Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
▪️▪️

Айгүл Сәдуақасова: Конституция адами капиталдың, ғылым мен инновацияның басымдығын бекітеді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата заң жобасын талқылау ашық және сындарлы түрде өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, диалогқа сарапшылар ғана емес, қарапайым азаматтар да қосылды, өйткені мәселе жай заңи құжат жайлы емес, елдің даму бағытын ондаған жылдарға айқындайтын Ата Заң жайында.

✔️ Ол жаңа Конституция жобасында адами капитал, ғылым, инновация, шығармашылық еркіндігі және цифрлық қауіпсіздік сияқты болашаққа қатысты тақырыптар көбірек қозғалып жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, құжатта болашаққа бағдарлану тұрғысынан ерекше маңызды үш негізгі басымдықты бөліп қарауға болады.

✔️ Бірінші мәселе мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарын Преамбулада бекітуге, сондай-ақ адами капиталды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде тануға байланысты.

«Мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын преамбулада бекіту, сондай-ақ адами капиталды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде тану ұлттың жаңа сапасы мен ақылды экономиканы дамытудың конституциялық негізін құрайды», – деді ол.


✔️ Екінші маңызды мәселе – ғылым мен инновацияны дамыту жаңа типтегі адамдарсыз, яғни, тек білім жиынтығы бар мамандар емес, сыни тұрғыдан ойлауға, жаңаны жасауға және өз жұмысының нәтижелерін қорғауға қабілетті азаматтарсыз мүмкін еместігінде. Конституция жобасында – бұл орта және жоғары білім алу құқығының, сөз бостандығының, ғылыми және шығармашылық көріністің, сондай-ақ зияткерлік еңбекті қорғаудың кепілдіктерін қамтитын жеке тұлғаны дамытудың тұтас траекториясы ретінде көрінеді.

🔹 Бұл нормалар, оның пікірінше, Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіруі аясында ерекше маңызға ие болып келеді. Алайда білім берудің ұтқырлығы емес, мемлекеттің олардың әлеуетін ел ішінде іске асыру үшін жағдай жасау қабілеті маңызды.

✔️ Ол назар аударған үшінші мәселе жаңа ұрпаққа қатысты. Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, Қазақстанда қазір демографиялық өсім байқалуда, ел халқының 30%-дан астамын балалар мен жастар құрайды. Дәл осы тұрғыдан алғанда Конституцияның жаңа редакциясы мемлекеттік құрылым туралы құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуірдегі өмірге кепілдік беру жүйесі − дербес деректерді қорғау, жеке өмірге қол сұғылмаушылық және электрондық коммуникациялардағы қауіпсіздік ретінде де маңызды.

✔️ Айгүл Сәдуақасова сөзін қорытындылай келе, жаңа Конституцияның жобасы тарихи, зияткерлік және технологиялық жаңа дәуірге жасалған қадамға айналатынын атап өтті. Ғылымның, инновацияның, мәдениет пен білімнің басымдығын бекіте отырып, еліміз білімге, адами әлеуетке және Тәуелсіздіктің құндылықтарына негізделген орнықты дамудың іргетасын қалыптастырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Айгуль Садвакасова: Конституция закрепляет приоритет человеческого капитала, науки и инноваций

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова отметила, что обсуждение проекта нового Основного закона проходит в открытой и конструктивной атмосфере. По ее словам, в диалог включились не только эксперты, но и простые граждане, поскольку речь идет не просто о юридическом документе, а о тексте, который задает направление развития страны на десятилетия вперед.

✔️ Она подчеркнула, что в проекте новой Конституции все больше звучат темы будущего: человеческий капитал, наука, инновации, свобода творчества и цифровая безопасность. С ее точки зрения, в документе можно выделить три ключевых момента, которые особенно важны с позиции проекции на будущее.

✔️ Первый момент связан с закреплением в преамбуле ценностей культуры, образования, науки и инноваций, а также с признанием человеческого капитала стратегическим направлением деятельности государства.

«Закрепление в преамбуле ценностей культуры и образования, науки и инновации, а также признание человеческого капитала стратегическим направлением деятельности государства создаёт конституционный фундамент развитию нового качества нации и умной экономики», – отметила она.


✔️ Второй важный момент, заключается в том, что для развития науки и инноваций невозможно без людей нового типа − не просто специалистов с набором знаний, а граждан, способных критически мыслить, создавать новое и защищать результаты своего труда. В проекте Конституции – это отражено как целостная траектория развития личности, включающая гарантии права на среднее и высшее образование, свободу слова, научного и творческого выражения, а также защиту интеллектуального труда.

🔹 Особое значение эти нормы, по ее мнению, приобретают на фоне того, что Казахстан входит в число мировых лидеров по количеству студентов, обучающихся за рубежом. Однако ключевым является не сам факт образовательной мобильности, а способность государства создать условия для реализации этого потенциала внутри страны.

✔️ Третий момент, на который она обратила внимание, связан с новым поколением. По ее словам Казахстан сейчас переживает демографический рост, и более 30% населения страны составляют дети и молодежь. Именно поэтому новая редакция Конституции важна не только как документ о государственном устройстве, но и как система гарантий жизни в цифровую эпоху − защиты персональных данных, неприкосновенности частной жизни и безопасности в электронных коммуникациях.

✔️ В заключение Айгуль Садвакасова отметила, что проект новой Конституции становится шагом в новую эпоху − историческую, интеллектуальную и технологическую. Закрепляя приоритет науки, инноваций, культуры и образования, страна формирует основу устойчивого развития, основанного на знании, человеческом потенциале и ценностях независимости.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Волонтерлікті ынталандыруды конституциялық деңгейде бекіту ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді.

✔️ Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілер қозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында ауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды.

«Жаңа Конституция жобасына ұсыныстар жинау жарияланған сәттен бастап маған волонтерлік ұйымдар мен еріктілердің өздерінен 31-баптың 2-тармағын «волонтерлік» деген сөзбен толықтыру туралы өтініштер бірнеше рет келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықты құруды көтермелеумен қатар волонтерлікті ынталандыруды бекітуді ұсынамын», - деді ол.


✔️ Оның айтуынша, бұл бапта әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етудегі мемлекет ынталандыратын қоғамның қатысу нысандары келтірілген. Атап айтқанда, онда сақтандыру мен қайырымдылық көрсетілген, бірақ басқа маңызды нысан – азаматтардың жеке өтеусіз еңбегі көрсетілмеген.

«Еріктілер төтенше жағдайлар кезінде, ауруханаларда көмектеседі, әлеуметтік салада қарттарды, балаларды, мүгедек адамдарды, қиын жағдайда отбасыларды қолдайды. Бұл бүкіл ел бойынша жұмыс істеп жатқан әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды бөлігі» - деді Вера Ким.


✔️ Депутат «волонтерлік» сөзі норманы логикалық түрде толықтыратынын, өйткені бұл жағдайда мемлекет тек ресурстар мен тетіктерді ғана емес, азаматтардың да қатысуын ынталандыратынын атап көрсетті.

«Мен бұл бастаманы бүкіл еріктілер қозғалысының атынан көтеремін», - деді ол.


✔️ Сондай-ақ Вера Ким сауалнамаларға сәйкес әрбір сегізінші қазақстандықтың волонтерлік тәжірибесі бар екендігін көрсететін деректерге тоқталды. Ресми мәліметтер бойынша, еріктілікке 300 мыңға жуық адам тартылған, 800-ден астам ұйым мен 3,5 мың бастамашыл топ жұмыс істейді.

«Біз үшін бұл жай ғана қызмет емес – бұл біздің қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатына қосқан үлесіміз», - деді депутат.


🔹 Сонымен қатар ол қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы еріктілердің ерекше рөлін атап өтті.

✔️ Вера Кимнің айтуынша, олар өздерінің нақты әрекеттерімен табиғатқа және қоршаған ортаға деген жауапкершілікке ұқыпты қараудың үлгісін көрсетеді. Аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, табиғи нысандарды сақтау және экологиялық білім беру бойынша еріктілер бастамалары арқылы табиғат құндылығы туралы практикалық түсінік қалыптасады.

«Көптеген адамдар үшін мұндай жобаларға қатысу саналы экологиялық тәртіпке деген алғашқы қадам, ал жастар үшін азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық игілікке құрметпен қараудың маңызды мектебі болып табылады», – деп атап өтті ол.


✔️ Вера Ким жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениеттің мемлекеттің іргелі қағидаты ретінде орнығуы қоғамдық қозғалысқа жүйелі және ұзақ мерзімді сипат беретінін атап өтті.

🔹 Нәтижесінде қоршаған ортаға қамқорлық бір реттік акцияға емес, білім беру, құқықтық реттеу және қоғамдық бастамалар арқылы қолдау көрсетілетін мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытына айналады.

«Азаматтар үшін бұл таза және қауіпсіз өмір сүру ортасы, денсаулықты қорғау және табиғи ресурстарды сақтаудан көрінеді. Волонтерлердің белсенділігі мен экологиялық мәдениетті конституциялық тұрғыда тану тұтастай алғанда әр адам елдің табиғаты мен болашағын сақтаудың қатысушысы болатын дамудың тұрақты моделін қалыптастырады», – деп түйіндеді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Закрепить поощрение волонтерства в новой Конституции предложили в Казахстане

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С таким предложением выступила депутат Мажилиса, руководитель ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» Вера Ким на девятом заседании Комиссии по Конституционной реформе.

✔️ Вера Ким напомнила о том, что Глава государства оказывает неизменную поддержку волонтерскому движению. Ярким подтверждением этому стало проведение масштабного Форума волонтеров 30 января текущего года.

«С момента объявления сбора предложений в проект новой Конституции ко мне неоднократно поступали обращения от волонтерских организаций и самих добровольцев с просьбой дополнить 2 пункт статьи 31 словом «волонтерство». В этой связи предлагаю, чтобы в Казахстане, наряду с поощрением создания социального обеспечения и благотворительности, было закреплено поощрение волонтерства», – сказала она.


✔️ По ее словам, в данной статье перечислены формы участия общества в обеспечении социальной поддержки, которые государство поощряет. В частности, в ней отражены страхование и благотворительность, но не указана другая важная форма – личный безвозмездный труд граждан.

«Именно волонтеры помогают при чрезвычайных ситуациях, в больницах, в социальной сфере, поддерживают пожилых, детей, людей с инвалидностью, семьи в трудной ситуации. Это реальная часть системы социальной поддержки, которая уже действует по всей стране», – озвучила Вера Ким.


✔️ Как отметила депутат, слово «волонтерство» делает норму логически полной, так как в этом случае государство поощряет не только ресурсы и механизмы, но и участие самих граждан.

«Я выступаю с этой инициативой от лица всего волонтерского движения», – подчеркнула она.


✔️ Вера Ким также привела данные о том, что, согласно опросам, каждый восьмой казахстанец имеет волонтерский опыт. По официальным данным, в добровольчество вовлечено около 300 тыс. человек, работают более 800 организаций и 3,5 тыс. инициативных групп.

«Для нас это не просто деятельность – это вклад в устойчивость и благополучие нашего общества», – сказала депутат.


🔹 Вместе с тем она отметила высокую роль волонтеров в формировании экологической культуры в обществе.

✔️ По словам Веры Ким, своими конкретными действиями они показывают пример бережного отношения к природе и ответственности за окружающую среду. Именно через волонтерские инициативы по очистке территорий, посадке деревьев, сохранению природных объектов и экологическому просвещению формируется практическое понимание ценности природы.

«Для многих людей участие в таких проектах становится первым шагом к осознанному экологическому поведению, а для молодежи – важной школой гражданской ответственности и уважения к общественному благу», – подчеркнула она.


✔️ Как отметила Вера Ким, закрепление в проекте новой Конституции высокой экологической культуры в качестве основополагающего принципа государства придает этому общественному движению системный и долгосрочный характер.

🔹 В результате забота об окружающей среде становится не разовой акцией, а стратегическим направлением государственной политики, поддерживаемым через образование, правовое регулирование и общественные инициативы.

«Для граждан это выражается в более чистой и безопасной среде проживания, защите здоровья и сохранении природных ресурсов. В совокупности активность волонтеров и конституционное признание экологической культуры формируют устойчивую модель развития, в которой каждый человек становится участником сохранения природы и будущего страны», – заключила она.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз – Ерлан Қарин

Ел азаматтары мен сарапшылардың Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарын талқылау белсенді кезеңінен өтіп, енді оларды нақты жүзеге асыру жұмыстары басталады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин айтып, әлеуметтік желілерде туындап жатқан сұрақтар мен пікірлерге қатысты өз ойын білдірді.

✔️ Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, жаңа Ата заңның мәтіні жарияланғаннан бері қоғамда қызу талқылау жүрді. Қазақстандықтардың конституциялық реформаға қатысты белсенділігі әртүрлі платформаларда көрініс тауып, мыңдаған ұсыныстар қабылданды.

«Ел азаматтары е-Otinish және e-Gov платформаларындағы «Конституциялық реформа» арнайы бөлімі арқылы жаңа Конституцияға қатысты ұсыныстарын жолдап жатыр. Бір апта ішінде 4 мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Жаңа Ата Заңның мәтіні жарияланғаннан кейінгі бастапқы үш күнде күніге 1 мыңнан астам өтініш жолданса, одан кейінгі күндері өтініштер саны 500-ге дейін төмендеді. Ал кеше 100-ден аса ұсыныс келіп түсті. Бұл не дегенді білдіреді? Яғни, азаматтар жаңа Конституцияға қатысты өз ұстанымдары мен көзқарастарын негізінен толық қалыптастырды», – деді ол.


✔️ Сонымен қатар, Комиссия отырысы барысында әлеуметтік желілерде конституциялық өзгерістерге қатысты сұрақтар мен пікірлердің кездесетіні айтылды. Ерлан Карин бұл мәселеге де кеңінен тоқталды.

«Әлеуметтік желілер арқылы да пікір білдіріп жатқан адамдар бар. Мағынасы шамамен мынадай: «Жаңадан велосипед ойлап тапқанша, дамыған елдердің тексерілген, уақыттың сынынан өткен, жұмыс істеп тұрған Конституцияларын неге жай ғана көшіріп алмайсыздар?!». Және осы пікірді бір емес, бірнеше рет әртүрлі жерде қайталапты – посттың астына да қалдырыпты, жекеме де жазыпты», – деді ол.


✔️ Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, мұндай сұрақтар қойылса, демек қоғамда, аз болса да, осылай ойлайтын азаматтар бар екенін көрсетеді. Белгілі бір топтың көзқарасын білдіреді. Сондықтан ол өзге елдің Конституциясын неге жәй ғана көшіріп алуға болмайтынын түсіндіріп кетті.

«Біріншіден, Конституция – әр елдің айнасы. Өзге елдерде біздің мәдениетке, біздің құндылықтарға сай келмек түгілі, мүлдем жат, қайшы нормалар бар. Біз оларды қалайша қабылдауымыз керек? Біз, керісінше, жаңа Ата Заңда төл мәдениетке, төл құндылықтарға қарама-қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз. Екіншіден, бірдей мәтін бірдей нәтиже бермейді. Сондықтан, ең бастысы, мәселе мәтінде емес, мәселе – ондағы нормалардың қалай жүзеге асырылатындығында. Үшіншіден, біз өз тағдырымызды, өз болашағымызды өзіміз анықтаймыз. «Біз кімбіз? Біз қайда барамыз?» деген сұрақтарға өзге біреу сырттан емес, өзіміз тікелей жауап береміз. Сол үшін де оны жаңа преамбулада жариялап отырмыз», – деп Мемлекеттік кеңесші нақты және объективті себептерді алға тартты.


✔️ Ерлан Карин тоқталып өткен тағы бір мәселе – Комиссияның құрамына қатысты. Ол қолданыстағы Конституцияны үш шетелдік сарапшыны қосқанда неге тек 12 адам жазғанын, ал жаңа Ата Заңды 130 адамнан тұратын комиссияның әзірлеуінің логикасы мен себептерін түсіндірді.

«Қазір еліміздің жаңа Конституциясын осыдан отыз жыл бұрынғыдай жабық кеңседегі 12 адам емес, әрбір өңірден жиналған, түрлі саланың өкілдерінен құралған, тікелей эфирде, ашық форматта жұмыс істейтін 130 адамнан тұратын ауқымды Комиссия жазып жатыр. Арамызда бірде-бір шетелдік азамат жоқ. Өз Ата Заңымызды, өз құқықтық жүйемізді өзіміз жасайтын қабілетіміз бар. Яғни, жаңа Ата Заң Қазақстанның мемлекеттілігі, орнықтылығы тұрғысынан, өз мүддесі тұрғысынан әзірленуде. Бізге біреу сырттан келіп ақыл айтып жатқан жоқ. Сол үшін де тағы да қайталап айтамын, бұл шын мәнінде – халықтық Конституция», – деп ол өз сөзін түйіндеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот 🇰🇿
▪️▪️ Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз – Ерлан Қарин Ел азаматтары мен сарапшылардың Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарын талқылау белсенді кезеңінен өтіп, енді оларды нақты жүзеге асыру…
▪️▪️

Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі, бағдар болатынын сенімді түрде айта аламыз – Ерлан Қарин

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

✔️ Оның айтуынша, кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «Әуреге түскенше, өзге елдің Конституциясын көшіріп ала салу керек қой» деген де пікірлерін жолдап жатыр.

«Соңғы уақытта цифрландыру, цифрлық технология секілді мүлде жаңа бағыттардың дамып, өркендеуіне байланысты көптеген мемлекеттер тиісті нормаларды конституциялық-құқықтық жүйеге енгізуді ойластыруда. Біздің ел алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Конституцияға енгізіп отыр. Яғни, жаңа мәтіндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алады», – деп атап өтті Ерлан Қарин.


✔️ Мемлекеттік кеңесші Конституцияның 21-бабының 1 және 2 тармақтарында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілетінін айтты.

«Яғни, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде тұңғыш рет Конституцияда белгілеп отырған елдердің біріміз. Бұл – жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғандығының тағы бір дәлелі», – деп нақтылап өтті ол.


✔️ Ерлан Қариннің айтуынша, аймақтың құқықтық жүйесіндегі үлкен жаңашылдық – әйгілі Миранда ережесінің конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалуын арттырып, құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа талаптар қояды.

✔️ Сонымен қатар, жаңа саяси институттардың енгізілуі – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, жалпы айналамыздағы үлкен кеңістік үшін де саяси жаңашылдық болып саналады. Ерлан Қарин бұл тұрғыда бір палаталы парламент, вице-президент институты, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органы, Конституциялық соттың енгізілуі – көптеген елдердің саяси жүйесімен салыстырғанда, үлкен саяси инновациялық қадам екенін атап өтті.

«Президент ұсынған конституциялық өзгерістерді тек қана жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру бастамасы да – біздің аймақ үшін маңызды шешімдердің бірі. Көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бір реттік мерзім белгілеу де – Ата Заң жобасындағы маңызды жаңашылдықтың бірі», – деп түсіндірді Мемлекеттік Кеңесші.


✔️ Сондай-ақ, Мемлекеттік Кеңесші атап өткендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны – табиғатты аялау, волонтерлік, ата-аналарға жауапкершілік секілді қоғамдық дамуда пайда болып отырған жаңа талаптар, құндылықтар жаңа Ата Заңда қамтылды. Бұл да жаңа Конституцияның қоғамның қазіргі жағдайына, даму деңгейіне сәйкес екенін көрсетеді.

«Жаңа Ата Заңдағы бірқатар саяси және институционалдық жаңашылдықтар аймақтағы және әлемдік конституциялық тәжірибеде сирек кездеседі. Түйіндеп айтқанда, басқа елдердің Конституциясын көшіру, қайталау – біздің жолымыз емес. Керісінше, келешекте Қазақстан жаңа Конституция арқылы өзге елдерге өзіндік үлгі, бағдар болмақ» – деп қорытындылады сөзін Ерлан Қарин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияның отырысы аяқталды.

Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның келесі отырысы 9 ақпан күні өтетінін хабарлады.

****

Заседание Конституционной комиссии завершилось.

Эльвира Азимова сообщила, что следующее заседание Конституционной комиссии состоится 9 февраля.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱Конституциялық реформа 2026

тікелей эфирде көрсетіледі.

Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Сегодня состоится очередное заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии)

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026

Начало трансляции в 16:00 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

***

Началось очередное заседание Конституционной комиссии
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы пікір білдірді

****

Заместитель председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов о закреплении волонтерской деятельности на конституционном уровне
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституцияда меншік нысандары институтын кеңейту туралы айтты

****

Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев о расширении института форм собственности в проекте Новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституцияда жарияланған адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары кез-келген заңды қабылдаудың негізгі критерийі мен мақсаты болуы тиіс» – Нархоз Университетінің профессоры Виктор Малиновский

****

«Провозглашённые Конституцией права и свободы человека и гражданина должны выступать основополагающим критерием и целью принятия любого закона» – профессор Университета Нархоз Виктор Малиновский
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституция жобасы мына екі ұғымды нақты ажыратады: адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтың құқықтары мен міндеттері»
– Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының басшысы Индира Әубәкірова

****

«Проект Конституции чётко разделяет два понятия: права и свободы человека, права и обязанности гражданина» – директор Института законодательства и правовой информации Министерства юстиции Индира Аубакирова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын – саясаттанушы Марат Шибұтов

****

Политолог Марат Шибутов считает,
что проект Конституции готов к вынесению на референдум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов
жаңа Конституцияның негізгі артықшылықтары мен новеллалары туралы пікір білдірді

****

Депутат Мажилиса Парламента РК Мурат Абенов о ключевых преимуществах и основных новеллах новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Еңбек адамның жеке тәуекелі емес, лайықты өмірдің негізі деп танылады» – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин

****

«Труд признается не личным риском человека, а основой достойной жизни» – Председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.

✔️ Ол Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып, олар қолдау тапқанын мәлімдеді.

«31-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру, волонтерлік қызмет және қайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.


✔️ Ол бұл идеяны іске асыру жаңа Конституция жобасының басқа ережелерін үйлесімді түрде толықтыратынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Преамбула мен Қазақстан Республикасының түбегейлі қағидаттарын, оның ішінде жауапты және жасампаз патриотизм идеяларын ілгерілету, еңбекқорлық құндылықтарын бекіту және т.б.

✔️ Бақыт Нұрмұханов басқа да өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастырумен байланысты екенін айтты.

🔹 Мәселен, комитеттер мен комиссиялардың құрылу тәртібі, өкілеттіктері, қызметін ұйымдастыруды заңмен айқындайтын жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастауды ұсынды.

✔️ Ол қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттері мен комиссияларының қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңмен, Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттелетінін еске салды.

«Бұл түзету аталған Конституциялық заңда осы мәселелерді қамтуға және оларды құқықтық реттеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.


✔️ Ол сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

✔️ Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жұмыс тобы құқықтық нормалар мазмұнының қолжетімділігі мен түсініктілігін қамтамасыз ету үшін тұжырымдарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте жобалардың терминологиялық және семантикалық бірыңғайлығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

🔹 Атап айтқанда, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі, Конституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы мамандары мен жұмысқа тартылған лингвистердің ұсыныстары негізінде жекелеген редакциялық және стилистикалық түзетулер жүзеге асырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM