Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Вера Ким Конституцияда волонтерлікті ынталандыруды бекіту туралы бастама көтерді

****

Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» Вера Ким выступила с инициативой закрепить поощрение волонтерства в Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева: «Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды»

****

Заместитель Премьер-Министра - министр культуры и информации, заместитель председателя Конституционной комиссии Аида Балаева: «Никто не будет лишен права на получение медицинской помощи и образования»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз» – Ерлан Қарин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Қолданыстағы Конституцияны 12 адам жазған, соның үшеу шетелдік мамандар» – Ерлан Қарин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Еліміз алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Ата Заңға енгізіп отыр» – Ерлан Қарин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Тұңғыш рет Конституцияда ғылым мен инновация мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды» – Ерлан Қарин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын жетілдіру барысы мен жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтып берді.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап әртүрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, Конституциялық комиссия барлық ұсыныстар, пікірлер мен ескертулерді мұқият зерделеп жатыр.

«Талдау көрсеткендей, олардың бірқатары назар аударуға тұрарлық және баптардың мазмұнын толықтырады, кепілдіктерді күшейтеді, құқықтық нормалардың тұжырымдамасын жақсартады, сондай-ақ айқындық пен құқықтық нақтылықты арттырады», – деді Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында.


🔹 Дәлірек айтқанда, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту ұсынысын жүзеге асыру үшін 2-бап жаңа тармақпен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялаудың айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі. Спикердің айтуынша, азаматтардың өтініштерінде де осындай ұсыныстар болған.

🔹 Бұл баптың 6-тармағы 7-тармақ болып өзгертіліп, жоба редакциясында мынадай мазмұнда сақталады: «Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді».

«6-бапта мемлекеттік органда саяси партия ұйымын құруға жол берілмейтіні туралы норманы 1-тармақтан 2-тармаққа өзгеріссіз ауыстыру ұсынылып отыр. Бұл норма аталған баптың 2-тармағының ережелерін логикалық тұрғыдан толықтырады, онда мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейтіні жазылған», - деп хабарлады Бақыт Нұрмұханов.


🔹 Конституция жобасының азаматтық мәселелеріне арналған 12-бабы да нақтылауды қажет етеді деген ұсыныстар айтылуда. Атап айтқанда, 3-тармаққа Қазақстан Республикасының азаматы қос азаматтыққа немесе көп азаматтыққа ие бола алмайтыны, ал өзге азаматтықтың болуы заңда көрсетілген тәртіп пен шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болатыны туралы норма енгізіледі.

🔹 Енгізілген ұсыныстар ішінде Конституцияда әрбір адамның мемлекеттік билік органдары мен олардың қызметшілерінің заңсыз әрекеттері салдарынан келген залалдың өтемін алуға құқығын бекіту де ерекше қызығушылық тудырған.

«Қылмыстық-процестік кодексте қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды өтеу тәртібін реттейтін 4-тарау қарастырылған. Ондағы ережелерге сәйкес, заңсыз ұстау, қамауда ұстау, үйқамаққа алу, қызметінен уақытша шеттету, арнаулы медициналық ұйымға орналастыру, соттау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану салдарынан келтірілген залал қылмыстық процесті жүргізетін органның кінәсіне қарамастан толық көлемде бюджет қаражаты есебінен өтеледі», – деп атап өтті спикер.


🔹 Сонымен бірге, ол Конституция жобасының 18-бабы нақтыланғанын айтты. Жаңа редакцияға сәйкес, сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімдерден артық ұстауға болмайды. Сөз соңында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

В проект новой Конституции внесена норма, закрепляющая тенге в качестве национальной валюты - Бакыт Нурмуханов

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя Конституционного Суда Республики Казахстан Бакыт Нурмуханов сообщил о ходе доработки проекта новой Конституции и ключевых изменениях, внесенных в результате всенародного обсуждения.


✔️ Бакыт Нурмуханов отметил, что с момента публикации проекта новой Конституции по различным каналам поступило более 4 000 предложений. Все поступающие предложения, отклики и замечания, как подчеркнул спикер, тщательно изучаются Конституционной комиссией.

«Анализ показывает, что ряд из них заслуживает внимания, восполняют содержание статей, усиливают гарантии, улучшают формулировки правовых норм, вносят большую ясность и правовую определенность», – отметил он.


🔹 В частности, в реализацию предложения о конституционном закреплении тенге в качестве национальной валюты статья 2 была дополнена 6 пунктом. Национальная валюта (денежная единица) Республики Казахстан – тенге. Исключительное право эмиссии тенге принадлежит Республике Казахстан. Спикер добавил, что аналогичное предложение содержится и в обращениях граждан.

🔹 Пункт 6 данной статьи становится пунктом 7 и остается в редакции Проекта: «Суверенитет, Независимость, унитарность, территориальная целостность, форма правления Республики Казахстан неизменны».

«В статье 6 норму о недопустимости создания в государственных органах организаций политических партий предлагается из пункта 1 перенести в пункт 2 в такой же редакции. Представляется, что она будет логично дополнять положения пункта 2 данной статьи, согласно которым не допускаются незаконное вмешательство государства в дела общественных объединений и общественных объединений в дела государства, а также возложение на общественные объединения функций государственных органов», – сообщил Нурмуханов.


🔹 Статья 12 проекта, посвященная вопросам гражданства, также предлагается к уточнению. Отметим, в пункт 3 вносится положение о том, что гражданин Республики Казахстан не может иметь двойного или множественного гражданства, а наличие иного гражданства является основанием для прекращения гражданства Республики Казахстан в порядке и на условиях, определяемых законом.

🔹 Cреди внесенных предложений большой интерес представляет и закрепление в Конституции права каждого на возмещение вреда, причиненного в результате противоправных действий органов государственной власти и их служащих.

«В УПК предусмотрена глава 4, регулирующая порядок возмещения вреда, причиненного незаконными действиями органа, ведущего уголовный процесс. Согласно ее положениям вред, причиненный лицу в результате незаконного задержания, содержания под стражей, домашнего ареста, временного отстранения от должности, помещения в специальную медицинскую организацию, осуждения, применения принудительных мер медицинского характера, возмещается из бюджетных средств в полном объеме независимо от вины органа, ведущего уголовный процесс», – отметил спикер.


🔹 Кроме того, он рассказал, что уточнена статья 18 проекта Конституции. Так, согласно новой редакции без судебного решения человек не может быть подвергнут задержанию свыше сроков, предусмотренных законом. В завершение Бакыт Нурмуханов подчеркнул, что работа по доработке проекта новой Конституции продолжается.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының нәтижесінде Қазақстанда әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Бұл туралы Конституция жобасын талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы – қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын айқын аңғартады»,– деп атап өтті Аида Балаева.


✔️ Үкімет басшысының орынбасары қоғамда бұл мәселеге қатысты әртүрлі көзқарас бар екенін атап өтіп, олардың ешқайсысы ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

✔️ Премьер-министрдің орынбасары әлеуметтік желілерде мемлекет кепілдік беретін білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік міндеттемелер қысқартылады деген жаңсақ пікірлердің таралғанын тілге тиек етіп, олардың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының преамбуласы мен бірінші бабында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет мәртебесі нақты айқындалғанына назар аударды.

✔️ Одан бөлек, мемлекет азаматтардың ақысыз негізде медициналық көмек алуына кепілдік беретіні айқындалды.

«Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ – «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Яғни, азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді»,– деді Аида Балаева.


✔️ Ол сондай-ақ аталған қызметтердің ешқашан өздігінен тегін болмағанын, олардың әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келгенін түсіндірді. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

✔️ Мәдениет және ақпарат министрі Конституция жобасының 32 және 33-баптарында азаматтардың ақысыз медициналық көмек пен бастауыш және орта білім алу құқықтары сақталғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ақылы медициналық көмек алу құқығы азаматтардың денсаулығын сақтаудағы мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды норма екенін айтты.

✔️ Сонымен бірге ол бірқатар ұғымдарды нақтылау жөнінде ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, 33-баптағы «бастауыш және орта білім» тіркесін «жалпы орта білім» немесе «орта мектеп» ұғымымен алмастыру қажеттігін айтты. Себебі, құқықтық тұрғыда білім туралы құжат тек 9 және 11-сыныптардан кейін беріледі.

✔️ Сондай-ақ жоғары білім алу құқығын тек мемлекеттік жоғары оқу орындарымен шектемеу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда барлық мемлекеттік жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесінде жұмыс істейді және азаматтар мемлекеттік грантты жекеменшік университеттерде де пайдалана алады.

✔️ Аида Балаева жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалғанын айтты. Бұл көпконфессиялы қоғамда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

🔹 Сонымен қатар, Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екені нақты бекітілген.

«Аталған норма отбасы институтының тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды жоғарғы құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқығы мен заңды мүдделерін күшейтуге сеп болары анық»,– деді Үкімет басшысының орынбасары.


🔹 Сөз бостандығына қатысты мәселеге де тоқталған Аида Балаева жаңа Конституция жобасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік беретінін айтты. Мәдениет және ақпарат министрі журналистердің ашық хатына байланысты медиақауымдастықтың үндеуімен мұқият танысқанын айтып, бұл түзетулер ешқандай жағдайда сөз бостандығын шектеуге әкеп соқпайтынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Сөз соңында Аида Балаева жаңа Конституция жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән берілгенін еске салды. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетті ұлықтау, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғанын айтты. Сондай-ақ жасанды интеллект қолданылған жағдайда да шешуші рөл әрдайым адам ақыл-ойына тиесілі болып қала беретінін атап өтті.

🔹 Қорытындылай келе, Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция елдің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық тірек екенін баса айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституция определяет общие ценности и ответственность общества — Аида Балаева

Сегодня, по итогам политических реформ, основанных на стратегическом курсе развития страны, обозначенном Главой государства, есть все основания утверждать, что в Казахстане формируется справедливое и открытое общество. Об этом заявила заместитель Премьер-министра — Министр культуры и информации Аида Балаева в ходе обсуждения проекта Конституции.

«Тот факт, что граждане внимательно вникают в каждую строку Основного закона, глубоко осмысливая его содержание и влияние на будущее, наглядно свидетельствует о зрелости политической культуры общества и росте гражданской ответственности»,— отметила Аида Балаева.


✔️ Заместитель Премьер-министра подчеркнула, что в обществе существуют различные точки зрения по данному вопросу, и ни одна из них не остается без внимания.

✔️ Кроме того, министр обратила внимание на распространяющиеся в социальных сетях ошибочные мнения о якобы сокращении социальных обязательств государства в сферах образования и здравоохранения, отметив, что они не соответствуют действительности. Она подчеркнула, что в преамбуле и первой статье проекта новой Конституции четко закреплен статус Казахстана как социального государства.

✔️ Отметим, в документе ясно определено, что государство гарантирует гражданам получение медицинской помощи на бесплатной основе.

«Важно ясно понимать следующее: понятие «бесплатно» в правовом смысле было уточнено и заменено формулировкой «граждане имеют право получать медицинскую помощь без оплаты в порядке, установленном законом». Иными словами, государство гарантирует гражданам получение помощи на безвозмездной основе», — пояснила Аида Балаева.


✔️ Она также разъяснила, что данные услуги никогда не были «бесплатными» сами по себе, поскольку всегда финансировались за счет государственного бюджета. В настоящее время около 40 процентов государственного бюджета направляется на социальную сферу.

✔️ Министр культуры и информации особо подчеркнула, что в статьях 32 и 33 проекта Конституции сохранены права граждан на бесплатную медицинскую помощь, а также на получение начального и среднего образования. При этом она отметила, что право на получение платных медицинских услуг является важной нормой, расширяющей возможности граждан по сохранению и укреплению здоровья.

✔️ Вместе с тем Аида Балаева высказала предложения по уточнению ряда формулировок. В частности, она предложила заменить в статье 33 выражение «начальное и среднее образование» на понятие «общее среднее образование» или «средняя школа», поскольку с правовой точки зрения документы об образовании выдаются после окончания 9 и 11 классов.

✔️ Также было отмечено, что право на получение высшего образования не следует ограничивать исключительно государственными высшими учебными заведениями. По её словам, сегодня все государственные вузы функционируют в форме некоммерческих акционерных обществ, а граждане могут использовать государственные гранты и в частных университетах.

✔️ Аида Балаева подчеркнула, что в проекте новой Конституции четко разграничены религия и государство, а светский характер системы образования и воспитания закреплен на конституционном уровне. Это, по ее словам, способствует укреплению общественного согласия и стабильности в многоконфессиональном обществе.

🔹 В Конституции четко закреплено, что брак является союзом, основанным на добровольном выборе и равноправии мужчины и женщины.

«Указанная норма, несомненно, будет способствовать укреплению устойчивости института семьи, защите традиционных ценностей на высшем правовом уровне, а также усилению прав и законных интересов женщин», — подчеркнула заместитель Премьер-министра.


🔹 Затрагивая вопрос свободы слова, министр отметила, что проект новой Конституции, опираясь на международный опыт, гарантирует свободу выражения мнений. Министр сообщила, что внимательно ознакомилась с обращением медиасообщества, в том числе с открытым письмом журналистов, и подчеркнула, что предлагаемые изменения ни при каких условиях не приведут к ограничению свободы слова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В завершение Аида Балаева напомнила, что в проекте новой Конституции особое внимание уделено развитию культуры, творчества, науки и образования. Сохранение историко-культурного наследия, продвижение национальной культуры, развитие науки и инноваций определены как стратегические приоритеты государства. Также было отмечено, что даже при использовании искусственного интеллекта решающая роль всегда будет принадлежать человеческому разуму.

🔹 Подводя итоги, заместитель Премьер-министра подчеркнула, что новая Конституция станет ключевой правовой опорой, обеспечивающей единство страны и ее устойчивое развитие.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды – Ләззат Қалтаева

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

✔️ Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында ол жаңа Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екеніне маңыз беретінін айтты. Бұл принцип тікелей мүгедектігі бар адамдарға да қатысты.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтарды жасына, ауруына, мүгедектігіне немесе басқа заңды негіздерге байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін қамтиды. Сонымен бірге, мемлекет пен қоғамның мүгедектік мәселелеріне көзқарасы тек заңнамалық деңгейде ғана емес, іс жүзінде де - тең құқықтарды мойындау және тең мүмкіндіктер жасау қағидасына сүйенуі қажет», - деді Ләззат Қалтаева.


✔️ Ол жаңа Конституция жобасының кез келген дискриминацияға жол бермеу принципін сақтайтынына ерекше тоқталды. Осы тұрғыда мүгедектігі бар адамдар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – адам құқықтарын іске асырудың ажырамас бөлігі саналады.

«Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциядан туындайтын міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда толық көлемде сақталады», - деп айтты Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының алғашқы баптарында-ақ, конституциялық құрылым негіздеріне арналған бөлімде, азаматтардың жағдайын нашарлататын нормалардың кері күшін қолдануға жол бермеу қағидаты бекітілген.

✔️ Ләззат Қалтаева бұл тәсілді құқық қолдану тәжірибесінде де біртіндеп жүзеге асыру қажет екенін айтты.

«Алдыңғы отырыстарда жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару мәселесі қаралды. Бұл – мемлекет үшін Ата заң саналатын құжат. Әрбір азамат өз пікірін тең білдіруі тиіс», – деді ол.


✔️ Сондай-ақ, Ләззат Қалтаева жаңа Конституция мәтінін инклюзив форматтарға: көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – Брайль қарпімен, интеллектуалдық дамуында қиындықтары бар адамдар үшін – түсінікті тілге аудару қажеттігін атап өтті.

✔️ Қорытындылай келе, ол жаңа Конституция жобасында азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған нормалар бар екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қорғауды және инклюзияны тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.

«Аталған тәсілдерді, сондай-ақ сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен халық пікірі негізінде айтылған конструктивті ұсыныстарды ескере отырып, жаңа Конституция жобасын құқықтық және әлеуметтік дамыған мемлекеттің маңызды негізі ретінде қолдауға болады деп есептеймін», – деп түйіндеді Ләззат Қалтаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Текст новой Конституции предложили написать шрифтом Брайля – Ляззат Калтаева

Глава Совета по инклюзии при Сенате Ляззат Калтаева поддержала проект новой Конституции РК, где в полном объеме обеспечивается защита прав и интересов лиц с инвалидностью.

✔️ На девятом заседании Конституционной комиссии она отметила, что новая Конституция провозглашает человека, его права и свободы высшей ценностью. При этом данный конституционный принцип напрямую относится и к лицам с инвалидностью.

«Проект новой Конституции обеспечивает гарантии социального обеспечения граждан по возрасту, болезни, инвалидности и по иным законным основаниям. При этом подходы государства и общества к вопросам инвалидности должны формироваться не только на уровне законодательства, но и в практической плоскости – с акцентом на признание равных прав и создание равных возможностей», – сказала Ляззат Калтаева.


✔️ Он подчеркнула важность того, что проект новой Конституции сохраняет принцип недопущения какой-либо дискриминации. В этом смысле обеспечение равного доступа для лиц с инвалидностью является неотъемлемой частью реализации прав человека.

«Обязательства Республики Казахстан, вытекающие из Конвенции о правах инвалидов, в случае принятия новой Конституции продолжат действовать в полном объеме», – отметила Председатель Совета по инклюзии при Сенате.


✔️ По ее словам, уже в первых статьях проекта новой Конституции – в разделе, посвященном основам конституционного строя, закрепляется принцип недопустимости обратной силы норм, ухудшающих положение граждан.

✔️ По мнению Ляззат Калтаевой, данный подход должен последовательно реализовываться и в правоприменительной практике.

«В ходе предыдущих заседаний поднимался вопрос о вынесении проекта новой Конституции на всенародный референдум. Речь идет о проекте Основного закона, имеющего фундаментальное значение для государства, и каждый гражданин должен иметь возможность выразить свою позицию на равных условиях», – озвучила она.


✔️ При этом Калтаева высказалась о необходимости последующего перевода текста новой Конституции в инклюзивные форматы: для лиц с нарушениями зрения – в формат Брайля, для лиц с интеллектуальными нарушениями – в формат ясного и понятного языка.

✔️ В заключение она добавила, что предусмотренные в проекте новой Конституции положения ориентированы на расширение участия граждан в управлении делами государства. Это создает дополнительные возможности для более эффективного решения вопросов инклюзии и защиты прав социально уязвимых групп.

«С учетом обозначенных подходов, а также конструктивных предложений, прозвучавших в ходе обсуждений со стороны экспертного сообщества, представителей гражданского общества и самих граждан, считаю возможным поддержать проект новой Конституции как важную основу дальнейшего развития правового и социального государства», – заключила Ляззат Калтаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын Конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында көтерді.

✔️ Комиссия отырысында ол экологиялық нормалардың өңірлер үшін, соның ішінде экологиялық ахуалы күрделі Арал маңы аймақтары үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Облыс әкімінің пікірінше, теңіздің тартылуы қоршаған ортаға ғана емес, аймақ халқының өмір сапасына, денсаулығына және әлеуметтік жағдайына да тікелей әсер етіп отыр.

«Арал теңізінің тағдыры – бүкіл адамзат үшін ауыр сабақ. Оның салдарын біз әлі күнге дейін сезініп келеміз. Сондықтан мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету міндетін, азаматтардың экологиялық қауіпсіздікке қатысты құқықтарын Конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабы», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.


✔️ Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған нормалар қарастырылған. Бұл өзгерістер экология саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп, өңірлерде алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

✔️ Сонымен қатар, Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы рөлін арттыруға арналғанын атап өтті. Құжат әлеуметтік теңсіздікті қысқартуға, ауылдық аумақтарды қолдауға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

✔️ Оның сөзінше, білім беру саласын стратегиялық басымдық ретінде бекіту – адами капиталды дамытудың басты тетігі. Бұл жастарды сұранысқа ие мамандықтарға даярлауға және олардың әлеуетін туған өңірлерінде жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.

«Елімізде адами капиталды дамыту үшін білім беруді стратегиялық басымдық ретінде бекітеді. Біз жастардың болашағына инвестиция салуды, сұранысқа ие мамандарды даярлауды, жас азаматтардың өз әлеуетін туған жерінде іске асырып, болашағын туған елмен байланыстыруына жағдай жасауды толық қолдаймыз», - деп атап өтті облыс әкімі.


✔️ Сондай-ақ, баяндамасында Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуға және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Нурлыбек Налибаев о новой Конституции: регионы получат реальные механизмы устойчивого развития

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране окружающей среды на конституционном уровне поднял аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев на девятом заседании Комиссии по конституционной реформе.

✔️ Выступая на заседании, он отметил, что экологические нормы имеют особое значение для регионов, в том числе для территорий Приаралья. По его словам, положение Аральского моря напрямую влияет не только на состояние окружающей среды, но и на качество жизни населения региона, его здоровье и социальное благополучие.

«Судьба Аральского моря – урок для всего человечества. Поэтому закрепление на конституционном уровне обязанности государства обеспечивать благоприятную окружающую среду и прав граждан на экологическую безопасность – это требование времени», – заявил Нурлыбек Налибаев.


✔️ Он подчеркнул, что проект новой Конституции предусматривает нормы, направленные на обеспечение открытости экологической информации и усиление ответственности за причинение вреда окружающей среде. Эти изменения, по его словам, позволят укрепить государственный контроль в сфере экологии и более эффективно реализовывать превентивные меры на региональном уровне.

✔️ Кроме того, аким отметил, что проект новой Конституции нацелен на усиление социальной роли государства. Документ формирует правовую основу для сокращения социального неравенства, поддержки сельских территорий, расширения занятости и системного развития инфраструктуры.

✔️ Отдельное внимание Нурлыбек Налибаев уделил сфере образования, подчеркнув ее закрепление в качестве стратегического приоритета и ключевого инструмента развития человеческого капитала. Это, по его словам, создает условия для подготовки востребованных специалистов и реализации потенциала молодежи в родных регионах.

«Для развития человеческого капитала в стране образование закрепляется как стратегический приоритет. Мы полностью поддерживаем инвестиции в будущее молодежи, подготовку востребованных кадров и создание условий для того, чтобы молодые граждане могли реализовывать свой потенциал на родной земле и связывать свое будущее с родной страной», – отметил глава региона.


✔️ В завершение выступления он добавил, что проект новой Конституции направлен на повышение эффективности государственного управления, четкое разграничение полномочий и ответственности, а также на усиление подотчетности органов власти перед обществом.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет. Мұндай пікірді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Конституциялық комиссияның отырысында айтты.

✔️ Ольга Перепечинаның сөзінше, Жаңа Конституция жобасы – маңызды әрі жауапты жұмыстың жемісі және қоғамның заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік құрылымды жаңартуға бағытталған.

«Жаңа Конституция биліктің тұрақты әрі түсінікті үлгісін қалыптастырып, өкілетті институттардың рөлін нығайтады және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара қатынастың нақты ережелерін белгілейді. Барлық өзгерістердің басты мақсаты – адам, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен болашаққа деген сенімін қорғау», – деді Сенат Төрағасының орынбасары.


✔️ Сонымен қатар, ол Парламент рөлін Құрылтай институты арқылы қайта қарау негізгі шешімдердің бірі екенін атап өтті.

🔹 Мәселен, Құрылтай екі палатаның ізбасары және жоғары өкілді органның жаңа атауы болып табылады. Бұл оның мемлекеттік билік жүйесіндегі ерекше маңызын, тарихи дәстүрмен байланысын және халық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

«Мәселе институттың символдық және саяси мәртебесін күшейте отырып, оның парламенттік табиғатын сақтау туралы болып отыр», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Конституция жобасында Құрылтайдың ішкі ұйымдастырылуына, оның ішінде комитеттері мен комиссияларының қызметіне де ерекше назар аударылды. Сенат Төрағасы орынбасарының пікірінше, олардың жұмыс істеу негіздерін конституциялық деңгейге шығару парламенттік жүйені нығайтуға маңызды қадам болып табылады.

«Комитеттер мен комиссиялар заңдарды дайындау мен пысықтауда, сараптамалық қорытындылар мен парламенттік бақылауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың мәртебесі, өкілеттіктері мен жұмыс қағидаттарын нақты конституциялық деңгейде реттеу заңнамалық процестің сапасын арттырып, оны барынша ашық және болжамды етеді», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Ол тұрақты комитеттердің салалық қағидат бойынша құрылатынын және өз саласына сәйкес мамандандырылған талқылауларды жинақтайтынын еске салды. Осы механизм шеңберінде қабылданған барлық заң жобалары жан-жақты талқыланады. Комиссиялар белгілі бір мәселелер бойынша шоғырландырылған шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

«Жаңа Конституция жобасы өкілетті билікті күшейтуге, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің азаматтарымыздың жобаға деген белсенді қызығушылығын ескере отырып, Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдау білдіргім келеді», – деді Ольга Перепечина.


✔️ Сенат Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл рәсім халықтық егемендік қағидатына сәйкес келеді және қабылданатын шешімнің ерекше маңыздылығын көрсетеді.

«Аталмыш жобаны қолдай отырып, біз оны жүзеге асыруға және еліміздің парламенттік жүйесін одан әрі дамытуға жауапкершілік алуға дайын екендігімізді дәлелдейміз», – деп түйіндеді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

На Конституционной комиссии предложили вынести принятие новой Конституции РК на всенародный референдум

Новая Конституция РК должна усилить представительную власть, повысить доверие граждан и сформировать зрелую парламентскую культуру. При этом вопрос ее принятия нужно вынести на всенародный референдум. Такое мнение озвучила заместитель Председателя Сената Ольга Перепечина на заседании Конституционной комиссии.

✔️ Как отметила Ольга Перепечина, проект новой Конституции является результатом серьезной и ответственной работы. Документ отражает стремление обновить основы государственного устройства с учетом современных вызовов и ожиданий общества.

«Новая Конституция задает более устойчивую и понятную модель власти, укрепляет роль представительных институтов и формирует четкие правила взаимодействия между государством и гражданами. В центре этих изменений находится человек, его права, достоинство и уверенность в завтрашнем дне», – сказала заместитель Председателя Сената.


✔️ По ее словам, одним из ключевых решений является переосмысление роли Парламента через институт Курултая.

🔹 Так, Курултай выступает преемником обеих палат и новым наименованием высшего представительного органа, что подчеркивает его особое значение в системе государственной власти, связь с исторической традицией и ответственность перед народом.

«Речь идет о сохранении парламентской природы института при одновременном усилении его символического и политического статуса», – подчеркнула Ольга Перепечина.


✔️ Она добавила, что особое внимание в проекте Конституции уделено внутренней организации Курултая, в том числе деятельности его комитетов и комиссий.
По мнению заместителя Председателя Сената, вынесение основ их функционирования на конституционный уровень является важным шагом для укрепления парламентской системы.

«Комитеты и комиссии выполняют ключевую роль в подготовке и проработке законов, формировании экспертных выводов и парламентского контроля. Четкое конституционное регулирование их статуса, полномочий и принципов работы повышает качество законодательного процесса и делает его более прозрачным и предсказуемым», – указала Ольга Перепечина.


✔️ Она напомнила, что постоянные комитеты формируются по отраслевому принципу и аккумулирует в себе специализированное обсуждение в соответствующих сферах отношений. В рамках их работы осуществляется постоянное обсуждение всех законопроектов, принятых в работу. Комиссии, в свою очередь, служат инструментом консолидированного решения по определенным вопросам.

«Проект новой Конституции направлен на усиление представительной власти, повышение доверия граждан и формирование зрелой парламентской культуры. Учитывая активный интерес наших граждан к проекту, хочу выразить поддержку предложению вынести вопрос принятия Конституции на всенародный референдум», – озвучила Ольга Перепечина.


✔️ По словам заместителя Председателя Сената, данная процедура соответствует принципу народного суверенитета и подчеркивает особую значимость принимаемого решения.

«Поддерживая данный проект, мы подтверждаем готовность нести ответственность за его реализацию и дальнейшее развитие парламентской системы страны», – заключила она.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік мәнге ие. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді.

«Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы. Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы — мемлекет үшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемі немесе пайда емес, адамның өзі. Жобада әркімнің: еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге, еңбегі үшін кемсітусіз әділ ақы алуға құқығы конституциялық деңгейде бекітіледі», – деді ол өз сөзінде.


✔️ Максим Рожинның айтуынша, жаңа Ата заңның жобасында еңбек саласына тікелей қатысты бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттің еңбекке құқықты конституциялық деңгейде бекітуі ерекше маңызға ие. Сондай-ақ қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты заң жүзінде айқындау көзделген. Бұл нормалар жұмыс барысында туындауы мүмкін кәсіби аурулардың алдын алуға, өндірістік жарақаттануды азайтуға, сондай-ақ азаматтардың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасын сақтауға бағытталған.

«Мұндай нормалар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік міндетін – мемлекет пен жұмыс берушінің конституциялық міндеті деңгейіне көтереді. Әсіресе негізінен жалдамалы жұмыскерлерден тұратын әлсіз салаларды реттеудің нақты тетігін қалыптастырады», – деп атап өтті мәжіліс депутаты.


✔️ Адал еңбек үшін әділ сыйақы алу құқығының әлеуметтік маңызы зор. Бұл норма азаматтардың еңбегі кәсіби өлшемдерге сай әділ бағаланатынына кепілдік береді. Рожинның айтуынша, қарапайым азаматтар үшін бұл тұрақты жұмыспен қамтылу, қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбегі үшін әділ ақы алуға деген сенімнің нығаюын білдіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Справедливый труд, безопасные условия и достойная оплата – Максим Рожин обозначил ключевые положения новой Конституции


Нормы новой Конституции имеют конкретное и практическое значение для людей, занятых на производстве. Об этом на девятом заседании Комиссии по конституционной реформе заявил депутат Мажилиса Максим Рожин.

«Человек труда – не инструмент экономики, а главная ценность государства. Ключевая идея проекта новой Конституции заключается в том, что для государства наиболее ценным является не объем производства и не прибыль, а сам человек. В проекте на конституционном уровне закрепляется право каждого на труд, на работу в безопасных условиях и на получение справедливой оплаты без дискриминации», – отметил он.


✔️ По словам Максима Рожина, в проекте нового Основного закона предусмотрен ряд важных нововведений, напрямую затрагивающих сферу труда. В частности, особое значение имеет конституционное закрепление права на труд, а также права на условия работы, соответствующие требованиям безопасности и гигиены. Эти нормы направлены на профилактику профессиональных заболеваний, снижение производственного травматизма и сохранение трудоспособности и качества жизни граждан.

«Такие положения поднимают ответственность за охрану труда на уровень конституционной обязанности государства и работодателя. Особенно это важно для уязвимых отраслей, где преобладают наемные работники, и требуется четкий механизм регулирования», – подчеркнул депутат.


✔️ Право на справедливое вознаграждение за добросовестный труд, по его словам, имеет высокую социальную значимость. Эта норма гарантирует, что труд граждан будет оцениваться справедливо, в соответствии с профессиональными критериями. Для обычных работников это означает укрепление уверенности в стабильной занятости, безопасных условиях труда и получении достойной оплаты за свой труд.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM