Azattyq - Азаттық
Саясаттанушы Дос Көшім жоба халықпен талқыланып, дайындалған жоқ деді. Спикерлердің бірінің ұсталуына билікті кінәлап, осындай шара өткізгенімізге қарсы болып отыр деді
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Мұндай маңызды өзгеріс үш кезеңнен өтуі керек. Алғашқы кезеңін көрген жоқпыз" деді Дос Көшім.
👍45❤10🔥3😁3💯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституцияда билік тармақтарының арақатынасы қалай өзгереді? Қазіргі Конституция мен ұсынылған жаңа жобаны салыстырып көрейік.
👍20👎6😁4
“Үйге полиция келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді мыс. Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау - Отаным алдындағы перзенттік парызым!” деп жазды Дина Елгезек желідегі парақшасында.
Жалғас Ертайдың айтуынша, полиция одан желіде жобаға қатысты айтқан жазбасын өшіруді талап еткен. Ол одан бас тартқан.
Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін айтқан еді.
Қоғамда әсіресе, жобадағы 9-бап 2-тармақты алып тастауды немесе өзгертуді талап еткендер көп. 2-тармақта "мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады' деп жазылған.
Бұл бап қазіргі Конституцияда да бар. Белсенділер осы бапты өзгертіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің ахуалын жақсартатын сәт баяғыда жетті дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬37👎5❤3💩3🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қатты аяз бен Ресейдің үздіксіз шабуылдарына қарамастан, Одессада бір диджей атқан күнді Қара теңіз жағасында қарсы алып, жылу мен жарықсыз қалған жұртты қолдап сет орындады. Оны қала тұрғындары қолдап, билеп, бір жылынып алды.
❤31👏12🙏1💔1
Ұсталған белсенді, тіл дауы, академиктің сыны – AzatNEWS| 04.02.2026
Конституциядағы тіл бабына қатысты Алматыда жиын өткізбек болған қоғам белсендісін полиция ұстады. | Жобада «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деген 9-баптың 2-тармағы жөнінде партиялардың ұстанымы қандай? | Жаңа жобаны қолдау акциясын билік қолдан ұйымдастырып отыр ма?

👎36❤4🔥2🤯1
4 ақпанда Әбу-Дабиде Ресей-Украина соғысын аяқтау бойынша келіссөздің кезекті кезеңі өтті. Оған Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысты. Кездесу шамамен 5 сағатқа созылды және жабық режимде болды. Тараптар келіссөзді 5 ақпанда да жалғастырмақ.
Ресей-Украина соғысын аяқтау бойынша келіссөзде шешілмеген сұрақтар саны едәуір қысқарды, бірақ күрмеуі қиын "ең күрделілері" әлі шешімін тапқан жоқ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөзден кейін осылай деп мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤔4🔥2❤1
Астананың тергеу соты “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) белсенді Ермек Нарымбаевты екі айға қамады. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда болады. Бұл жөнінде адвокаты Василий Садықов Азаттыққа хабарлады.
– Ермек Нарымбаев қызына, немерелеріне бару үшін 1 ақпанда Алматыдан Бішкекке ұшқан. 3 ақпанда күндізгі сағат 12-де Қырғызстанның ішкі істер полковнигі және подполковнигі оны ұстады. Одан кейін оны қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетіне алып келіп, сол жерде Қазақстан жағына тапсырды. Қордайдан Балқаш одан әрі Қарағанды арқылы Астанаға жеткізді. 4 ақпанда ол Астанада болды. Кеше түнгі сағат бірге дейін отырдық. Тергеу болды. Сот оны екі айға қамады, – деді адвокат Василий Садықов.
Адвокат бұдан басқа ақпаратты айта алмайтынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤬4❤1
Қазақстан Конституциясына ауқымды өзгерістер енгізуді жұрт әлеуметтік желіде қызу талқылап, үкімет жариялаған жобаны сынға алған пікір жиілеген тұста, оны қолдап сөйлегендер саны да арта түсті. Қолдағандардың кейбірі бір-бірінің мәтінін айна-қатесіз көшірсе, енді бірі жасанды интеллект көмегімен жазғанын сол қалпында желіге жариялады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔16🔥5💩3❤1👎1🤬1
Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" тобы хабарлады.
Белсенді Елдос Досановтың Азаттыққа айтуынша, Нұржан Сембаевты 3 ақпанда арнайы жасақ жұмыс істеп жатқан жерінен алып кеткен.
"Таныс жігіттің цехында жұмыс істеп жатқан екен. Арнайы жасақ жүгіріп келіп, арасында полицейлер бар дейді, қолын қайырып, ұстап алып кеткен. Не үшін ұстағанын түсіндермеген. Мемлекет тағайындаған адвокат хабарласып, "405-бап ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") бойынша ұстады"деп айтты" деді Елдос Досанов 5 ақпанда.
Сурет: "Белсенділер экстремист емес" тобы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21🤔3👎2
🚕Yandex прокуратураға жүргізушілердің табысы жайлы ақпарат беріп отырмақ
Алматы қалалық прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және бала құқығын қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, Yandex Qazaqstan өзге мәліметтермен қатар жүргізушілердің кірісі жайлы да ақпарат беріп отырмақ

👎22💩6👍4❤2🤣2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Желіде түрлі пікір жазылып, Конституция жобасының айналасында дау-дамай жүріп жатқанда Азаттық алматылықтардың пікірін сұрады.
👎14🔥4💯2
"Мекеме өкілдерінен "оң мінездеме" жоғы айтылды. Оны жібергісі келмей отырған сияқты. Не үшін жібергісі келмей отырғанын барлықтарыңыз біліп тұрған боларсыздар. Сот қаулысы әлі қолымызға тиген жоқ" деді Мейіржан Досқараев Азаттыққа.
Былтыр да сот белсендінің "түзелмегенін", "теріс қимыл-әрекеттері барын" алға тартып, өтінішін орындамаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13
Астанада кейінгі уақытта мәнерлеп сырғанау спортына қызығушылық артып келеді. Қымбат әрі элиталы спортпен денсаулығы, жан рахаты үшін айналысып жүргендер де, кәсіби шұғылданатындар да бар. Бұған Денис Тен жеңісінің эффектісі әсер етті ме? Мәнерлеп сырғанауға қызығушылыққа не түрткі болды? Азаттық Миландағы қысқы олимпиада қарсаңында Астанадағы мәнерлеп сырғанау мектебінің бапкерімен бұл спорттың дамуы жайлы сөйлесті.
🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤4
Алматы облысында бір үйдің төрт адамы өлі күйде табылды
Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы қаза болды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар. Бұл жөнінде Qonaev TV хабарлады.
Әзірге толық емес мәлімет бойынша, отбасы мүшелері ыстан уланып, мерт болуы мүмкін.
Отбасы ауылдан қашық жердегі қыстауда тұрған. Туыстары екі күн бойы оларға хабарласа алмай, ізінше үйіне барғанда төрт адамның мерт болғанын көрген. Осылайша полицияға хабар берген.

😱18😢11❤3
"Холодомор". Аязда тоңған украиндар | Репортаж
Ресей әскерінің жаппай шабуылынан кейін Киевтегі ахуал әлі де күрделі. Энергетиктер күшейтілген режимге көшіп, күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр бөлігінде жылжымалы бекеттер қойылған. Жұрт жылынып, ыстық тамақ іше алады. Сондай орынның бірі – Мызғымастық вагондары.

🙏23🤬4❤1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында тіл мәселесі айтылғанмен қоғамда қызу талқыланып жатқан 9-бапқа қатысты дау айтылмады. Негізінен бұрынғы Конституция тілінің күрделі жазылғаны, калька көп болғаны сөз болды. Айтуларынша, қазіргі нұсқада Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеген.
Ол қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек деді. "Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады" деді.
“Конституциялық комиссия құрылған кезде «оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата Заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосып жатыр” деді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Ол қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек деді. "Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады" деді.
🤮19😁9💩4❤2🤣2
Қазақстан Пәкістанмен сауда көлемін 1 млрд долларға ұлғайтпақ
Қазақстан Пәкістанмен арадағы сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадқа мемлекеттік сапары кезінде мәлім етті.
Тоқаевтың сөзінше, әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ Қазақстан Пәкістанның транзит әлеуетіне көп мән береді. Сондықтан ол Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз кезінде бұл елдің Карачи және Гвадар порттарының мүмкіндігін пайдалану жайын да сөз еткен.

🤔10👎6👍5💩4😁1
❗Қысқы Азиада аяқ-асты неге Алматыда өтпек?
2029 жылғы қысқы Азиада Алматыда өтетін болды. Бұл жарыс Сауд Арабиясының жаңадан салынып жатқан Неом қаласында өтуі керек еді. Бірақ қаңтарда Сауд Арабиясы қысқы Азиаданы өткізе алмайтынын мәлімдеді. Ал 5 ақпанда Миланда ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Азия олимпиада комитеті (АОК) басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Азиаданы өткізу туралы құжатқа қол қойды.
🔹Азиада өткізетін ел табу қиын
АОК үшін Қысқы Азия ойындарын өткізетін ел я қала табу кейінгі кезде қиынға айналды. 1986 жылдан 2011 жылға дейін Қысқы Азияда тек Жапония (үш рет), Қытай (екі рет) және Оңтүстік Кореяда (бір рет) өтіп келген. Ал 2011 жылғы Азиаданы Астана мен Алматы қабылдаған.
Азия құрлығында қысқы Азия ойындарын өткізуге табиғат мүмкіндік беретін ел аз. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстаннан басқа елдерде қысқы жарыс өткізетін инфраструктура, база жоқ.
🔹Алматыға Азиада керек пе?
Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы Алматыда инфрақұрылым болғанымен, елде экономикалық жағдай қиындап бара жатқанда Азиада өткізудің қажеті жоқ деп санайды.
- Алматыда 2011 жылғы қысқы Азиада мен 2017 жылғы қысқы универсиададан қалған инфраструктура, спорт кешендері бар. Бірақ дәл қазіргі экономикалық жағдайда Азиада өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл жарысқа деп бюджеттен көп ақша бөлінеді, жұмыс тобы құрылады. Ал елде бюджет тапшылығы бар, салық өсіп, азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан Қазақстан Азиада қабылдайтын жағдайда емес деп санаймын, - дейді ол Азаттыққа.
Ал ҰОК басшысы Головкин Миландағы рәсімде Азиаданы өткізу Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің жаңа серпін береді деп мәлімдеді.
«Азия ойындарын, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді» деді ол.

🤔11👍7👎5💩5🔥3❤2
Белсенділерді қамау, Конституция жобасын сынау, "Атажұрт" соты — AzatNEWS l 05.02.2026
🔹 Қазақстанда жаңа Конституция жобасы талқыланып жатқан тұста белсенділер қамала бастады.
🔹 Талдықорғанда тіркелмеген "Атажұрт"ұйымының белсенділеріне қатысты сот жалғасты.
🔹 Тәжікстанда тұрғындар қажылыққа жинаған қаражатын үкіметке берген.

👎10👍9🤬3🔥2❤1
Ресей тұтқынынан босап шыққандар арасында Украина қарулы күштерінің 150 әскери қызметшісі және 7 азаматтық тұлға бар. Олардың көбі Мариупольді қорғау кезінде басқыншылар қолына түскен.
"Бүгін бостандыққа шыққан 139 украин азаматы 2022 жылдан бері Ресей тұтқынында болды. Ең жас қорғаушы 23 жаста. Ол 19 жасында Мариупольді қорғау кезінде тұтқынға түскен. Ресей соты жас жігітті "өмір бойына қамау" туралы заңсыз үкім шығарған. Тұтқыннан бүгін босап шыққандардың ең үлкені – 63 жаста",
– деп хабарлады бейсенбі күні Украина тарапы.
Ресейлік ТАСС агенттігі Украина тұтқынынан босап, елге қайтарылған ресейліктер арасында Курск облысының үш тұрғыны бар деп жазды.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍3🙏2