TSARKA - Cybersecurity leader in Central Asia (official channel)
5.98K subscribers
762 photos
62 videos
19 files
525 links
Новости информационной безопасности от TSARKA - Лидера в области кибербезопасности в Центральной Азии

Сайт: tsarka.com
Публичный чат: https://t.me/cyberseckz
ФБ: https://www.facebook.com/cyberseckz
Инстаграм: https://www.instagram.com/certkz/
Download Telegram
TSARKA компаниясының эксперті Google DevFest Astana 2024 конференциясында!

Google DevFest 2024 конференциясында TSARKA компаниясының ақпараттық қауіпсіздік маманы Әбдіғазизов Диас "LLM чат-боттардың қауіпсіздігі" тақырыбында маңызды баяндама жасады. Жасанды интеллект өмірімізді жеңілдетсе де, қауіпсіздік мәселелері алаңдатады. Prompt Injection сияқты шабуылдар чат-боттарды күтпеген әрекеттерге мәжбүрлеуі мүмкін. Мысалы, танымал дилерлік орталықтың бірінде LLM жасанды чат-боты көлікті $1-ға сатуға «келісті».

Сондай-ақ, жеке деректердің қолды болуы, модельдерді ұрлау, DoS / DoW шабуылдары және шығыс деректерді дұрыс өңдемеу секілді мәселелер жиі кездеседі. Бұл шабуылдар бизнеске үлкен шығын келтіруі мүмкін.

LLM чат-боттар өмірімізді жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірақ олардың қауіпсіздігіне аса мән беру қажет. Технологияны дұрыс қолдану ол үлкен жауапкершілік. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, AI-ды пайдаға асырып, бизнесіңізде қауіпсіз қолданыңыз! 🚀

#TSARKA #DevFest #AstanaHub
❤12🔥11👍5😢1