Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.4K subscribers
1.68K photos
267 videos
1.59K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Азаматтардың мүддесі мен өңірлердің дамуын негізгі бағдарға алған жаңа Конституцияның жобасы қоғам қолдауына ие деп сенемін» – Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов

****

«В новой Конституции интересы граждан и развитие регионов определены как ключевые приоритеты и Конституция имеет все основания для поддержки со стороны общества» – председатель маслихата Туркестанской области Нуралы Абишов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева Конституцияның қорытынды және өтпелі ережелерін нақты айқындау қажеттілігі туралы пікір білдірді

****

Депутат Мажилиса Парламента РК Снежанна Имашева о необходимости четкого определения заключительных и переходных положений Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Құжат жобасы жеткілікті пысықталғандықтан оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болады деп есептеймін» – Алматы облысы мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев

****

«Проект Конституции достаточно проработан и его можно выносить на всенародный референдум» – председатель маслихата Алматинской области Куат Байгоджаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Келіп түскен ұсыныстар ескеріліп, жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Бақыт Нұрмұханов

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

«Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар – мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылды», – деп түсіндірді спикер.


✔️ Жобаның 14-бабының 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды деп көрсетілген. Көптеген азаматтар мен мамандар бұл норманы күшейтуді ұсынып, «адам құқықтары мен бостандықтары ҚР заңнамасының мазмұны мен қолданылуын айқындайды» деп қосуды сұраған.

🔹 Бұл ұсыныстар ескеріліп, тармақ «Адам құқықтары мен бостандықтары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды, ҚР қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылатын болды.

«14-баптың 3-тармағында Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен мiндеттері бар делінген. Азаматтық адамның мемлекетпен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді. Демек, ҚР азаматтары Конституцияда белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің толық көлеміне ие және заң алдында тең. Аталған баптың 5-тармағы да нақтыланды. Өзгерген редакция бойынша, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адами болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс», – деді ол.


✔️ Бұдан бөлек, Құрылтайды тарату тетігін неғұрлым икемді әрі ымыраға келуді көздейтіндей ету туралы ұсыныстар да ескерілді. Осыған байланысты «таратады» деген тұжырым «таратуға құқылы» деген нұсқамен ауыстырылды.

«Жалпыхалықтық талқылау үшін жарияланған Конституция жобасында бұл өкілеттіктер императивті түрде бекітілген. Енді Республика Президентінің аталған өкілеттіктерін диспозитивті формада тұжырымдап, құқық ретінде бекіту ұсынылады. Тиісті өзгерістер 46-баптың 2), 4) және 8) тармақшаларына, 57-баптың 1-тармағына және 62-баптың 1 және 2-тармақтарына енгізілді», – деп түсіндірді Комиссия мүшесі.


🔹 Сонымен бірге, көрсетілген конституциялық нормаларда Құрылтайды таратуға шектеулер қойылады. Төтенше немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабында белгіленген жағдайда Құрылтайды таратуға болмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Поступившие предложения учтены: в проект новой Конституции внесены дополнительные нормы – Бакыт Нурмуханов

Поступившие в Конституционную комиссию предложения были тщательно изучены, и в проект Основного закона внесены дополнительные нормы. Об этом на 11-м заседании Комиссии по конституционным реформам сообщил заместитель председателя Конституционного суда Бакыт Нурмуханов.

«В статье 8 проекта Конституции было указано, что признаются и равным образом защищаются две формы собственности – государственная и частная. Во многих предложениях отмечалось, что данная норма не охватывает все формы собственности. В этой связи пункт 1 указанной статьи был изложен в следующей редакции: «В Республике Казахстан признаются все формы собственности, им предоставляются гарантии и обеспечивается их равная защита», – пояснил спикер.


✔️ В пункте 2 статьи 14 проекта указано, что права и свободы человека принадлежат каждому от рождения, являются абсолютными и неотчуждаемыми. Многие граждане и эксперты предложили усилить данную норму, дополнив ее положением о том, что права и свободы человека определяют содержание и применение законодательства Республики Казахстан.

🔹 С учетом этих предложений пункт был сформулирован следующим образом:
«Права и свободы человека принадлежат каждому от рождения, являются абсолютными и неотчуждаемыми, а содержание и применение действующего права Республики Казахстан определяются в соответствии с ними».

«В пункте 3 статьи 14 указано, что гражданин Республики Казахстан имеет права и обязанности, вытекающие из его гражданства. Гражданство выражает конституционно-правовую связь человека с государством. Следовательно, граждане Республики Казахстан обладают полным объемом прав, свобод и обязанностей, установленных Конституцией, и равны перед законом. Также был уточнен пункт 5 данной статьи. В новой редакции закреплено, что осуществление прав и свобод человека и гражданина не должно нарушать права и свободы других лиц, посягать на основы конституционного строя, общественный порядок, здоровье граждан и гуманистические основы общества», – отметил он.


✔️ Кроме того, учтены предложения сделать механизм роспуска Курултая более гибким и нацеленным на поиск компромисса. Таким образом, формулировка «распускает» была заменена на «вправе распустить».

«В проекте Конституции, опубликованном для всенародного обсуждения, данные полномочия Главы государства были закреплены в императивной форме. В настоящее время предлагается изложить данные полномочия в диспозитивной форме и закрепить их как право Главы государства. Соответствующие изменения внесены в подпункты 2), 4) и 8) статьи 46, пункт 1 статьи 57, а также пункты 1 и 2 статьи 62», – разъяснил член Комиссии.


🔹 Одновременно в указанных конституционных нормах устанавливаются ограничения на роспуск Курултая. Курултай не может быть распущен в период чрезвычайного или военного положения, в последние шесть месяцев срока полномочий Президента, в течение одного года после предыдущего роспуска, а также в случаях, предусмотренных статьи 51 Конституции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жүргізілген жұмыс пен талқылаудың кеңдігі жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығаруға мүмкіндік береді – Артур Ластаев

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол Ата Заңда сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға ғана емес, сондай-ақ баспанадан сот шешімінсіз шығаруға да жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынды.

✔️ Ластаевтың айтуынша, тұрғын үй базалық құндылық ретінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде бекітілген. Алайда оны тек мүліктік санат ретінде қарастыру – үлкен қателік.

«Адам үшін ең маңыздысы не? Ол ешбір себепсіз баспанасынан қуылып кетпейтініне сенімді болғысы келеді. Конституцияда тұрғын үй құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту еліміздің әлеуметтік әрі құқық қорғау сипатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталатынын айғақтайды. Бұл біз үшін аса маңызды. Өйткені мемлекет рәміздер үшін емес, оның құрамындағы әрбір адам үшін өмір сүреді. Адамға бағдарлану биліктің әрбір шешімі мен іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.


✔️ Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы қоғамның нақты сұраныстарын ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың анағұрлым орнықты әрі ашық жүйесін қалыптастыратынын атап өтті. Бұл құжатты жалпыұлттық талқылауға және референдумға шығаруға мүмкіндік береді.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтар күнделікті өмірде бетпе-бет келетін жағдайларды ескереді және адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін шешімдердің алдын алуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, ол әділеттілікке, қауіпсіздікке және адамның қадір-қасиетін құрметтеуге қатысты қоғамдық сұранысқа жауап береді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен талқылаудың ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба азаматтардың мүдделерін көрсететін әрі олардың күтулеріне сай келетін құжат ретінде жалпыұлттық референдумға шығарылып, қолдау таба алады», – деп атап өтті Артур Ластаев Комиссияның кезекті отырысында.


🔹 Жаңа Конституцияда адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көшіру қажет болатын жағдайлар да қарастырылған.

«Баспанада тұруға және одан шығаруға қатысты дауларды тек сот шешуі тиіс. Сондықтан Конституцияда келесідей норманы бекіту ұсынылады: сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді. Біреулер бұл қолданыстағы заңдарда онсыз да бар деп айтуы мүмкін. Бірақ бұл қағиданы негізгі құқықтық құжатта бекіту оның заңды тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деп түйіндеді Ластаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Проведенная работа и широта обсуждения позволяют вынести проект новой Конституции на всенародный референдум – Артур Ластаев


Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев высказался о необходимости конституционной защиты фундаментального права человека на жильё. В этом контексте юрист предложил закрепить в Основном законе норму о недопустимости не только лишения жилища, но и выселения без решения суда.

✔️ По словам Ластаева, жилище как базовая ценность закреплено во Всеобщей декларации прав человека и Пакте об экономических, социальных и культурных правах, однако сводить его лишь к имущественной категории – большое заблуждение.

«Что человеку важно? Он хочет быть уверенным, что просто так его из дома никто не выгонит. Закрепление нормы о гарантиях защиты прав человека на жилье в Конституции подтверждает социальный и правозащитный характер нашей страны, неукоснительное соблюдение прав и свобод граждан. Для нас это особенно важно. Поскольку государство существует не ради символов, а ради каждого человека, который входит в его сообщество. Человекоцентричность должна проявляться в каждом решении и действии власти», – заявил Уполномоченный по правам человека.


✔️ Он также отметил, что проект новой Конституции выстраивает более устойчивую и прозрачную систему гарантий защиты свобод и интересов граждан с учетом реальных запросов общества, что позволяет вынести его на всенародное обсуждение и референдум.

«Проект новой Конституции учитывает реальные жизненные ситуации, с которыми сталкиваются граждане, и ориентирован на предотвращение произвольных решений, способных затронуть базовые права человека. В этом качестве он отвечает общественному запросу на справедливость, безопасность и уважение человеческого достоинства. С учетом проведенной работы и широты обсуждения представленный проект может быть вынесен на всенародный референдум и поддержан как документ, отражающий интересы граждан и соответствующий их ожиданиям», – акцентировал он в своем выступлении на очередном заседании Комиссии.


🔹 Предусмотрены в новой Конституции также случаи, когда выселение необходимо ради защиты жизни и здоровья людей.

«Споры вокруг условий проживания и выселения должен разрешать только суд. Поэтому предлагается закрепить в Конституции следующую норму: без решения суда недопустимо не только лишение жилища, но и выселение из него. Кто-то скажет, что действующие законы и так запрещают это. Но отражение этого принципа в стержневом правовом документе обеспечит его юридическую константность», – заключил Ластаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту ұсынылды


Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қорғау бөлігінде конституциялық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бастама көтерді.

«Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан және баспанасынан айырылудан қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Тұрғын үйге құқық – бұл әлеуметтік кепілдік қана емес, әсіресе балалар туралы сөз болғанда, адамның қауіпсіздігінің негізгі шарты», – деді спикер.


✔️ Өз сөзінде Динара Зәкиева халықаралық стандарттарға сәйкес, балалар өмір сүру, даму және өз құқықтарын қорғау үшін ең қолайлы жағдайларға құқылы екенін жеткізді.

«БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясында әрбір баланың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік және әлеуметтік дамуына жеткілікті өмір сүру деңгейіне құқығы бекітілген. Бұл – қауіпсіз әрі тұрақты баспананың болуын көздейді. Бала үшін тұрғын үй – оның әл-ауқаты мен мүдделерін қорғаудың негізгі факторларының бірі», – деді ол.


✔️ Сонымен қатар тұрғын үй қатынастары саласында азаматтардың құқықтары бұзылу қаупі ерекше айқын көрініп отырғаны да айтылды. Спикердің мәлімдеуінше, құқық қолдану тәжірибесі бұған дәлел екен. Өйткені азаматтардың құқықтарын шектеуге байланысты әлеуметтік тәуекелдер дәл осы тұрғын үй қатынастарының үйден шығару мәселелері туындаған кезде айқын байқалады.

✔️ Динара Зәкиева өз қызметі барысында түрлі қайғылы тұрмыстық ахуалдар салдарынан балалардың жалғыз баспанасынан айырылу қаупіне тап болатын жағдайларға бірнеше рет кезіккенін айтты.

«Балалардың өзінің жалғыз асыраушысы – анасынан айырылатын жағдайды мысалға келтірейін. Анасы көзі тірісінде баспанаға алынған ипотекалық несиенің едәуір бөлігін өтеген болатын. Соған қарамастан, бұрын төленіп қойған қаражат қайтарылмайтын жағдайда балалардың жалғыз баспанасынан айырылу қаупі туындады. Біздің өтінішіміздің нәтижесінде банк қалған қарызды кешіру туралы шешім қабылдады. Алайда, мұндай оқиғалар өкінішке қарай, сирек емес», – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.


✔️ Осыған байланысты адам өміріндегі маңызды және баланың ең қажетті мүдделерін сот тарапынан ескерусіз қалдырып, тұрғын үйден айыратын жағдайларға жол бермейтін кепілдіктерді бекіту қажет.

✔️ Бұл тұрғыда ол нақты конституциялық норма ұсынылып отырғанын атап өтті.

«Осыған орай, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау жөніндегі мемлекеттің міндетімен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынамыз», – деді спикер.


✔️ Сөз соңында ол ұсынылып отырған норма әлеуметтік мемлекеттің құндылық бағдарларын айқындайтынына назар аударды.

«Тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні туралы норманың Конституцияда көрініс табуы – әлеуметтік мемлекеттің кемелдігін және адамның қадір-қасиетіне деген құрметті көрсетеді», – деп түйіндеді Динара Зәкиева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Недопустимость выселения без решения суда хотят закрепить в новой Конституции Казахстана

На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе Уполномоченный по правам ребенка в Республике Казахстан Динара Закиева выступила с инициативами по усилению конституционных гарантий защиты права на жилище, особенно в части защиты интересов детей.

«Сегодня утром на расширенном заседании Правительства Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев особо акцентировал внимание на необходимости усиления гарантий защиты граждан от необоснованного выселения и утраты жилья. Право на жилище – это не только социальная гарантия, но и базовое условие безопасности человека, особенно когда речь идет о детях», – отметила она.


✔️ В своем выступлении Закиева обратила внимание на международные стандарты защиты прав ребенка и их прямую связь с обеспечением стабильного и безопасного жилья.

«В соответствии с международными стандартами дети имеют право на наилучшие условия для жизни, развития и защиты своих прав. Конвенция ООН о правах ребенка закрепляет право каждого ребенка на уровень жизни, достаточный для его физического, умственного, духовного, нравственного и социального развития, что предполагает наличие безопасного и стабильного жилища. Для ребенка жилище является одним из ключевых факторов благополучия и защиты его интересов», – подчеркнула она.


✔️ Одновременно было отмечено, что именно в сфере жилищных отношений наиболее остро проявляются социальные риски нарушения прав граждан.

✔️ Динара Закиева отмечает, что в своей деятельности они неоднократно сталкивались с ситуациями, когда вследствие трагических жизненных обстоятельств дети оказываются под угрозой выселения из единственного жилья.

«Так, в одном из случаев дети потеряли мать – единственного родителя. При жизни ею была погашена значительная часть ипотечного кредита за жилое помещение. Возник риск утраты детьми единственного жилья при том, что уже выплаченные суммы не подлежали возврату. По итогам нашего обращения банк принял решение списать оставшуюся задолженность. Однако подобные ситуации, к сожалению, не являются единичными», – рассказала Уполномоченный по правам ребенка.


✔️ В этой связи, по ее словам, необходимо закрепить гарантии, исключающие случаи, при которых человек остается без жилища без учета судом его жизненных обстоятельств и наилучших интересов ребенка.

✔️ Она подчеркнула, что предлагается конкретная конституционная норма.

«В этой связи предлагаем наряду с обязанностью государства создавать условия для обеспечения граждан жильем закрепить в Конституции Республики Казахстан норму о недопустимости выселения из жилища иначе как по решению суда», – отметила она.


✔️ В завершение выступления было отмечено, что предлагаемая норма отражает ценностные ориентиры социального государства.

«Отражение в Конституции положения о недопустимости выселения из жилища иначе как по решению суда является показателем зрелости социального государства и уважения к человеческому достоинству», – резюмировала Динара Закиева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді.

✔️ Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.

«Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап па әлде нақты белгіленген өзге күннен бастап па?», - деді ол.


✔️ Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек.

✔️ Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке дейін жүзеге асыратынын анықтау қажет, Құрылтай сайлауы қандай мерзімде және қандай тәртіппен өткізіледі?

«Менің ойымша, бұл мәселелерді заңнамалық функцияны жүзеге асырудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, оның ішінде Конституцияның институционалдық жаңашылдықтарын іске асыру қажеттілігін ескере отырып қарастыру керек», - деп атап өтті депутат.


✔️ Снежанна Имашева өтпелі ережелерде Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамын қалыптастыру тетіктерін қарастыру маңызды екенін айтты.

✔️ Бұған қоса, негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі де регламенттеуді талап етеді.

«Осы рәсімдерді нақты бекіту құқықтық айқындылықты қамтамасыз етеді және институционалдық ауысу кезеңінде конституциялық органдардың жоқтығы жағдайын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді ол.


✔️ Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнаманы қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты жаңа Конституцияның жобасында Конституция күшіне енген күні қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер күшін сақтайды ма және олар қандай мерзімде ережелерге сәйкестендірілуі тиіс екенін нақты белгілеу қажет деді ол.

«Аталған ережелерді бекіту құқықтық айқындылықты, мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін болжауды және өтпелі кезеңдегі әрбір органның өкілеттіктерінің шегін нақты белгіленуін қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады Снежанна Имашева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

В новой Конституции РК будут четко прописаны все переходные процедуры, сроки и регламенты – Снежанна Имашева

Депутат Мажилиса Снежанна Имашева заявила о необходимости четко прописать в проекте новой Конституции Казахстана все переходные положения, чтобы обеспечить непрерывность политического процесса в стране. Свое мнение она озвучила на 11-м заседании Комиссии по Конституционной реформе.

✔️ Снежанна Имашева подчеркнула, что прежде всего нужно однозначно определить порядок и сроки вступления новой Конституции в силу.

«В проекте следует прямо закрепить, с какого момента начнут действовать ее положения. С даты официального опубликования результатов республиканского референдума либо с иной конкретно установленной даты», – сказала она.


✔️ По ее словам, также требуется урегулировать вопрос о статусе действующих органов государственной власти на переходный период.

✔️ В частности, следует определить, до какого момента Парламент текущего созыва осуществляет свои полномочия. В какой срок и в каком порядке будут проведены выборы в Курултай.

«Полагаю эти вопросы нужно рассматривать с учетом обеспечения непрерывности осуществления законодательной функции, в том числе с учетом необходимости реализации институциональных новелл Конституции», – подчеркнула депутат.


✔️ Как отметила Снежанна Имашева, не менее важно предусмотреть в переходных положениях механизмы формирования нового состава Конституционного суда, Центральной избирательной комиссии и Высшей аудиторской палаты.

✔️ Кроме того, переходных регламентаций требует и порядок назначения должностных лиц ключевых государственных органов.

«Четкая фиксация этих процедур позволит обеспечить правовую определенность и исключить ситуации отсутствия конституционных органов в период институционального перехода», – указала она.


✔️ По словам депутата, отдельного внимания требует вопрос действия применяемого на сегодняшний день законодательства. В этой связи она отметила, что в проекте новой Конституции нужно прямо установить, сохраняют ли силу законы и иные нормативные правовые акты, действующие на день вступления Конституции в силу, и в какие сроки они должны быть приведены в соответствие с ее положениями.

«Закрепление указанных положений обеспечит правовую определенность, предсказуемость функционирования государственных институтов и четкое понимание пределов полномочий каждого органа в переходный период», – заключила Снежанна Имашева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық комиссияның отырысы аяқталды.

Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның келесі отырысы 11 ақпан күні сағат 14:30-да
өтетінін хабарлады.

****

Заседание Конституционной комиссии завершилось.

Эльвира Азимова сообщила, что следующее заседание Конституционной комиссии состоится 11 февраля в 14:30 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱Конституциялық реформа 2026

тікелей эфирде көрсетіледі.

Тікелей эфир сағат 14:30-дa басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Сегодня состоится очередное заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии)

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных сетях:

📱consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026

Начало трансляции в 14:30 часов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды

***

Началось очередное заседание Конституционной комиссии
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасында тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту туралы айтты

****

Заместитель председателя Конституционного Суда Бакыт Нурмуханов об усилении гарантий неприкосновенности жилища в проекте Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Ата заң жобасы – бостандық, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілік Конституциясы» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым

****

«Проект Конституции – это Конституция свободы, порядка, законности и взаимной ответственности» – Депутат Мажилиса Парламента РК Айдос Сарым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдаймыз» – ҚР Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев

****

«Поддерживаем предложение о вынесении проекта новой Конституции на всенародный референдум» – депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «Ақ жол» Азат Перуашев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев барша қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды

****

Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «Ауыл» Серик Егизбаев призывает всех казахстанцев поддержать проект новой Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM