Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 3,3 мың адам оралған

"Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды" деп жазылған Қазақстан СІМ-нің 6 наурыз күнгі хабарламасында.

Министрліктің айтуынша, эвакуация жұмысы "жерүсті жолдары" арқылы да жалғасып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға ұшуды шегеру мерзімін 10 наурызға дейін ұзартқанын хабарлаған.

Дегенмен 31-арнаның жазуынша, елде кейбір туристік компаниялар Таяу Шығыста жағдай жақын арада тұрақталып қалар деген үмітпен наурыздың соңы мен сәуірге сапарларды ұсынып жатыр.
👍11
🗣Трамп Иранның қауіпсіздік күштерін "халық жағына шығуға" үндеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 5 наурызда Ақ үйде сөйлеген сөзінде Иранның қарулы күштері, полициясы және Ислам революциясы сақшылары корпусы (IRGC) қызметкерлерін халық жағына шығып, 1979 жылғы ислам революциясынан бері елді билеп-төстеп келе жатқан режимді тайдыруға көмектесуге шақырды.

"Қазір Иран халқының жағына шығып, елді қайтарып алуға көмектесетін кез келді", деді Трамп.

Ол қаруды тастап, клерикал билікпен ат құйрығын кескендерге "толық иммунитет" беріледі деп уәде етті. Бұған қоса Трамп шетелде жұмыс істеп жатқан Иран дипломаттарына да үндеу тастады.

"Біз күллі әлемдегі Иран дипломаттарын [өзге елдерден] пана сұрауға және бізге жаңарған, керемет, әлеуеті зор Иран құруға жәрдемдесуге шақырамыз", деді АҚШ президенті.

Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤12👎11😁4👏3🔥1🆒1
НАТО Түркия аумағына зымыран құлағаннан кейін өз қорғаныс жүйелерін күшейтті

Ираннан Түркияға қарай ұшырылған зымыран атып түсірілген соң НАТО әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жоғары әскери дайындыққа көшірді. Мұны 5 наурызда Еуропадағы НАТО біріккен күштері штабының баспасөз хатшысы полковник Мартин О’Доннелл мәлімдеді.

Түркия армиясының хабарлауынша, 4 наурызда Ираннан ұшырылған зымыранды Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген. Зымыран сынығы Хатай провинциясындағы Дөртиол ауданына құлаған. Түркия қорғаныс министрлігі адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлады. О’Доннелл зымыран 10 минутқа жетпейтін уақытта әуеде жойылған деді.

НАТО баспасөз хатшысы Элисон Харт альянс Иранның Түркия жаққа зымыран ұшыруын айыптаған. Алайда АҚШ әскери министрі Пит Хегсет бұл оқиға НАТО-ның ұжымдық қорғаныс қағидатын бекітетін 5-бапты қолдануға негіз болмайтынын айтты.
👍12❤5🤡1
Azattyq - Азаттық
Оразалы Ержанов екі айға қамалды Бұл жөнінде адвокат Виталий Вороновқа сүйенген журналист Вадим Борейко хабарлады. “Бүгін, 5 наурызда 20:50-ден кейін, Оразалы Ержановтың 10 күндік қамау мерзімі аяқталған кезде, оны екі айға қамады. Мұны маған адвокат Виталий…
Адвокат Оразалы Ержановтың денсаулығы туралы айтты

Адвокат Виталий Вороновтың Азаттыққа айтуынша, Оразалы Ержановтың бұрын жарақаттанған қолы қайта іріңдеп, оны мазалай бастапты.

“Кеше сот процесі болды, оны онлайн режимде көрдім. Көрдім, сұрадым. Оған суық тиген, жөтеледі. Қолы жарақаттанған еді, сол іріңдей бастаған. Өзі айтты. Ал жалпы қамау жағдайына шағымы жоқ. Маған экран арқылы көрінбейді ғой, оның сөзіне сүйеніп айтып отырмын, оны қолы мазалай бастапты. Оған мекемедегі медицина бөліміне көрінуге кеңес бердім” деді адвокат.

Әзірге, мекеме өкілдері түсініктеме бермеді.
😢16❤3🤬2
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай шешім "негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып" қабылданған.

Болжам бойынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында мұнай бағасы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты жоғары болмақ, ізінше біртіндеп арзандай бермек.

Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан шақта осы аптада Brent маркалы мұнай бағасы 18%, WTI 20 пайыздан астам қымбаттаған еді.
👍9🔥3🤬2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украинада әскерилер майдан даласында шашылған мәйіттерді жинап, әр марқұмның сүйегін арулап жерлеу үшін бәрін үйіне қайтаруға тырысады. Айлап, жылдап ұрыс даласында жатқан, жанып кеткен, сау-тамтығы қалмаған сүйектерден оның нақты қай сарбазға тиесілі екенін анықтаған оңай емес. Ресми дерек бойынша, соғыс басталғалы жоғалғандар тізімінде 80 мыңнан аса украин сарбазы бар. Азаттық журналист Марьян Кушнир «Менің есімімді қайтар» деректі фильмін ұсынады. Youtube-арнамыздан көріңіздер.
😢30👍5😭5❤2
БАҚ: АҚШ тергеушілері Ирандағы мектепті америкалықтар бомбалаған болуы ықтимал деп есептейді

АҚШ әскери тергеушілері Ирандағы қыздар мектебіне жасалған шабуыл салдарынан ондаған оқушы қаза тапқан оқиғаға америкалық сарбаздар жауапты болуы мүмкін деп есептейді. Reuters агенттігі аты-жөні жарияланбаған екі дереккөзінің мәліметіне сүйеніп осылай деп жазды.

Мектепке жасалған әуе шабуылына байланысты тергеу әлі аяқталмаған және түпкілікті қорытынды шығарылмаған.

Ақпарат агенттігі сөйлескен дереккөздер оқиғаға АҚШ-тың қатысы жоқ екені көрсететін жаңа айғақ-дәлелдер пайда болып қалуы да мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында орналасқан қыздар мектебіне әуе шабуылы 28 ақпанда – АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған күні жасалған.

Тегеран шабуыл салдарынан 150-ге дейін оқушы қаза тапқан деп мәлімдеген. Алайда бұл санды растайтын тәуелсіз дереккөздер табылмай отыр.

Мектепке жасалған шабуылға жауапкершілікті АҚШ та, Израиль де, Иран да әзірге мойнына алған жоқ.

4 наурызда Пентагон басшысы Пит Хегсет АҚШ армиясы бұл оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатқанын айтып, "біз ешқашан азаматтық нысандарға шабуыл жасамаймыз" деп мәлімдеген.
🤬16🔥6❤4
"Тыныштық сәтінің өзі қорқынышты". Ирандықтар шабуылдан үрейленеді

Иранда тұратын адамдармен байланысып, объективті ақпарат алу қиын. Там-тұмдап жеткен ақпаратқа қарағанда халық соғыс оты өршіп, босып кету қаупі төне ме, қазіргі күнімізге де зар болып қаламыз ба деп үрейленеді. Азаттықтың жаңа шолуы осы туралы.
🔥14😢9👍6
"Балалар ауырып жатыр, еденде ұйықтаймыз". Таяу Шығыс елдерінде қалып қалған қазақстандықтар Тоқаевтан көмек сұрады

Таяу Шығыс елдерінде қалып қалған қазақстандықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, көмек сұрады. Олардың мәлімдемесінен ҚазТАГ үзінді келтірді.

"Біз, қазақстандықтар, бірнеше күн бойы Дубайдағы қонақүйде болдық. Одан кейін бізді Оман атты елге әкелді. Бізге "біраз уақыттан кейін ұшаққа отырасыздар" деп сөз берді. 7-8 сағат бойы жол жүріп келдік, арамызда қарттар, мүгедектігі бар адамдар, балалар бар, алайда кешеден бері тек бір ғана ұшақ ұшты. Барлық жаңалықта Дубай мен Оманнан ұшақтар ұшып жатыр деп айтып жатыр, олай емес. Ешқандай ұшақ ұшып жатқан жоқ – кешеден бері тек бір ұшақ ұшты. Бәріміз жатырмыз. Ешқандай жағдай жасалмаған. Мұнда балалар ауырып жатыр, қариялар қиналып жатыр, бізге көмектесіңіз, өтінеміз, жағдайымыз ауыр" деді әйел видеомәлімдемеде.
😁11😢9🤨5👎2🤬2💩2❤1
Әзербайжан елшілік қызметкерлерін Ираннан әкетеді

"Дипломатия қызметкерлерін шығару жұмысы басталып кетті" деп мәлімдеді Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов.

"Әзербайжан президенті Илхам Әлиев дипломатия қызметкерлерін Ираннан толық шығару туралы шешім қабылдады. Бұл Тегерандағы елшілікке де, Тебриздегі консулдыққа да қатысты. Қазіргі кезде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр" деді Байрамов.


5 наурызда дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына соққы жасаған. Баку оқиғаға Тегеранды айыптаған. Әлиев шабуылды "террористік акт" деп атады. Иран бұған Израильді кінәлаған еді
👍15🤔6👎3
Иран астанасы 6 наурызға қараған түні соңғы бір аптадағы ең ауыр бомба шабуылына ұшырады.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерден әсіресе Тегеранның орталығында, ірі мемлекеттік ғимараттар маңында өте қарқынды шабуыл болып жатқаны байқалады.

Қала орталығынан бөлек, Тегеранның басқа аудандарына, соның ішінде қаланың шығыс және батыс бөліктеріне де шабуыл болған. Оқиға ортасында болғандар жойғыш ұшақ дауысын естігенін, кейбірі оларды аспаннан көргенін айтады.

Шабуыл ошағына жақын аудандарда үйлер шайқалып, кей жерлерде жарық өшкені де хабарланды.
👍13👎13❤4🔥3🤬2😱1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз мерекесіне орай сөйлеген сөзінде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты да атап өтіп, елдің барлық жетістігін соның есімімен байланыстырды.

“Бүгінгі Конституция еліміздің қол жеткізген барлық жетістігінің бастауында тұрды. Бұл – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы” деді ол.

Тоқаев қазіргі Конституция қабылданған шақта Қазақстан еңсесін енді тіктеп жатқан еді, ал қазір жаңа Конституцияны қабылдау – бұл уақыт талабы деді.
💩33🤡9❤2👎2🤮2
Azattyq - Азаттық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз мерекесіне орай сөйлеген сөзінде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты да атап өтіп, елдің барлық жетістігін соның есімімен байланыстырды. “Бүгінгі Конституция еліміздің қол жеткізген барлық жетістігінің бастауында…
Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген салтанатты іс-шарада сөйлеген Тоқаев елде отбасы омбудсмені пайда болатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай лауазым елде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің күшеюіне ықпал етуі керек.

“Отбасы омбудсмені президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады. Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді” деді ол.

Шараның соңында президент “елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін” бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградалармен марапаттады.
👎13❤4🤮4👍1
“Власть” басылымы тағы да кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді

“Бүгін түстен кейін “Власть” сайты тағы да DdoS-шабуылға ұшырады, сол себепті қазіргі кезде [сайт] ашылмай тұр. “Власть” мақалаларын әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялай береді және мүмкіндік болған кезде сайтта да жариялайды. Сайтқа шабуыл 2025 жылдың кейінгі апталарында күшейді, жыл соңында бәсеңдеп, қаңтарда қайта күшіне мінді. Бүгінгі шабуыл – 2026 жылдағы ең ірі екінші шабуыл” деп хабарлады редакция ұжымы.
🤬8👍5❤1😁1
"Қойма қаңырап, тауар кідірді". Ирандағы соғыстың салдары Орталық Азияда сезіле бастады

Ирандағы соғыс Орталық Азия экономикасына соққы болып тиді. Әсіресе Ираннан келетін тауарларға, соның ішінде азық-түлік пен тұрмыс заттарына тәуелді Түркіменстанда мұның зардабы қатты сезіліп отыр.

🔗Толығырақ оқыңыз
😢21👍5👎1
Израиль Тегеранға тағы соққы жасады

Израиль әскері Тегерандағы нысандарға тағы соққы жасай бастағанын мәлімдеді. Куәгерлер Тегеранда жарылыс естілгенін айтты.

ЦАХАЛ Иранның Израильге қарай ракеталар ұшырғанын хабарлады. Тегерандағы “Мехрабад” халықаралық әуежайына да соққы жасалған.
👎20🔥13❤4👍4🤬2😨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан бассауғалап, Арменияға қашып барған ирандықтар Азаттыққа берген сұхбатында түрлі пікір білдірді
❤12🤣7🔥4🙏3
WP: Ресей Иранға АҚШ нысандарын шабуылдауға қажет деректерді береді

Ресей Иранға Американың Таяу Шығыстағы нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін береді. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар The Washington Post-тың үш дереккөзі хабарлады. Олардың айтуынша, Мәскеу Тегеранға АҚШ-тың әскери нысандары, оның ішінде кемелер мен ұшақтар туралы да мәліметтерді беріп жатыр.

Дереккөздің хабарлауынша, мұндай көмек соғыс басталғаннан кейін АҚШ-тың басты геосаяси қарсыластарының бірі Ресейдің жанама болса да, соғысқа қатысқандығының алғашқы белгісіне айналған.

Дереккөздің айтуынша, Ресей Иранға америкалық әскери активтердің орналасуы туралы ақпарат беріп жатыр, бұл Тегеранның кейбір шабуылының дәл болғандығын түсіндіреді.
👍25👎8😁8🔥5❤3👏1
Өзбекстан түрмедегі әйелдерге оқу орнына түсіп, қашықтан оқуға рұқсат береді

Өзбекстанда түрмедегі әйелдерге қашықтан оқып, кәсіпті меңгеруге мүмкіндік берілмек. Бұл жөнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара кезінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының сөзінше, жазаны атқару мекемесінде қазір 2589 әйел жазасын өтеп жатыр, 1239-ының орташа білімі бар, бірақ кәсіп меңгермеген. 443 әйел жоғары оқу орнында оқығылары келетінін айтқан. Оларға арналған "Жаңа өмір" атты бейімдеу бағдарламасы іске қосылады.
👍40❤5🤬2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ пен Израиль Иранға қарсы шабуыл бастағалы желіде түрлі фейк видео мен посттар тарап жатыр. Солардың Қазақстан аудиториясына жеткендерін шолып шықтық.
👍22🤣12🔥5❤1