Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
💬Блогер Асхат Ниязовқа “рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешенін жарнамалағаны үшін” (455-бап, 2-бөлік) 137 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Блогердің өзі "Курсив" басылымына ақпаратты растап, айыппұлды бірден төлеп тастағанын айтқан.

Ал қаржы мониторинг агенттігі Ниязов құрылысқа қатысты құжаттарды тексермей, видеода бұл “заңды әрі сенімді тұрғын үй кешені” екенін мәлімдеді.

Басылымның жазуынша, блогер жарнамасы үшін 6 млн теңге алған. Телеграм-арналардың жазуынша, құрылысшылар қазір тергеу изоляторында қамауда отыр. Ақпаратқа қарағанда, ондаған адам ақша салып, қаражаттарын қайтара алмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤3
Бас прокуратура Нығматулиндер ісіне қатысты түсініктеме берді

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, тергеу Нығматулиндер отбасына қатысы бар үшін адамға қатысты жүріп жатыр. Мәселе – мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин, экс-спикердің егіз бауыры Ерлан Нығматулин және ұлы Нұржан Нұрланов жөнінде болып отыр.

“Қазіргі кезде Түркияға құқықтық көмек туралы өтініш жібердік, жауабын күтіп отырмыз” деді Қойгелдиев 11 ақпанда мәжіліс кулуарында. Оның сөзінен “За нами выехали” телеграм-арнасы үзінді келтіреді.

Былтыр бас прокуратура бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша іс қозғалып, Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған. Нұржан Нұрлановтың өзі бұған дейін өзіне қатысты шыққан ақпараттарға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Оның қазір қайда екені белгісіз. Былтыр оппозициялық "Бәсе" арнасы оның Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Дубайда тұрып жатқанын жазған.
😁8❤5👍5🤬3
Azattyq - Азаттық
Депутат неге қуанды? Орыс тілі туралы тармақ дауы әлі басылған жоқ Жаңа Конституция жобасында тіл туралы баптың мемлекеттік тіл туралы бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында даулы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында «тең» деген сөз…
Бүгін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның соңғы отырысы өтті. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасын референдумға шығаруды қолдады.

Енді жоба президенттің қарауына жіберіліп, одан кейін жалпыұлттық референдум мерзімі де бекітілуі мүмкін.
🤮10👎2
Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның ауруханадан шығарылғанын растады

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева ауыр инфарктен кейін емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл жөнінде бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Оның сөзінше, Сара Назарбаева былтыр сәуірден бері президент пс басқармасы медициналық орталығының Алматы қаласындағы ұлттық госпиталінде емделген.

"Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады" деп жазды баспасөз хатшысы.


Оның сөзінше, Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған.

Биыл қаңтарда жағдайы тұрақталғаннан кейін ауруханадан шығарылған. Қазір Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында деді ол.
🤔6❤3💩3🥱3🤮2
Azattyq - Азаттық
Бүгін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның соңғы отырысы өтті. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасын референдумға шығаруды қолдады. Енді жоба президенттің қарауына жіберіліп, одан кейін жалпыұлттық референдум мерзімі де бекітілуі мүмкін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

Бүгін конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасы бойынша жұмысын аяқтаған. Осыдан кейін Тоқаев комиссия төрағасы Эльвира Әзімова, комиссия төрағасының орынбасары, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен комиссия мүшесі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
👎20🤮12🤡3👍2💩2
Жаңа Конституция бойынша референдум 15 наурызда өтеді

Президент жарлығына қарағанда, азаматтарға "БАҚ-та 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады.
👎37🤬11🤡6🤣4❤1
Azattyq - Азаттық
Халықаралық олимпиада комитеті украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичке соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жабыстырылған шлеммен ⚡олимпиадаға қатысуға тыйым салды. Гераскевич кеше, 9 ақпанда Италиядағы олимпиадада соғыста қаза болған украиналық…
11 ақпанда Италиядағы олимпиадада украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич тыйымға қарамастан соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жапсырылған шлеммен жаттығуға қайта шықты.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Гераскевичке бұл шлеммен олимпиадаға қатысуға тыйым салған еді. Ережеге сай, спортшылар олимпиада жаттығуында, жарыста, марапаттау кезінде саяси тақырыптарды көтеруге болмайды. Бірақ Гераскевич шлем ешқандай да саяси насихат емес, "олимпиадаға қатыса алмай кеткен спортшыларға тағзым" деп санайды.

ХОК бүгін, 11 ақпанда Украина скелетоншысынан тыйым салынған шлеммен жарысқа қатыспауды сұрап, егер қатысса жарыстан шеттетілетінін ескертті. Бірақ Гераскевич шлеммен жарысқа шығамын деп отыр. Ол жүлдеден бұрын адамдардың өмірі қымбат деп санайды.

ХОК өкілі Марк Адамс "Біз оның жарысқа қатысқанын қалаймыз. Біз онымен бүгін байланысып, спортшыларға тағзым көрсететін басқа да мүмкіндіктерді ұсынып көреміз" деді.

Гераскевич соғыс құрбандарының суреті бар шлемді 9 ақпандағы жаттығуға киіп шыққан еді.
👏15👍7😢4🕊1
Жапаров Ташиевті неге кетірді?

Германияда емделіп жатқан Қамшыбек Ташиев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы лауазымынан босатылды. Ташиевтің өзі мұны «күтпеген шешім» деп сипаттады. Ел ішінде екі достың арасында не болды деп, жаңалықтың саяси астарын іздегендер көп.
😁8🤔7😱4❤1
Тоқаев референдум күнін белгіледі, Алматыда Алтынбекті еске алды — AzatNEWS l 11.02.2026

🔹 Жаңа Конституция қабылдау туралы референдум күнін президент 15 наурызға белгіледі.

🔹 Алтынбексіз 20 жыл. Алматыда қастандықтан қаза тапқан саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды.

🔹 Канадада мектепте атыс болып, он адам қаза тапқаны хабарланды.
😢20👎2🤯1
💬 Қазақстанда әзілкеш Сабыровты "жалдамалылық" бабы бойынша тексеруі мүмкін

Ақпарат құралдарының жазуынша, тексеріске Истра қаласының басшысы Татьяна Викушеваның 2025 жылы жазда жариялаған телеграм-жазбасы түрткі болған. Онда Истра ауданында тұратын Сабыров соғысқа 10 мотоцикл жібергені жазылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥26👍8🤬3
🗣Ресейде қазақстандық студент "терроризмді ақтау ісі" бойынша 2 жылға сотталды

Тергеу болжамынша, 2025 жылы қаңтар мен ақпан айларында "Жұмысшылар билігі" ұйымының съезінде қазақстандық Гарри Азарян "терроризмді ақтайтын ұран" көтерген.

«Ротонда» жазуынша, қылмыстық істе Азарянның студенттердің бейресми жиынында сөйлеген сөзі бар, ол жерде жігіт "революция, таптық өшпенділік, көшенің күші" жөнінде айтқан.

Сурет: ОВД-Инфо
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13😨8👍2❤1
🔴"Жетістіктер еленбейді, қызметте өсу қиын". Ғалым әйелдердің ғылымдағы өмірі

11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні (International Day of Women and Girls in Science). Ғылымды таңдаған қазақстандық әйелдер жаңалық ашады, марапат алады және зерттеулерін беделді журналдарға жариялайды, бірақ сөйте тұра мансап жолында түрлі кедергілерге тап болатынын айтады. Азаттық Азия редакциясы олармен жұмысы жайлы сөйлесіп көрді.

⛓️‍💥Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱9😢3👎1🥱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның әртүрлі қаласында тұрғындар 1979 жылғы Ислам революциясына 47 жыл толуына орай мемлекет ұйымдастырған ресми мерекелік іс-шараларға жауап ретінде үкіметке қарсы ұрандар айтты. Қас қарайған шақта «Диктаторға өлім келсін!», «Хаменейге өлім келсін!» деген айқай естілді.
❤21👍15🔥2
❗️Референдумға қанша ақша жұмсалмақ?

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің сөзінше, референдумға жұмсалатын қаржы орталық сайлау комиссиясына бюджет бойынша өтініш бергеннен кейін белгілі болмақ.

Оның сөзінше, бұған дейінгі референдумдарға қарағанда көбірек ақша жұмсалуы мүмкін. Себебі халық саны өскен, инфляция деңгейі де бар. Халық саны көбейген сайын сайлау учаскелері де көбеймек, сәйкесінше сомасы да көп болуы мүмкін.

Бұған дейін блогер Асхат Ниязовтың сұрағына жауап берген саясаттанушы Марат Шибутов референдумға 20 млрд теңге қаражат жұмсалуы мүмкін деп айтқан.

Otkir_kurek жазуынша, 2022 жылы Конституцияға түзетулер бойынша өткен референдумға – 16,4 млрд теңге, 2024 жылы АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩23👎11🤬7❤3🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркия парламентінде министрдің ант беруі кезінде жаппай төбелес болды. Оппозициядағы Республикалық халық партиясының депутаттары жаңа министрдің ант беруіне қарсы шығып, кедергі келтіруге тырысты.
👍23🤔8❤1😁1
💬 Алматыда дәрігерлер 31 магнитті жұтып қойған баланы аман алып қалды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 жас 9 айлық сәби ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер сәбидің асқазанын ауыртқан ондаған магнитті анықтаған.

Ота кезінде хирургтар магниттерді алып, сәбидің асқазанын жуып-шайған, құрсақ қуысын тазартып, инфекцияның таралуын тоқтатқан.

Балалар жедел медициналық көмек орталығының хирургы Асқар Ризвановтың түсіндіруінше, асқазанға бөлек-бөлек түскен магниттер ол жақта бір-бірін тарта бастайды. Бұл өте қауіпті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21😱10🙏4❤3🥰1😢1
Соғысқа барғысы келмей Ресейден қашқан Зелимхан Муртазов былтырғы желтоқсаннан бері Астана әуежайының транзит аймағында тұрып жатыр. Ұлты шешен азамат Қазақстаннан пана сұрағанымен, елге кіруге рұқсат ала алмады. Орталық Азия мемлекетіне қашып келген тағы бір шешен Мансур Мовлаевқа Ресейге экстрадициялану қаупі төніп тұр. Солтүстік Кавказдан шыққан адамдарға босқын мәртебесін бермеудің сыры неде? Бұл сұраққа жауап іздеп көрдік. https://smarturl.click/MG8y3
❤10😢9🤔3🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Талдықорғанда “атажұрттықтардың” соты жалғасты. Бүгін алғаш рет екі қоғамдық қорғаушы процеске кірді. Қалған қоғамдық қорғаушылар “бізді қашан кіргізесіңдер?” деп айқайлап, наразылық білдіргеннен кейін сот қызметкері оларды ертең кіргізуге уәде берді.

Сот өтіп жатқан ғимаратты полиция күзетіп тұр. Айналаға жедел жәрдем көлігі де қойылған.
🔥18🤬6
Azattyq - Азаттық
11 ақпанда Италиядағы олимпиадада украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич тыйымға қарамастан соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жапсырылған шлеммен жаттығуға қайта шықты. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Гераскевичке бұл шлеммен олимпиадаға қатысуға…
❗️Халықаралық олимпиада комитеті украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичті жарыстан шеттетті. Ол бүгінгі жарысқа соғыста қаза тапқан Украина спортшыларының суреті жабыстырылған шлеммен шықпақ болған.

Бұл шлемге ХОК тыйым салған еді, бірақ спортшы тыйымға қарамастан киіп шықпақ болды.

Ережеге сай, спортшылар олимпиада жаттығуында, жарыста, марапаттау кезінде саяси тақырыптарды көтеруге болмайды. Бірақ Гераскевич шлем ешқандай да саяси насихат емес, "олимпиадаға қатыса алмай кеткен спортшыларға тағзым" деп санайды.
😱20❤5👎3
💬Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Әділет Оразбековті тағайындады.

Әділет Оразбеков 1978 жылы туған. Қырғызстан халықаралық университетін "Дипломатия және халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса, Ресей ФСБ академиясында оқыған. Әскери шені бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁13👎10🤡1🥱1