Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Азаттық тілшісі Дархан Өмірбек Астанадағы №240 сайлау учаскесінде дауыс санау процесіне қатыстырылмады.

Тілшінің айтуынша, учаске төрағасы оны алдымен ішке кіргізіп, біраздан соң екі полиция қызметкерін шақырған. Олар редакцияның тапсырмасында мекеменің мөрі жоқ деген себеппен Дархан Өмірбектен учаскеден шығып кетуін сұраған. Тілші мөр болуы міндетті емес деген уәж айтқан соң олар дауыс беру процесін бастамай, кешкі 20:48-ге дейін ұстап, ақыры «Ереже бұзу туралы акт» толтырып, Азаттық тілшісін сайлау учаскесінен шығарып жіберді.
🤬35👍3🤯1
Azattyq - Азаттық
Түркістанда автобуспен адамдарды сайлау учаскелеріне апарып дауыс бергізіп жүрген болуы мүмкін деген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Facebook-те Несібелі Хайруллақызы есімді қолданушы 177 YA 13 мемлекеттік нөмірі бар сары автобустың ізімен жүріп, оның…
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі референдум күні қалада «карусель» ұйымдастырылды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.

Қоғамдық тасымал қызметін негізінен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады. Осы референдумда облыс орталығы Түркістан қаласында жеке тасымалдаушы компания өз еркімен қолдау білдіріп, қала тұрғындарының дауыс беру учаскелеріне баруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автобустарын тегін ұсынған.

Айта кету керек, референдум күні азаматтарды тасымалдау заңға қайшы емес. Бұл –тұрғындардың өз конституциялық құқығын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралардың бірі. Сонымен қатар, дауыс беру – әр азаматтың ерікті таңдауы» деді Азаттыққа Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім.
🤡24👍7🤮6🔥3💩3❤1🖕1
⚡Экзит-полл: Конституцияны дауыс берушілердің 86 пайыздан астамы қолдады

Конституция бойынша референдумның экзит-полл қорытындысы шыға бастады. Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс берушілердің «86,7 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған».

Ал Астана «Социс-А» әлеуметтік зерттеулер институты «87,4 пайыз адам жаңа Конституция жобасын қолдады» дейді.
🤬51😁16🤣15🤮9👍5💩3🤔2🖕2
⚡Қазақстанда жазда парламент сайлауы өтпек

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның үгіт-насихатына қатысқан жастармен кездесуде мәлімдеді.
💩38😱11🖕7👏4
⚡️Қазақстан президенті Тоқаев экзит-полл қорытындысымен танысып, жаңа Конституция қабылданғанын мәлімдеді.

"Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады" деді ол.

Бұған қоса, Тоқаев енді 15 наурыз елде Конституция күні болатынын да мәлімдеді.
🖕43👎15💩8😁7😘5😱2🤮2🆒1
⚡️️️️СІМ: 12,7 мың қазақстандық референдумге шетелден дауыс берді

Конституция жобасы бойынша 54 шет мемлекетте ашылған 71 референдум учаскесінің бәрі жұмысын аяқтады деп хабарлады 16 наурыз күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, 12740 Қазақстан азаматы шетелден дауыс берген.

"Бұл дауыс берушілердің 88,6% келуін қамтамасыз етті", деді Қазақстан СІМ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁16💩5❤4🖕3👍1🤮1🤡1
🏆 АҚШ-та «Оскар-2026»сыйлығы иегерлері жарияланды

АҚШ-та өткен салтанатты кеште америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен төрешілер ұйғарымы бойынша "Оскар-2026" сыйлығы кімдерге берілетінін жария етті.

🎬 Негізгі жеңімпаздар:

Үздік фильм – "Шайқастан кейінгі шайқас";
Үздік режиссер – Пол Томас Андерсон ("Шайқастан кейінгі шайқас");
Үздік ер адам рөлі – Майкл Б. Джордан ("Күнәһарлар");
Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Эми Мэдиган ("Құрал");
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Шон Пенн ("Шайқастан кейінгі шайқас").

🎥 Техникалық санаттар бойынша "Франкенштейн" фильмі озды.

Ал "Жын аулайтын кей-поп әнші қыздар" анимациялық фильмі екі бірдей (үздік анимация және үздік ән) марапатқа ие болды.

📽 Үздік деректі фильм жанрында "Путинге қарсы беймәлім мырза" (Mr. Nobody Against Putin) шығармасы бас жүлдені жеңіп алды.
👍18🔥3👏2❤1
📊 Зерттеу: салық реформасы қазақстандықтардың шығынын көбейтті

Demoscope ұйымы зерттеуіне сәйкес, халықтың 77,6% қаңтардан бері шығындары өскенін, азық-түлік, киім-кешек, көлік, демалыс пен коммуналдық төлемдерге ақша үнемдеуге мәжбүр екенін айтқан.

Респонденттердің 65% қосылған құн салығы өскеннен кейін өмір сапасы нашарлады деп есептейді, соның 40,5% – елеулі түрде нашарлағанын айтады. Тек 8,2% жағдай жақсаратынына сенеді.

Demoscope жазуынша, Қазақстан тұрғын халқы негізгі тауарлар мен қызметтерге қол жеткізу қиындығын басты мәселе ретінде атаған 15 мемлекеттің қатарына кіріп отыр.
🤬11😢9❤2
🔴 ОРК Конституция бойынша референдумның алдын ала қорытындысын жариялады

16 наурызда Орталық референдум комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров Конституция жобасы бойынша жексенбіде өткен референдумның алдын ала қорытындысын жариялады.

Әбдіровтің айтуынша, 16 наурыз таңертеңгі дерекке сәйкес, 7 954 667 азамат (87,15%) жаңа Конституцияны қолдап, 898 099 адам қарсы дауыс берген.

ОРК мәліметінше, сайлау құқығына ие 12 миллионнан астам қазақстандықтың 73,24 пайызы, яғни, 9 126 850 адам референдум бюллетенін алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23😁9🤮7❤2👍2💩2🤔1🖕1
💬 Австралия паналатқан ирандық үш футболшы қыз елге оралуды ұйғарды

Футболдан әйелдер арасындағы Азия кубогынан кейін Австралияда қалып, пана сұраған Иран құрамасының үш ойыншысы еліне оралуды ұйғарған. Австралияның ішкі істер министрі Тони Берктің мәлімдеуінше, спортшылар өз еркімен командадағы басқа ойыншыларға қосылып, Иранға қайтатынын хабарлаған.

Иранның Tasnim агенттігі олардың Мона Хамуди, Захра Сарбали және Захра Мошкекар екенін, ойыншылар Куала-Лумпур арқылы Иранға оралатынын жазды.

Бұған дейін Австралия билігі Иран құрамасының жеті мүшесін паналатуға келіскен еді. Жарыс кезінде ирандық футболшылар мемлекеттік әнұран орындалғанда қосылып айтпай, үнсіз тұрған. Олардың бұл қылығын Иранда билікке қарсылық ретінде бағалап, спортшыларды "сатқындар" деп атап, сөккен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔9😁6😱4❤1👍1🥴1
⚡️Атырауда мұғалім әйелдің қазасына күдікті ретінде күйеуі ұсталды

16 наурызға қараған түні Атырауда 58 жастағы әйел отбасындағы жанжал салдарынан қаза тапқан.

Оның 62 жастағы күйеуі қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Марқұм қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген, бұған дейін мектеп директорының орынбасары қызметін де атқарған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱10🤬7👎1
🔸Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру жайлы жарлық шығарды

Қазақстан президенті 2026 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатта әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар Қарулы күштер, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке алынатыны жазылған.

Сонымен бірге осы көрсетілген кезеңдерде әскерде қызмет мерзімін өтеген азаматтар запасқа шығарылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14💩10🔥5🤮4
❗️Израиль Ливанның оңтүстігінде құрлықтағы операцияны кеңейтеді

Израиль армиясы Иран қолдайтын "Хезболла" тобының зымыран және дрон шабуылдарынан кейін Ливанның оңтүстігіндегі әскери операцияларды кеңейтетінін мәлімдеді.

Израиль әскері солтүстік аймақтарды қорғау үшін шекара маңында қосымша қауіпсіздік аймағын құрып, Ливан аумағына 7-9 км терең енген.

Қорғаныс министрлігі резервтегі әскер санын 280 мыңнан 450 мың адамға дейін арттыруды ұсынды.

Әскери сарапшылардың болжамынша, Ливандағы операциялар мамырдағы Шавуот мерекесіне дейін жалғасуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎12🔥8👍3❤1🥰1🖕1
⚡️️АҚШ Ормуз бұғазында кемелерді қорғау коалициясын құруы мүмкін

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді сүйемелдеу үшін халықаралық коалиция жариялауға жақын. Бұл туралы Wall Street Journal мен Axios басылымдары хабарлады.

Дереккөздерге сүйенсек, Дональд Трамп әкімшілігі коалиция жөніндегі мәлімдемені осы аптада жариялауды жоспарлап отыр. Коалицияның нақты қалай жұмыс істейтіні және миссияның қашан басталатыны әзірге талқыланып жатыр.

Сонымен қатар АҚШ Иранның стратегиялық маңызы бар Харк аралын бақылауға алу мүмкіндігін де қарастырмақ. Бұған дейін АҚШ аралға әуе шабуылын жасаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13🖕4👎3😁3👍2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Иран экономикасы үшін маңызды саналатын Харк аралына соққы жасады. Бұл арал арқылы Иран мұнайының 90 пайызы экспортталады.
🔥26👎21👏3🤔1
⚡️️️️Референдум өткен соң Оразалы Ержановты абақтыдан үйқамаққа ауыстырған

Қазақстандық қоғам белсендісі Оразалы Ержанов 16 наурызда тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылғанын журналист Вадим Борейко хабарлады.

Ержанов жұртты Конституция жобасы бойынша референдумға "ақылды бойкот" жасауға шақырғаннан кейін ұсталған.

26 ақпанда полиция оның үйін тінтіп, кейін 10 күнге әкімшілік қамауға алған. 5 наурызда сот оны екі айға қамауға санкция берген. Ол "сайлау құқықтарына кедергі келтіру" бабы бойынша тергеліп жатқан іс аясында қамалғаны белгілі болды.

Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша референдум өткен күннің ертесіне сот Ержановты абақтыдан үйқамаққа ауыстыруға рұқсат еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯20🤬5❤3
❤️Үшінші Конституция Қазақстанды қайда бастамақ?

Қазақстан тәуелсіздік кезеңіндегі үшінші Конституциясын қабылдады. Оның ғұмыры қанша уақытқа созылмақ? Ақорда айтып жүргендей, Қазақстан суперпрезиденттік басқару моделінен кетіп, шынайы билік тепе-теңдігі қалыптасқан жүйеге ауыса ма? Қазіргі ахуалдан не байқалып отыр? Азаттыққа сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев ой бөлісіп, осы жайлы сұрақтарға жауап берді:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8😱8🤬6👏2🔥1
⚡️️️Путин кімнен қорқады? Трамптың пікірі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің "кімнен қорқатынын" айтты.

"Путиннен сұраңыз. Путин бізден қорқады. Ол Еуропадан мүлде қорықпайды. Ол Америка Құрама Штаттарынан және мен бірінші [президенттік] мерзімде құрған армиядан қорқады",

деп мәлімдеді Трамп 16 наурызда Вашингтонда НАТО одақтастары арасындағы келіспеушіліктер жайлы сөзінде.

Трамп бұған дейін одақтастар Ормуз бұғазының қауіпсіздігіне көмектеспесе, НАТО болашағы "өте нашар" болатынын ескерткен. Бірақ кей елдер бұл үндеуді қолдамаған.

Батыс басылымдары АҚШ Ормузда кемелерді қорғау үшін халықаралық коалиция құрғысы келетінін жазды. Трамп бұл іске бұғаздан пайда көретін елдер қатысуы тиіс дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁20🤣19👍6🖕3❤1🔥1