Рубио Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен де кездесті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы "C5+1" сыртқы істер министрлері кездесуі аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді.
Мемлекеттік департамент таратқан ақпаратқа қарағанда, қос тарап стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесін талқылаған. Рубио Қазақстанға президент Трамптың бейбітшілік бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, АҚШ-тың екіжақты экономикалық әріптестікті, оның ішінде супер интеллект, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды дамыту саласындағы әріптестікті нығайтуға бекініп отырғанын мәлімдеген.

🤮9🔥6🤔4
Трамп Зеленскийді ресейлік МӨЗ-дерге жасалған шабуыл үшін тағы да сынады
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина армиясының Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарын сынға алды.
Оның айтуынша, бұл шабуылдар дизель отынының әлемдік нарығына, соның ішінде Америка нарығына нұқсан келтіреді. Трамп Ресей әлемдік нарыққа арзан бағамен миллиондаған баррель дизель жеткізіп жатқанын, ал Украина президенті Владимир Зеленский соққылардың экономикалық салдарын ескермей отырғанын айтты.
Ол бұған қоса Зеленскийді Еуропа мен бұрынғы америкалық әкімшіліктің қаржылай қолдауына қарамастан, соғысты аяқтауға құлық танытпай отыр деп айыптады.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.

"Ол екі жыл бұрын қазіргіден әлдеқайда тиімді мәмілеге келе алар еді", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Сонымен бірге Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін және Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерге кесірі тимес үшін Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардың бір бөлігін қолданудан бас тартқанын мәлімдеді.
"Менің Ресей бойынша шешімім өте қарапайым. Мен Ресей мен Украина арасындағы соғыста бейбітшілік орнату жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмын және ақымақтықпен Ресейді келіссөзден тайдыратын ештеңе жасағым келмейді", – деді Трамп.
АҚШ президенті бұған қоса Ресейдің қолынан келсе де, Иранға іс жүзінде көмектеспей отырғанын атап өтті. Трамптың сөзінше, ол осы жағдайдың сақталуына мүдделі.
🤡19💩4❤1
Украина президенті Владимир Зеленский NBC News телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның үш күндік үзілістен кейін ресейлік баллистикалық зымырандар ұшырылғанын ескертіп отыруды қайта бастағанын хабарлады.
"Біз бұған дән ризамыз. Қазір бәрі жұмыс істеп тұр", – деді Зеленский.
Оның сөзінше, Украина мұндай ақпаратты АҚШ-тан ғана ала алады. Әйткенмен украин әскерінің Starlink спутниктері байланысын пайдалануына қойылған шектеулер әлі күшінде қалып отыр.
9 қазанда Трамп америкалық және әлемдік нарықтарға ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде Владимир Путинмен келісімге келгенін жариялаған. Осыдан кейін Вашингтон Киевтен ресейлік МӨЗ-дерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етті.
Киев Ресей Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылды тоқтатса келісетінін айтып, өз уәжін келтірді, бірақ Ресей Украинаға әуе шабуылдарын тоқтатқан жоқ.
Әуе соққыларын біржақты тоқтатуға көнбеген Киевке АҚШ барлау ақпаратының бір бөлігін беруді уақытша тоқтатып, Starlink жұмысын шектеді деп мәлімдеді Зеленский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11😱5👍3
The Wall Street Journal (WSJ) басылымының мәліметінше, Путин соғысты тоқтатуды талқылау үшін Трампқа Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді ұсынған.
Журналистердің дерегі бойынша, мұндай бастама Путин мен Трамптың 9 қазанда телефонмен сөйлескенде айтылған. Сол кезде тараптар ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде де келіскен.
Кездесу 18-19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында өтуі мүмкін. Шараға Украина президентін қатыстыру қарастырылмаған.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков WSJ басылымына кездесу өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын, бірақ оны өткізу және күн тәртібі бойынша әзірге келісім жоқ екенін растаған.
Басылымның Америка әкімшілігіндегі дереккөзінің хабарлауынша, Трамп саммитке қатысуға әлі келісім бермеген. Газет сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Қытай АҚШ президенті қатысқан жағдайда ол келіссөзге қарсы емес.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬19🤡13❤3👎1💩1🖕1
Ресей дүйсенбіге қараған түні Киевке әуеден шабуылдады. Украина ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, шабуылдар салдарынан 21 жастағы қыз қаза тауып, кемінде 8 адам зардап шеккен. Жер үстіндегі метро станциясы бүлінген.
Киев мэрі Виталий Кличконың дерегінше, Соломенка ауданында дрон бөлшектері көпқабатты тұрғын үйге түсіп, үш адам жараланған.
Луцк, Ровно, Кропивницкий және Днепр қалаларына әуеден шабуыл жасалғаны туралы хабарлар түсті. Днепрде 84 жастағы қарт әйел зардап шеккен.
Украина президенті Владимир Зеленский 18 қазанда Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында өз елі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан тапшылық көріп отырғанын айтып, Ресей адамдардың өмірін барынша қиындату мақсатымен Украина қалаларының инфрақұрылымына қарқынды шабуылдарды жалғастырып жатқанына тағы да назар аударған.
Зеленский жуырда Украинадағы Starlink спутниктері арқылы интернет байланысы жүйесінің жұмысы Америка билігінің пәрменімен шектелгенін тағы да алға тартты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды өкілдері бұл мәлімдемелерді жоққа шығарған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬27❤2🔥1
🤼 Қазақстандық Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында еркін күрестен жастар арасында (U23) аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық 23 жастағы Мерей Базарбаев алтын медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ жігіті түркиялық балуан Бекир Кесерді таза жеңіспен мерзімінен бұрын жеңді.
1/8 финалда Мерей Базарбаев алғашқы раундта-ақ басты фаворит – жастар арасындағы әлем жеңімпазы және жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы америкалық Люк Лилледальден 3:1 есебімен күш асырды.
Базарбаев ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен ойсырата жеңсе, жартылай жапон Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсіп, таза жеңіске жетті.

❤15👏7👍3
Германиядан 19 жастағы ұлымен бірге Тәжікстанға депортацияланған оппозициялық белсенді Асадулло Бобоев 17 жылға сотталған. Бұл туралы 19 қазанда Freedom for Eurasia (FFE) құқық қорғау ұйымы хабарлады.
Толық ақпаратты оқу үшін INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаттық радиосы
Тәжікстан Германия депортациялаған оппозициялық белсендіні 17 жылға түрмеге қамады
Германиядан 19 жастағы ұлымен бірге Тәжікстанға депортацияланған оппозициялық белсенді Асадулло Бобоев 17 жылға сотталған. Бұл туралы 19 қазанда Freedom for Eurasia (FFE) құқық қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым деректері бойынша, Бобоев Тәжікстанның қылмыстық…
👎15🤬8
Жапаров Әблязовтың ақша туралы айтқанын жоққа шығарды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әблязовтың "Шумкар" атты қозғалыстың YouTube-арнасында айтқан сөздеріне жауап берді. Мұны Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
17 қазанда осы арнаға сұхбатында Әблязов Жапаровпен таныс екенін және 2020 жылғы қазандағы оқиғалар кезінде өзінен Жапаров ақша сұрағанын айтқан. Жапаров SUPER.KG порталының сауалдарына берген жауабында Әблязовтың бұл айтқанын терістеді.
Толығырақ оқу үшін төмендегі INSTANT VIEW жазуын басыңыз👇

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әблязовтың "Шумкар" атты қозғалыстың YouTube-арнасында айтқан сөздеріне жауап берді. Бұл туралы бүгін Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. 17 қазанда осы арнаға сұхбатында Әблязов Жапаровпен…
😁17🤔1🥱1
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында халықаралық интернет-алаяқтық жүйесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген Қытайдың 13 азаматын ұстағанын хабарлады. Олардың бәрі Қазақстаннан шығарылып, Қытай билігіне тапсырылған.
ҰҚК 19 қазанда шетелдік азаматтар Қазақстанда заң талаптарын бұзған деп хабарлады. "Тексеру кезінде олардан көптеген компьютерлік техника мен ұялы телефон, Starlink спутниктік байланыс жабдықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы қомақты қаражат табылды" деді ҰҚК.
Арнайы қызметтің дерегінше, бұл топ Қазақстан резиденті емес өзге елдердің азаматтарына қарсы әрекет еткен, болжам бойынша, олардың іс-әрекетін біреулер шетелден үйлестіріп отырған болуы мүмкін.
Комитеттің дерегінше, ұсталған адамдардың кейбірі отанында осындай іс-әрекеті үшін іздеуде жүргені белгілі болған. 16 қазанда Қытайдың 13 азаматының бәрі әкімшілік тәртіп бойынша Қазақстан аймағынан шығарылып, өз елінің құзырлы органдарының қолына тапсырылған.
ҰҚК таратқан ақпаратта күдікті топтың іс-әрекетінен зардап шеккендер қай елдің азаматтары екені, күдіктілер қалай әрекет еткені және қанша қаражат иеленіп кеткені нақты айтылмаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏13👍8🤔5❤1😁1🤬1
Инвестиция, энергетика және қауіпсіздік. С5+1 саммитіне қатысушылар бірлескен мәлімдеме жасады
Самарқанда өткен сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сауда мен инвестицияны кеңейтуге, энергетикадағы ынтымақтастықты дамытуға және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті екенін қуаттап, бірлескен мәлімдеме жасады.
Бірлескен мәлімдемеге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы саяси мекемелерінің басшылары қол қойды. https://www.azattyq.org/a/aqsh-zhane-ortalyq-aziya-elderinin-syrtqy-ister-ministrleri-birlesken-malimdeme-zhasady/33879520.html

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады
Самарқанда өтіп жатқан АҚШ және Орталық Азия сыртқы істер мекемелері басшыларының келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сауда мен инвестицияны кеңейтуге, энергетикадағы ынтымақтастықты дамытуға және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті…
🤡7❤5🤔2🔥1💩1
БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Газа секторы тұрғындарына берілетін көмек көлемін қаржы азаюына байланысты қысқартатынын хабарлады.
Қыркүйек айында бөлінген қаржы 1,6 миллион адамды қамтуға жеткен болса, енді бөлінетін қаражаттың кемуіне байланысты көмек алатындар қатарынан Газаның 500 мың тұрғыны шығып қалғалы тұр.
WFP барынша көп адамды қамту үшін бір адамға берілетін тағам көлемін азайтпақ. Мұқтаж жандар бұрынғыдай аптасына екі емес, бір ғана азық-түлік жиынтығын алады, оның өзінде көлемі бұрынғыдан аз болады. Таратылатын ыстық тамақ саны 250 мыңнан 150 мыңға дейін қысқарады.
"Қатынау қиын аймақтарда, соның ішінде Израиль әскери бақылау орнатқан "сары сызыққа" жақын жерде тұратын отбасылар енді ыстық тамақты күнде емес, күнара алатын болады", – деді WFP өкілдері.
Бұған қоса, 75 мың отбасына төленетін ақшалай жәрдемнің мөлшері де кемиді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎13🤔6🤬4❤2👍2
19 қазан түстен кейін Харьковтен оңтүстік-батысқа қарай, майдан шебінен ондаған шақырым қашықта орналасқан Новая Водолага кентінің орталық саябағына ресейлік дрон шабуыл жасады деп хабарлады Украина полициясы.
Облыс билігінің кейінгі дерегінше, 6 адам қаза тапқан, олардың екеуі – бала. Тағы 14 адам (арасында балалар да бар) жараланған.
Ішкі істер министрі Иван Выговский саябақта адам аяғы көп кезде, соның ішінде баламен жүргендер де болған, дрон соққы бергенін айтты. Шабуыл салдарынан дәмхана ғимараты да бүлінген.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылды "нағыз айуандық" деп атады. Оның жазуынша, қаза тапқандар арасында жақында ғана бір жасқа толған Ангелина есімді қыз бен оның анасы бар. Сондай-ақ 11 жасар қыз баланың да өмірі қыршынынан қиылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬25😢1
Америкалық сенаторлар Ричард Блюменталь (демократ) мен Том Тиллис (республикашыл) 19 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон шалып сөйлесті. Әңгімеге Конгресстің тағы бірнеше мүшесі қатысқан.
Блюментальдің айтуынша, Зеленский Украинаның Starlink байланысын қолдану мен АҚШ-тан барлау ақпаратын алу барысында әлі де қиындықтар көріп отырғанын жеткізген. Сенатор бұл жайтқа алаңдап отырғанын айтты. Оның сөзінше, Зеленский егер "Путин келісетін болса", Ресей мен Украинаның бір-бірінің энергетика нысандарына шабуыл жасауды өзара тоқтатуға Киев дайын екенін мәлімдеген.
Бұған қоса Блюменталь Конгресстегі екі партияның өкілдері де Украинаны қолдауда бір ұстанымда екенін және мұны нақты іспен көрсететінін хабарлады.
Бұған дейін сенатор Блюменталь – марқұм әріптесі Линдси Грэмнің есімімен аталған, Ресейге қарсы жақында қабылданған санкциялар туралы заң жобасы авторларының бірі – АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты кейінгі әрекетін қатты сынға алған еді. Зеленский де АҚШ әкімшілігінің бұл қадамдарын қош көрмейтінін айтқан. Трамп болса Ресеймен дизель отынын жеткізу жөніндегі келісімді Мәскеудің Украинадағы бейбітшілік туралы келіссөзден шығып кетуіне жол бермеу мақсатымен жасадым деп түсіндірген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14🔥4
АҚШ Украина мен Судан босқындарын уақытша қорғау мерзімін ұзартады
АҚШ соғыстан қашып, бассауғалап барған украиналық азаматтарды уақытша қорғау (TPS) мерзімін ұзартады. Бұған дейінгі ереже бойынша, олардың қорғау мерзімі 19 қазанда аяқталуға тиіс еді.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің өкілі CNN арнасына түсініктемесінде украин босқындарды уақытша қорғаудың жаңа мерзімі кейінірек жарияланады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, нақты шешім шыққанға дейін украиналық иммигранттар бұл мәртебесін сақтайды және оларды елден депортациялауға болмайды.
Қазір АҚШ-та жүрген Судан босқындарына да дәл осындай тәртіп қолданылады.
2025 жылдың наурыз айындағы ресми мәлімет бойынша, АҚШ-та 100 мыңнан астам украиналық босқын және Суданнан барған шамамен 1800 босқын тіркелген.

❤12😁2
АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында АҚШ, Ресей және Қытай басшыларының үшжақты кездесуіне қатысуға кетәрі емес. Ол мұны 19 қазанда журналистерге мәлімдеді.
Трамп үшжақты кездесуге әлі нақты келісім бермегенін, бірақ Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин мұндай келіссөз өткізгісі келсе, "солай істейтінін" айтты.
Оның сөзінше, кездесудің негізгі тақырыбы үш мемлекеттің ядролық қару-жарақтан бас тартуы болуы мүмкін. Трамп сондай-ақ Украинадағы соғыс мәселесі де талқылануы мүмкін екенін, ондай талқылау Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуынсыз да өтуі ықтимал екенін жеткізді.
Трамп, Си Цзиньпин және Путиннің үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі жайлы дүйсенбіде алдымен The Wall Street Journal жазған. Басылым өз дереккөздеріне сүйеніп, кездесу өткізу идеясы Путиннен шыққан және ол Украинадағы соғысты талқылап, Ресей ұсынған бейбітшілік талаптарына қолдау тапқысы келеді деп хабарлаған.
WSJ дерегінше, Путин Трамппен 9 қазанда телефонмен сөйлескенде әлгіндей ұсыныс жасаған. Кремль өкілі Дмитрий Песков мұндай кездесу өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын растады.
Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига ондай үшжақты кездесуге және онда Украина мәселесін талқылауға қарсы шықты. Еуропа одағы өкілдері де бұған алаңдаушылық білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬14🤡10💩4❤2
Өскемендік 19 жастағы Камир Нұрғалиевті Ресейде бейтаныс адамдар күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап, әскери келісімшарт делінген әлдебір құжаттарға мәжбүрлеп қол қойғызып алған. Қазір отбасы оның тағдырына алаңдап отыр. Мұны жігіттің Қазақстанда тұратын анасы айтты деп хабарлады "Уральская неделя".
Туыстарының сөзінше, биыл көктемде Қазақстанда колледжді бітіргеннен кейін Ресейге ақша табам деп кеткен Камир тамыз айына дейін Гагарин қаласындағы шұжық өндіретін кәсіпорында жұмыс істеген. Кейін Ульяновск қаласында тұратын досына барған. Анасы ұлым Қазақстанға қайтпақшы болып жүрген дейді.
15 қазанда Камир немере ағасына Telegram мессенджерінен бөтен адамның аккаунтынан хабарласып, басынан өткен жайтты қысқаша баяндаған.
Ол Ульяновск көшесінде досымен бірге кетіп бара жатқан кезде микроавтобуспен жолын кес-кестеген бейтаныс адамдар ұрып-соғып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт деп көрсеткен құжаттарға қол қоймасаң, сенен есірткі табылғаны жөнінде іс қозғаймыз деп қорқытқанын айтқан. Камир телефонын өзге адамдар тартып алғанын, денесі көгеріп қалғанын жеткізіп, мені құтқарыңдар деп Қазақстандағы отбасынан көмек сұраған.
Анасының сөзінше, Камир өзінің нақты қай жерде екенін білмейтінін айтып, "даладамын" деп сипаттаған. Және өзін Ростов жаққа "оқуға" әкетпекші болып жатқанын хабарлаған. Шешесі ұлының хал-жағдайын, қай жерде екенін анықтауға және оны елге қайтаруға жәрдем сұрап Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінген.
Үй іші Ресейде Камирді ұстап отырғандар оны майдан шебіне алып кете ме деп қауіптенеді. Жігіттің отбасына Қазақстанның Қазандағы консулдығы қызметкерлері хабарласып, көмектесуге уәде еткен деп жазды хабарлады "Уральская неделя" басылымы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯12🤬9❤1
Қазақстанда "11М" қоғамдық-саяси қозғалысы мүшелерінің үйлерін тінтіп, қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі Рүстем Амангелді екі айға үйқамаққа алынды. Мұны белсенді Әлнұр Ілияшев айтты деп хабарлады Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросы.
Ілияшевтің сөзінше, 4 және 15 қазан күндері оның және қозғалыстың тағы бір негізін қалаушы Владимир Дворецкий мен олардың серіктестерінің баспаналарында тінту өткен. Күштік құрылымдар өкілдері әлгі адамдардың құжаттары, телефондары мен компьютерлеріне қоса туыстарының бұйымдарын да алып кеткен.
Рүстем Амангелді 13 қазанда ұсталды. Оған сот актісін орындамады деген айып тағылған. Ілияшев болып жатқан жайттарды қозғалыс мүшелеріне жасалған қысым деп бағалады. Ол өз үндеуінде бұл қудалау елде мерзімінен бұрын өтуі ықтимал президент сайлаумен және биліктің сайлаушылардың тәуелсіз бірлестігінің іс-әрекетіне жол бермеу талпынысымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты.
"Қазіргі жағдайда бізге оқиғалардың бұдан әрі қалай өрбитінін болжау қиын. Біз "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтау және жаңа Конституцияға сүйену баянсыз уақытта өзімізге тірек болады деп үміттендік. Алайда белгілі бір жағдайларда бұл қағидаттар жұмыс істемейтініне көзіміз жетті", – деп жазды белсенді.
Биыл қыркүйектің басында Ілияшев пен белсенді Марат Тұрымбетовтің үйінде де тінту жүргізілген еді. Екеуіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша іс қозғалған. Алматы қалалық прокуратурасы бұған шетел азаматының арызы негіз болғанын хабарлаған.
Тұрымбетов әлі үйқамақта отыр. Оның адвокаты құпияны жарияламау туралы қолхат бергендіктен істің мән-жайын аша алмайтынын айтты. Жақтастары гемодиализге мұқтаж белсендінің денсаулық жағдайына алаңдап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬18👏2
👺 Алматыда үш университетті дүрліктірген "бомба қойылғаны" жайлы хабар расталмады
20 қазанда Алматыда шұғыл қызметтер бомба қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін үш университеттің ғимаратын тексеріп шықты. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады деп хабарлады кейінірек қалалық полиция департаменті.
Қаланың түрлі ауданында орналасқан жоғары оқу орындарына жедел жеткен арнайы мамандар ғимараттар мен олардың маңындағы аумақтарды тексерген.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде сейсенбі күні таңертең Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электрон поштасына қауіп төніп тұрғаны жазылған хат түскені туралы ақпарат тараған. Хатта ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.
Басылымның дерегінше, университетті күзет қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тексерген. Студенттер тексеру аяқталғаннан кейін өздеріне ғимаратқа қайта кіруге болатыны айтылып, оқу әрі қарай жалғасқанын айтты.
Полиция жарылғыш зат қойылды делінген қалған екі жоғары оқу орнын атаған жоқ.

"Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде сейсенбі күні таңертең Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) электрон поштасына қауіп төніп тұрғаны жазылған хат түскені туралы ақпарат тараған. Хатта ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны айтылған.
Басылымның дерегінше, университетті күзет қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тексерген. Студенттер тексеру аяқталғаннан кейін өздеріне ғимаратқа қайта кіруге болатыны айтылып, оқу әрі қарай жалғасқанын айтты.
Полиция жарылғыш зат қойылды делінген қалған екі жоғары оқу орнын атаған жоқ.
❤8😁2🤬2🔥1💩1
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім Пашинян елге алғаш рет ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу кезінде "Қазақстан президенті" деп жаңсақ айтып қалғаннан кейінірек, 19 қазанда белгілі болды.
Пашинян 17 қазанда Ереванда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасап тұрып жаңылысқан еді. Алдын ала дайындалған мәтінді оқып жатып Пашинян: "Ең алдымен Қазақстан президенті Садыр Жапаровқа Арменияға қош келдіңіз дегім келеді", – деген. Бұл туралы Азаттықтың Армян – Азатутюн радиосы жазды.
Ресми шешімде Ваноянның қызметтен босатылуының себебі көрсетілмеген. Армения үкіметі Азатутюн радиосының ресми сауалына премьер-министр шешіміне түсініктеме бермейтінін хабарлады.
Ваноянның қызметтен кетуі премьердің жаңылысқанына байланысты ма, жоқ па – ол жағы ресми түрде расталған жоқ.
Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері басқарып келген. Биыл тамыз айында Пашинян оны осы лауазымға қайта тағайындаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9😁9🥱2🤣2
Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған ресейлік рэпер Navai-ға (Наваи Бахманоғлы Бакиров) қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, музыкант елден шығарылды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,
рэпер "алғаш рет құқық бұзғанын және кінәсін мойындап, шынайы өкінгенін ескере отырып, іс ақталмайтын негіз бойынша тоқтатылған". Бұл процестік шешімді прокуратура бекіткен.
Бакиров 13 қазанда Жамбыл облысы "Қордай" шекарасы маңындағы бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кіргенде ұсталды. Полиция рэпер мінген көліктен есірткі табылғанын хабарлаған. Бірақ қандай есірткі және көлемі қанша екенін айтпады.
Осы жайт бойынша, қылмыстық іс қозғалып, 15 қазанда сот рэперді екі айға қамауға санкция берген. Бакиров Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстанның сырткы істер министрлігіне жағдайды түсіндіруді сұрап нота жолдаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡32👎11🤬4💩3🥱2🙈1