Францияда лицей студенттерінің митингісі жалғасып жатыр. Наразылық акциялары 21 қыркүйекте басталып, бірнеше аймақты қамтыды. Білім министрлігінің хабарлауынша, наразылыққа елдегі 400-ден астам мектеп қатысты.
Лицей студенттері кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, олар биліктен толып кеткен сыныптар мен мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешуді талап етіп отыр. Наразыларға студенттер одағы, өрт сөндірушілер мен мемлекеттік қызметкерлер қосылды. Студенттер одағы мен кәсіподақ өкілдері 6 қазанда “ірі жалпыұлттық манифестация” өткізетінін айтты.
Кейбір жерде наразылар өрт қойған, полициямен қақтығысқан.
Франция ішкі істер министрі Лоран Нуньес 400-ден астам адам ұсталғанын, кемінде 76 наразы және 48 полицей жарақаттанғанын айтты.

😱8❤3😁3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Америкалық хореограф Кеон Мадридтің Бішкекте би дайындап жатқан видеосы желіде кең тарап кетті. Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында 700 биші билеген биді Кеон Мадрид қойған. Хореграф бұл би трендке айналып кетеді деп ойламадым дейді.
🤔9👏6🤷♂3🤮2❤1💩1
⚡Боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Ол Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 70 келіде алтын медаль алды. Финалда иорданиялық Зияд Ишаишты 5:0 есебімен жеңді.
Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы оныншы алтыны.
Бұған қоса Қазақстан бокстан Азия ойындарына араға 12 жыл салып алтын медаль алып отыр. Бокс құрамасы 2014 жылғы Азия ойындарында алты алтын жүлде жеңіп, кейін 2018, 2022 жылғы Азиадада алтынсыз қайтқан еді.

❤37👍22👎1
Ресей бас прокуратурасы Қазақстанда тұратын миллиардер Турлов пен оның компаниясын сотқа берді
Ресей бас прокуратурасы Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Мәскеуде туған, бірнеше жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіп, осында азаматтық алған Тимур Турлов және оның компанияларн сотқа берді. Бас прокурордың орынбасарының шағымы Мәскеудің Тверь аудандық сотына түсті. 📝
Шағымға не түрткі болғанын компания білмейді. Мәселені зерттейтінін мәлімдеді. 🔍 Прокуратура да түсініктеме бермеді.
Алдын ала сот отырысы 15 қазанға белгіленді.🗓
Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, 38 жастағы Турлов 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей паспортынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алды. Forbes Kazakhstan Турловтың байлығын 5,2 млрд доллар деп бағалайды. 💰
Ресей бас прокуратурасы Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Мәскеуде туған, бірнеше жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіп, осында азаматтық алған Тимур Турлов және оның компанияларн сотқа берді. Бас прокурордың орынбасарының шағымы Мәскеудің Тверь аудандық сотына түсті. 📝
Шағымға не түрткі болғанын компания білмейді. Мәселені зерттейтінін мәлімдеді. 🔍 Прокуратура да түсініктеме бермеді.
Алдын ала сот отырысы 15 қазанға белгіленді.
Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, 38 жастағы Турлов 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей паспортынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алды. Forbes Kazakhstan Турловтың байлығын 5,2 млрд доллар деп бағалайды. 💰
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮15🤡9🤣4❤2👍2👎2🔥1💩1🫡1
Қырғызстанда діни блогерлер уағызшы куәлігін алуға міндетті 📜
Қырғызстанда діни контент тарататын блогерлер тіркеліп, уағызшы сертификатын алуы керек.📝
Дін істері және ұлтаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің айтуынша, мұндай талап интернетте діни уағыздармен жүйелі түрде айналысатын, діни нормаларды түсіндіретін немесе белгілі бір діни көзқарастарды ұстануға шақыратын адамдарға қатысты. Дегенмен діни тақырыптар бойынша жеке пікір айту немесе анда-санда материал жариялау уағыз саналмайды. 🗣️
Сертификат алу үшін азаматтар дін істері жөніндегі ұлттық агенттікте тіркелуі қажет. Құжат бір жылға дейін беріледі және кейін жаңартылуы мүмкін.
Агенттік уағыздарды реттеу және радикал немесе экстремистік идеялардың интернетте таралуына жол бермес үшін осындай талап енгізіп отырғанын айтты.
Қырғызстанда діни контент тарататын блогерлер тіркеліп, уағызшы сертификатын алуы керек.
Дін істері және ұлтаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің айтуынша, мұндай талап интернетте діни уағыздармен жүйелі түрде айналысатын, діни нормаларды түсіндіретін немесе белгілі бір діни көзқарастарды ұстануға шақыратын адамдарға қатысты. Дегенмен діни тақырыптар бойынша жеке пікір айту немесе анда-санда материал жариялау уағыз саналмайды. 🗣️
Сертификат алу үшін азаматтар дін істері жөніндегі ұлттық агенттікте тіркелуі қажет. Құжат бір жылға дейін беріледі және кейін жаңартылуы мүмкін.
Агенттік уағыздарды реттеу және радикал немесе экстремистік идеялардың интернетте таралуына жол бермес үшін осындай талап енгізіп отырғанын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏16🤔6👍2❤1💩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны төлеу ережесі өзгермек. Үкімет кейбір әлеуметтік көмекті отбасының әл-ауқатына қарай тағайындауды жоспарлап отыр. Жаңа жүйеде адамның табысы ғана емес, мүлкі, несиесі, жұмысы мен отбасының жағдайы да есепке алынбақ. Түсіндіріп берейік.
💩17🤔5😁4👍3😱1
Қытайда тұратын қазақ ақыны Білісбек Әбдіразақтың тергеуге алынғанына тоғыз айдың жүзі болған. Туыстары оған нақты қандай айып тағылғанын білмейді. Қаламгерлер ақынның Қытайдағы саясат қатаңдамай тұрған кездегі шығармалары ілік болды ма деген күдік келтіреді. Бірнеше кітаптың авторы Білісбек Әбдіразақ Шыңжаңда ғана емес, Қазақстандағы әдеби ортаға да танылған. 2000-жылдары Қазақстанға келіп, ҚазҰУ-да білімін жетілдірген, түрлі деңгейдегі мүшәйраларға қатысқан. Биыл бір топ ақын-жазушы оған араша сұрап, Қазақстан президентіне хат жазған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔14🤬5😢4❤1😱1
Қазақстанда Ресейдің сұрауымен Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды
Бұл жөнінде адвокат Алексей Прянишниковқа сүйенген “Неміс толқыны” жазды. Ақпаратты Астанадағы адвокат Риза Нұрбаева растады.
Нұрбаеваның сөзінше, Рожанская 1 қазанда Астана әуежайында шекара бақылауынан өткен кезде ұсталған. Қазір тергеу изоляторында отыр.
2023 жылы Ресей оның үстінен “Бала ұрлауға оқталу” бойынша қылмыстық іс ашқан. Мәселе Рожанскаяның 2018 жылы туған немересі жөнінде болып отыр.
Прянишниковтің сөзінше, 2021 жылы баланың анасы Алла Андреева бірінші некеден туған баласымен бірге (Рожанскаяның немересі) Одессадан Калининградқа – екінші күйеуі ресейлік Виталий Андреев тұратын қалаға көшкен. 2022 жылы ұлымен бірге Ресей азаматтығын алған.
Прянишниковтың сөзінше, 2026 жылы шілдеде Андрееваның екінші күйеуі мен қайын атасы Вячеслав Андреев Рожанскаяға шығып, ұлды беруді сұраған. 27 тамызда тараптар арасында келіссөз болып, сол кезде Калининград соты ФСБ жергілікті басқармасының өтініші негізінде Рожанскаяны тұтқындау туралы қаулы шығарды.
Нұрбаеваның сөзінше, әйел адам қылмыстық іс жөнінде білмеген, себебі ешқашан Ресейге бармаған. Прянишниковтың сөзінше, бала Ресейден Астанаға жеткізілуі керек болған, сол жақтан Рожанская оны өзімен бірге әкетуі керек еді. Ол ұстауды “алдын ала жоспарланған операция” және “ФСБ арандату әрекеті” деп атады.
2025 жылы наурызда Украина Жоғарғы соты баланың әкесінің талап арызы бойынша баланың тұрғылықты жері Одесса деп шешті, онда оның әкесі – Украина азаматы тұрады.

🤬28💩4👍2❤1👎1🤨1
⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+90 кг) Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Жохангир Зокировті жеңді.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 кг) Азия ойындарының чемпионы атанған еді. Осылайша Қазақстан бұл Азиадада бокстан екі алтын медаль жеңіп алды.
Қазір Қазақстан Азия ойындарында барлығы 11 алтын, 20 күміс, 40 қола медальмен жалпы есепте 8-орында тұр.
Айбек Оралбай — 2025 жылғы әлем чемпионы, 2022, 2024 және 2026 жылғы Азия чемпионы (бокстан жыл сайын өтетін құрлық біріншілігі). Енді жүлделерінің қатарына Азия ойындарының (төрт жылда бір рет өтетін "құрлық" олимпиадасы) алтыны қосылды.
Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

❤25👍17
⚡Таэквондошы Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарының чемпионы
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында таэквондодан ерлер арасында 58 келіде қазақстандық Тамирлан Тілеулес алтын медаль иеленді. Ол финалда филиппиндік Курт Брайан Барбосаны жеңді.
Тамирлан Тілеулес ширек финалда 2025 жылғы әлем және биылғы Азия чемпионы ирандық Зандигар Аболфазлден басым түсті.
Осылайша Қазақстан Азия ойындарында 12 алтын медалін алды. Бүгін үш бірдей алтын түсті. Бұған дейін бокстан Төлеухан Сабырхан мен Айбек Оралбай чемпион атанған еді.

❤18👏14👍5
Қазақстандық сайттан Тоқаевтың жиені, депутат Дана Медеуова туралы мақала жоғалып кетті
Kazakhstan Today сайтында 16 жыл бұрын жарияланған, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Дана Медеуованы "жағымсыз қырынан" көрсеткен материал жоғалып кетті.
2010 жылдың 22 желтоқсанында жарияланған «Ғылыми кадрларды даярлау жүйесінде сыбайлас жемқорлық кең таралған құбылысқа айналды - ғалым» атты мақалада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Сағдат Әділбеков сол кездегі университеттің проректоры Дана Медеуованы "докторлық диссертациясын плагиатпен жасады" деп айыптады. Мақалада доценттің сөзі келтірілген: «ҚазҰПУ проректоры Дана Медеуованың «ғылыми карьерасы» күрделі сұрақ туғызады».
Интернетте Дана Медеуованың оған қатысты реакциясы жарияланған жоқ. Сол кезде Әділбековтің мәлімдемесіне орай жоғары оқу орнының жауабы жарияланды.

😁20💩9❤2🔥2🤔1🤬1🎃1
Қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағымданып, түрмедегі азаптау туралы айтты
Қарақалпақстандағы наразылыққа байланысты ұзақ жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағым жазды. Шағымның көшірмесімен танысып шыққан Түркімен Хельсинки қоры одан үзінді жариялады.
Қарақалпақ тілінде қолмен жазылған екі бетте Тәжімұратов түрмедегі ауыр жағдай мен күш қолдану жағдайларын баяндады. Тұтқынның айтуынша, 20 шаршы метрлік камерада сегіз тұтқын бар. Оның жетеуі – түрме әкімшілігіне ақпарат беретіндер деді Тәжімұратов.
Оның айтуына қарағанда, Науаи облысындағы түрмеден Бұхарадағы түзеу колониясына ауыстыру да жағдайды өзгертпеген. Тәжімұратовтың айтуынша, оны саппен ән және әнұран айтуға мәжбүрлейді, бірақ ол одан бас тартады. Тұтқын 8 шілдеде түрме қызметкерлерінің өзін ұрып-соққанын айтты: «Мені ұрып-соғып, «өзбекпін» деп айт деп талап етті». Автордың жазуынша, ұрып-соққаннан кейін «бір апта бойы қансырап жүрген».
Толығырақ оқыңыз

«21 ғасырда мені еденсіз камерада ұстап отыр. Моншаға бармағаныма 60 күн болды, дәретханада жуынамын. Тіпті Робинзон Крузо да менен жақсы өмір сүрген шығар. Қалам мен қағазды аптасына екі рет береді» деп жазды Тәжімұратов.
Оның айтуына қарағанда, Науаи облысындағы түрмеден Бұхарадағы түзеу колониясына ауыстыру да жағдайды өзгертпеген. Тәжімұратовтың айтуынша, оны саппен ән және әнұран айтуға мәжбүрлейді, бірақ ол одан бас тартады. Тұтқын 8 шілдеде түрме қызметкерлерінің өзін ұрып-соққанын айтты: «Мені ұрып-соғып, «өзбекпін» деп айт деп талап етті». Автордың жазуынша, ұрып-соққаннан кейін «бір апта бойы қансырап жүрген».
Толығырақ оқыңыз
😱24🤬16❤1
Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады
Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан жағына қайырылып, өзінің немересін алуға Астанаға барып, ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады. Бұл жөнінде Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.
Бұған қоса, украин консулдары Рожанскаяға кіріп шығуға рұқсат сұраған. Алдын ала рұқсат та алған деп айтылады. Дипломаттары украин азаматтарының адвокаттарыемен байланыста отыр.
Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған.
Insider-дің жазуынша, Рожанская "Ресейде заңсыз тұрып жатқан" балалардың тізімінде бар немересін алып кету үшін Астанаға келген. Ол бұл жөнінде Ресейдегі туыстарымен алдын ала келіскен деп айтылады.

"Қазақстан тарапы жағдайдың мән-жайын әділ қарастырады және ұсталған Украина азаматының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз" деп жазылған Украина сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған.
Insider-дің жазуынша, Рожанская "Ресейде заңсыз тұрып жатқан" балалардың тізімінде бар немересін алып кету үшін Астанаға келген. Ол бұл жөнінде Ресейдегі туыстарымен алдын ала келіскен деп айтылады.
👍32💯6🤬2🤔1
Қазақстан СІМ Ресейге нәпақа табу үшін барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың үндеуіне реакция білдірді
Ведомство 2 қазан кешке жариялаған мәлімдемесінде “соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін” министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Байланыс телефондарын мына жерден көруге болады.
“СІМ жағдайды назарда ұстап отыр” деп жазды министрлік өкілдері.
Министрлік ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады.
Бұған дейін бірнеше қазақстандық Ресейге жұмысқа тұруға барып, өздерін соғысқа әкеткеніне шағымданып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.

“Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда. Бүгін (2 қазан – ред.) Қазақстан сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Ресейдегі елшісі Ресей сыртқы істер министрлігінің және қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді” деп жазылған хабарламада.
Министрлік ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады.
“Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет” деді.
Бұған дейін бірнеше қазақстандық Ресейге жұмысқа тұруға барып, өздерін соғысқа әкеткеніне шағымданып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.
🤬26👍5❤3💩2🤮1
85 келіге дейінгі салмақта белдескен Мерей Қабдуллаев финалда Саул Арабия спортшысы Абдулла Тарик Надамен күресіп, қарсыласына жол берді.
Ал Мариан Журавлева 63 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Майя Ишакатпен қола медаль үшін күресіп, нәтижесінде жықты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15👏6❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейге жұмысқа барып, соғысқа тап болған қазақстандықтардың жақындары Азаттыққа шағым айтты.
😡21😱5❤4😁1🤮1🤣1
Эколог Олжас Дүйсенов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды
2 қазанда Алматының №2 Бостандық аудандық сотында эколог Олжас Дүйсеновке үкім оқылды. Сот "Бөтеннің мүлкін иелену" бабы (189-бап) бойынша айыпталған эколог Олжас Дүйсеновті 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде істің барысымен таныс екі дереккөзге сүйенген "Власть" басылымы жазды.
Алматы қалалық соты әзірге, ақпарат бермеді.
Басылымның жазуынша, бастапқыда экологты су мен топырақты мұнай қалдықтарынан биологиялық тұрғыда тазартатын технологияға патенті бар "KazEcoSolutions" компаниясын "рейдерлікпен тартып алды" деп айыптаған. Дүйсенов осы технологияны дайындауға өзі қатысқан және компанияның негізін қалаушылардың бірі. Эколог сонымен бірге осы технологияны коммерциализацияға бөлінген Дүниежүзілік банктің қаржысын жымқырды, жалған құжат жасады, есірткі заттарын сақтады деп айыпталды. Дүйсенов тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Эколог Олжас Дүйсенов былтыр ақпанда қамалған. Қамауда ұстау мерзімі асып кетсе де, осы уақыт бойы тергеу изоляторында отырды. Сот өкілдері іс прокуратураға қайта түскен мерзімнен бастап қамау мерзімі қайта есептелді деп түсіндірген.

😢10🤬7❤3👎3😁1
Тоқаев қорғаныс саласындағы үш лауазым иесін қызметтен босатты
Ақорданың хабарлауынша, Қаныш Әбубәкіров қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР қарулы күштері бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
49 жастағы Әбубәкіров бірінші орынбасар қызметін 2026 жылдың 17 қаңтарынан бері атқарып келеді. Оған дейін екі жыл қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым бойынша орынбасары болған.
Бұған қоса, Тоқаевтың жарлығымен Алмаз Жұмакеев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті. 56 жастағы Жұмакеев биыл наурыздан бері министрдің орынбасары қызметін атқарып келген.
Қанат Ниязбеков қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті былтыр тамыздан бері атқарған.
14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін қорғаныс саласындағы отставка жалғасып жатыр.

👍27🤔6🤡4🔥2💩2😁1
Саида Мирзияева Трамппен кездескенін хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады
Өзбекстан президентінің үлкен қызы, президент әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзияева 2 қазанда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездескенін хабарлап, сурет те жариялады. X желісінде АҚШ басшысымен кездесіп, әңгімелесу мақтанышқа айналғанын жеткізді.
Саида Мирзияеваның президент Дональд Трамппен кездескені жайлы хабар АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен америкалық бизнес өкілдерінің қазан айының ортасына жоспарланған Самарқанға сапары қарсаңында жарияланды. Бұл сапар Рубионың мемлекеттік хатшы ретінде Орталық Азияға алғашқы сапары болады.
Самарқанда Өзбекстан Америка жағына жеке капиталды тарту, өзара сауданы кеңейту және технологиялық жаңғыртуды ілгерілету бойынша нақты жобаларды ұсынуға дайындалып жатыр. Саида Мирзияева - АҚШ-Өзбекстан бизнес және инвестиция кеңесінің тең төрағасы. Америка жағынан оған Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы елші Серхио Гор жетекшілік етеді.

🤔13❤4🤡4😁2👍1🤮1🌭1🍌1🍓1