Заң жобасына сәйкес, егер фильм мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға үндейтін, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословие я ру айырмашылығына байланысты алауыздық қоздыратын, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, порнография, сондай-ақ "дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды" және педофилияны насихаттайтын белгілер болса, прокат куәлігі берілмейді.
"Дәстүрлі емес жыныстық қатынастар" мен педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы норма былтыр желтоқсанда қабылданған басқа заңға енгізілген және ол биыл наурызда күшіне енеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🤔7❤3😁3👏1
Құқықтық медиа орталығы үкіметтік емес ұйымы бұл өтінішті елдегі журналистер қауымдастығы атынан жасап отырғанын айтқан.
Қазақстан Конституциясының 20-бабында елде сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілетіні, цензураға тыйым салынатыны және әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екені жазылған.
Құқықтық медиа орталығы Конституциядағы осы норма құқықтық тұрғыдан дәл, қысқа әрі негізгі заңның бостандықтар мен кепілдіктерді бекітетін құжат ретіндегі табиғатына сай келеді дейді. Ұйым өкілдерінің пікірінше, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі деген тұжырым артық түсіндірулерді қажет етпейді және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабына сәйкес келеді.
Үкімет жақында жариялаған жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған 23-бап керісінше, Конституция деңгейіне салалық құқықтық реттеуге тән егжей-тегжейлі нормаларды енгізеді. Атап айтқанда, шығармашылық түрлерін тізбелеп, зияткерлік меншікке қатысты ережелерді және азаматтық пен қылмыстық заңда бұрыннан бар нормаларды қайталайды, дейді ұйым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥5❤4🤪3
Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалайтын Роскомнадзор мекемесі қазақстандық ҚазТАГ агенттігі сайтын бұғаттауды талап еткен. Бұл талап агенттік бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық іс туралы жарияланған материалдарға байланысты қойылды деп жазды ҚазТАГ.
Роскомнадзор талабына 2026 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қалалық соты қабылдаған шешім негіз болған. Ресей тарабы ҚазТАГ басшылығы, олардың адвокаттары және Freedom Finance салымшылары қатысқан баспасөз жиындарынан түсірілген видеолар мен көпшілік алдындағы мәлімдемелерді және өзге материалдарды авторлық құқықты бұзу деп бағалаған.
ҚазТАГ Ресейдегі сот процесі жөнінде алдын ала хабардар етілмегенін жазған. Агенттік ол жайында 3-4 ақпан күндері сайттың уақытша ашылмай қалуының себебін бірқатар қазақстандық интернет-провайдерлерден анықтаған кезде кездейсоқ білген.
Осы жағдайға байланысты ҚазТАГ Қазақстанның мемлекеттік құзырлы органдарына сауал жолдап, Роскомнадзордың ҚазТАГ сайтын бұғаттау талабының құқықтық негізі бар-жоғын және Қазақстанның ақпараттық егемендігін қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жөнінде түсініктеме сұраған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬18💩10😁4🔥1👏1
⛷️7 ақпан: Олимпиадада кімдер жарысқа түседі?
Бүгін, 7 ақпан қысқы олимпиадада Қазақстан шаңғышылары мен конькишілері жарыстарын бастайды.
17:00 Шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден әйелдер арасында медальдар сарапқа салынады. Қазақстандық Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина жарысқа шығады. Бұл қашықтықта Қазақстан спортшылары үшін ондыққа енудің өзі үлкен жетістік болмақ. Себебі қазақстандық шаңғышылар кейінгі сегіз жылда бұл қашықтықта әлем чемпионатында я әлем кубогы кезеңдерінде ондыққа енбеген.
20:00 Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метрге жүгіруден Надежда Морозова мен Елизабета Голубева жүлдеге таласады. Морозова бұл қашықтықта әлемдегі үздік он конькишінің қатарына кіреді. Ал 3000 метр Елизабета Голубева үшін негізгі қашықтық емес. Оның нәтижелері 1000, 1500 метрде жақсырақ. 3000 метрде Нидерланд спортшысы, былтырғы әлем чемпионы Йой Бене мен норвегиялық Рагне Виклунн фаворит.

🔥12❤4👏1🤔1🗿1
"Негізгі қағида өзгеріссіз қалады – сөз еркіндігіне кепілдік беріледі және цензураға тыйым салынады. Сөз еркіндігі қоғамның басты құндылықтарының бірі, алайда оның құқықтық шеңбері бар. Бұл шектеулер пікір білдіруге емес, қоғамға қауіпті мақсаттарды насихаттауға қатысты", – деген Аида Балаева.
Оның айтуынша, мұндай шектеулер конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге үндеуге, ұлттық қауіпсіздікке қол сұғуға, кемсітуге негізделген алауыздық қоздыруға және осындай әрекеттерге ашық түрде шақыруға немесе арандатуға қарсы бағытталған.
Бұған дейін Құқықтық медиа орталығы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде қазіргі Конституциядағы сөз еркіндігіне кепілдік беретін және цензураға тыйым салатын 20-бабын сақтап қалуды, оны жаңа Конституция жобасындағы 23-баппен алмастырмауды сұраған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩21😁10🤮6👎2🥴2
Azattyq - Азаттық
⛷️7 ақпан: Олимпиадада кімдер жарысқа түседі? Бүгін, 7 ақпан қысқы олимпиадада Қазақстан шаңғышылары мен конькишілері жарыстарын бастайды. 17:00 Шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден әйелдер арасында медальдар сарапқа салынады.…
⛷️Қысқы олимпиаданың алғашқы алтындары – Швейцария мен Швецияда
Тау шаңғысынан ерлер арасындағы таудан шапшаң түсу жарысында Франьо фон Алльмен (Швейцария) чемпион атанды. Күміс пен қола италиялық спортшылар Джованни Францони пен Доминик Париске бұйырды (суретте).
Ал шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден алтын мен күмісті швециялық шаңғышылар Фрида Карллсон мен Эбба Андерссон иеленді. Қола медальды норвегиялық Хейди Венг алды.
Қазақстандық Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина жүлдегерлерден 11 минуттан аса уақыт қалып, жарысты аяқтамады. Әдетте төрешілер тым артта қалып қалған спортшыларды жарыстан шығарады.

❤11👎4😁4🤬2
Бірінші күннің үздік нәтижесі - алтыншы орын
Конькимен жүгіруде қазақстандық Надежда Морозова (суретте) әйелдер арасындағы 3000 метрге жарыста алтыншы орын алды. Ол бұл қашықтықты 4:01.20 минутта жүгіріп өтті. Бұл - Морозованың 3000 метрдегі ең үздік көрсеткіші.
Ал қазақстандық тағы бір конькиші Елизабета Голубева жарысты оныншы орынмен аяқтады.
Алтынды италиялық 35 жастағы Франческа Лоллобриджида иеленді - 3.54,28 (Олимпиада рекорды). Бүгін, 7 ақпан бұл спортшының туған күні. Демек ол өзінің туған күніне ең ғажап сыйлықтың бірін жасады. Күмісті норвегиялық Рагне Виклунн (3.56,54), қоланы канадалық Валери Мальте (3.56,93) алды.
Жарыстан соң Қазақстан коньки құрамасының бас бапкері Александр Панфилов "екі спортшының нәтижесіне көңілі толатынын", Морозова мен Голубеваның "негізгі қашықтықтары 1000 және 1500 метр екенін" айтты.
"Алдағы 1000 мен 1500 метр жарысына оптимизммен қараймыз" деді бапкер.

❤17👎9🤬3👍2🔥1🏆1
Визасыз режим – туристерді елге тарту амалдарының бірі деді туризмді дамыту комитетінің төрағасы Жәмшет Жұмахонзода Душанбегі жиында.
"Тәжікстан үшін негізгі туристік нарық бұл араб елдері, Англия, Германия, Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея, бұл елдердің азаматтары демалыс пен саяхатқа көбірек қызығушылық білдіреді" деді ведомство жетекшісі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱11💩10👍4🤔2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жанкүйерлер Моңғолия құрамасының олимпиадаға арналған киімі ең үздік формалардың бірі деп бағалап жатыр. Бұл киім қалай тігілді? Ерекшелігі неде?
👍40❤9🔥4🤡1🖕1
Батыс Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі — Жайық кейінгі жылдары көз алдымызда тартылып, ластанып барады. Ғалымдар деңгейі түсіп кеткен өзен суының сапасы нашарлап, балық қоры азайғанын айтып отыр. Экологтар экожүйе тозып бара жатыр деп дабыл қағады. Ал жергілікті халық болса, суды бейберекет пайдалануды әлі жалғастырып келеді. Жайық неге мұндай күйге түсті, бұған адам факторының әсері қандай және өзенді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар ма?
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱20❤7🔥2😢2👏1
Өзбекстанда желіде балағат сөз айтқандар жауапқа тартылуы мүмкін
Жоба қабылданса, заң бұзғандарға 5 млн сум (шамамен 400 долларов) көлемінде айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін қамалады. Құжатты әзірге бірінші оқылымда мақұлдады.
Мұндай шара әлеуметтік желі мен мессенжер "қолданушыларын тәртіпке шақыруға"бағытталған, кейінгі жылдары қолданушылардың өздерін дөрекі ұстауы жиілеген дейді заң жобасының авторлары.

🕊11😱7❤6👏3🔥2👎1🤝1
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Біріккен Араб Әмірліктерінде Ресей бас штабы бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары Владимир Алексеевке қастандық жасады деп күдікке ілінген адам ұсталғанын және Ресейге тапсырылғанын хабарлады.
ФСБ мәлімдемесінде ұсталған адамның аты-жөні де жазылған: 1960 жылы туған Ресей азаматы Любомир Корба. Мәскеу соты оны қамауға алған. Бұдан бөлек, тағы екі ресейліктің аты-жөні аталады, олар шабуылдаушыға "көмектескен", олардың бірі Украинаға кеткен деп айтылады.
The Washington Post дереккөздерінің айтуынша, батыс арнайы қызметі Украинаның Алексеевке шабуылға қатысы барына сенбейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎14🔥4❤1👍1👏1🏆1
Семей қаласының тергеу соты белсенді Нұржан Сембаевты екі айға қамауға рұқсат берді. Сембаев 2 сәуірге дейін қамауда болады. Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" тобы жазды. Сот 6 ақпанда өткен.
Топтың жазуынша, Сембаевқа 258-бап 1-бөлік ("террористік ұйымды қаржыландыру") және 405-бап 2-бөлігі бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") қылмыстық іс ашылған.
Ақпаратты Семейдегі жергілікті белсенділер растады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24❤2👎1🍾1
🗓️8 ақпан: Олимпиадада кімдер жарысқа түседі?
Бүгін, 8 ақпан қысқы олимпиадада Қазақстан шаңғышылары мен биатлоншылары жарыс жолына шығады.
🔹16:30 Шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден ерлер арасында медальдар сарапқа салынады. Қазақстандық Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков жарысқа шығады. Бұл қашықтықта бес дүркін олимпиада чемпионы норвегиялық Йоханнес Клебо фаворит.
🔹18:00 Биатлоннан Қазақстан құрамасы 4x6 шақырымдық аралас эстафетаға қатысады. Құрамада Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Рақышева және Милана Генева жарыс жолына шығады. Бұл эстафетада Франция, Швеция, Италия, Норвегия фаворит саналады.
t.me/azattyq

🔥4👍2
Жараланған спортшыны таудан тікұшақпен алып кетті
Олимпиадада тау шаңғысы жарысында америкалық 41 жастағы Линдси Вонн жарыс жолында құлап, оны таудың ортасынан тікұшақпен алып кетті. Вонн құлаған соң жарыс он минутқа тоқтады.
Вонн олимпиада алдында тізесін жарақаттап алған еді, соған қарамастан жарыс жолына шыққан.
Тау шаңғысы қиын спорт түрлерінің бірі саналады. Спортшылар таудан орташа алғанда 100-120 км/сағ жылдамдықпен түседі.
Вонн 2010 жылғы олимпиаданың чемпионы, екі мәрте қола медаль алған. Биылғы ойындар оның карьерасындағы соңғы олимпиада болмақ.
Cуретте: Спортшыны тікұшаққа көтеріп, әкеткен сәт
Фото: Reuters

🕊7🙏3😢2😱1
7 ақпанда Италияның солтүстігінде үш рет темір жол инфрақұрылымы бүлініп, жол қауіпсіздігіне әсер еткен, пойыздардың жүру кестесі бұзылған. Билік қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты диверсия болуы болуы мүмкін деп болжады.
Атап айтқанда, сенбі күні таңертең Пезаро қаласы маңында белгісіз біреулер коммутаторды өртеп жіберген. Кейін Болоньеде жарылғыш зат табылып, электр кабельдері қиылған. Полицияның пікірінше, оқиғалардың бір-біріне қатысы бар. Әзірге, ешкім мойнына алмады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6🔥1
Azattyq - Азаттық
🗓️8 ақпан: Олимпиадада кімдер жарысқа түседі? Бүгін, 8 ақпан қысқы олимпиадада Қазақстан шаңғышылары мен биатлоншылары жарыс жолына шығады. 🔹16:30 Шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден ерлер арасында медальдар сарапқа салынады.…
Олимпиадада шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден ерлер арасында қазақ Әмірғали Мұратбеков 45-орын алды. Жарысқа барлығы 75 спортшы қатысты.
Бұл – 20 жастағы Мұратбеков үшін алғашқы олимпиада. Ол Абай облысы Үржар ауданынан. Мұратбеков былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатында 20 км масс стартта 13-орын алған еді. Ал биыл Әмірғалидің ересектер арасындағы алғашқы маусымы.
Олимпиадада 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон жарысында норвегиялық Йоханнес Клебо чемпион атанды. Бұл – оның олимпиада ойындарындағы алтыншы алтыны (2018 жылы үш алтын, 2022 жылы екі алтын алған).
Күмісті франциялық Матис Делож, қоланы тағы бір норвег Мартин Ньенгет иеленді. Тағы бір қазақстандық Наиль Башмаков мәре сызығын 49-болып кесті.

❤13👎4
Жапонияда парламент сайлауында премьер-министр Санаэ Такаичидің жақтастары жеңіп жатыр. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде жиналған сауалнама қорытындысына сүйенген Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасы дауыс беру аяқталғаннан кейін осылай деп хабарлады.
Болжам бойынша, премьер Такаичидің либералдық-демократиялық партиясы 465 орындық парламенттің төменгі палатасынан 274-328 аралығында орын алуы мүмкін. Ал парламентте басымдыққа ие болу үшін 233 орын керек. Сайлаудың алдын ала қорытындысы жақын арада жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12👍5👏1😁1
2025 жылғы желтоқсанның ортасынан бастап осы қызметті атқарған Айбек Смадияровты бұдан бір жарым апта бұрын Тоқаев өзіне көмекші әрі баспасөз хатшысы етіп алған.
Елнұр Бейсенбаев 2023 жылғы наурыз айында сегізінші шақырылған парламент мәжілісіне биліктегі AMANAT партиясы тізімімен сайланған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17😁8💩8❤2👍2🤯1