Бір пенде
1.8K subscribers
36 photos
11 videos
11 files
9 links
Арнада ойларым, пайдалы ақпарат!
Парақша белгілі бір бағытта емес.
Жазбаны сілтемемен алсақ ✅
(Шығып кеткендер қайта кіре алмайды🫡)
Download Telegram
Аллаһ Тағала сізбен бізге былай деп бұйрады: “Мені көп еске алыңдар мен сендерді еске аламын, маған шүкірлік қылыңдар күфірлік қылмаңдар,,…
❤41💘5❤‍🔥2🥰1🍓1
Американың бір докторы айтқан екен: “Болашақта дәрігерлердің адамдарға дәрінің орнына мұсылмандардың оқитын намазымен ұстайтын оразасын ұсынатын болады,, деген!.
Бізді Алла осындай кіршіксіз дінмен қуаттағанына сансыз шүкір болсын🤲
❤48❤‍🔥5🍓1👀1
Қасиетті Рамазан айы
1 наурызда болатыны нақты бекітілді.😍
Қадір түні 26-27 не қараған түн.😍
Тарауаық намазы 28 ақпан.😍
Оразаның соңғы күні 29 наурыз.😍
Ораза айт мейрамы 30 наурыз🥰😍😍😍
❤47😍11❤‍🔥1🍓1💊1
Дінімізде сәлем берудің әдептері:

✍️Ат үстіндегі адам жаяу жүргіншіге, кіші үлкенге, азшылық көпшілікке, жоғарыдағы төмендегіге сәлем береді. Намаз оқығанға, әжетханадағы адамға және ішкілік ішіп құмар ойнап не болмаса соған ұқсас харам істеп жатқан адамдарға сәлем берілмейді. (Сәлем сөзіңдегі мақсат Әссәләму алайкум сөзі) ас ішіп отырғанға (Ортақ бір сәлем беріледі) (Бухари)
❤31👏4🍓1
✍️«Ей, Әбу Абдулла, Әбу Ханифаның ғайбат айтуына қандай іс тосқауыл болды екен, бір рет те ғайбат айтқанын көрмедім»,–деді. Сонда Суфъян : «Әбу Ханифа (رحمه الله) дана кісі, өзінің жақсы амалдарын жоятын іс-әрекетті ешқашан жасамайтын»,–деген екен.
Ғайбат бүкіл жақсылығымызды жуып шаятын жиіркенішті амал!
Ораза жақындап келеді, әсіресе осы тілімізбен көзімізге ораза ұстатуды басты назарға алсақ!!
❤38💯2🍓1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Группаласым Ақын Ғалым Жәкеш
❤18😍5🕊2🍓2
✍️Рамазан айы келгенде аспаннан арнайы бір үндеуші періште түсіп: «Ей, жақсылық жасаушы! Міне саған, мүмкіндік! Ей, күнәға ниеттенген, тоқта!» деп айтады екен.
❤37🍓2💯1
✍️Хадисте: “Отбасының сенде ақысы бар, қонақтың сенде ақысы бар деп келіп нәпсіннің сенде ақысы бар деп айтылады,, соған қарай жан мен тәннің азығын беріп, Жасыбайда керемет демалыс өткіздік😍
👏20❤5🍓1
✍️ Естен шығармаңыз маңызды сүннет амал!!
Тырнақты қай күні алған дұрыс?

Тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды). Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады.

Айша анамыздан келген бір риуаятта: «Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды»,– делінген. 
❤30❤‍🔥1🍓1💘1
مَا عِندَكُمْ يَنفَدُ ۖ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ بَاقٍ ۗ وَلَنَجْزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوٓا۟ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Сендердің қолдарыңдағы дүние түгелдей таусылып бітеді. Ал Алланың құзырындағылар мәңгілік. Біз (өмірдегі түрлі қиыншылықтарға әрі әмірімізге бағынып, тыйғандарымыздан тыйылуда) сабырлылық танытқандарды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін негізге ала отырып, сый-сияпатқа бөлейміз.

(«Нахыл» сүресі 16:96)
❤‍🔥24❤9🍓1💘1
✍️Кез келген құлшылық қабыл болу үшін талап етілетін екі шарт бар. Бірі – Алла разылығы үшін болу керек, екіншісі – Құран мен сүннетке сай атқарылуы тиіс. Ең алдымен, оразамызды Алла разылығынан басқа нәрселерден тазартайық. Яғни, біз оразаны денсаулықты жақсарту немесе адамдарға жақсы көріну үшін емес, Алланың бұйрығы, Оттан қалқан болатындығы, Жәннатқа жеткізетіндігі үшін ұстаймыз. Ниет нақты, ықылас қатты болмай, Рамазан сәтті болмайды!
🍓27❤5🔥2💘1
❤35🍓1💘1
❤38🍓1💘1
📖 🫢 Жылына 50 кітап бітіруге болама?
- 1 күнде - 35 бет = 50 мин.
- 1 аптада - 245 бет.
- 1 айда - 980 бет.
- 6 айда - 6370 бет.
- 1 жылда - 12,740 бет = 50 кітап = (12 күн). 3,2%

📖🤓 Ал, 30 кітап ше?
- 1 күнде - 20 бет = 30 мин.
- 1 аптада - 140 бет.
- 1 айда - 560 бет.
- 6 айда - 3640 бет.
- 1 жылда - 7280 бет = 30 кітап = (7,6 күн). 2%

📖🤫 Ал, 10 кітап ше?
(10 кітап бітірсең әлемдегі орташа кітап оқитындардың қатарында боласың.)
- 1 күнде - 7 бет = 10 мин.
- 1 аптада - 49 бет.
- 1 айда - 196 бет.
- 6 айда - 1274 бет.
- 1 жылда - 2548 бет = 10 кітап = (5 күн). 1,3 %

🫠🫠🫠 Әлументтік желіде ше. Неше уақыт отырамыз?
- 1 күнде - 2 сағ.
- 1 аптада - 15 сағ.
- 1 айда - 60 сағ.
- 6 айда - 390 сағ.
- 1 жылда - 780 сағ. = (32 күн). Адам өмірінде = 6 жыл. 9,3 %


✅ https://t.me/maktubatkz
❤21😭5💔3🔥2🍓1💘1
✍️Негізі расымен де біз кітаптан ұзақтап бара жатырмыз. Көп уақытымыз әлеуметтік желідегі пайдасыз дүниелерге кетіп жатыр. Олай болса ештен кеш жақсы дейдіғой бүгіңгі сәрсенбінің сәтті күнінен қолымызға бір кітап алып, 10 беттен кітап оқуды бастап кетейік. Сонда жоқ дегенде 1 жылда 12 кітап оқып шығамыз😍😊 “Артық білім кітапта,,
Ғалымдардан қалған сөз бар екен: “ СӘРСЕНБІ КҮНІ БАСТАЛҒАН ІС СОҢЫНА ЖЕТЕДІ,, деген….
❤22🔥1🍓1💘1
Крем жағу оразаны бұза ма?
Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.
❤23💘2🍓1
✍️Жүкті әйелге ораза ұстау керек пе?
Шариғатта құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын  тұтпай, кейінге қалдыруына рұқсат[20]. Сахаба Әнәс бин Мәликтен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «...Күмәнсіз Алла тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, ал оразаны жолаушыға және жүкті әйел мен емізулі әйелге міндеттемеді...»[21], - деді.
❤19🍓1💘1