Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.52K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Azattyq - Азаттық
Тоқаев: Халық кеңесі Құрылтай депутаттарының қызметіне араласпайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесін құру себебі мен оның Құрылтаймен байланысы туралы айтты. “Халық кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін…
Тоқаев ұлтараздықты қоздыратын арандатушылар жөнінде ескертті

Тоқаевтың айтуынша, қазақ тілінің өрісі саяси мәжбүрлеусіз кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Бұл әсіресе жастарға қатысты. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды деді ол.

Дегенмен бұл басқа тілдерден бас тарту керек, шеттету керек дегенді білдірмейді деді. Тоқаев сөз арасында “әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құятын” “тісқаққан арандатушылар” туралы да ескертті. Бірақ ешкімнің аты-жөнін атамады.

“Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару. Расында олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағының тамырына балта шапқысы келеді.Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керек” деді Тоқаев.
💩30👍8👎2🤡2❤1
Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетінін айтты

Президенттің айтуынша, қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat партиясы атынан сайланған. Ал ол “Әділетке” қосылғандықтан олардың қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды.

“Сондықтан мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек” деді Тоқаев.
👍11👎7💩6🤣3🤮1🤡1
❗️"Күйеуім ұрып жатыр" деп полиция шақырған әйел неден қайтты? Динараның жұмбақ өлімі

28 жастағы Динара Мыңбаева өлерінен бірер сағат бұрын полициядан көмек сұрап, қоңырау шалған. "Не болды?" деген оператор сауалына "Күйеуім ұрып жатыр" деп жауап берген. Ертесінде келіншек жұмбақ жағдайда қаза болды.

Тергеу дерегі бойынша, оның жансыз денесін бірінші қайнысы көрген. Азаттықтың қолына түскен іс материалдарына қарағанда, таңғы он жарым шамасында оянып, жуынатын бөлмеге барғанда Динараның жансыз денесін көрген. Ол марқұм жеңгесін жерге түсіріп, жатқызған, артынша полиция мен ағасына хабарласқан. Бұл – марқұмның қайнысының тергеушіге айтқаны.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23❤2😱1
⚡ Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза болды

Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, 19 әскери қызметкерді су ағызып әкетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тоғыз әскери қызметкер қаза болды. Үш адам құтқарылды, біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғаны іздестіріліп жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына әскери-теңіз күштерінің, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Оқиға орнына қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанған деп айтылады. Ведомство қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, тиісті көмек беруге уәде берген.
😢38😡11🤬3❤1
Azattyq - Азаттық
Бас прокуратура: Ақтау гарнизонында әскери жаттығу кезінде сарбаздардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда жаттығу кезіндегі сарбаздардың қазасын тергейтін комиссияға Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.

Комиссия әскери қызметкерлердің қазасының себебін анықтап, олардың отбасына көмек беруді ұйымдастыруы керек. Комиссияның құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, бас әскери прокурор, шекара қызметінің өкілдері де кірген.

Видео: azamat_sarsenbayev
😭23🤬8❤1
Azattyq - Азаттық
Маңғыстауда жаттығу кезіндегі сарбаздардың қазасын тергейтін комиссияға Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Комиссия әскери қызметкерлердің қазасының себебін анықтап, олардың отбасына көмек беруді ұйымдастыруы керек. Комиссияның құрамына қорғаныс министрі,…
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлердің қазасына орай көңіл айтты

Ведомство әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға қатты қайғыратындығын мәлімдеді. Қаза болғандардың отбасына, Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

Әзербайжан СІМ із-түзсіз жоғалған әскери қызметкерлердің құтқарылатындығына және жараланған сарбаздың тез сауығып кететініне үміттенетінін жеткізді.
😢19🕊11❤5🙏2
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің жақындарына көңіл айтты.

Ақорданың хабарлауынша, президент үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырған.
🤬20❤9
Кассациялық сот Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельяноваға пана бермеді

24 қыркүйекте Астананың әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты Қазақстаннан пана сұрап, өтініші қабылданбаған ресейлік белсенді Юлия Емельянованың шағымын қарады. Сот белсендіге пана бермеу туралы бұған дейінгі инстанцияларда шыққан шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл жөнінде Азаттық Азияға адвокат Ескендір Әлімбаев хабарлады.
«Кассациялық шағым қайта қаралды, босқын мәртебесінен бас тарту туралы шешім күшінде қалдырылды» деді Әлімбаев.

Ол кассациялық соттың шешімімен келіспейтінін жеткізді. Жоғарғы сотқа шағымданатынын да айтты. Бірақ оның сөзінше, бұл экстрадицияны тоқтата алмауы мүмкін, оны кез келген уақытта Ресейге жіберуі мүмкін дейді.
🤬18👍6💩1
🥊 Боксшы Абылайхан Жүсіпов украиналық "Миротворец" базасына енгізілді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов украиналық "Миротворец" сайтының базасына енгізілді. Бұл база Жүсіпов Геннадий Головкинді қолдады дейді.

Жүсіпов бұған дейін "Халықаралық спорт ұйымының шешімін Головкиннің шешімі деп қарауға болмайды. Ресей спортшылардың туымен және әнұранымен жарысқа қатысу шешімі халықаралық ұйымның құзырында және Халықаралық олимпиада комитетінің ұсынысын ескеріліп қабылданады... Спорт адамдарды біріктіріп, достық пен сыйластықты насихаттауы керек, саяси құрал болмауы тиіс" деп жазған еді.

"Миртворец" Жүсіповтің бұл жазбасын "Ресей нарративін қолдау" деп есептейді.

🔹Головкин де тізімде

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин де украиналық "Миротворец" сайтының базасына енгізілген. Бұған Головкин басқаратын World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарға Ресей туымен қатысуға рұқсат бергені себеп болған.

"Миротворец" базасында Головкинге "Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығын және украин азаматтарын өлтіруін қолдады" деген анықтама берілген.

Головкин де, Жүсіпов те "Миротворец" тізіміне енгені жайлы ешқандай пікір білдірген жоқ.

Тамызда халықаралық World Boxing ұйымы Ресей спортшыларына бұрын енгізілген барлық шектеулерді алып тастады. Енді Ресей боксшылары барлық жарыстарға ұлттық рәміздерімен қатыса алады. World Boxing 2028 жылғы Олимпиада ойындарында бокс жарысын ұйымдастырады.

🔹"Миротворец" қандай база?

"Миротворец" – 2014 жылдан бері жұмыс істейтін украиналық мемлекеттік емес ұйым. Сайт авторлары "Украинаның қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге қатысы бар" деп есептейтін адамдар жайлы, соғысты қолдайтындар туралы мәліметтер жариялап, тізімдеріне енгізеді. Сайттың ресми мәртебесі жоқ.
👏19❤3👍1
Azattyq - Азаттық
⚡ Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза болды Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, 19 әскери қызметкерді су ағызып әкетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тоғыз әскери қызметкер қаза болды. Үш…
❗25 қыркүйек Қазақстанда қаралы күні жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Маңғыстаудағы әскерилердің қазасына байланысты елде 25 қыркүйек қаралы күн жарияланды.
😭31😨4🫡2🤣1😡1
Azattyq - Азаттық
⚡ Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза болды Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, 19 әскери қызметкерді су ағызып әкетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тоғыз әскери қызметкер қаза болды. Үш…
❗️Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу жиынында 12 сарбаз қаза тапқанын растады.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі 9 әскери қаза болғанын хабарлаған.
😢24🤬9
⚡Каспийде қаза тапқан әскерилердің есімі жарияланды. Көбі - әскерге шақырылған сарбаздар

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу кезіндегі 12 әскери қаза тапқан, екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Бір сарбаз ауруханаға жеткізілген.

Марқұмдардың көбі - әскерге шақырылған сарбаздар:

- Олжас Мұхтарұлы, аға лейтенант;
- Сержан Аяпберген, матрос, қатардағы жауынгер;
- Өмірбек Өмірзақ, матрос, қатардағы жауынгер;
- Алмас Көбенов, матрос, қатардағы жауынгер;
- Ақылбек Төлеген, матрос, қатардағы жауынгер;
- Жеңіс Темірғалиев, матрос, қатардағы жауынгер;
- Мейрамбек Бердіханов, матрос, қатардағы жауынгер;
- Әсет Жаңабай, матрос, қатардағы жауынгер;
- Азамат Мадихан, матрос, қатардағы жауынгер;
- Дастан Бегей, матрос, қатардағы жауынгер;
- Ақжайық Гилаж, матрос, қатардағы жауынгер;
- Олжас Диханбаев, матрос, қатардағы жауынгер.

Қазір Мансур Гумаров пен Мирас Тұрдыбекұлын іздестіріп жатыр. Ал Ақжол Темерхан ауруханаға түскен. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп хабарлады.
😭51😢4❤3😁1🤬1🙏1👀1
Ресей басшысы Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин Каспийдегі әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде әскерилердің қаза болуына байланысты Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.

“Қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіруіңізді сұраймын. Ресей олардың қайғысына ортақтасады” деп Кремль Ресей басшысының сөзін жариялады.
🤮34🕊5😢2🤡2🤝2💩1
Маңғыстау облысында іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр

Мамандар су ағызып кеткен екі әскери қызметкерді іздеп жатыр.

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: «Қызметке салғырт қарау» (453-бабының 2-бөлігі) және «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» (465-бабы).

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, қаза болғандардың басым бөлігі – Маңғыстау облысынан. Кейбіріне әскерді бітіруіне санаулы күндер ғана қалған.

Құтқарылған бір әскери қызметкердің жағдайы тәуірлеген, дәрігерлер оның өміріне қауіп жоғын айтты.

24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қатты жел кезінде 17 әскери қызметкерді су ағызып әкеткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кемінде 12 сарбаз қаза болды. Үш сарбаз құтқарылған, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қазір екеуі іздестіріліп жатыр. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған. Қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйекте елде азалы күн жарияланды.

Сурет: Қорғаныс министрлігі
😢18❤6👎2
Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Бірінші президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлады Nazarbayev сайты.
👍25💩16🖕6🤮3🤔1🤬1🤣1
Azattyq - Азаттық
Маңғыстау облысында іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр Мамандар су ағызып кеткен екі әскери қызметкерді іздеп жатыр. Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: «Қызметке салғырт…
Бас прокуратура: күдікті лауазымды тұлғалар анықталды

Бас прокуратура Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қазасына байланысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлап, күдіктілер анықталғанын мәлімдеді.
“Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды. Тергеу барлық күдіктінің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды” деп жазылған БП хабарламасында.

Ведомствоның айтуынша, 30-дан астам әскери қызметкерден жауап алынған, 12 сараптама тағайындалған. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген.
🤬12❤7👍5💩2🤔1
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметкердің денесі табылды деп хабарлады қорғаныс министрлігі. Іздеу операциясы аяқталды.
"Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды" деп жазды ведомство

Осылайша әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болғандар 14 адам болды.
🤬22💔10😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев аман қалған үш сарбаздың бірі Темірхан А.-ның ата-анасымен сөйлесіп, видеоны жариялады. Олардың сөзінше, ұлы өз күшімен жағаға жүзіп шыққан, жарты сағат бойы досын іздеген.

Видео: Азамат Сәрсенбаев
❤27😱1