Украина қарулы күштері бас штабының дерегінше, өткен тәулікте Ресей 800-ге жуық әскерінен айырылған. Штабтың мәліметінше, сонымен бірге жуырда Ресей әскерінің 5 мың танк, 3 әскери бронды техника, 41 артиллериялық жүйе, 1 дүркіндете ататын жүйе, бір әуе қорғаныс жүйесі, 1 239 дрон, 16 қанатты ракета, 127 көлік пен автоцистернасы жойылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57🔥16😁3❤1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжілістегі талқы барысында депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниялары өкілдерінің дайындық деңгейін сынға алды. Депутат компанияларды қазақстандық өндірушілермен келісімшарты бола тұра, тауарды Қытайдан сатып алып жатыр деп сөкті.
«Матен Петролеум» АҚ бас директоры Лю Цзиньчэн компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді алты келісімшарт жасасқанын айтты. Бірақ нақты қай кәсіпорын екенін атап бере алмады, көмекшісі оның құлағына сыбырлап, компания атауын айтып тұрды.

🔥23😁8👍5👏1💩1
"Жаңа ғана әкімшілік сот болды. Оған әкімшілік іс бойынша 10 тәулік берді. Тағылған айыппен келіспеді. Шешімге шағым түсіремін. Қазір сот қаулысын күтіп отырмын" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.
Воронцовтың үстінен 440-1 бап бойынша ("Есірткі, психтропты және соған ұқсас заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану") әкімшілік хаттама толтырылған.
Бұған дейін Иаков Воронцовтың Алматыда ұсталып, полицияға жеткізілгені белгілі болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤯5🤬4❤3👏1😁1🗿1
⚡Шайдоров медальға таласатын күн
Бүгін, 13 ақпанда олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Михаил Шайдоров негізгі бағдарламасын орындап, жүлдеге таласады.
Шайдоров пен басты қарсыластарының жоспарлаған секіру элементтері мынандай (тізім түзгенде элементтерінің қиындығын ескердік):
🔹Илья Малинин (АҚШ) жеті рет төрт айналым элемент жоспарлайды. Егер Малинин жоспарлаған жеті элементті де таза орындаса, олимпиада тарихына енеді. Ол – олимпиадада жеті мәрте төрт айналым секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы болмақ. Малинин төрт айналым аксель (мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элемент) секіруді жоспарлап отыр.
🔹Петр Гуменник (Бейтарап атлет) бес рет төрт айналым секіру элементіне тапсырыс берген.
🔸Михаил Шайдоров (Қазақстан) төрт рет төрт айналым элементін жоспарлайды. Бірінші элементі – үш айналым аксель+төрт айналым сальхов. Қазір әлемде үш айналым аксельге төрт айналым элемент қосып секіре алатын тек Шайдоров қана. Егер сәтті секірсе бұл каскады үшін өте жоғары ұпай алмақ.
🔹Юма Кагияма (Жапония) мен Адам Сия Хим Фа (Франция) да төрт рет төрт айналым элемент секіруді жоспарлап отыр. Ал Даниэль Грассл (Италия) үш рет төрт айналым элементке тапсырыс берген.
Әрине, бұл тек жоспар. Мәнерлеп сырғанаушылар тапсырыс берген элементтерін таза секіруі тиіс. Бірақ мұзда элементтерін өзгертіп жіберуі де мүмкін. Мысалы, қазір Шайдоров төрт рет емес бес рет төрт айналым элемент секіруі мүмкін екені айтылып жатыр.
Қысқа бағдарламадан кейінгі ахуал мынандай:
1. Илья Малинин (АҚШ) — 108,16
2. Юма Кагияма (Жапония) — 103,07
3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) — 102,55
4. Даниэль Грассль (Италия) — 93,46
5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 92,94
6. Ча Чун Хван (Корея) — 92,72
7. Кевин Аймоз (Франция) — 92,64
8. Эндрю Торгашев (АҚШ) — 88,94
9. Сун Сато (Жапония) — 88,70
10. Стефен Гоголев (Канада) — 87,41
11. Кирилл Марсак (Украина) — 86,89
12. Петр Гуменник (Бейтарап атлет) — 86,72
t.me/azattyq

❤4🙏4👍3😁1🤬1
Қазақстанда референдумге ұсынылған жаңа Конституция жобасы парламентті тек пропорциялық жүйемен сайлауды ұсынады. Билік оны саяси жүйені жаңарту деп атады. Экс-депутат Амалбек Тшан партиялық тізіммен ғана сайлау азаматтардың тікелей өкілдік ету құқығын шектеп, саяси бәсекені тарылтады деп есептейді.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14
Маңғыстау облысында шыны талшықты құбыр шығаратын зауыттың 80 шақты жұмысшысы қысқартылатыны туралы хабарлама алғандарын айтып, талаптарын жеткізді.
"Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы жергілікті аумақтан, қызметкерлердің тәжірибесі – 20 жыл және одан да көп. Бәрінің отбасы, үш, одан да көп баласы бар, несиелері бар. Қазір инфляция сұмдық. Қазіргі кезде қысқаруға ұшырайық деп жатырмыз. Отбасымызды қалай асыраймыз, қарызды қалай төлейміз? Біз "Маңғыстаумұнайгаздың" құрамына қосылып, тұрақты жұмыс болғанын қалаймыз" деді жұмысшылар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬20🤮1
"Путинді ешкім тоқтата алмай отыр". Украинадағы ахуал
АҚШ-Украина-Ресей келіссөзінің кезекті кездесуі алдағы аптада өтуі мүмкін. Бұл жолғы жиын Әбу-Даби не Майамиде болуы ықтимал. Тараған ақпаратқа Кремль әзірге ештеңе демеді. Ал Еуропа Украинаның қорғаныс саласын қолдауға қомақты көмек беретінін мәлімдеді.

👍25🔥8😁1🥴1🤪1
Ташиевтің қадамы, Нығматулиндердің қылмысы, референдум ақшасы — AzatNEWS l 13.02.2026
🔹 Референдум өткізуге үкімет шамамен 21 миллиард теңге бөлмек.
🔹 Бірер күн бұрын ғана қызметтен алынған Қырғызстандағы аса ықпалды тұлға Қамшыбек Ташиев еліне оралды.
🔹 Ағайынды Нығматулиндерге қарсы қылмыстық іс қаралып жатыр
.

🔥14👎5👍2😁2
АҚШ сирек металл нарығында Қазақстанның Қытайға балама болғанын қалайды. Бұл жөнінде 13 ақпанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт айтты.
"Біз Қазақстанды Қытай бақылауындағы сирек металдар нарығына балама ретінде көре аламыз ба? Иә", – деді елші Стаффт Азаттық тілшісіне.
"Біз Қазақстанды Қытай бақылауындағы сирек металдар нарығына балама ретінде көре аламыз ба? Иә", – деді елші Стаффт Азаттық тілшісіне.
👍31🔥3🤔2👎1🖕1
Azattyq - Азаттық
⚡Шайдоров медальға таласатын күн Бүгін, 13 ақпанда олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Михаил Шайдоров негізгі бағдарламасын орындап, жүлдеге таласады. Шайдоров пен басты қарсыластарының жоспарлаған секіру элементтері мынандай (тізім түзгенде…
⚡Сонымен Миландағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыстың негізгі бағдарламасында фавориттер шыға бастады.
Бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Петр Гуменник негізгі бағдарламада бес рет төрт айналым элемент секірді. Бұған қоса үш айналым аксельді екі рет орындады. Бірақ үш айналым лутц+үш айналым риттбергер каскадында тек екі айналым риттбергер болып қалды.
Гуменник негізгі бағдарламасы үшін 184,49 ұпай алды.
Ол қысқа және негізгі бағдарламаның қорытындысында 271,21 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында тұрған грузиялық Ника Эгадзеде 260.27 ұпай бар. Алда 10 спортшы өнер көрсетеді. 271 ұпаймен үштікке ену қиын.
02:10-нан кейін мұзға қазақстандық Михаил Шайдоров шығады.
Руслан Меделбек, Азаттық тілшісі Миланнан хабарлайды

❤11🤷4🖕3🍓1
⚡Қазақстандық Михаил Шайдоров негізгі бағдарламасына 198.64 ұпай жинады. Бес рет төрт айналым элементті таза секірді. Үш айналым аксель+төрт айналым сальхов элементін орындады. Бұл элемент тек Шайдоровтың арсеналында бар.
Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпаймен бірінші орында келеді.
Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпаймен бірінші орында келеді.
❤31🔥2🏆2⚡1
❗Шайдоровта кемі күміс медаль бар. Басты қарсыласының бірі Юма Кагияма да негізгі бағдарламасын таза орындай алмады.
👍19❤7🔥3🏆1
⚡Миландағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды. Қазақстан спортшысы қос бағдарламада 291.58 ұпай жинады. Жеке рекорды.
Бұл - Қазақстанның қысқы олимпиадада ұзақ күткен алтыны.
Басты қарсыластары Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма (Жапония) негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады.
Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына олимпиада алтынын қосты.

🔥57👍20❤7👎2👏2🏆2🎉1💩1
Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттады
Президент спортшының Қазақстанның спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік деп атады.
Президент спортшының Қазақстанның спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік деп атады.
👍43🔥9🏆5💩4👎2
Украина әскері Белгородқа ракетамен соққы жасады деп хабарлады аймақ басшысы Вячеслав Гладков. Соңғы мәлімет бойынша, екі адам қаза болған, үш адам жарақаттанған.
Гладковтың айтуынша, екі ер адам инфрақұрылымдық нысандардың бірі атқыланып жатқан кезде қаза болған. Жарақаттанғандар ауруханаға жатқызылған, бір адамның жағдайы ауыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏35👍9🔥5🤬4❤2😢1😡1
АҚШ үндістандық Reliance Industries Ltd компаниясына мұнайды тіке Венесуэладан сатып алуға мүмкіндік беретін лицензия берді. Бұл жөнінде екі дереккөзге сүйенген Reuters жазды.
Reliance қаңтардың басында лицензияға өтініш берген. Құжат Венесуэлада өндірілген мұнайды сатып алуға, экспорттауға, өңдеуге рұқсат береді.
Reuters-тің жазуынша, Ресейдің мұнай және газдан түскен кірісі қаңтар айында 2020 жылдың тамыз айынан бергі ең төмен көрсеткішке (405 млрд рубль) түсіп кеткен. Ол кезде мұнай кірісі пандемияға байланысты қысқарған еді. Жылдық кіріс 25 пайызға дейін (8,44 трлн рубль) азаюы мүмкін деген болжам бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤10👎2😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жапонияда сайлау науқаны кезінде жүкті екенін көпке жария айтқан кандидат парламент сайлауында қарсыластарынан озып, төменгі палатадан мандат алды. 35 жастағы Хикару Фудзита Нагано осылайша саясатта ерлер үстем саналатын елде ерекше жеңіске жетіп отыр.
👏32😁5