Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Путин украин дрондарын Ресей үшін басты қиындық деп атады

Ресей басшысы Владимир Путин Бішкектегі баспасөз жиыны кезінде қазір Ресей үшін басты қиындық дрондар болып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, Ресей әскеріне Украинаның отын-энергетикалық кешен нысандарына жаппай қарымта шабуыл жасау жөнінде нұсқаулық берілген.

“Жаудың күйрейтініне күмәнім жоқ. Уақыт, мерзім мәселесі әрқашан өте күрделі нәрсе, оларға нақты жауап беруге тырысудың да қажеті жоқ” деді ол.

Майдандағы жағдайға тоқталған Путин “Центр” тобы Краснооскольск су қоймасының шығыс жағалауындағы Доброполье қаласын басып алу үшін шайқасып жатқанын, «Батыс» тобы Украина әскерінің 13 батальонын қоршап алғанын, ал «Солтүстік» тобының Сумыға жетуіне 12 шақырым қалғанын жеткізді.

Путин сонымен бірге “егер Ресейдің ұшақтары бірдеңеге ұшыраса, Мәскеу қол қусырып отырмайды, қарымта жауап береді” деп мәлімдеді.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігін пайдаланатын барлық әуе компанияларына Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті екенін және онда дрондар ұшқандықтан іс жүзінде "жабық" екенін айтқан.
🤡27🤮6❤2👍2🤣2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда халықаралық қатынастар саласының профессоры, 46 жастағы өзбек зерттеушісі Икболжон Қорабоев тыңшылық бабымен ұсталды. 3 шілдеде Астанадағы үйінен оны жай киім киген бірнеше адам ұстап әкеткен. Икболжон Қорабоев туралы не белгілі?
❤7🤔6🤬6🤷‍♂3👍1
Күзде шамамен 23 мың қазақстандық әскерге шақырылады

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, оның аясында желтоқсан айының соңына дейін әскерді кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі хабарлады.

“12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – төтенше жағдай министрлігі, 300-ге жуығы – мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады” деді ведомство өкілдері.

Олардың сөзінше, әскерге алынғандар әскери-есептік мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалар бар.

Қазақстан азаматтарды әскери борышты өтеуге міндеттейтін әлемдегі 68 елдің бірі. 92 елде мұндай талап жоқ. 17 елде тең заң жүзінде бар.
👍18🤔7❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бішкекте Пашинян мен Путин келіссөз жүргізді

1 қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинян Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.

Путин Арменияның егемен мемлекет ретінде Еуроодаққа қосылуға құқығы бар деді, бірақ Армения Еуразия экономика одағына мүше болғандықтан бұл талпыныс «қиындық туғызатынын» атап өтті. Путин Ереванды тағы да сыртқы саясаттағы жоспарын тез арада анықтауға шақырды.

Николь Пашинян Путинге Еуразия экономика одағының ережелерінде қандай да бір мемлекетті алып тастау тетігі жазылмағанын және егер ел одақтан шыққысы келсе, кем дегенде алты ай бұрын хабарлауға міндетті екенін еске салды.
👍25🤔9😁4❤2
Алматыда құқық қорғаушылар Қаңтар көтерілісі туралы кітаптың екінші бөлімін таныстырды

Бұған дейін кітапты құрастырушылардың бірі “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Азаттыққа екінші кітапқа Қаңтар бойынша сот үкімдері енгенін айтқан еді.

“Екінші кітап бұл – хронология. Оқиғаның хронологиясы. Яғни, әрбір қалада наразылық қаншада басталды, қалай өрбіді, қай көшелерде жүрді, 4-5 қаңтарда не болды? Осының бәрін біз сот үкімдерінен алдық. Барлық сотталушыға шыққан үкімдер күшіне енген кезде олар оқиғалардың қалай болғанын іс жүзінде заңдастырды. Егжей-тегжейлі жазды. Шартты түрде айтсақ, кешкі сағат 7-де “Алматы арена” маңына жұрт жиналды, одан кейін Абай көшесімен жүрді. Алаңға жетті, атыс басталды деген сияқты” деген еді құқық қорғаушы.

2 қыркүйек күнгі баспасөз жиынында ол Қаңтар көтерілісі бойынша кейбір үкімдердің сот кабинетінен жоғалып жатқанын да аңғарғанын жеткізді. Егер де қазір оны құжатқа түсірмесек, ертеңгі күні аңызға айналатынын түсіндік дейді ол.

Оның сөзінше, бұл "Қаңтар туралы мемлекеттің ресми көзқарасы".
😭12👍9🔥2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин Омбыдағы форумнан кейін Тоқаевпен Украинадағы соғысты талқыламағанын айтты. Ол форумда Қазақстан президенті соғыс туралы көзқарасын білдіріп, атысты тоқтатуға үндеді. Ресей басшысы бұл туралы оған оңаша баяндап беретінін мәлімдеген.
😁18💩8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құқық қорғаушылар мен жақындары журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайына қатысты дабыл қақты

2 қыркүйек күнгі баспасөз жиыны кезінде құқық қорғаушылар мен журналистің жақындары Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы ауыр екенін айтты. Олар мәселені халықаралық деңгейге шығару керек деп санайды.

Видео: анасы Қалимаш Тілепова ұлының жағдайы туралы айтып жатыр. Алматы, 2 қыркүйек
😢22🤬4❤2🤔1
❗Зеленский: Енді Ресейдің әуе кеңістігі жабық

Украина президенті Владимир Зеленский енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық деп мәлімдеп, дрон шабуылдары үдейтінін меңзеді.

"Ресейдің әуе кеңістігін, негізгі әуежайларын қолданатын әрбір әуе компаниясына, әрбір сақтандыру компанияларына ескерткіміз келеді: Ресейдің әуесі толығымен қауіпті болады. Украина азаматтық авиацияға, азаматтық ұшақтарға сес көрсетпейді. Бірақ Ресей әуесінде көп дрон ұшады және олармен санасу керек болады. Ресей билігі бұл туралы ашық хабарламайды, бірақ Ресей аспаны іс жүзінде жабылады" деді ол 1 қыркүйекте.

🔹Путин не деді?

Бішкектегі ШЫҰ саммитінен соң журналистер Ресей президенті Владимир Путиннен Зеленскийдің сөзіне қатысты сұрақ қойды.

"Егер мұндай мәлімдеме шынымен жасалған болса, бұл — мемлекеттік терроризмге деген ұмтылыс. Біріншіден, олар бізден келіссөздерді қайта бастауды және тікелей кездесулер өткізуді сұрап отыр. Ал террористермен келіссөз жүргізу деген болмайды. Бұл — бір. Екіншіден, егер, Құдай сақтасын, осындай қайғылы жағдайлар болса, біз оған жауап берудің жолын табамыз. Бұған ешкім күмән келтірмесін" деді Путин.

🔹Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы

Зеленский 29 тамызда ел әскеріне Ресейге күніне жіберілетін дрон санын 300-ден мыңға жеткізуді тапсырған. Дрон шабуылына байланысты Ресей әуежайлары жиі жұмысын тоқтатып, рейстер кешігеді.

Дрондарға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы тоқтаған жоқ. Қазақстандық SCAT, VietJet Qazaqstan, ресейлік Aeroflot, S7, Red wings және "Россия" әуе компаниялары екі ел арасында ұшады. Бұл компаниялар Зеленскийдің сөзіне қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
👏19👍9
Azattyq - Азаттық
Құқық қорғаушылар мен жақындары журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайына қатысты дабыл қақты 2 қыркүйек күнгі баспасөз жиыны кезінде құқық қорғаушылар мен журналистің жақындары Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы ауыр екенін айтты. Олар мәселені халықаралық…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Заңгер Маржан Аспандиярова түрмедегі Думан Мұхаммедкәрім "өмір мен өлім арасында" отыр дейді. 2 қыркүйек күнгі жиында журналистің анасы Қалимаш Тілепова АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трампқа мәлімдеме жолдады
😱18👍7🤬3
❗Сыртқы істер министрі ауысты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұрын бұл министрлікті Ермек Көшербаев басқарған.

Тілеуберді 2019-2023 жылдары сыртқы істер министрі болған еді, 2023 жылдан бері Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған.
😁8👍6💩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтар мен орыстар арасында діни және саяси негізді ірі қақтығыс болған емес деп мәлімдеді.
💩45😁5🤮4👍3🤬2🍌1
Оңтүстік Кореяда өзбек азаматтары терроризм күдігіне ілінді

Оңтүстік Кореяның полициясы Сирияда шоғырланған "Қатиба әт-Таухид әл-жихад" атты ұйымды қаржыландырды деген күдікпен өзбек азаматын ұстады.

Тергеу дерегінше, ол криптовалюталық ұйымға 6,3 миллион вон (шамамен $4,6 мың) қаражат аударған. Одан бөлек, криптовалютаға техника сатып алып, Сирияға жөнелткен. Оған техника сатып алуға көмектесті делінген тағы үш өзбек азаматы да тергеліп жатыр, бірақ әзірге қамалмаған.
😱18👏4👍2😁1
❗Ozon cатушыларға тауарларын Қазақстандағы қоймаларға орналастыруды ұсынды

Ресейлік Ozon маркетплейсі өзінің сатушыларына тауарларын Алматы мен Астанадағы қоймаларға орналастыруды ұсынды. Компания осы арқылы Қазақстан мен Қырғызстандағы сатып алушыларға тауарларды жеткізуді жеделдетіп, Ресейдегі клиенттерінің тауарларын орналастырмақ.

Ozon 30 қыркүйекке дейін Алматы мен Астанадағы логистикалық орталықтарға тауар жеткізу қызметі үшін ақы алмайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, сатушылардан тауарларын Қазақстанға апарғаны үшін қосымша құжат талап етілмейді.

🔹Ozon хабтарына шабуыл

Украина әскерилері Ozon қоймаларын алғаш рет 22 тамызда шабуылдаған. Алғашында маркетплейстің Самара облысындағы ірі хабына соққы жасалып, кейін Орынбор, Белгород облыстарындағы Адыгея, Дағыстан, Татарстан, Ставрополь аймағындағы қоймалар да нысанаға алынды.

🔹Ozon кімдерге тиесілі?

"Коррупциямен күрес қорының" дерегінше, Ozon маркетплейсінің 35 пайыз акциясы "О23" компаниясына тиесілі. Ал "О23" компаниясының бенефициары ретінде кәсіпкер Александр Чачаев көрсетілген.

"Коррупциямен күрес қорының" зерттеушілерінің мәліметінше, акционер компанияға Ресей президенті Владимир Путинге жақын миллиардер Геннадий Тимченконың қатысы бар. Бұған қоса, Ozon акциясының бір бөлігі миллиардер Владимир Евтушенковтың АФК "Система" компаниясына тиесілі.
👎25😡6💩5❤3🔥2
Azattyq - Азаттық
❗Зеленский: Енді Ресейдің әуе кеңістігі жабық Украина президенті Владимир Зеленский енді Ресейдің әуе кеңістігі іс жүзінде жабық деп мәлімдеп, дрон шабуылдары үдейтінін меңзеді. "Ресейдің әуе кеңістігін, негізгі әуежайларын қолданатын әрбір әуе компаниясына…
⚡Украина ресми түрде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) қайырылып, Ресейдің әуе кеңістігі әскери әрекеттерге байланысты қауіпті екенін ескерткен. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига хабарлады.

1 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленский Украина дрондарына байланысты енді Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болады деп мәлімдеген. Ал Ресей президенті Владимир Путин «қандай да бір қайғылы оқиға болса жауап қайтарамыз» деп сес көрсеткен.
🔥29👏10❤3
Зеленский Киевте екі арнайы қызмет офицерлері арасындағы атысқа пікір білдірді

Украина президенті кешкі мәлімдемесінде “Киевте болған ұлттық қауіпсіздік қызметі мен барлау басқармасының жекелеген бөлімшелері арасындағы өте ұятты жағдайға” тоқталды.

Оның айтуынша, бас прокурор Руслан Кравченко мен мемлекеттік тергеу бюросы оқиғаның мән-жайын анықтап, оқиғаға қатысушылардың айтқандарын тексеріп, жағдайды “кезең-кезеңімен” зерттеп жатыр.

“Екі арнайы қызмет басшылығында кадрлық өзгеріс, сонымен бірге ішкі тергеулер жүргізілуі керек” деді Зеленский.

“Украинада тек елді қорғау үшін ресейлік оккупанттарға атуға рұқсат етіледі. Елімізде басқа ешқандай атысқа рұқсат жоқ” деді Украина басшысы.
😱18❤2
“Росатом” Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Мұндай келісім Шығыс экономика форумында жасалды деп хабарлады ресейлік “РИА Новости”.

Құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталмақ. “Росатом” Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңына 2400 мегаваттық екі энергоблоктан тұратын атом станциясын салмақ.

Мамырдың соңында Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанға келген кезде екі елдің үкіметтері “Балқаш” атом станциясын салу бойынша ынтымақтастықтың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойған еді.

Қазақстан билігінің айтуынша, атом станциясын салуға 16,4 миллиард доллар жұмсалмақ. Қаражаттың 85 пайызы Ресейден несиеге алынады. Бұған дейін Путин ақшаны кейін Ресей процентпен қайтарып алатынын айтқан еді.
👎41🤬18💩5
Дәулет Қосанов – қорғаныс министрлігін, Ержан Сәденов ішкі істер министрлігін басқара бермек. Тиісті жарлыққа Тоқаев қол қойды.
🤬20👎4🥴3💩2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина президенті Владимир Зеленский енді іс жүзінде Ресейдің әуе кеңістігі жабылады деп мәлімдеп, әуе компанияларына ескерту жасады. Бірнеше күн бұрын ол Украина әскерилеріне Ресейге жіберілетін дрондар санын арттыруды тапсырған. Ал Ресей президенті Владимир Путин ұшақтар бірдеңеге ұшыраса жауап береміз дейді.
👍34🔥5❤4