⛸️Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Ол қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы жарыстарда алған ең жоғарғы ұпайы.
– Бұл – өмір бойы жасап келе жатқан еңбегім. Менің ойымша, бапкерімнің ойынша мінсіз сырғанап шықтым. Егер бапкерім Рафаэль Арутюнян "мінсіз сырғанап шықтың" десе, демек бұл шынымен мақтауға тұрарлық сырғанау. Өте ризамын, көңілім толды. Бір деммен сырғанап шықтым. Қобалжу болмады. Қобалжымай бүкіл дайындығымды көрсеткім келді. Аренадан Қазақстанның туын ұстаған жанкүйерлерді көргенде, олимпиада шығыршықтарын көргенде тіпті шабыттанып кеттім, – деді спортшы.
Қандай элементтер секірді?
Самоделкина қысқа бағдарламада екі айналым аксель, үш айналым лутц және үш айналым флип+үш айналым тулуп каскадын секірді. Төрешілер қазақстандық спортшының секіру элементтеріне жоғары ұпай бергенімен, мұздағы қадамдары (Step Sequence) мен мұздағы айналымдарына (spin) үшінші деңгей қойды. Әдетте бұл элементтерде төртінші деңгей жоғары саналады.
Спортшының бапкері Арутюнянның төрешілер берген ұпайға көңілі толмағаны байқалды.
Самоделкина 19 ақпандағы негізгі бағдарламада “таза сырғанап шығу үшін барын салмақ”.
Кімдер көш бастап тұр?
Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи ең қиын элементтің бірі үш айналым аксельді таза секіріп, 78,71 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында 2022-2024 жылдардың арасында әлем чемпионы болған жапониялық Каори Сакамото тұр – 77,23. Үшінші орында – былтырғы әлем чемпионы Алиса Лю (АҚШ) – 76,59 ұпай. Лю үш айналым лутцты толық секірмегені үшін ұпайы кемді. Бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Аделия Петросян 72,89 ұпаймен бесінші орында тұр.
Жүлдегелер негізгі бағдарламадан соң анықталады.

❤7🤔2💩1
Azattyq - Азаттық
⛸️Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті? Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Ол қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы…
Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады
Олимпиадада норвегиялық журналист Самоделкинадан не үшін Ресейден Қазақстанға ауысқанын сұрады. Спортшы "екі жыл болды Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрмін. Бұл – менің елім. Қазақстанға осы олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз" деп қысқа қайырды. Кейін журналистердің екінші тобына берген сұхбатында "Қазақстан боламағанда олимпиадаға қатыса алмас едім" деді.
Самоделкина Ресейде туған. 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алғанда Ресей басылымдары спортшының Қазақстанға кеткені жайлы көп жазып, екі елде бұл үлкен талқы тудырған.
Ал Қазақстан коньки одағы Азаттыққа "Біз Ресейден не басқа елден мәнерлеп сырғанаушы сұраған жоқпыз. Азаматтықты спорттан бөлек басқа жолдармен алуға болады ғой. Оның анасы Қазақстанда туған, сол арқылы азаматтық алған сияқты" деп мәлімдеген.
Самоделкина 2024 жылдан бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатыса бастады.

🤮16❤7👍3💩3🤔2
Иранда наразыларға қарсы кемінде 23 мың қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады сот жүйесінің өкіліне сүйенген Фарда радиосы.
Сот өкілінің сөзінше, тұтас елдің түкпір-түкпірінде адамдар ұсталған. Оның айтуынша, наразылық кезінде 729 полиция бөлімі мен ислам революциясы сақшылар корпусының 120 шақты орталығына шабуыл жасалған.
АҚШ-та шоғырланған Human Rights Activists in Iran (HRAI) құқық қорғау ұйымының дерегінше, 15 ақпан күнгі жағдай бойынша кемінде 53 552 адам қамалған, 144-і – студенттер. Сотқа 11 053 адам шақырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13👍3🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында әлімжеттік көрген сарбаз ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Отарда әскери борышын өтеген Есбол Қапар туыстарына сержанттар темір затпен ұрғанын айтып берген. Жағы мен мұрны сынған оған екі рет ота жасалған. Бірақ бұл туралы әскери бөлімше туыстарына хабарламаған, отадан шыққан сарбазды белгісіз жерде ұстаған.
🤬44😢2❤1
ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамақ мерзімі ұзартылды
Желтоқсан басында ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.
Желтоқсан айының соңында Әмір Қасенов үйқамаққа алынды. Сот шешімі бойынша ол дәрігер және адвокаттан басқа ешкіммен сөйлесе алмайды. Әлеуметтік желіде жазба жариялауға, сұхбат беруге тыйым салынған.
Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген.

🤬12😱11
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ақпаратты растады, бірақ жай-жапсарын түсіндірмеді. Комитет өкілдері шенеуніктің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын, қандай да бір бұлтартпас шара қолданылғанын-қолданылмағанын айтпады.
Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет желіде 13 ақпанда пайда болған. Сол кезде жергілікті әкімдік "ақпараттан хабарсыз" екендіктерін айтып, "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алды" деген
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13❤3👍2😐2👏1
Қазақстанда сарбаздардың жұмбақ жағдайда қаза табуы я мертігуі жұрт жиі талқылайтын тақырыптың бірі. Әскери басшылық көбіне сарбаз суицид жасады я оқыс оқиғаға ұшырады десе, қоғамда бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары деп санайтындар көп. Заңгер Инга Иманбай ондай істің сотқа жетуі өте қиын дейді.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬28👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қамаудағы белсенді, марафоншы Марат Жыланбаев 4 қаңтардан бері аштық ұстап жатыр. 16 ақпанда жақтастары мен адвокаты Степногорск қаласына келіп, Жыланбаевқа кірмек болған. Бірақ №4 түрме бастығы «бұл үшін Жыланбаевтың өзі өтініш жазуы керек» деп адвокатты кіргізбеген. Бұл жөнінде Qaharman тобы жазды.
Түрме бастығының сөзінше, Марат Жыланбаев «шәй және сусын ішеді». Жақтастары оның денсаулығына алаңдап отырғанын айтады.
Адвокат Бақытжан Омарханов Азаттыққа сол күні бастықтың кабинетіндегі камерадан Марат Жыланбаевты көргенін айтты.
«Түрме бастығының кабинетінен көрдім. Тікелей режимде. Жалғыз өзі спортпен айналысып жүр» деді адвокат.
«Не үшін аштық жариялады?» деген сұраққа адвокат жауап бере алмады.
Марат Жыланбаев бұған дейін де түрмеде талай аштық жариялаған. Ол түрмеде өзінің құқықтарының бұзылып жатқандығын және сот үкімімен келіспейтіндігін айтқан.

👍21😢4❤3
Бұл жөнінде Ақорда хабарлады. 18-19 ақпан күндері Қазақстан президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады.
“Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді” деп жазылған ресми хабарламада.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁11👎2💩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Грузия қысқы олимпиада тарихындағы алғашқы жүлдесін алды. Бұл жүлде Италиядағы қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанау жарысында бұйырды.
❤26👍5👎1
Белсенді істі өзінің белсенділігімен байланыстырады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🤬5🤔4
Егер Қазақстанның жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі пікірлерді сырт көз саралайтын болса, елде оның екі түрлі нұсқасы талқыланып жатыр деп ойлап қалуы мүмкін: бірінде суперпрезиденттік жүйеден бас тартып жатырмыз деп жария етсе, екіншісінде керісінше, президент өкілеті күшейтілетіні айтылған.
Ал іс жүзінде жалғыз ғана жоба – әу баста парламентті қайта құрылымдау мақсатын көздейді делінген құжат жайында сөз болып жатыр. Сонда президент институты қалай және неліктен өзгеріске ұшырамақ?
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢10🤷5👎3❤2💩2😭1
Израильдің Газа секторындағы әскери қимылына мыңдаған шетел азаматы қатысты деп жазылған Al Jazeera жариялаған сараптамада.
Мақала деректеріне қарағанда, Израиль әскері жағында соғысқандардың едәуір бөлігінің қос азаматтығы бар. Газа секторындағы шайқастарға қатысқан шетелдіктердің 189-ы – Қазақстан азаматы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25😭6❤2👍2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
15-16 ақпанда Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің қызметкерлі ұсталып, істі болды. Бір апта бұрын осы комитет басшысы әрі елдегі ықпалды саясаткер Қамшыбек Ташиев қызметінен алынған еді.
😱15🔥9👎3😭2❤1😁1🤔1
❗Италиядағы олимпиадада шорт-тректен 500 метрге жүгіруден қазақстандық Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша финалға шыға алмады. Әжіғалиев ширек финалда өз тобында екінші орында келе жатқан. Бірақ соңғы айналымда италиялық қарсыласымен соқтығысып, жартылай финалға өтпеді.
Денис Никиша өз тобында үшінші орын алған. Бірақ үшінші орын алғандардың арасынан ең жоғары уақыт көрсеткені үшін жартылай финалға шыққан. Ал жартылай финалда бес спортшы арасынан төртінші орын алып, шешуші финалға өтпеді. Финалға шығу үшін 1-2 орын алуы керек болған.

😢23❤2🤣2🤷♂1👎1🤬1
Егер Тегеран Вашингтон қойған талаптарға келіспесе, Дональд Трамп Израильмен бірігіп, алдағы апталарда Иранға қарсы соғыс ашуы мүмкін. Бұл жөнінде Ақ үйдегі дереккөздерге сүйенген Axios басылымы жазды.
"Бастықтың шыдамы таусылайын деді. Оның айналасындағылардың кейбірі Иранмен соғыстан аулақ болуға кеңес береді, бірақ менің ойымша, алдағы бірнеше аптада әскери қимылға көшу ықтималдығы 90 пайызды құрайды" деді АҚШ президенті кеңесшілерінің бірі.
Осы тұста Ресей, Қытай мен Иран ғаламдық мұнай тасымалы үшін маңызды бағыт – Ормуз бұғазында ортақ "Қауіпсіздік белдеуі" атты әскери-теңіз жаттығу өткізетінін хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔19👍6👌5🤬3❤1👎1
🗣Қазақстанда Ораза басталды, ол 29 күнге созылады
19 ақпанға қараған таңда ораза ұстайтын қазақстандықтар сәресіне тұрып, ауыз бекітті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жариялаған кестеге орай, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады.
Бейсенбі күні таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

❤24🙏9👎2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Милан олимпиадасында шорт-тректен жүлдеге таласқан Абзал Әжіғалиев нәтижесі жайлы ойын бөлісті.
❤20👎2🤬1
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылғаннан кейін "кадрлық шешім қабылданғанын" хабарлады.
"Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілді" деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤3😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда туған әнші Назгүл Шүкеева 25 жыл бұрын Украинаға көшкен. Сол жерде танылып, отбасы құрған. 2024 жылы Назгүлдің ұлы өз еркімен Украина әскеріне қосылып, майданға аттанған. Азаттық Азия редакциясы Назгүл туралы көлемді видео жариялады. Толық нұсқасын YouTube-тан көріңіз.
❤22👍10👏2