This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Петербургқа соғыс басталғалы бергі ең рі шабуылдардың бірі жасалды
“Петербург мұнай терминалы”, "Ручьи" мұнай қоймасы, Вконтакте дата орталығы, Ozon қоймаларына соққы тиді. Дрондардың бірі көпірге түсті.
Губернатор Беглов жексенбі күні таңертең бір адам қаза болғанын, тағы бес адам жараланғанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, зардап шеккендердің саны 10-ға жетті. 12 тұрғын үй бүлінді.
Екі трансформаторлық станцияның жұмысы тоқтады. 20 мың тұрғын жарықсыз қалды. Пулково әуежайында шабуылдың салдарынан ондаған рейс кейінге қалдырылды, жолаушылар терминалдан эвакуацияланды.
Видео: Exilenova арнасы, Ozon қоймасындағы өрт

👍38❤9
Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза болды, 10 адам зардап шекті
17 қазанда Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында шағын автобус пен КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Екі адам қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
17 қазанда Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында шағын автобус пен КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Екі адам қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті.
"Алматы–Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Екі адам оқиға орнында қаза болды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді" деп жазылған Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
😢17🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Франциядағы наразылық: мыңнан астам адам ұсталды
17 қазанда Францияда халық тұрмыcының нашарлауына қарсы өткен наразылық кейбір жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, наразылыққа қатысқан 1 200-ге жуық адам ұсталды. Полиция қызметкерлерінің 150-ге жуығы жарақаттанды.
Париж, Марсель және басқа да ірі қалаларда полиция мен наразылар қақтығысып қалды. Полиция наразыларға су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданды. Ал тәртіпсіздікке қатысушылар полицияға Молотов коктейльдерін лақтырды.
Кейбір жерлерде қымбат дүкендер де тоналды. Лимож қаласында XIX ғасырда салынған әкімдік ғимараты тұтас өртенді. Бордода да тарихи ғимарат отқа оранды. Лионда туристік ақпарат орталығынан өрт шықты.
BBC мәліметінше, Марсель, Лион, Гренобль, По, Монпелье, Тулуза және Валанста өрт қою мен тонау оқиғалары тіркелген. Авиньон, Лилль және Бордо қалаларында наразылар мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына шабуыл жасады. Париждегі Республика алаңында наразылар мен полиция қақтығысты.
Видео: Лимождағы ғимараттың өртенуі. CBS

🤬18😁3😢2
Солтүстік Корея басшысының қымбат төрт яхтасы анықталды. Бірінде бассейн мен аквапарк бар
BBC тілшілері спутник суреттері арқылы Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның Вонсандағы вилласының маңынан төрт ірі яхтаны анықтады. Болжам бойынша, оларды Солтүстік Корея басшысы мен отбасы пайдаланады.
Қандай яхталар? Кемелердің ұзындығы шамамен 50, 55, 60 және 80 метр. Ең үлкен яхтаның палубасында ұзындығы 50 метрлік бассейн мен аквапарк орналасқан. Бұл яхта шілдеден қазан айының ортасына дейін түсірілген бірнеше спутниктік суреттен байқалған. Бірнеше ай бойы техникалық қызмет көрсетілген үлкен яхта шілде басында Солтүстік Корея басшысының отбасының виллаларына жақын орналасқан Кальма түбегіне жеткізілген.
Яхталардың иесі кім? Солтүстік Корея билігі кемелердің кімге тиесілі екенін ресми түрде жарияламайды. BBC сөйлескен бұрынғы шенеуніктер, елден қашып кеткендер мен сарапшылардың пікірінше, мұндай көлемдегі яхталарды ел басшыларына қатысы жоқ адамдардың еркін пайдалануы екіталай.
Яхталардың қозғалысы Ким Чен Ынның жұрт алдына шықпаған кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Алайда кемелердің орналасқан жері оның сол уақытта яхта бортында болғанын дәлелдемейді.
Кемелер қанша тұрады? Анықталған яхталардың нақты бағасы белгісіз. BBC мәліметінше, осыған ұқсас кемелердің құны ондаған миллион доллардан басталып, кейбірінің бағасы 100 миллион доллардан асады.
Ал БҰҰ-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, Солтүстік Корея халқының шамамен 40 пайызы азық-түлік тапшылығы мен сапасыз тамақтан зардап шегеді.

🤬17😁9❤5👎1
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқанға келді
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға келді. 18 қазан кешкісін ол мінген ұшақ Самарқан әуежайына қонды. Ұшақ трапынан Рубионы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы әрі президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева, Өзбекстан сыртқы істер министрі Бақтияр Саидов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Дүйсенбі, 19 қазанда Рубионың Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерімен кездесулері жоспарланған. Жоғары деңгейдегі дипломатиялық келіссөздер барысында Вашингтон аймақпен экономика мен қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

❤15😁5🔥3🤔2👎1
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің түрлі қаласында қымбатшылыққа қарсы өткен жаппай наразылықтан кейін, 18 қазан күні халыққа үндеу жасады. Наразылықтар кезінде тәртіпсіздік болып, дүние-мүлік бүлініп, дүкендер тоналған.
Макрон сегіз минуттық сөзінде зорлық-зомбылықты айыптап, өзгенің мүлкін қиратқан және тонағандар заң алдында жауап беріп, келтірген шығынды өтейді деді.
Президент тәртіпсіздікті "радикал әсіресолшыл топтардан шыққан бүлікшілер ұйымдастырды, оларға қылмыстық ортадан көп адам қосылды" деп мәлімдеді. Ол дүкені мен кафесі қиратылған кәсіпкерлерге өтемақы төленетінін айтты.
Бұған қоса Макрон бұзақылық жасағандар мен заңды талабын айтуға шыққан адамдарды ажырату қажет екенін ескертті. Ол наразылық білдірушілердің ашынуына негіз барын, Францияның, әсіресе әлеуметтік салада, қиын жағдайда тұрғанын мойындады.
"Болашағымыз біз қалағандай емес" дейді жастар. Біз олардың реніштерін естуге тиіспіз", – деді Макрон.
Макрон барлық тараптың: наразылық білдіргендер мен олар қарсы шығып отырғандардың қатысуымен диалог өткізу қажет деді.
"Бәрі – жұмысшылар, студенттер, жергілікті әкімшілік, саясаткерлер келіссөз өткізіп, талқылауға қатысуы керек", – деді ол.
Ол жанармай бағасының өсуі жалпы қымбатшылыққа әсер етіп отырғанын мәлімдеді. Бірақ отын дағдарысын туғызған себептерге Францияның қатысы жоғын айтып, жақын арада Парсы шығанағы елдерімен мұнай мен мұнай өнімдері бағасын тежеу жөнінде келіссөз жүргізуге уәде берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17😁7👍4
Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 18 қазан күні АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткоффпен және Джаред Кушнермен телефонмен сөйлескен. Олар америкалық және украиналық делегациялардың 9 қазанда Флоридада өткен кездесуінің қорытындысын талқылаған.
Зеленский телефон әңгімесінің нәтижесін хабарлаған жоқ. Ол тек Украина бейбітшілікті жақындату және АҚШ-пен ынтымақтасу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты. Оның сөзінше, Киев серіктестерін Ресейдің шабуылдары мен әуе қорғанысының жағдайы жөнінде үнемі хабардар етіп отыр.
"Бұл жерде көп нәрсе Американың ұстанымына байланысты. Украина алдағы уақытта да сындарлы, адал жұмыс істеуге және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайын", – деп жазды Зеленский әлеуметтік желідегі парағына.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🔥3
Azattyq - Азаттық
18 қазанда NBC News телеарнасына сұхбатында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың "Линдси Грэм заңы" деп аталатын санкциялық шараларды іске қосудан бас тартқаны жайлы сұраққа жауап берді.
Ресей президенті Владимир Путин өзін жеңімпаз сезінетін шығар деген Зеленскийдің болжамынша, осыдан кейін Кремль Ресей газына салынған санкцияларды алып тастау және бұғатталған ресейлік активтерді босату мәселесін көтереді деген ойын айтқан.
Зеленский Трамптың мәлімдемелеріне қарсы уәж келтіріп, АҚШ пен әлемде бензин мен дизель бағасының өсуіне Украина әскерінің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруі себеп емес деді. Оның сөзінше, бағаның өсуіне Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бөгеп тастағаны себеп болған.
Украина президенті елдегі Starlink спутнигі арқылы байланысты шектеу туралы бұйрықты АҚШ үкіметі бергеніне сенімді екенін айтты. Оның пікірінше, SpaceX компаниясы тек техникалық жұмысты атқарған. Зеленский Украина әскері пайдаланатын Starlink байланысы әлі толық қалпына келмегенін, оның ең жоғары жылдамдығы 161 километрмен шектеліп тұрғанын хабарлады.
Ол АҚШ үш күн бойы Украина әскеріне барлау деректерін бермегенін, бірақ қазір ақпарат алмасу қайта басталғанын растады. Украина барлау мәліметтерін өзге көздерден де алады. Алайда Ресейдің баллистикалық зымыран ұшыруын бақылауда дәл америкалық деректерге сүйенеді және үш күн бойы сондай ақпаратсыз қалдық деп түсіндірді Зеленский.
Зеленский Трамп қабылдаған шешімдерін, Ресей мен оның президенті Владимир Путинге көзқарасын өзгертеді деп үміттенетінін айтты. Жексенбі күні NBC News жүргізушісінің сұрағына ол:
.

"АҚШ-сыз бізге өте қиын болады. Бірақ АҚШ ресми түрде Путиннің жағына шығып, Ресейді қолдаса, біз төтеп бере алмаймыз. АҚШ президенті біздің жағымызда болады немесе тым болмағанда екі жақтың ортасында тұрады деп үміттенеміз", – деп жауап қатты
.
NBC News
Zelenskyy says waived Russian sanctions are 'strengthening Putin's war against us'
In an exclusive interview with Meet the Press, Ukrainian President Volodymyr Zelenskyy says that President Trump's decision to waive Lindsey Graham’s Russia sanctions law shows "really big support for Putin."
❤13🤔2
Azattyq - Азаттық
18 қазанда NBC News телеарнасына сұхбатында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың "Линдси Грэм заңы" деп аталатын санкциялық шараларды іске қосудан бас тартқаны жайлы сұраққа жауап берді. Ресей президенті Владимир Путин өзін жеңімпаз сезінетін шығар деген…
NBC News АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің де пікірін сұрады
Бессент АҚШ үкіметі Украинадағы Starlink байланысын баяулатуға араласты деген Зеленскийдің сөзін үзілді-кесілді жоққа шығарып, оны "байыпсыз мәлімдеме" деп атады және өзі шындыққа сай емес деп есептейтін мұндай мәлімдемелерге сақ болуға кеңес берген.
Бессент Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастамағанын, тек "жағдайға қарап, не болып жатқанын түсіну үшін 60 күндік үзіліс жасағанын" айтты. Оның сөзінше, тек дизель отынына салынған эмбарго алынған.
Телехабар жүргізуші АҚШ Украинаның одақтасы ма деген сұрақты үш қайыра қойғанымен, Бессент өзінің президент те, Мемлекеттік департамент басшысы да емес екенін айтып, ол сұраққа тікелей жауап бермеді.

Treasury secretary refuses to say if the U.S. sees Ukraine as an ally
Scott Bessent denied the U.S. government was involved in limiting Starlink speeds for Ukrainian forces and said it was “reckless” for Zelenskyy to say so.
🔥6👎3🤬3
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы қазанның 15-18 аралығында Мароккода өткен әлем кубогы жарысында сапы сайысынан финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алтын жүлде иеленді. Мұны елдің туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Қазақстандық спортшылар жарыс барысында Түркия, Гонконг және Египет командаларынан басым түсіп, жартылай финалда Франция құрамасын жеңген.
Қазақстан атынан бұл жарысқа Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍5
Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды
Өзбекстанда іс-сапарда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі Алекс Рауфоглу хабарлады.
Күн барысында Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
Өзбекстанда іс-сапарда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі Алекс Рауфоглу хабарлады.
"Рубио Самарқандағы күнін Регистандағы танымал алаң, Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін ескерткіш – Регистанға барды. Іс-сапар АҚШ пен Өзбекстанның Орталық Азиядағы әріптестігін нығайту аясында өтіп жатыр" деп жазды ол.
Күн барысында Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
💩9❤5🔥3
Түркия Мәскеу мен Вашингтон келісімі аясында Ресей әлемдік нарыққа шығаратын дизель отынының бір бөлігін сатып алады. Мұны Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактар айтты деп жазды Reuters.
Министр келісім Түркияның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өткен. Оның сөзінше, Түркия бұл мәселеде Ресейге ішінара тәуелді.
"Ресей кейінгі айларда осы проблемаға тап болғаннан кейін дизель отыны экспортына шектеу енгізді. Енді олар Трамппен дизель жөнінде келісімге келді. <…> Біз жүргізген келіссөздер нәтижесінде осы дизельдің бір бөлігін Түркия алады", – деген Байрактар.
Бірақ ол отынның көлемі мен жеткізілетін мерзімін нақтылаған жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬24😁4👍1👎1
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль парламентін сайлау қарсаңында сол елдің қазіргі премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. Ол Нетаньяхуды Иранмен күрестегі "ұлы жауынгер" және "бейбітшілік жолындағы серіктес" деп атады.
"Израильде басқа басшы, яғни Бибиден [Нетаньяхудың лақап аты] өзге кез келген адам болғанда, Америка бұл жұмысты өзі істеуге мәжбүр болар еді. Ал мен ондайды қаламаймын", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамп Нетаньяхуды "Израиль үшін осыншама көп іс атқарған ел – Құрама Штаттар талап ететін" серіктес деп сипаттады.
Осы мәлімдемесінен бес күн бұрын Трамп Израильдегі сайлауда қандай да бір кандидатты қолдау жайлы әлі ойланбағанын айтқан. Оған дейін Трамп Нетаньяху мен оның командасын Иранға қарсы әскери науқанға жеткілікті қатыспады деп сынаған еді.
Нетаньяху АҚШ президентіне алғыс айтып, Израильдің Ақ үйде Трамптан артық одақтасы ешқашан болған емес деп мәлімдеді.
"Біз бірге ұлы істер атқардық. Алдағы екі жылда да миссиямызды бірге аяқтап, Иранның ядролық бағдарламасын жоямыз", – деп уәде етті ол.
27 қазанға белгіленген сайлауда Нетаньяхуға басты бәсекелес болатын Израиль армиясының бұрынғы бас қолбасшысы әрі "Яшар" партиясының жетекшісі Гади Эйзенкот Тель-Авив университеті студенттерімен кездесуде АҚШ президентін сыйлайтынын, бірақ Израиль демократиялық ел екенін және премьер-министрді азаматтардың өзі таңдайтынын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎19🤡10❤3🤬1💩1
АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстан сыртқы істер министрімен кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 19 қазанда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездеседі. Бірінші кездесу Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен өтті. Ендігі кезекте – Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Күн барысында Рубио Орталық Азия сыртқы істер министрлерімен бірге отырыс өткізеді, содан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездеседі.
Самарқанға Рубиомен бірге 200-ге тарта америкалық компанияның өкілдері келгені айтылады. Министрлермен кездесу алдында ол Регистан тарихи алаңына барды.

🔥6😁4🤮4❤2
Өзбекстан және ғарыш. Ташкент АҚШ бастаған "Артемида келісіміне" қол қойды
Өзбекстан ғарышты бейбіт мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі "Артемида келісіміне" қосылған 77-ел атанды. АҚШ бастаған келісімге Өзбекстан атынан елдің сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов қол қойды.
"Артемида келісімі" 2020 жылғы 13 қазанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың бірінші мерзімінде іске қосылған. Ол кезде оған АҚШ-тан бөлек Австралия, Канада, Италия, Жапония, Люксембург, БАӘ және Ұлыбритания қол қойған.

🔥9🤔3👍2💩2
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегі таралу қаупі төмен деп бағаланғанымен, инфекция сырттан әкелінуі ықтимал екенін жоққа шығармайды.
Министрліктің түсіндіруінше, жекелеген мемлекеттерде дерт оқиғаларының тіркелуі мен халықаралық көлік қатынасының қарқындылығы вирустың Қазақстан аумағына өту қаупін тудырады. Алайда қоздырғыштың берілу ерекшеліктеріне байланысты, бұл дерттің халық арасында жаппай өршу ықтималдығы аз. Қазіргі уақытқа дейін көліктің барлық түрінде жүргізілген санитариялық-карантин тексерулері кезінде аса қауіпті инфекция жұқтырған немесе ондай күдікке ілінген бірде-бір адам тіркелген жоқ деп хабарлады мекеме.
Инфекцияның енуіне жол бермеу үшін елде кешенді шаралар атқарылған: мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтіліп, дене қызуын қашықтан өлшейтін құралдармен жабдықталған, қауіпті аймақтардан келген азаматтарды қадағалау және ведомствоаралық әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілген.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға терісінде белгісіз бөртпесі бар адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болуға, жеке гигиена талаптарын сақтауға және бөтен төсек-орын мен киімді пайдаланбауға кеңес береді.
Егер адамның дене қызуы көтеріліп, басы және бұлшықеті ауырса, лимфа түйіндері ұлғайса немесе бөртпе сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгініп, қандай шет мемлекеттерге сапармен барғанын ескертуі қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6❤3🤔2🙈1
Рубио Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен де кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы "C5+1" сыртқы істер министрлері кездесуі аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді.
Мемлекеттік департамент таратқан ақпаратқа қарағанда, қос тарап стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесін талқылаған. Рубио Қазақстанға президент Трамптың бейбітшілік бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, АҚШ-тың екіжақты экономикалық әріптестікті, оның ішінде супер интеллект, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды дамыту саласындағы әріптестікті нығайтуға бекініп отырғанын мәлімдеген.

🤮9🔥6🤔3
Трамп Зеленскийді ресейлік МӨЗ-дерге жасалған шабуыл үшін тағы да сынады
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина армиясының Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарын сынға алды.
Оның айтуынша, бұл шабуылдар дизель отынының әлемдік нарығына, соның ішінде Америка нарығына нұқсан келтіреді. Трамп Ресей әлемдік нарыққа арзан бағамен миллиондаған баррель дизель жеткізіп жатқанын, ал Украина президенті Владимир Зеленский соққылардың экономикалық салдарын ескермей отырғанын айтты.
Ол бұған қоса Зеленскийді Еуропа мен бұрынғы америкалық әкімшіліктің қаржылай қолдауына қарамастан, соғысты аяқтауға құлық танытпай отыр деп айыптады.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.

"Ол екі жыл бұрын қазіргіден әлдеқайда тиімді мәмілеге келе алар еді", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
"Менің Ресей бойынша шешімім өте қарапайым. Мен Ресей мен Украина арасындағы соғыста бейбітшілік орнату жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмын және ақымақтықпен Ресейді келіссөзден тайдыратын ештеңе жасағым келмейді", – деді Трамп.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.
🤡19💩4❤1
Украина президенті Владимир Зеленский NBC News телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның үш күндік үзілістен кейін ресейлік баллистикалық зымырандар ұшырылғанын ескертіп отыруды қайта бастағанын хабарлады.
"Біз бұған дән ризамыз. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр", – деді Зеленский.
Оның сөзінше, Украина мұндай ақпаратты АҚШ-тан ғана ала алады. Әйткенмен украин әскерінің Starlink спутниктері байланысын пайдалануына қойылған шектеулер әлі күшінде қалып отыр.
9 қазанда Трамп америкалық және әлемдік нарықтарға ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде Владимир Путинмен келісімге келгенін жариялаған. Осыдан кейін Вашингтон Киевтен ресейлік МӨЗ-дерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етті.
Киев Ресей Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылды тоқтатса келісетінін айтып, өз уәжін келтірді, бірақ Ресей Украинаға әуе шабуылдарын тоқтатқан жоқ.
Әуе соққыларын біржақты тоқтатуға көнбеген Киевке АҚШ барлау ақпаратының бір бөлігін беруді уақытша тоқтатып, Starlink жұмысын шектеді деп мәлімдеді Зеленский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11😱5👍3
The Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, Путин соғысты тоқтатуды талқылау үшін Трампқа Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді ұсынған.
Журналистердің дерегі бойынша, мұндай бастама Путин мен Трамптың 9 қазанда телефонмен сөйлескенде айтылған. Сол кезде тараптар ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде де келіскен.
Кездесу 18-19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында өтуі мүмкін. Шараға Украина президентін қатыстыру қарастырылмаған.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков WSJ басылымына кездесу өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын, бірақ оны өткізу және күн тәртібі бойынша әзірге келісім жоқ екенін растаған.
Басылымның Америка әкімшілігіндегі дереккөзінің хабарлауынша, Трамп саммитке қатысуға әлі келісім бермеген. Газет сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Қытай АҚШ президенті қатысқан жағдайда ол келіссөзге қарсы емес.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19🤡12❤3👎1💩1🖕1