This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Grand Slam жарыстары қатарына енетін Australian Open жарысының жартылай финалына өтті. Мельбурнде болып жатқан жарыста қазақстандық теннисшілер Рыбакина мен Юлия Путинцеваның ойынымен қатар олардың Ресейден кеткені де сөз болып жатыр.
👍18🤮12👏2❤1
Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан көз жұмды
Полиция күдіктіні ұстау кезінде қару қолданған.
“Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қастық ниетпен жәбірленушіні пышақпен жарақаттаған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды” деп хабарлады полиция.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқиғаны полицияға куәгерлер хабарлаған. Күдіктіні ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткеннен кейін полиция қызметкерлері табельдік қару қолданып, жарақаттаған. Ер адам медицина мекемесіне жеткізілген, ізінше қамауға алынды. Қазір тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны хабарланды.
Шымкентте осымен екінші қыз кісі қолынан қаза болып отыр. 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза болды. Желіде тараған видеода жас жігіттің, қызды пышақтап, қашып кеткені байқалады. Күдікті ұсталды, оның үстінен адам өлтіру бабымен іс қозғалған.

😢11👎3
Келісім аясына Қазақстандағы активтер кірмейді, олар ресейлік компанияның меншігінде қалмақ.
Келісімді АҚШ-тың шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы мақұлдауы керек.
Былтыр қарашада АҚШ санкцияға ұшыраған ресейлік компаниялар «Лукойл» мен «Роснефтке» Қазақстандағы Қарашығанақ, Теңіз кеніштері мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бойынша операциялар жүргізуге рұқсат берген.
Қазақстанда "Лукойл" компаниясы "Теңізшевройл" консорциумында - 5% үлеске, Қарашығанақ кен орнының операторында – 13,5%, Kalamkas-Khazar Operating-те 50% және "Әл-Фараби Operating-те" 49,99 пайыздық үлеске ие. Ресейлік компания сонымен қатар Хвалынск және Орталық кеніштерін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ортақ кәсіпорындар арқылы бірігіп игереді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎12❤4
Ресей билігіне сын айтқан екі адам – шешен белсендісі Мансур Мовлаев пен бұрын Навальный штабында болған Юлия Емельянова былтырдан бері Алматының шетіндегі тергеу изоляторында отыр. Мәскеу оларды экстрадициялауды талап еткен. Қазақстандағы құқық қорғаушылар мен адвокаттар бұл екеуіне отанында зор қауіп төнуі мүмкін деп, оларды Ресейге бермеу үшін күресіп жатыр.
Саяси себеппен баспана сұраған ресейліктерге Қазақстан қалай қарайды?
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12🤷♂6👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екібастұз қаласындағы №22 ықшамауданның халқы бірнеше жыл бойы орталық жылу жүйесіне қосылуды сұрап келеді. Әкімдік дәл қазір ондай мүмкіндік жоғын айтады.
😡25❤1🔥1
⚡Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (әлемнің 5-ракеткасы) Australian Open жарысының финалына шықты. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы (6) жеңді.
Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнайды. Қазақстан теннисшісі Australian Open жарысының финалына екінші рет шықты. 2023 жылғы финалда Соболенкоға екі сетте есе жіберген.
Жалпы Рыбакина Grand Slam жарыстарының финалына үшінші рет шығып отыр. 2022 жылы Англиядағы Wimbledon жарысында жеңімпаз атанған еді.
Рыбакина Australian Open жарысының финалына шыққанының арқасында, финалдың нәтижесіне қарамастан келесі аптадан бастап әлемдік рейтингіде 5-орыннан 3-орынға көтеріледі.
Ресейде туған Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Оны Қазақстан құрамасына миллионер Болат Өтемұратов басқаратын Қазақстан теннис федерациясы шақырған еді. Рыбакина "карьерасында қаржылық қиындықтар болған кезде Қазақстан көмектесті" деп алғыс айтқан.

👍16🔥7🤡5❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥13👍5🤔3
⚡Жаңа Конституцияға өлім жазасына тыйым салу нормасын енгізу ұсынылды
Қазақстанда өлім жазасына тыйым салуды және адамның өмір сүруге деген құқығын жаңа Конституцияға енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс 29 қаңтарда Конституциялық комиссияның отырысында айтылды.
Бұл ұсынысты жасаған депутат, комиссия мүшесі Сергей Пономарёв "адамның өмір сүруге құқығы – жоғарғы құндылық, құқық пен еркіндің іргетасы" деді.
Депутаттың бұл ұсынысын адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қолдап, өмір сүруге құқықты Конституцияға бекіту керек деп мәлімдеді.
"Өмір сүру құқығы – әр адамның ажырамас әрі абсолютті хақысы. Ешкім адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ" деген норманы бекітуді ұсынамын. Тағы бір маңыздысы "Өлім жазасына тыйым салынады" деген норма, - деді Ластаев.
2003 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына мораторий жариялаған. Ал 2021 жылы қазіргі президенті өлім жазасына тыйым салатын заңға қол қойды.

👎29👍5💩5❤1🔥1
❗Қазақстанда жаңа Конституция қабылдауды ұсынды
Қазақстанда мүлде жаңа Конституция қабылдау ұсынылды. Бұл ұсыныс 29 қаңтарда Астанада конституциялық комиссияның бесінші отырысында айтылды.
🔹Республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы Мәди Мырзағараев "Өзгерістердің ішінде Конституцияның концепциясын көбірек өзгертетін маңызды бастамалар аз емес. Мұның бәрі - қазіргі қоғам мен уақыттың талабы. Сондықтан конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарастыру керек деп санаймын" деді.
🔹Мәжіліс депутаты Дания Еспаева "қазір талқыланып жатқан реформалар Конституцияға әдеттегідей түзету енгізуден де артық. Қазір біздің алдымызда елдің негізгі заңын өзгерту мен толықтырудан да үлкен іс тұр" дейді.
🔹Ал Айдос Сарым "кешегі отырыста өзгеріс 77 бапты қамтитыны айтылды, бұл дегеніміз негізгі заңның 80 пайызы деген сөз. Сондықтан, жеке өзім және басқа да әріптестерім жаңа Конституция ұабылдау мәселесін көтеруді дұрыс деп санайды" деп мәлімдеді.
Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы қабылданған. Бірақ бұл Конституция бірнеше рет өзгерген еді.

👎23🤡6💩5❤1👍1🔥1
Azattyq - Азаттық
❗Тоқаевтың шетелге шығарылған 7 трлн теңге туралы сөзі Ақорда сайтынан, басқа да сайттардан алынып қалды. 🔹Не болды? Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны…
Қазақстандағы бірнеше банк шетелге "7 трлн теңге жөнелтпегендерін" мәлімдеді
🔹Қай банктер?
Қазақстандағы "Халық банк", "Алтын банк", "Отбасы банк", "Хоум кредит банк", "Еуразиялық банк", Alatau City Bank, Bank RBK, ForteBank, "Центр Кредит банк", "Нұрбанк" және "Фридом банк" шетелге "7 трлн теңге жібермегендерін" мәлімдеді. Бұл туралы банктерге сілтеп, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Мәселен, "Отбасы банктың" баспасөз қызметі "бұл біздің банк емес" деген. Alatau City Bank "бұл ақпараттың өзге қатысы жоқ" деді.
🔹7 трлн теңге жайлы ақпарат қайдан шықты?
Кеше, 28 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" айтқан.
"Жақында [Қаржылық мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады" деген еді.
Тоқаев 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін, ақша қай елдерге шыққанын ашып айтпаған.
Сол күні кешкісін Ақорда сайтынан, елдегі ақпарат агенттіктерден, сайттардан Тоқаевтың 7 трлн теңге туралы сөзі алынып тасталған. Ақорда да, сайттар да ақпарат неге алынғанына түсінік берген жоқ.

😁17🤡12🔥3👎2🤣2🤨2👻2❤1🤬1
⚡АҚШ президенті Трамп Ресей президенті Путиннен Украина қалаларын бір апта атқыламауды сұрағанын айтты.
"Путиннен Киев пен Украинаның басқа қалаларын бір апта шабуылдамауды сқрадым. Ол бұған келісті" деді Трамп Ақ үйдегі министрлермен жиналыста.
Бұған қоса, Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөзде "үлкен прогресс бар" деп мәлімдеді.

👍20😁7🙏3❤1🤔1
⚡Қазақстан теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Australian Open жарысының жасөспірімдер арасындағы турнирінде жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда Кай Томпсонды (Гонконг) үш сетте жеңді - 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.
Ойын үш сағаттай уақытқа созылды. Үшінші сетте Нұрланұлының аяғының бұлшық еті құрысып, медициналық көмек алуға мәжбүр болды. Дегенмен бұған қарамастан ойынды өз пайдасына шешті.
«Жарыс басында жартылай финалға жету мақсат болған, енді турнирді алуым керек. Себебі US Open жарысында жартылай финалдың дәмін таттым, енді нәтижемді жақсарқым келеді» деді ойыннан соң ол.
17 жастағы теннисші былтыр US Open жарысының жасөспірімдер турнирінде де жартылай финалға дейін жеткен.
🎾Australian Open жарысында үш қазақстандық теннисші қалды. Заңғардан бөлек әйелдер арасында Елена Рыбакина финалда Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі. Ал Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен әйелдер арасындағы жұптық сынның финалынды ойнайды. Үшеуінің де ойыны сенбі, 31 қаңтарда болады.

👍36🔥7❤5🤝2
Өскеменде ауа сапасы нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары 30 қаңтардан бастап қашықтан оқуға көшірілді. Қалада үш күннен бері "екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай" сақталып тұр. Жергілікті білім басқармасы мұндай шешім балалардың денсаулығына қатер төндірмеу мақсатында қабылданғанын хабарлады.
"Қазгидромет" дерегінше, 29 қаңтарда қалада ауадағы көміртегі тотығы (2,023 есе) және күкіртсутек (1,625 есе) шамадан асып кеткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19😱4👎3
ЕО құжатында тізімдегі адамдардың Ресей билігінің “әрекеті мен саясатын қолдап, содан пайда тапқаны” және бұл Еуроодақ пен Украинадағы “демократия, заң үстемдігі, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретіні” жазылған. Мәселе “ақпаратты бұрмалау” мен соғысты қолдау жөнінде болып отыр дейді Еуроодақ билігі.
Құжатта мысалы, Екатерина Андрееваның Украинаға қарсы соғыс туралы дезинформация таратып, соғысты тұрақты түрде насихаттап жүргені жазылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🔥5