Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
🔹Олимпиадада шорт-тректен қазақстандық Денис Никиша 1000 метр жарысында ширек финалға шыға алмады (суретте). Әйелдер арасындағы 500 метрлік жарыста Яна Хан мен Ольга Тихонова да ширек финалға өтпеді. Никиша іріктеуде өз тобында үшінші, Хан мен Тихонова өз…
Олимпиадада шорт-тректен Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) аралас эстафетаның жартылай финалына шыға алмады. Олар Қытай, Канада, Бельгия бар топтан төртінші орын алып, эстафетадағы жарысты аяқтады.

Фото: Reuters

t.me/azattyq
😢6🥱3👎2❤1👍1😁1🤔1🤬1
⚡️Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетің (ҰҚМК) төрағасы әрі премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатты.

Жапаров бұл туралы жарлыққа 10 ақпанда қол қойғанын президент әкімшілігі хабарлады.

Құжатта Ташиевті қызметтен босатудың нақты себептері көрсетілмеген. Сонымен бірге Конституция нормасына сілтеме жасалып, оған сәйкес президент министрлер кабинеті мүшелерін және атқарушы билік органдары басшыларын өз бастамасымен немесе Жогорку Кеңеш пен Халық құрылтайының ұсыныстарын ескере отырып қызметтен босата алатыны айтылған.

Президент жарлығымен Жұмғалбек Шабданбеков ҰҚМК төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы келісу үшін Жогорку Кеңешке енгізілген.

Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов журналистер сауалына жазбаша жауап беріп, Садыр Жапаров бұл шешімді "мемлекет мүддесі үшін, қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында алауыздыққа жол бермеу және бірлікті нығайту мақсатында" қабылдағанын жеткізді.

ҰҚМК төрағасы қызметін 2020 жылғы 16 қазаннан бері атқарып келген Қамшыбек Ташиев президенттің ең жақын серіктерінің бірі және елдегі ықпалды саяси тұлға саналды. Оның басшылығы кезінде түрлі қылмыстық істер аясында бірқатар оппозициялық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен журналистер ұсталған. Билік бұл әрекеттерді "тәртіп орнату" және "тұрақсыздықтың алдын алу" шаралары деп сипаттаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9😁5🤔2😢1
«Қатар» мен «теңнің»арасы. Тіл бабындағы бір сөзге қатысты дау

Қазақстан Конституциясының тіл туралы бабындағы орыс тіліне қатысты тармақта бір сөз өзгермек. Яғни орыс тілі қазақ тілімен «тең қолданылады» деген сөз «қатар қолданылады» деп жазылады. Желіде бұл өзгеріс ештеңені өзгертпейді деп сынағандар көп болды. Депутаттармен мамандар не дейді?
😁24💩10🔥5👍2❤1👎1🤬1
Халықаралық олимпиада комитеті украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичке соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жабыстырылған шлеммен ⚡олимпиадаға қатысуға тыйым салды.

Гераскевич кеше, 9 ақпанда Италиядағы олимпиадада соғыста қаза болған украиналық спортшылардың суреті жабыстырылған шлеммен жаттығуға шыққан еді. Ол бұл шлеммен олимпиадада 12 ақпанда өтетін ресми жарысқа шыққысы келген.

"Жүрек ауыртатын шешім. ХОК бұрын олимпиада қозғалысының бөлшегі болған, бірақ енді ешқашан олимпиадаға қатыса алмайтын спортшыларға аренада құрмет көрсетуге тыйым салды. Осы арқылы ХОК бұл спортшыларды сатып кеткендей" деп жазды Гераскевич желіде.

Украина ұлттық олимпиада комитеті ХОК тарапынан шлемге тыйым салынғанын растады. Дегенмен ХОК Украина спортшыларына қара лента байлап шығуға рұқсат еткен.
❤20😢2👎1
Тоқаев Назарбаевты мақтап, Жапаров Ташиевті қуды — AzatNEWS l 10.02.2026

🔹 Қырғызстан президенті сенімді серігі, қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевті қызметінен алды.

🔹 Тоқаев Бектенов үкіметінің жұмысын жақсы деп бағалап отыр. Ал сарапшы үш қояр едім дейді.

🔹 Жемқорлық индексінде Қазақстанның көрсеткіші тағы да кері кетті.
🤡5👎2❤1🤬1
Депутат неге қуанды? Орыс тілі туралы тармақ дауы әлі басылған жоқ

Жаңа Конституция жобасында тіл туралы баптың мемлекеттік тіл туралы бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында даулы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында «тең» деген сөз «қатар» сөзімен алмастырылады. Желідегі жұрт екі сөздің айырмасын ажырата алмай отыр. Азаттық маманға жүгініп, жұрт пікірін білді.
🤔16🤡8👎2🗿2❤1👍1🤬1
Azattyq - Азаттық
Олимпиадада шорт-тректен Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) аралас эстафетаның жартылай финалына шыға алмады. Олар Қытай, Канада, Бельгия бар топтан төртінші орын алып, эстафетадағы жарысты аяқтады. Фото: Reuters …
Алты олимпиадада қатар медаль алған спортшы

Милан олимпиадасында шорт-тректен 3000 метр аралас эстафетада алтынды Италия, күмісті Канада, қоланы Бельгия иеленді. Италия құрамасының мүшесі 35 жастағы Арианна Фонтана қатарынан алты олимпиада медаль алды. Ол – мұндай жетістікке жеткен алғашқы әйел спортшы. Фонтана 2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен олимпиадада әйелдер арасындағы эстафетада қола медаль алған, енді Миланда аралас эстафета алтын иеленді. Бұл спортшыда олимпиаданың 12 медалі бар.

t.me/azattyq
🔥18👍6❤2
Миландағы олимпиадада америкалық мәнерлеп сырғанаушы Максим Наумов қысқа бағдарламадан соң ұшақ апатынан қаза тапқан ата-анасының фотосын көрсетті.

Спортшының ата-анасы Евгения Шишкова мен Вадим Наумов 2025 жылы 29 қаңтарда ұшақ апатынан қаза тапқан. Олар Вашингтонда АҚШ әскерінің тікұшағымен соқтығысқан American Airlines ұшағында болған еді.

Шишкова мен Вадим Наумов 1994 жылы Ресей мәнерлеп сырғанау құрамасы сапында әлем чемпионы болған еді. Кейін олар АҚШ-қа көшіп кеткен. Максим Наумов АҚШ-та дүниеге келген. Ол биыл АҚШ чемпионатында қола жүлде алып, олимпиадаға қатысу мүмкіндігін иеленген.

Фото: Reuters

t.me/azattyq
❤16😢6🤮1
⚡Шайдоровтың жүлдеге мүмкіндігі бар ма?

🔹Қысқа бағдарламадан кейінгі жағдай

Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан соң Қазақстан үміт артқан Михаил Шайдоров әзірге 5-орында келеді.

Қысқа бағдарламада Шайдоров 92,94 ұпай алды. Ол төрт айналым лутц+үш айналым тулуп каскадында сәл қателік жіберіп алды. Кейін үш айналым аксель мен төрт айналым тулупты қатесіз секірді.

Ал бірінші орында екі дүркін әлем чемпионы Илья Малинин (АҚШ) тұр. Ол мәнерлеп сырғанаудағы қиын элементтердің қатарына кіретін төрт айналым флип және төрт айналым лутц+үш айналым тулуп каскадын таза секіріп, жоғары ұпай алды – 108,16. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма келеді – 103,07 ұпай. Ол Милан олимпиадасының командалық жарысында 108,67 ұпай алған еді. Бірақ жекелей сында үш айналым аксельден қателік жіберіп алды.

Үшінші орында франциялық Адам Сяо Хим Фа (102,55), төртінші орында италиялық Даниэль Грассл (93,46) тұр.

🔹Негізгі бағдарлама қашан?

13 ақпан негізгі бағдарламадан соң олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері анықталады. Шайдоров алғашқы үштікте тұрған қарсыластарынан кемі он ұпай қалып келеді. Егер Малинин, Кагияма, Сяо Хим Фа негізгі бағдарламаларын таза орындаса, үшеуін озу басқа спортшыларға қиынға соқпақ.

Бірақ мәнерлеп сырғанауда негізгі бағдарламадан соң жағдай күрт өзгеріп, қысқа бағдарламадан кейін үштікте тұрған спортшылар жүлдеге ілінбей қалған кездері жиі болады.

2014 жылы Сочи олимпиадасында қазақстандық Денис Теннің қысқа бағдарламадан кейін тоғызыншы орында тұрып, кейін қола медаль жеңіп алғанын еске алып жатыр.

Сочи олимпиадасында Тен қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен 9-орын алған. Бірақ 3-орын мен 9-орынның арасын үш ұпай ғана бөліп тұрған еді. Кейін Денис Тен негізгі бағдарламасын мінсіз орындап, ал қысқа бағдарламада оның алдында болған спортшылар негізгі бағдарламаларын таза орындай алмаған еді.

Азаттық тілшісі Руслан Меделбек Миланнан хабарлайды
❤8🤔3🤷2
💬FT: ЕО Ресеймен криптовалюталық операцияларға тыйым салмақ

Еурокомиссия Мәскеуді дәстүрлі банк жүйесінен тыс активтердің көмегімен санкцияны айналып өту мүмкіндігінен айыру үшін Ресеймен криптовалюталық транзакцияларға толық тыйым салмақ. Бұл жөнінде Еурокомиссияның ішкі құжаттарына сүйенген Financial Times жазды.

Материалға қарағанда, Брюссель Ресейде құрылған барлық криптовалюталық платформалардың жұмысына тыйым салмақ. Еурокомиссия өкілдерінің пікірінше, жекелеген компанияларды санкция тізіміне енгізуден нәтиже жоқ, себебі олардың орнын жаңа құрылымдар тез басады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Белсенді Амангелді Жаһиннің ісі бойынша тергеу аяқталды

"Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшілерінің бірі Амангелді Жахиннің ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл жөнінде адвокаты Бақытжан Омарханов хабарлады.

10 ақпанда белсенділер адвокатпен бірге Көкшетау қаласындағы изоляторға барып, белсендінің жағдайын білген.

“Адвокаттың айтуынша, Амангелді қатты арықтап кеткен. Ол бұрыннан-ақ арық еді, ал соңғы екі айдың ішінде тіпті одан да қатты салмақ тастаған. Бұл оның денсаулығына қатысты үлкен аландаушылық туғызады. Адвокат Амангелдімен жеке кездесіп, егжей-тегжейлі сөйлесті. Оның айтуынша, Амангелді Жахинге катысты кылмыстык іс аяқталған, тергеу тәмамдалып, іс сотқа жолданнып жатыр. Амангелді тоғыз томдық іспен толық танысып шыққан. Адвокаттын мәліметінше, алдағы уақытта, шамамен наурыз айында, сот процесі басталуы мүмкін. Амангелді өзіне қолдау білдіріп жатқан барша жандарға үлкен алғысын жеткізді” деп жазылған құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина жариялаған жазбада.


Адвокаттың сөзінше, Жахинге “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” және “экстремистік ұйымды қаржыландыру” баптары бойынша айып тағылған. Дәл осындай баппен тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының жетекшісі, қазір қамауда отырған Марат Жыланбаев сотталған.
🤬17❤1
🗣Қазақстан Навальный штабының бұрынғы белсендісін экстрадицияламақ

Адвокат шешімге шағым түсірді.

"Қазақстан бас прокуратурасының Юлия Емельянованы экстрадициялау туралы шешім қабылдағанын түнде ғана білдік. Бүгін таңертең Жоғарғы сотқа шағым түсірдік. Біз мұны [экстрадициялау туралы қаулы] тек Юлия Емельянованың өзінен біліп отырмыз. Он минут бұрын ғана маған авиациялық прокуратурадан қаулының көшірмесін алдық" деді адвокат Мұрат Адам Азаттыққа.

Сурет: Адам құқығы бюросынан алынған скриншот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19🔥2👎1😭1
Қызметінен шеттетілген Қамшыбек Ташиев Садыр Жапаровтың шешімі жөнінде пікірін айтты

Ташиевтің мәлімдемесін оған жақын адам саналатын журналист Нұрғазы Анарқұлов Facebook желісінде жариялады.

"Мен ауырып қалып, президенттің рұқсатымен Германияға келгенмін. Бұған дейін жасалған отаға байланысты тексеруден өтуім керек болды. Алайда кеше мені қызметтен босатты, бұл мен үшін күтпеген жағдай. Не болса да, президент шешімін орындауға міндеттіміз. Мемлекет, халық және президент алдында қызметтік міндетімді адал атқардым және оны мақтан тұтамын. Бар болғаны жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмегеніне өкініш білдіремін. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің әрбір қызметкеріне алғыс айтып, оларға сәттілік тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталуы үшін ешкім заңсыз әрекетке бармауы керек және біздің әрбір әрекетіміз заң аясында жасалуы қажет" деді Қамшыбек Ташиев өз мәлімдемесінде.
❤15🔥10👍8🤔3
Алматыда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шарасы өтіп жатыр. Шараны отбасы ұйымдастырды. Онда саясаткердің әріптестері, достары мен қоғам қайраткерлері, белсенділер қатысып жатыр.

2006 жылғы 11 ақпанда хабар-ошарсыз кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлы, көмекшісі Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлев екі күннен кейін Алматы маңындағы таудан табылған. Үшеуі де атып өлтірілгені анықталды. Бұл қылмыстың төңірегінде жауапсыз сұрақ әлі көп.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1993-2001 жылдар аралығында қоғамдық келісім және ақпарат министрлігін басқарған. Кейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. 2003 жылы оппозицияға өтіп, билікті сынады.

Қастандыққа тапсырыс беруші ретінде әуелі сенат аппаратын басқарған Ержан Өтембаев айыпты деп танылды. Кейін бұл қылмыс экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы, марқұм Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің экс-төрағасы Әлнұр Мұсаевқа таңылды.
❤18🙏6
🔴Экономика өсіп жатыр, бірақ халық табысы неге артпайды? Мақсат Халықпен сұхбат

Қазақстан экономикасы 300 млрд доллардан асты деп есеп берген үкімет енді үш жылда бұл көрсеткішті 450 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Алайда билік мақтан тұтқан макроэкономикалық көрсеткіштер адамдардың табысына әсер етпей, өмір сүру сапасын жақсартпай отыр дейді экономист Мақсат Халық. Неліктен? Сарапшының өзінен сұрадық.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁12🤬6👎2💯2
💬Блогер Асхат Ниязовқа “рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешенін жарнамалағаны үшін” (455-бап, 2-бөлік) 137 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Блогердің өзі "Курсив" басылымына ақпаратты растап, айыппұлды бірден төлеп тастағанын айтқан.

Ал қаржы мониторинг агенттігі Ниязов құрылысқа қатысты құжаттарды тексермей, видеода бұл “заңды әрі сенімді тұрғын үй кешені” екенін мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, блогер жарнамасы үшін 6 млн теңге алған. Телеграм-арналардың жазуынша, құрылысшылар қазір тергеу изоляторында қамауда отыр. Ақпаратқа қарағанда, ондаған адам ақша салып, қаражаттарын қайтара алмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤3