Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жиын өтпей қалды, спикерлердің бірі ұсталды

4 ақпанда Алматыда Адам құқығын қорғау бюросында өтуі тиіс болған жаңа Конституция жобасына қатысты баспасөз мәслихаты өтпей қалды. Оған қатысушылардың бірі Жарқын Күрентаевты полиция ұстап, “әңгіме жүргізуге” алып кетті деп хабарлады құқық қорғаушы Андрей Гришин.

Қазір Күрентаевтың нөмірі сөндірулі тұр.

Азаттық Алматы полициясынан жауап алуға тырысып жатыр.
🤬35🤡4❤1😁1
Azattyq - Азаттық
Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жиын өтпей қалды, спикерлердің бірі ұсталды 4 ақпанда Алматыда Адам құқығын қорғау бюросында өтуі тиіс болған жаңа Конституция жобасына қатысты баспасөз мәслихаты өтпей қалды. Оған қатысушылардың бірі Жарқын Күрентаевты…
Алматыда спикерлердің бірі ұсталғанына қарамастан жаңа Конституция жобасына қатысты жиын өтіп жатыр.

Қатысушылар жобадағы 9-бап 2-тармақты алып тастасын немесе өзгертсін деген талап айтты.

2-тармақта "мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады' деп жазылған
👍72❤7👎3🔥2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституцияда билік тармақтарының арақатынасы қалай өзгереді? Қазіргі Конституция мен ұсынылған жаңа жобаны салыстырып көрейік.
👍20👎6😁4
🗣Конституция жобасына қатысты пікір айтқан журналистер Дина Елгезек пен Жалғас Ертай үйлеріне полиция келгенін хабарлады.

“Үйге полиция келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді мыс. Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау - Отаным алдындағы перзенттік парызым!” деп жазды Дина Елгезек желідегі парақшасында.

Жалғас Ертайдың айтуынша, полиция одан желіде жобаға қатысты айтқан жазбасын өшіруді талап еткен. Ол одан бас тартқан.

Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін айтқан еді.

Қоғамда әсіресе, жобадағы 9-бап 2-тармақты алып тастауды немесе өзгертуді талап еткендер көп. 2-тармақта "мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады' деп жазылған.

Бұл бап қазіргі Конституцияда да бар. Белсенділер осы бапты өзгертіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің ахуалын жақсартатын сәт баяғыда жетті дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬37👎5❤3💩3🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қатты аяз бен Ресейдің үздіксіз шабуылдарына қарамастан, Одессада бір диджей атқан күнді Қара теңіз жағасында қарсы алып, жылу мен жарықсыз қалған жұртты қолдап сет орындады. Оны қала тұрғындары қолдап, билеп, бір жылынып алды.
❤31👏12🙏1💔1
Ұсталған белсенді, тіл дауы, академиктің сыны – AzatNEWS| 04.02.2026

Конституциядағы тіл бабына қатысты Алматыда жиын өткізбек болған қоғам белсендісін полиция ұстады. | Жобада «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деген 9-баптың 2-тармағы жөнінде партиялардың ұстанымы қандай? | Жаңа жобаны қолдау акциясын билік қолдан ұйымдастырып отыр ма?
👎36❤4🔥2🤯1
💬 Рубио: Украина мәселесі бойынша қайшылық кеміді, бірақ әлі де шешілмеген мәселелер бар

4 ақпанда Әбу-Дабиде Ресей-Украина соғысын аяқтау бойынша келіссөздің кезекті кезеңі өтті. Оған Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысты. Кездесу шамамен 5 сағатқа созылды және жабық режимде болды. Тараптар келіссөзді 5 ақпанда да жалғастырмақ.

Ресей-Украина соғысын аяқтау бойынша келіссөзде шешілмеген сұрақтар саны едәуір қысқарды, бірақ күрмеуі қиын "ең күрделілері" әлі шешімін тапқан жоқ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөзден кейін осылай деп мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤔4🔥2❤1
🗣Ермек Нарымбаев екі айға қамалды

Астананың тергеу соты “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) белсенді Ермек Нарымбаевты екі айға қамады. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда болады. Бұл жөнінде адвокаты Василий Садықов Азаттыққа хабарлады.

– Ермек Нарымбаев қызына, немерелеріне бару үшін 1 ақпанда Алматыдан Бішкекке ұшқан. 3 ақпанда күндізгі сағат 12-де Қырғызстанның ішкі істер полковнигі және подполковнигі оны ұстады. Одан кейін оны қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетіне алып келіп, сол жерде Қазақстан жағына тапсырды. Қордайдан Балқаш одан әрі Қарағанды арқылы Астанаға жеткізді. 4 ақпанда ол Астанада болды. Кеше түнгі сағат бірге дейін отырдық. Тергеу болды. Сот оны екі айға қамады, – деді адвокат Василий Садықов.

Адвокат бұдан басқа ақпаратты айта алмайтынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤬4❤1
🔴Билік ұсынған жаңа Конституция жобасын қолдау мен сын

Қазақстан Конституциясына ауқымды өзгерістер енгізуді жұрт әлеуметтік желіде қызу талқылап, үкімет жариялаған жобаны сынға алған пікір жиілеген тұста, оны қолдап сөйлегендер саны да арта түсті. Қолдағандардың кейбірі бір-бірінің мәтінін айна-қатесіз көшірсе, енді бірі жасанды интеллект көмегімен жазғанын сол қалпында желіге жариялады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔16🔥5💩3❤1👎1🤬1
🗣Семейде белсенді Нұржан Сембаев ұсталды

Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" тобы хабарлады.

Белсенді Елдос Досановтың Азаттыққа айтуынша, Нұржан Сембаевты 3 ақпанда арнайы жасақ жұмыс істеп жатқан жерінен алып кеткен.

"Таныс жігіттің цехында жұмыс істеп жатқан екен. Арнайы жасақ жүгіріп келіп, арасында полицейлер бар дейді, қолын қайырып, ұстап алып кеткен. Не үшін ұстағанын түсіндермеген. Мемлекет тағайындаған адвокат хабарласып, "405-бап ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") бойынша ұстады"деп айтты" деді Елдос Досанов 5 ақпанда.


Сурет: "Белсенділер экстремист емес" тобы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21🤔3👎2
🚕Yandex прокуратураға жүргізушілердің табысы жайлы ақпарат беріп отырмақ

Алматы қалалық прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және бала құқығын қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, Yandex Qazaqstan өзге мәліметтермен қатар жүргізушілердің кірісі жайлы да ақпарат беріп отырмақ
👎22💩6👍4❤2🤣2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Желіде түрлі пікір жазылып, Конституция жобасының айналасында дау-дамай жүріп жатқанда Азаттық алматылықтардың пікірін сұрады.
👎14🔥4💯2
🗣Сот Айдар Сыздықовтың түрмеден ерте босап шығу туралы өтінішін орындамады

"Мекеме өкілдерінен "оң мінездеме" жоғы айтылды. Оны жібергісі келмей отырған сияқты. Не үшін жібергісі келмей отырғанын барлықтарыңыз біліп тұрған боларсыздар. Сот қаулысы әлі қолымызға тиген жоқ" деді Мейіржан Досқараев Азаттыққа.

Былтыр да сот белсендінің "түзелмегенін", "теріс қимыл-әрекеттері барын" алға тартып, өтінішін орындамаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13
📹"Мәнерлеп сырғанауды бұқаралық спортқа айналдыру – мақсатымыз"

Астанада кейінгі уақытта мәнерлеп сырғанау спортына қызығушылық артып келеді. Қымбат әрі элиталы спортпен денсаулығы, жан рахаты үшін айналысып жүргендер де, кәсіби шұғылданатындар да бар. Бұған Денис Тен жеңісінің эффектісі әсер етті ме? Мәнерлеп сырғанауға қызығушылыққа не түрткі болды? Азаттық Миландағы қысқы олимпиада қарсаңында Астанадағы мәнерлеп сырғанау мектебінің бапкерімен бұл спорттың дамуы жайлы сөйлесті.

🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤4
Алматы облысында бір үйдің төрт адамы өлі күйде табылды

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы қаза болды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар. Бұл жөнінде Qonaev TV хабарлады.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, отбасы мүшелері ыстан уланып, мерт болуы мүмкін.

Отбасы ауылдан қашық жердегі қыстауда тұрған. Туыстары екі күн бойы оларға хабарласа алмай, ізінше үйіне барғанда төрт адамның мерт болғанын көрген. Осылайша полицияға хабар берген.
😱18😢11❤3
"Холодомор". Аязда тоңған украиндар | Репортаж

Ресей әскерінің жаппай шабуылынан кейін Киевтегі ахуал әлі де күрделі. Энергетиктер күшейтілген режимге көшіп, күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр бөлігінде жылжымалы бекеттер қойылған. Жұрт жылынып, ыстық тамақ іше алады. Сондай орынның бірі – Мызғымастық вагондары.
🙏23🤬4❤1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында тіл мәселесі айтылғанмен қоғамда қызу талқыланып жатқан 9-бапқа қатысты дау айтылмады. Негізінен бұрынғы Конституция тілінің күрделі жазылғаны, калька көп болғаны сөз болды. Айтуларынша, қазіргі нұсқада Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеген.

“Конституциялық комиссия құрылған кезде «оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата Заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосып жатыр” деді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Ол қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек деді. "Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады" деді.
🤮19😁9💩4❤2🤣2