Жараланған спортшыны таудан тікұшақпен алып кетті
Олимпиадада тау шаңғысы жарысында америкалық 41 жастағы Линдси Вонн жарыс жолында құлап, оны таудың ортасынан тікұшақпен алып кетті. Вонн құлаған соң жарыс он минутқа тоқтады.
Вонн олимпиада алдында тізесін жарақаттап алған еді, соған қарамастан жарыс жолына шыққан.
Тау шаңғысы қиын спорт түрлерінің бірі саналады. Спортшылар таудан орташа алғанда 100-120 км/сағ жылдамдықпен түседі.
Вонн 2010 жылғы олимпиаданың чемпионы, екі мәрте қола медаль алған. Биылғы ойындар оның карьерасындағы соңғы олимпиада болмақ.
Cуретте: Спортшыны тікұшаққа көтеріп, әкеткен сәт
Фото: Reuters
t.me/azattyq

🕊7🙏3😢2😱1
7 ақпанда Италияның солтүстігінде үш рет темір жол инфрақұрылымы бүлініп, жол қауіпсіздігіне әсер еткен, пойыздардың жүру кестесі бұзылған. Билік қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты диверсия болуы болуы мүмкін деп болжады.
Атап айтқанда, сенбі күні таңертең Пезаро қаласы маңында белгісіз біреулер коммутаторды өртеп жіберген. Кейін Болоньеде жарылғыш зат табылып, электр кабельдері қиылған. Полицияның пікірінше, оқиғалардың бір-біріне қатысы бар. Әзірге, ешкім мойнына алмады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6🔥1
Azattyq - Азаттық
🗓️8 ақпан: Олимпиадада кімдер жарысқа түседі? Бүгін, 8 ақпан қысқы олимпиадада Қазақстан шаңғышылары мен биатлоншылары жарыс жолына шығады. 🔹16:30 Шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден ерлер арасында медальдар сарапқа салынады.…
Олимпиадада шаңғымен 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон әдісімен жүгіруден ерлер арасында қазақ Әмірғали Мұратбеков 45-орын алды. Жарысқа барлығы 75 спортшы қатысты.
Бұл – 20 жастағы Мұратбеков үшін алғашқы олимпиада. Ол Абай облысы Үржар ауданынан. Мұратбеков былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатында 20 км масс стартта 13-орын алған еді. Ал биыл Әмірғалидің ересектер арасындағы алғашқы маусымы.
Олимпиадада 10 км классикалық әдіспен + 10 км скиатлон жарысында норвегиялық Йоханнес Клебо чемпион атанды. Бұл – оның олимпиада ойындарындағы алтыншы алтыны (2018 жылы үш алтын, 2022 жылы екі алтын алған).
Күмісті франциялық Матис Делож, қоланы тағы бір норвег Мартин Ньенгет иеленді. Тағы бір қазақстандық Наиль Башмаков мәре сызығын 49-болып кесті.

❤13👎4
Жапонияда парламент сайлауында премьер-министр Санаэ Такаичидің жақтастары жеңіп жатыр. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде жиналған сауалнама қорытындысына сүйенген Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасы дауыс беру аяқталғаннан кейін осылай деп хабарлады.
Болжам бойынша, премьер Такаичидің либералдық-демократиялық партиясы 465 орындық парламенттің төменгі палатасынан 274-328 аралығында орын алуы мүмкін. Ал парламентте басымдыққа ие болу үшін 233 орын керек. Сайлаудың алдын ала қорытындысы жақын арада жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12👍5👏1😁1
2025 жылғы желтоқсанның ортасынан бастап осы қызметті атқарған Айбек Смадияровты бұдан бір жарым апта бұрын Тоқаев өзіне көмекші әрі баспасөз хатшысы етіп алған.
Елнұр Бейсенбаев 2023 жылғы наурыз айында сегізінші шақырылған парламент мәжілісіне биліктегі AMANAT партиясы тізімімен сайланған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17😁8💩8❤2👍2🤯1
Бейбітшілік кеңесі бастапқыда Трамп ұсынған бейбіт жоспар аясында Израиль мен палестиналық топтар арасындағы қарулы қақтығыстар аяқталған соң Газа секторын басқару мен қалпына келтіруді үйлестіретін орган ретінде қарастырылған еді. Алайда биылғы қаңтар айында Давоста жиырмаға жуық елдің басшылары қол қойған кеңес жарғысынан ұйымның өкілеттігі кеңейтілгені байқалады.
Трамп төрағалық ететін жаңа кеңестің жұмысына қатысуға келіскендер арасында Қазақстанмен бірге Аргентина, Армения, Әзербайжан, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Индонезия, Пәкістан, Израиль, Қатар, Сауд Арабиясы мен Түркия бар. Сондай-ақ Беларусьтің авторитар билеушісі Александр Лукашенко да кеңеске шақыруды қабыл алғанын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁13👍3❤2👎1🔥1
1955 жылы құрылған ЛДП тарихында бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш болмаған. Бақылаушылар биліктегі консервативтік партияның мұндай жеңісін көбіне Такаичидің жеке басының танымалдығымен байланыстырады.
Бұған дейін парламентте 167 мандатқа ие болып келген негізгі оппозициялық күш – центристік реформаторлық альянс сайлауда ойсырай жеңілді: дауыс беру қорытындысына сәйкес, небәрі 49 орын алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤4🔥1
Қырғызстан үкіметі жанындағы Жаза орындау қызметі таратқан ақпаратта 2026 жылғы 7 ақпанда сағат 12:30 шамасында Бішкектегі №21 тергеу изоляторының камерасында айыпталушы А.К.К. асылып тұрған қалпы табылғаны айтылған. "Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, ол оқиға орнында қайтыс болды" деп хабарлады Жаза орындау қызметі.
Күдікті былтыр 17 желтоқсанда Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторынан ауыстырылған.
Айсулуу Мукашева 2025 жылғы 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысында хабар-ошарсыз кеткен еді. Кейін ол Шу облысындағы Боом шатқалынан өлі табылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡14❤3👍3
Әйел екі баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секірмекші болған. Қыз баланың бас сүйегі мен миына қатты зақым келіп, жамбасы сынған, кішкентай ұл да басынан қатты жарақат алған, сүйектері сынған, оларға ота жасалған деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева бұған дейін қатты күйзелісте болған әйел толық ем алмағанын айтты деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде.
Кәмелетке толмаған екі баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱26😭7🤬2❤1
Олимпиададағы 52 жастағы сноубордшы
Аустриялық 52 жастағы сноубордшы Клаудия Риглер бесінші олимпиадасына қатысты. Ол параллель слалом жарысында бәсекеге түсіп, финалдық кезеңге дейін жетті.
Риглер – Милан олимпиадасына қатысып жатқан жасы ең үлкен спортшылардың бірі. Ол алғаш рет 1994 жылы алғашқы халықаралық жарысына қатысқан. Содан бері үлкен спортта жүр. Риглер 30 жасқа толғанда Аустрия құрамасының бапкерлері жасың келді деп ұлттық құрамадан шығарып тастаған. Ол бапкерлерінің бұл шешімі қате болғанын дәлелдегісі келгенін айтады.
"Менің ең үлкен мотивациям – жасым. Себебі отызға толғанда тым кәрісің деп құрамадан қуып шыққан еді" деді ол.
Клаудия үш жыл жеке спортшы ретінде жарысқа қатысып жүріп, 2005 жылғы әлем кубогындағы нәтижесінен соң құрамаға қайта алынады. 2015 жылы 41 жасында сноубордтан параллель гигант жарысында әлем чемпионы атанған.
Риглер биыл елі Австрияда өтетін әлем чемпионатына қатысып, одан кейін карьерасын аяқтамақ.

👍18❤2
Сара Назарбаева Алматыдағы "совминка" ауруханасына түсіп, ауыр хәлде жатқаны былтыр мамыр айында белгілі болған еді. Сол кезде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Сара Назарбаева қайтыс болды" деген сыбысты жоққа шығарған.
Шілде және қыркүйек айларында аурухана әкімшілігі журналистерге "Сара Назарбаева әлі ем қабылдап жатқанын" айтқан.
Биыл 12 ақпанда 85 жасқа толғалы отырған Сара Назарбаева кезінде елге қандай істерімен танылған еді, толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮16🥱4👎3😁3
Қазақстан Конституциясы жобасының тіл туралы заңына өзгеріс енеді
Баптың мемлекеттік тіл туралы бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында қарсы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында "тең" деген сөз "қатар" сөзімен алмастырылады.
Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық комиссия отырысында айтты. Яғни жаңа нұсқада былай болады:

"Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады".
👎63💩16😁10❤2🔥1
Спортшыларды "қуған" дрондар
Милан-Кортина олимпиадасында алғаш рет тау шаңғысы, коньки, шана спортында жылдам дрондар түсірілімге пайдаланып жатыр. Спортшылар жарыс жолына шыққанда артынан дрон еріп, түсіріп жүреді. Мұны телетрансляциядан байқауға болады әрі спорт аренадан да, теледидардан да дронның ызылдаған даусын анық естуге болады.
Дрондар тау шаңғысы кезінде 120 км/сағ жылдамдықпен сырғанап бара жатқан спортшының артынан жақын әрі жылдам жүріп отырады.
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) дрондар телетрансляцияның сапасын арттыру үшін қолданылып жатқанын, дрондардың дауысына қатысты көрермендер мен спортшылардан шағым болмағанын айтады.
"Мұны спорттағы эволюция деп қарастырамыз. Дрондар спортшыларға айтарлықтай әсер етпейді деп санаймыз. Біз бұл мәселені зерттеп, сенімді болған соң енгіздік. Дрондар спортшылардың нәтижесіне, олардың жарысына кедергі келтірмейді" деді Миландағы баспасөз мәслихатында ХОК-тың спорт директоры Пьер Дюкре.

🔥11👍7
Донбасс кімде қалады? Украина мамырда референдум өткізуі мүмкін бе? | Соғыс жаңалықтары
Мәскеуде Ресейгенералына қастандық жасады деген күдікті Дубайда ұсталды. Мәскеу оның артында Украина тұр дейді. АҚШ мамырда Украинада президент сайлауы мен референдум өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Референдумда Донбасс және Ресей бақылауындағы өзге де аумақтардың кімге тиесілі екендігі сұрала ма?

🖕21🔥1😁1
Орыс тілінің орны, Мәскеудің талабы, журналистердің ашық хаты — AzatNEWS l 09.02.2026
🔹 Жаңа Конституция жобасын жасаушылар сөз бостандығын шектегелі жатыр ма?
🔹 Қазақстандық журналистер президент Тоқаевтан араша сұрайды.
🔹 Ресей Қазақстанның сайтын бұғаттап тастағысы келеді.
🔹 Жаңа Конституция жобасын жасаушылар сөз бостандығын шектегелі жатыр ма?
🔹 Қазақстандық журналистер президент Тоқаевтан араша сұрайды.
🔹 Ресей Қазақстанның сайтын бұғаттап тастағысы келеді.
🤬38🤔6❤1
АҚШ әскери министрлігі ұсталған танкер "Кариб теңізіндегі санкцияға іліккен кемелерге президент Трамп енгізген карантин талаптарын бұзған" деп мәлімдеді. Танкер санкцияларға қарамастан, Венесуэла мұнайын Қытайға жеткізуге әрекет етті деген күдікке ілінген. Бұған қоса ол Ресейдің "тасадағы флотының" бір бөлігі ретінде санкция тізіміне енгізілген.
"Тасадағы флотқа" Ресей мұнайы мен басқа да ресурстарды таситын, басқа елдердің туын пайдаланатын, бірақ іс жүзінде Ресей бақылауында болатын кемелер жатады. Мұндай жүздеген кеме АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбританияның санкция тізіміне енгізілген.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍11🤬4👎1
АҚШ-тың мұндай жоғары лауазымды өкілі Арменияға алғаш рет барып отыр.
Вэнс Армениядан кейін сейсенбі күні Әзербайжанға да бармақшы. Ақ үй осы сапар алдында Вэнстің Армения мен Әзербайжанға сапары осы екі ел арасындағы бейбіт келісімді қолдауды көздейді деп мәлімдеген. Келіссөздерде Әзербайжанның негізгі аумағын оның анклавы – Нахичеван автономиялық республикасымен байланыстыратын көлік дәлізін салу мәселесі де талқыланбақ. Бұл жол Армения аумағы арқылы өтеді деп жоспарланған. Армения мен Әзербайжан басшылары былтыр тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамптың атымен аталатын осы дәліз жөнінде келісімге келген, алайда көптеген техникалық және саяси мәселелер әлі шешілген жоқ.
Дүйсенбі күні Ереванда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт атом саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Вэнс АҚШ Арменияның ядролық энергия саласына 9 миллиард доллар инвестиция құяды деп мәлімдеді.
Сарапшылар бұл сапар Оңтүстік Кавказда АҚШ-тың ықпалы артып келе жатқанын байқатады дейді.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31👎3❤1
Гаванадағы билік жолдаған хабарламада елде кемінде бір ай – 11 наурызға дейін ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету мүмкін болмайтыны айтылған. Ал содан екі күн бұрын, билік өкілдері елдегі қазіргі отын тапшылығы әуе қатынасына әсер етпейді деп мәлімдеген еді.
Кейінгі жылдары Куба авиация жанармайымен қамтамасыз ету мәселесінде Николас Мадуро басқарған Венесуэлаға сүйеп келген. Алайда, хабарларға қарағанда, АҚШ былтыр желтоқсанның ортасынан бастап Венесуэладан мұнай экспортын іс жүзінде тоқтатып тастағаннан кейін, Кубаға ол елден шикі мұнай да, мұнай өнімдері де жеткізілмеген. Бұл жағдай АҚШ арнаулы операция жүргізіп, Мадуроны ұстап әкеткеннен кейін де өзгерген жоқ.
АҚШ билігі биыл қаңтар айында Кубаға жанармай бермеуді көздейтін шаралар қабылдайтынын, соның ішінде аралға жанармай жеткізген елдерге қосымша баж енгізуі мүмкін екенін мәлімдеген.
⛓💥Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍6🤬3
Қазақстанда парламент сайлауы қайтадан толықтай партиялық тізім бойынша өтпекші. Билік бұл әлемде кең тараған тәжірибе деп мәлімдеді. Кең тарағаны рас, бірақ оның арасынан Ақорда таңдаған түріне мысал табу қиын. Партиялық тізіммен сайлаудың немесе пропорциялық сайлау жүйесінің қазақстандық үлгісі қалай жұмыс істейді? Түсіндіреміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17💩6🤔2🤬1
Қазақстанда қыс түскелі бері осыған ұқсас бірнеше қайғылы оқиға болды.
Өткен аптада Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы иіс тиіп көз жұмды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар.
Осы айдың басында Түркістан облысы Түлкібас ауданында уақытша салынған тұрғын үйдегі пештің ақауы салдарынан ерлі-зайыпты екі адам уланып, біреуі қайтыс болған. Ал қаңтар айында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жекеменшік үйді жалға алып тұрып жатқан бір отбасының үш адамы иіс тиіп опат болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭17❤2🙏1