BOLASHAK NEWS
9.18K subscribers
4.48K photos
293 videos
30 files
1.56K links
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал АО “Центр международных программ”
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 «Болашақ»: ответы на актуальные вопросы

❓ Какие последствия возникают в случае невыполнения договорных обязательств Стипендиатом?
Подробнее смотрите в видео.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 «Болашақ»: өзекті сұрақтарға жауап

❓ «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін еңбекпен өтеу мерзімдері қандай?
Толығырақ видеодан көріңіз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 «Болашақ»: ответы на актуальные вопросы

❓ Какие сроки отработки для выпускников программы «Болашак»?
Подробнее смотрите в видео.
Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!

Жоғары білім – елдің адами капиталы мен зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды сала. Бұл салада қызмет етіп жүрген әр маманның еңбегі білікті кадр қалыптастыруға, ғылым мен білімді дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үшін де білім – халықаралық тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерді тоғыстыратын маңызды бағыт. «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдамалар арқылы қазақстандық мамандар мен ғалымдардың әлемнің жетекші білім және ғылыми орталықтарында білім алуына, кәсіби тәжірибесін жетілдіруіне жол ашылып келеді.

Осы айтулы күні жоғары білім саласының барша қызметкерлеріне еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер және еліміздің білім кеңістігін дамыту жолындағы жұмыстарыңызға шабыт тілейміз!
С Днем работников высшего образования!

Высшее образование – важнейшая сфера, формирующая человеческий капитал и интеллектуальный потенциал страны. Труд каждого специалиста, работающего в этой сфере, направлен на подготовку квалифицированных кадров, развитие науки и образования, а также укрепление интеллектуального потенциала государства.

Для АО «Центр международных программ» образование также является важным направлением, объединяющим международный опыт и новые возможности. Благодаря международной стипендии «Болашак» и программам научных стажировок казахстанские специалисты и ученые получают возможность обучаться и проходить стажировки в ведущих образовательных и научных центрах мира, совершенствовать профессиональные знания и перенимать передовой опыт.

В этот знаменательный день желаем всем работникам сферы высшего образования профессиональных успехов, новых научных достижений и вдохновения для дальнейшего развития образовательного пространства нашей страны!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Northeastern University-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
 
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Astana IT University-де Northeastern University Президентінің аға кеңесшісі Усама Файядпен кездесті.
 
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық академиялық байланыстарды дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру перспективаларын талқылады. Northeastern University-дің Қазақстанның білім беру және ғылыми-зерттеу экожүйесін дамытуға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
 
Саясат Нұрбек Қазақстанның өңірлік білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтып, жетекші шетелдік университеттерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасап келе жатқанын атап өтті. Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен кампустарын ашудан бастап, қазақстандық университеттер базасында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға дейінгі халықаралық серіктестіктің түрлі үлгілері дамып келеді.
 
🔗 Толығырақ: gov.kz

***

💬 Обсуждены перспективы сотрудничества с Northeastern University
 
В Astana IT University министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился со старшим советником Президента Northeastern University Усамой Файядом.
 
В ходе встречи стороны обсудили перспективы расширения сотрудничества в сфере высшего образования, развития международных академических связей и реализации совместных образовательных и исследовательских проектов. Особое внимание было уделено возможностям участия Northeastern University в развитии образовательной и исследовательской экосистемы Казахстана.
 
Саясат Нурбек отметил, что Казахстан последовательно укрепляет позиции регионального образовательного центра и создает условия для привлечения ведущих зарубежных университетов. В стране развиваются различные модели международного партнерства – от филиалов и кампусов зарубежных вузов до совместных образовательных программ на базе казахстанских университетов.

🔗 Подробнее: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Құрметті ұстаздар!
 
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіреміз.
 
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, шетелдік тәжірибені меңгеруіне қолдау көрсету арқылы сапалы білім беруге және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне ұштастыруға өз үлесін қоса бермек.
 
Кәсіби ізденістеріңізге серпін, бастамаларыңызға қолдау, еңбектеріңізге лайықты нәтиже тілейміз!
❤10
Уважаемые учителя!
 
От всей души поздравляем вас с профессиональным праздником! Благодарим за ваш труд, направленный на обучение и воспитание подрастающего поколения.
 
АО «Центр международных программ» продолжит вносить свой вклад в развитие качественного образования, поддерживая повышение профессиональной квалификации педагогов и освоение ими международного опыта, а также содействуя гармоничному сочетанию национальных ценностей с современными подходами к воспитанию молодого поколения.
 
Желаем вам новых профессиональных открытий, поддержки в реализации инициатив и достойных результатов вашего труда!
❤5
Халықаралық бағдарламалар орталығында Kaplan International Pathways және University of Bristol өкілдерімен кездесу өтті
 
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері Kaplan International Pathways және Бристоль университетінің өкілдерімен кездесіп, «Болашақ» бағдарламасы аясындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
 
Кездесуге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмасбек Жанабылов, Басқарма төрағасының кеңесшісі Гульнур Макульбаева және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Асель Садық қатысты. Халықаралық серіктестер атынан Kaplan International Pathways студенттерді қабылдау жөніндегі директоры Gregory Horobin, ТМД және Еуропа елдеріндегі студенттерді қабылдау бағытының жетекшісі Valentina Nikitina, ТМД елдеріндегі студенттерді қабылдау жөніндегі өңірлік менеджері Liliya Gaisina және Бристоль университетінің халықаралық студенттерді қабылдау жөніндегі маманы Morgane Evans болды.
 
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектеріне қолдау көрсету бағыттары, қысқа мерзімді білім беру курстары мен тағылымдамалардан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ оқу кезінде арнайы жеңілдіктер қарастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық бағдарламалары, білім алушылардың одан әрі оқу траекториялары және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
 
Kaplan International Pathways – Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландиядағы шамамен 25 университетпен серіктестік орнатқан халықаралық білім беру ұйымы. Компания шетелдік студенттерді жоғары оқу орындарына дайындау бағдарламаларын жүзеге асырады.
 
Кездесу барысында Бристоль университетінің білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетіне де назар аударылды. Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі саналатын оқу орны Russell Group құрамына кіреді. Университеттің инженерия, компьютерлік ғылымдар, медицина, қоршаған орта және гуманитарлық ғылымдар бағыттарындағы зерттеулері халықаралық академиялық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
 
Айта кетейік, Kaplan International English тіл мектебі «Болашақ» стипендиясы иегерлеріне тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын АҚШ ұйымдарының тізіміне кіреді. Ал Бристоль университеті «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылған ұйымдар қатарына енгізілген.
 
Кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге және қазақстандық мамандардың кәсіби әрі ғылыми әлеуетін дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге арналды.
❤2👍1
В Центре международных программ состоялась встреча с представителями KaplanInternational Pathways и University of Bristol
 
Представители АО «Центр международных программ» провели встречу с представителями KaplanInternational Pathways и Бристольского университета. Стороны обсудили возможности развития образовательного и научного сотрудничества в рамках международной стипендиальной программы «Болашак».
 
Встречу со стороны АО «Центр международных программ» представили заместитель председателя Правления Алмасбек Жанабылов, советник председателя Правления Гульнур Макульбаева и руководитель управления международного сотрудничества Асель Садық. Со стороны международных партнеров в ней приняли участие директор по набору студентов Kaplan International Pathways Gregory Horobin, руководитель направления по набору студентов в странах СНГ и Европе Valentina Nikitina, региональный менеджер по набору студентов в странах СНГ Liliya Gaisina, а также специалист по международному набору студентов Бристольского университета Morgane Evans.
 
В ходе встречи были рассмотрены направления поддержки стипендиатов и выпускников программы «Болашак», возможности прохождения краткосрочных образовательных курсов и стажировок, а также предоставления специальных скидок на обучение.Кроме того, стороны обсудили подготовительные программы для поступления в зарубежные вузы, дальнейшие образовательные траектории студентов и перспективы развития международного академического сотрудничества.
 
Kaplan International Pathways – международный провайдер образовательных программ, сотрудничающий примерно с 25 университетами Великобритании, США, Канады, Австралии и Новой Зеландии. Компания реализует программы подготовки иностранных студентов к поступлению в высшие учебные заведения.
 
Отдельное внимание было уделено образовательному и научно-исследовательскому потенциалу Бристольского университета. Один из ведущих исследовательских университетов Великобритании входит в престижное объединение Russell Group. Университет известен исследованиями в области инженерии, компьютерных наук, медицины, наук об окружающей среде и гуманитарных дисциплин, что создает возможности для международного академического обмена.
 
Отметим, что языковая школа Kaplan International English входит в перечень организаций США, рекомендованных для прохождения языковых курсов стипендиатами программы «Болашак». Бристольский университет включен в перечень организаций, рекомендованных для обучения по программе «Болашак» и прохождения научных стажировок.
 
Встреча была направлена на укрепление международного партнерства, расширение образовательных возможностей и дальнейшее развитие сотрудничества в целях повышения профессионального и научного потенциала казахстанских специалистов.
👍2
🎙️ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Рахмет Абай Амандықұлы Қазақ радиосының «Bolashaq» бағдарламасының тікелей эфирінде «Болашақ» бағдарламасындағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді.

📻 Алдағы уақытта Орталық өкілдері де Қазақ радиосының эфиріне қатысып, тыңдармандарға маңызды ақпарат ұсынып, көкейдегі сұрақтарға жауап бермек.

🗓️ Айта кетейік, «Bolashaq» бағдарламасын әр бейсенбі сайын сағат 20:10-да Қазақ радиосының эфирінен тыңдай аласыздар!

🔹🔹🔹

🎙️ Председатель Правления АО «Центр международных программ» Рахмет Абай Амандыкович выступил в прямом эфире программы «Bolashaq» на Қазақ радиосы. Он рассказал о новостях и изменениях в программе «Болашак», а также ответил на актуальные вопросы.

📻 В дальнейшем представители Центра также будут участвовать в эфирах Қазақ радиосы, делиться важной информацией и отвечать на вопросы слушателей.

🗓️ Напомним, программу «Bolashaq» можно слушать каждый четверг в 20:10 в эфире Қазақ радиосы!
👍1
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

🎓 «Болашақ» халықаралық стипендиясы

«Болашақ» стипендиясына конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді 2026 жылғы 16 қазанға дейін беруге болады.

💻 Өтінімдер eGov.kz порталы арқылы қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар, басым мамандықтар және бағдарламаға қатысатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі туралы толық ақпаратты Bolashak.gov.kz сайтынан алуға болады.

📍 Мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.

⏰ Өтінім беру мерзімін өткізіп алмаңыз!
📢 ОБЪЯВЛЕНИЕ

🎓 Международная стипендия «Болашак»

Подать заявку на участие в конкурсе на присуждение стипендии «Болашак» можно до 16 октября 2026 года.

💻 Заявки принимаются через портал eGov.kz.

Подробная информация о требованиях к кандидатам, приоритетных специальностях и перечне зарубежных вузов, участвующих в программе, доступна на сайте Bolashak.gov.kz.

📍Адрес: г. Астана, ул. Сыганак, 70, бизнес-центр «Сыганак», 5-й этаж, кабинет 508.

⏰ Не пропустите сроки подачи заявок!
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

🔬 «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының конкурсына қатысу үшін құжаттар 2026 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.

📄 Құжаттарды:
• eGov.kz порталы арқылы электрондық форматта;
• немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на офлайн түрде тапсыруға болады.

📍 Мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.

⏰ Өтінім беру мерзімін өткізіп алмаңыз!
📢 ОБЪЯВЛЕНИЕ

🔬 Программа «Научные стажировки»

Документы для участия в конкурсе на прохождение научной стажировки за рубежом принимаются до 30 октября 2026 года.

📄 Документы можно подать:
• в электронном формате через портал eGov.kz;
• лично в АО «Центр международных программ».

📍 Адрес: г. Астана, ул. Сыганак, 70, бизнес-центр «Сыганак», 5-й этаж, кабинет 508.

⏰ Не пропустите сроки подачи заявок!
❤4
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Бельгия университеттерімен ынтымақтастықты нығайтуда

2026 жылғы 12 қазанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмасбек Жанабылов пен Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлнұр Мақұлбаева Гент университеті және Хауэст қолданбалы ғылымдар университетінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясында халықаралық білім беру, кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Гент университетінің ректоры Petra De Sutter Оңтүстік Кореяда орналасқан Global Campus South Korea жобасын таныстырды. Кампус еуропалық білім беру стандарттарын халықаралық ғылыми-зерттеу ортасымен ұштастырады және биотехнология, экологиялық және тағамдық технологиялар бағыттарына маманданған.

Гент университеті — Еуропадағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университеттің ғылыми-зерттеу бағыттары биотехнологияны, ауыл шаруашылығы және инженерия ғылымдарын, экология мен медицинаны қамтиды. Университет «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген. 2023 жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Гент университеті академиялық байланыстарды дамыту және магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер беру көзделген меморандумға қол қойды.

Өз кезегінде, Howest қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Frederik D’Hulster қазақстандық тараппен ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында кәсіби тағылымдамалар ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.

Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық жоғары білікті мамандар даярлауға, академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
❤2
АО «Центр международных программ» укрепляет сотрудничество с университетами Бельгии

12 октября 2026 года заместитель Председателя Правления АО «Центр международных программ» Алмасбек Жанабылов и советник Председателя Правления Гульнур Макулбаева встретились с представителями Гентского университета и Университета прикладных наук Хауэст. В ходе встречи стороны обсудили перспективы взаимодействия в сфере международного образования, подготовки кадров и научных исследований в рамках программ «Болашак» и «Научные стажировки».

Ректор Гентского университета Petra De Sutter представила проект Global Campus South Korea, расположенный в Южной Корее. Кампус сочетает европейские образовательные стандарты с международной научно-исследовательской средой и специализируется на биотехнологиях, экологических и пищевых технологиях.

Гентский университет — один из ведущих исследовательских университетов Европы. Его научные компетенции охватывают биотехнологии, сельскохозяйственные и инженерные науки, экологию и медицину. Университет входит в перечень рекомендуемых вузов для обучения и прохождения стажировок по программам «Болашак» и «Научные стажировки». В 2023 году АО «Центр международных программ» и Гентский университет подписали меморандум, предусматривающий развитие академических связей и предоставление скидок на обучение в магистратуре и докторантуре.

В свою очередь, ректор Университета прикладных наук Хауэст Frederik D’Hulster выразил заинтересованность в развитии сотрудничества с казахстанской стороной, в том числе в организации профессиональных стажировок в рамках программы «Болашак».

Международное взаимодействие в сфере образования и науки способствует подготовке высококвалифицированных специалистов, расширению академических возможностей и укреплению научного потенциала Казахстана.