Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ғылыми-білім беру, инновациялық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық келісімдер топтамасына қол қойылды.
Қол қою рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, KU Leuven университеті, SIM² KU Leuven Тұрақты металдар мен минералдар институты және «Astana Hub» автономды кластерлік қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжат ШҚТУ-дың ғылыми және инженерлік әлеуетін, KU Leuven мен SIM² институтының тұрақты металлургия және стратегиялық маңызды шикізат материалдары саласындағы сараптамасын, сондай-ақ «Astana Hub»-тың инновациялық мүмкіндіктерін біріктіреді.
Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – жасанды интеллект. Тараптар металлургиялық процестерді модельдеу, геологиялық және өндірістік деректерді талдау, жаңа материалдардың қасиеттерін болжау және стратегиялық маңызды шикізатты өңдеудің технологиялық тізбектерін оңтайландыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл тәсіл ғылыми зерттеулерді жеделдетуге және зертханалық әзірлемелерден өнеркәсіптік өндіріске дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
В рамках официального визита Президента РК Касым-Жомарта Токаева в Королевство Бельгия по инициативе Министерства науки и высшего образования РК подписан пакет стратегических соглашений, направленных на развитие научно-образовательного, инновационного и технологического сотрудничества между Казахстаном и Европейским союзом.
В церемониях подписания приняли участие Заместитель Премьер-Министра - министр искусственного интеллекта и цифрового развития РК Жаслан Мадиев, а также министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек.
Одним из ключевых результатов визита стало подписание Меморандума о сотрудничестве между Восточно-Казахстанским техническим университетом имени Д. Серикбаева, KU Leuven, Институтом устойчивых металлов и минералов SIM² KU Leuven и Автономным кластерным фондом «Астана Хаб».
Документ объединяет научный и инженерный потенциал ВКТУ, экспертизу KU Leuven и SIM² в области устойчивой металлургии и критически важных сырьевых материалов, а также инновационные возможности «Астана Хаб».
Особое место в рамках сотрудничества занимает искусственный интеллект. Стороны намерены использовать ИИ для моделирования металлургических процессов, анализа геологических и производственных данных, прогнозирования свойств новых материалов и оптимизации технологических цепочек переработки критического сырья. Такой подход позволит ускорить научные исследования и сократить путь от лабораторных разработок до промышленного внедрения.
🔗 Подробнее: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1🎉1
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуропалық комиссияның Зерттеулер және инновациялар жөніндегі бас дирекциясы бас директорының орынбасары Мария Кристина Руссо және Еуропалық инновациялар кеңесінің төрағасы Михил Схеффермен кездесті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ғылым, ғылыми зерттеулер, инновациялар және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Кездесулер барысында Қазақстанның Horizon Europe бағдарламасына қауымдасу үдерісін ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан бұл қауымдастықты отандық жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдар мен компаниялардың еуропалық зерттеу консорциумдарына, бірлескен жобаларға және Еуропалық зерттеу кеңістігіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетін стратегиялық қадам ретінде қарастырады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
В рамках официального визита Президента РК Касым-Жомарта Токаева в Королевство Бельгия министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провел встречи с заместителем Генерального директора Генерального директората Европейской комиссии по исследованиям и инновациям Марией Кристиной Руссо и президентом Европейского инновационного совета Михилом Схеффером.
Основной темой переговоров стало укрепление сотрудничества Казахстана и Европейского союза в сфере науки, исследований, инноваций и технологического предпринимательства.
Отдельное внимание было уделено дальнейшему продвижению процесса ассоциации Казахстана с программой Horizon Europe. Казахстан рассматривает ассоциацию как стратегический шаг к расширению участия отечественных университетов, научных организаций и компаний в европейских исследовательских консорциумах, совместных проектах и Европейском исследовательском пространстве.
🔗 Подробнее: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика байланыстарын нығайту мәселелеріне тоқталды
✔️ Атап айтқанда, Президент Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) және ЕО-ның Global Gateway бастамасын ұштастыру перспективасына назар аударды, сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі көлік-инфрақұрылым жобасына еуропалық серіктестердің қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.
✔️ Президент Қазақстанда айтарлықтай мол қоры бар аса маңызды шикізат материалдары саласы ынтымақтастықты дамытуға кеңінен мүмкіндік береді деп санайды.
✔️ Еліміз өңдеу өнеркәсібіне, технология трансферіне және бірлескен өндірістік жобаларға еуропалық инвестиция тартуға ниетті.
✔️ Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен энергетика, соның ішінде атом, цифрлық трансформация, ауыл шаруашылығы, су қауіпсіздігі және климат күн тәртібі секілді бағыттарда ықпалдастықты одан әрі арттыруға мүдделі екенін растады.
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев серіктестіктің тағы бір маңызды саласы ретінде білім беру, ғылым, мәдениет және азаматтар арасындағы қарым-қатынас сияқты гуманитарлық өлшемдерді атады.
✔️ Президент визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің аяқталғанына ерекше ризашылығын білдірді.
✔️ Сондай-ақ Қазақстандағы саяси жаңғыру бағдарламасына дәйекті түрде қолдау көрсеткені және еуропалық тараптың басқару, инновация мен орнықты экономикалық даму салаларындағы озық тәжірибелерімен бөлісуге әзірлігі үшін ЕО жетекшілеріне алғыс айтты.
✔️ Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық серіктестікті нығайтудың нақты тетігіне айналған «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» диалог платформасы маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
t.me/aqorda_resmi
– Қазақстан Erasmus+, Horizon Europe және басқа да білім беру мен зерттеу бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын жоғары бағалайды. Біз алдағы уақытта да еліміздің университеттері мен еуропалық жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікке қолдау көрсетеміз. Қазақстан Horizon Europe бағдарламасы аясындағы қауымдастырылған ел мәртебесін иеленуге ниетті, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев отдельно остановился на вопросах укрепления транспортно-логистических связей
✔️ В частности, он указал на перспективы сопряжения Транскаспийского международного транспортного маршрута (Среднего коридора) и инициативы ЕС Global Gateway, а также отметил поддержку европейскими партнерами ряда крупных транспортно-инфраструктурных проектов в Казахстане.
✔️ Широкие возможности для развития сотрудничества, по мнению Президента, представляет и сфера критически важных сырьевых материалов, значительными запасами которых обладает Казахстан.
✔️ Наша страна рассчитывает на европейские инвестиции в перерабатывающую промышленность, трансфер технологий и совместные производственные проекты.
✔️ Глава государства подтвердил заинтересованность Казахстана в дальнейшем взаимодействии с Евросоюзом в таких сферах, как энергетика, в том числе атомная, цифровая трансформация, сельское хозяйство, водная безопасность и климатическая повестка.
✔️ Еще одной важной областью сотрудничества Президент назвал гуманитарное измерение, охватывающее образование, науку, культуру и контакты между людьми.
✔️ Касым-Жомарт Токаев особо приветствовал завершение переговоров по проектам соглашений об упрощении визового режима и реадмиссии.
✔️ Он также поблагодарил ЕС за последовательную поддержку программы политической модернизации в Казахстане, а также за готовность европейской стороны делиться опытом и передовыми практиками в областях управления, инноваций и устойчивого экономического развития.
✔️ Кроме того, Президент подчеркнул важную роль диалоговой платформы «Центральная Азия – Европейский Союз», которая стала действенным механизмом укрепления межрегионального партнерства.
t.me/aqorda_resmi
– Казахстан высоко ценит растущее сотрудничество в рамках программ Erasmus+, Horizon Europe и других образовательных и исследовательских программ. Мы и впредь будем поддерживать партнерство наших университетов с европейскими вузами. Казахстан также рассчитывает получить статус ассоциированной страны в рамках программы Horizon Europe, – сказал Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2👏1
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ жүргізген тексеру қорытындысына сәйкес конкурс аясында барлығы 346 өтінім ұсынылды, оның ішінде 112 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды және өтінім берушілерге қайтарылатын болады. Сонымен қатар, 21 өтінім пысықтаудан келмеді. Өтінім берушімен 1 өтінім кері қайтарылды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/science/documents/details/1053680?lang=kk

www.gov.kz
2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы
Комитет науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сообщает, что завершен прием заявок на конкурс программно-целевого финансирования по научным и (или) научно-техническим проектам на 2026–2028 годы.
Всего подано 346 заявок. По результатам проверки на соответствие требованиям Правил организации и проведения государственной научно-технической экспертизы, утвержденных приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 7 ноября 2024 года № 517, а также требованиям конкурсной документации, проведенной АО «Национальный центр государственной научно-технической экспертизы», 112 заявок признаны несоответствующими требованиям с учетом результатов доработки и подлежат возврату заявителям, а также 21 заявка не была возвращена после доработки. Одна заявка отозвана по обращению заявителя.
https://www.gov.kz/memleket/entities/science/documents/details/1053680?lang=ru

Конкурс программно-целевого финансирования по научным и (или) научно-техническим проектам на 2026–2028 годы
👍3
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🌍 Астанада өтетін Horizon Europe бағдарламасының ақпараттық және нетворкинг сессиясына шақырамыз!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Еуропалық комиссияның Global Service Facility ұйымымен бірлесіп халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қазақстандық ғалымдар, инноваторлар және ғылыми ұйымдардың басшылары үшін ауқымды іс-шара өткізеді.
📅 Күні: 7 қазан 2026 жыл
⏰ Уақыты: 09:00-17:15 (Астана уақыты)
📍 Өтетін орны: QAIRU (Qazaq AI Research University), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, EXPO, B 2.2 блогы
Іс-шара барысында Horizon Europe бағдарламасының 2027 жылға арналған жұмыс бағдарламалары шеңберіндегі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынылады.
Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады:
🔹 Таңғы сессия (09:00-13:00)
Сессия Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жобаларының портфелін қалыптастыруға бағытталады.
Сарапшылар негізгі тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат береді:
– критикалық маңызды шикізат материалдары (CRM);
– жасанды интеллект (AI);
– ауыл шаруашылығы.
Сонымен қатар қазақстандық ұйымдардың еуропалық консорциумдарға COST, MSCA және EUREKA бағдарламалары арқылы интеграциялану мүмкіндіктері қарастырылады.
🔹 Күндізгі сессия (14:00-17:15)
2027 жылға арналған жобалық өтінімдерін әзірлеп жатқан командаларға арналған практикалық семинар. Іс-шара сарапшылардың жетекшілігімен екі шағын топта интерактивті форматта өткізіледі.
Қатысушылар:
– жобалық өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігі;
– консорциум құрамын қалыптастыру;
– бюджетті жоспарлау;
– Excellence / Impact бағалау критерийлері бойынша практикалық кері байланыс алады.
Іс-шараға зерттеушілер, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік және жеке сектордың өкілдері қатыса алады.
🔗 Қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу формасы: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8
#HorizonEurope

🔥3👍1
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🌍 Приглашаем на информационную и нетворкинговую сессию программы Horizon Europe в Астане!
Министерство науки и высшего образования РК совместно с Global Service Facility Европейской комиссии проводят масштабное мероприятие для казахстанских ученых, инноваторов и руководителей научных организаций, заинтересованных в международном сотрудничестве.
📅 Дата: 7 октября 2026 года
⏰ Время: 09:00 - 17:15 (время Астаны)
📍 Место проведения: QAIRU (Qazaq AI Research University), пр. Мәңгілік Ел 55/1, EXPO, блок B 2.2
Мероприятие предоставит актуальный обзор возможностей финансирования в рамках рабочих программ Horizon Europe на 2027 год и будет состоять из двух блоков:
🔹 Утренняя сессия (09:00 - 13:00)
Посвящена формированию портфеля сотрудничества между Казахстаном и ЕС. Эксперты расскажут о ключевых тематических направлениях: критически важные сырьевые материалы (CRM), искусственный интеллект (ИИ) и сельское хозяйство. Будут разобраны инструменты интеграции в европейские консорциумы через программы COST, MSCA и EUREKA.
🔹 Дневная сессия (14:00 - 17:15)
Продвинутая практическая «клиника» для команд, которые уже готовят проектные заявки на 2027 год. Работа пройдет в интерактивном формате в двух подгруппах под руководством экспертов. Участники получат практическую обратную связь по соответствию заявок, составу консорциума, бюджетированию и критериям Excellence / Impact.
Участие открыто для исследователей и представителей университетов, НИИ, государственного и частного секторов.
🔗 Регистрация обязательна. Регистрационная форма по ссылке: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8

🔥4
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🇰🇿 Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді
Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 139 экономикасының арасында 73-орынға ие болды. Осылайша, инновациялық даму деңгейі ең жоғары әлемнің 80 экономикасының қатарына енді. Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім.
GII-2026 индексінің жаңа нәтижелері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде таныстырылды. Биылғы индекс «Ғылымның алдыңғы шебіндегі кәсіпкерлерді қолдау» тақырыбына арналған. Зерттеуде ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды стартаптарға, технологиялық компанияларға және ауқымды шешімдерге айналдыру мәселелері қарастырылады.
Жаһандық инновациялар индексі – ДЗМҰ жыл сайын әзірлейтін рейтинг. Ол әлем елдерінің инновациялық қызметі мен әлеуетін бағалайды. Индекс ұлттық инновациялық жүйелерді салыстыруға, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ алынған деректерді инновациялар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿 Казахстан поднялся на восемь позиций в Глобальном инновационном индексе
Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е место среди 139 экономик мира в Глобальном инновационном индексе (GII) 2026 года, войдя в топ-80 наиболее инновационно развитых экономик мира. Это наиболее значительное продвижение среди стран Центральной и Южной Азии.
Новые результаты GII 2026 года представлены в штаб-квартире Всемирной организации интеллектуальной собственности (ВОИС) в Женеве. В этом году индекс посвящен теме «Поддержка предпринимателей на переднем крае науки» и рассматривает вопросы превращения научных открытий и передовых технологий в стартапы, технологические компании и масштабируемые решения.
Глобальный инновационный индекс является ежегодным рейтингом ВОИС, который оценивает инновационную деятельность и потенциал экономик мира. Он позволяет сопоставлять национальные инновационные системы, выявлять их сильные и слабые стороны, а также использовать полученные данные для совершенствования государственной политики в сфере инноваций.

– Бүгінде Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Екі мыңға жуық қазақстандық студент Германияда білім алады. Қазіргі кезде елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктес өкілдігі бар. Бұл көрсеткіштер көп нәрсені аңғартады. Дегенмен олар ынтымақтастығымыздың қаншалықты терең екенін толық көрсетпейді. Ең бастысы, қолға алған ісіміз өте маңызды. Яғни ықпалдастығымыздың мазмұны түбегейлі өзгерді, – деді Президент.
– Біз дәстүрлі қалыпты өзгертіп жатырмыз. Жастарды шетелге білім алуға жіберудің орнына Қазақстанға озық халықаралық жоғары оқу орындарының стандарттары мен бағыттарын әкелуге кірістік. Елімізде Кардифф университетінің, KAIST және Колорадо тау-кен мектебінің өкілдіктері жұмыс істейді. Қазір елімізде 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алады. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан Болон процесіне мүше ел ретінде білім беру сапасы мен ғылыми дәрежелердің сәйкестігін қамтамасыз ететін еуропалық стандарттарды қолданады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
– Сегодня 45 казахстанских университетов сотрудничают примерно со 100 немецкими партнерами. Около 2 тысяч студентов из Казахстана обучаются в Германии. В настоящее время в Казахстане работают более 30 филиалов и партнерских представительств зарубежных университетов. Эти цифры говорят сами за себя. Но при этом они не отражают всей глубины партнерства. Важно то, что именно мы создаем вместе. Здесь я имею в виду принципиальное изменение характера нашего сотрудничества, – сказал Президент.
– Мы меняем традиционную модель. Вместо того, чтобы в основном направлять молодежь на обучение за рубеж, мы привлекаем в Казахстан стандарты и специализацию ведущих международных ВУЗов. Кардиффский университет, KAIST и Колорадская школа горного дела уже представлены в нашей стране. Сегодня у нас обучаются более 40 тысяч иностранных студентов, к 2029 году мы планируем увеличить их число до 100 тысяч. Наша страна, являющаяся участницей Болонского процесса, применяет европейские стандарты обеспечения качества и сопоставимости образовательных степеней, – заявил он.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1
❗️❗️❗️ Құрметті әріптестер!
Қазақстан үшін Elsevier компаниясының LeapSpace AI платформасына тестілік қолжетімділік ашылғанын қуана хабарлаймыз.
LeapSpace – ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуге және зерттеу міндеттерін шешуге арналған жасанды интеллект платформасы. Платформа ЖИ көмегімен ғылыми әдебиеттерді іздеуге және талдауға, жарияланымдар мен ғылыми тәсілдерді салыстыруға, негізгі қорытындылар мен зерттелмеген бағыттарды анықтауға, сондай-ақ ақпаратты бастапқы дереккөздер арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
(www.elsevier.com)
Тестілік кезең: 2026 жылғы 7 қазаннан 7 қарашаға дейін.
Платформаға қолжетімділік:
https://www.sciencedirect.com/leapspace/
Кіру үшін Elsevier/ScienceDirect жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдалану қажет.
Тестілік кезең барысында платформаның мүмкіндіктерімен танысып, оның функционалын сынап көре аласыздар.

👏3🎉1
❗️❗️❗️Уважаемые коллеги!
Рады сообщить, что для Казахстана открыт тестовый доступ к LeapSpace — AI-платформе Elsevier для работы с научной информацией и исследовательскими задачами.
Платформа позволяет с использованием искусственного интеллекта искать и анализировать научную литературу, сопоставлять публикации и научные подходы, выявлять ключевые выводы и исследовательские пробелы, а также проверять информацию по первоисточникам.
Период тестирования: с 7 октября по 7 ноября 2026 года.
Доступ к платформе:
https://www.sciencedirect.com/leapspace/
Для входа необходимо использовать свое имя пользователя и пароль Elsevier/ScienceDirect.
В течение пробного периода вы можете ознакомиться с возможностями платформы и протестировать ее функционал.

🔥9👏4👍2
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1309847?lang=kk
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1309847?lang=ru
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1309847?lang=ru
GOV.KZ
2027 жылға арналған (іске асыру мерзімі 36 ай) «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға…
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес: – Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы; – Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік…
https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1297671?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1297671?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1297671?lang=ru
www.gov.kz
Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар мен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуы…
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қорытынды есептер бойынша:2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша (2024 – 2026 жылдарға арналған ГҚ конкурсы AP234);2024-2026 жылдарға арналған…
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
17 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Академияның сексен жылдық тарихы – отандық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуінің, іргелі ғылыми мектептердің орнығуы мен бірнеше буын ғалымдардың қажырлы еңбегінің шежіресі. Мерейтойлық жиын осы бай ғылыми мұраны бүгінгі технологиялық жаңғырумен сабақтастырып, Қазақстан ғылымының болашақ даму бағдарын айқындайтын халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғасы болды.
Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен шетелдік ғылым академияларының басшылары, Академия мүшелері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары, халықаралық әріптестер және жас зерттеушілер қатысты.
«Биыл бірінші шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияда алғаш рет адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны өркендету мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді», – делінген Президент құттықтауында.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
17 октября состоялось торжественное собрание, посвященное 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан.
Восьмидесятилетняя история Академии, созданной в 1946 году по инициативе Каныша Сатпаева, – это летопись становления и развития отечественной науки, формирования фундаментальных научных школ и самоотверженного труда нескольких поколений учёных. Юбилейное собрание стало важным событием международного масштаба, объединившим богатое научное наследие с современными процессами технологической модернизации и обозначившим ориентиры дальнейшего развития науки Казахстана.
В торжественном собрании приняли участие руководители государственных органов и зарубежных академий наук, члены Академии, ведущие казахстанские и зарубежные учёные, общественные деятели, представители бизнес-сообщества, руководители высших учебных заведений и научных организаций, международные партнёры и молодые исследователи.
«В новой Конституции, вступившей в силу 1 июля текущего года, впервые развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций закреплено в качестве стратегической задачи государства», – говорится в поздравлении Президента.
🔗 Подробнее: gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏1🗿1