open жарысының жартылай финалына өтті. Мельбурнде болып жатқан жарыста қазақстандық теннисшілер Рыбакина мен Юлия Путинцеваның ойынымен қатар олардың Ресейден кеткені де сөз болып жатыр.
👍18🤮12👏2❤1
Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

Полиция күдіктіні ұстау кезінде қару қолданған.

“Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қастық ниетпен жәбірленушіні пышақпен жарақаттаған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды” деп хабарлады полиция.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқиғаны полицияға куәгерлер хабарлаған. Күдіктіні ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткеннен кейін полиция қызметкерлері табельдік қару қолданып, жарақаттаған. Ер адам медицина мекемесіне жеткізілген, ізінше қамауға алынды. Қазір тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны хабарланды.

Шымкентте осымен екінші қыз кісі қолынан қаза болып отыр. 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Желіде тараған видеода жас жігіттің, қызды пышақтап, қашып кеткені байқалады. Күдікті ұсталды, оның үстінен адам өлтіру бабымен іс қозғалған.
😢11👎3
🗣"Лукойл" өзінің шетелдегі активтерін америкалық Carlyle инвестициялық қорына сатады

Келісім аясына Қазақстандағы активтер кірмейді, олар ресейлік компанияның меншігінде қалмақ.

Келісімді АҚШ-тың шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы мақұлдауы керек.

Былтыр қарашада АҚШ санкцияға ұшыраған ресейлік компаниялар «Лукойл» мен «Роснефтке» Қазақстандағы Қарашығанақ, Теңіз кеніштері мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бойынша операциялар жүргізуге рұқсат берген.

Қазақстанда "Лукойл" компаниясы "Теңізшевройл" консорциумында - 5% үлеске, Қарашығанақ кен орнының операторында – 13,5%, Kalamkas-Khazar Operating-те 50% және "Әл-Фараби Operating-те" 49,99 пайыздық үлеске ие. Ресейлік компания сонымен қатар Хвалынск және Орталық кеніштерін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ортақ кәсіпорындар арқылы бірігіп игереді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎12❤4
❗️"Ешқайсына босқын мәртебесін бермеді". Мәскеу экстрадициялауды талап еткен ресейліктерге Астана қалай қарайды?

Ресей билігіне сын айтқан екі адам – шешен белсендісі Мансур Мовлаев пен бұрын Навальный штабында болған Юлия Емельянова былтырдан бері Алматының шетіндегі тергеу изоляторында отыр. Мәскеу оларды экстрадициялауды талап еткен. Қазақстандағы құқық қорғаушылар мен адвокаттар бұл екеуіне отанында зор қауіп төнуі мүмкін деп, оларды Ресейге бермеу үшін күресіп жатыр.

Саяси себеппен баспана сұраған ресейліктерге Қазақстан қалай қарайды?

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12🤷‍♂6👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екібастұз қаласындағы №22 ықшамауданның халқы бірнеше жыл бойы орталық жылу жүйесіне қосылуды сұрап келеді. Әкімдік дәл қазір ондай мүмкіндік жоғын айтады.
😡25❤1🔥1
⚡Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (әлемнің 5-ракеткасы) Australian Open жарысының финалына шықты. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы (6) жеңді.

Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнайды. Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысының финалына екінші рет шықты. 2023 жылғы финалда Соболенкоға екі сетте есе жіберген.

Жалпы Рыбакина Grand Slam жарыстарының финалына үшінші рет шығып отыр. 2022 жылы Англиядағы Wimbledon жарысында жеңімпаз атанған еді.

Рыбакина Australian Open жарысының финалына шыққанының арқасында, финалдың нәтижесіне қарамастан келесі аптадан бастап әлемдік рейтингіде 5-орыннан 3-орынға көтеріледі.

Ресейде туған Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Оны Қазақстан құрамасына миллионер Болат Өтемұратов басқаратын Қазақстан теннис федерациясы шақырған еді. Рыбакина "карьерасында қаржылық қиындықтар болған кезде Қазақстан көмектесті" деп алғыс айтқан.
👍16🔥7🤡5❤3