Конституциялық Сот 🇰🇿
✔
6.5K subscribers
1.7K photos
267 videos
1.6K links
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан

https://taplink.cc/consud.kz
Download Telegram
Конституциялық Сот бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде табысты есепке алу тәртібін түсіндірді
 
📨Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу тәртібін реттейтін Әлеуметтік кодекстің 85-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш иесі әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде есепке 2025 жылғы қаңтар айындағы нөлдік табысы енгізілгенін көрсетті. Себебі ол осы кезеңде жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған. Оның пікірінше, бұл әлеуметтік төлем мөлшерінің төмендеуіне алып келіп, жұмыс істейтін жүкті әйелдер үшін кемсітушілік сипаттағы жағдай қалыптастырған.

Өтініштің уәждері мен қолданыстағы заңнама нормаларын зерделеген Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет екенін, ал Конституция азаматтарға әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына, ана мен баланы қорғауға, сондай-ақ заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең болуына кепілдік беретінін атап өтті.

Сот бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде жоғалтқан табыстың бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы екенін көрсетті. Сонымен қатар Конституция мұндай төлемдердің мөлшерін айқындау тәртібін заңнамалық деңгейде реттеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық кепілдіктерін іске асыру мақсатында заң шығарушы Әлеуметтік кодексте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мөлшерін айқындау тәртібін бекіткен.

Әлеуметтік кодекстің 85-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемді есептеу үшін орташа айлық табыс әлеуметтік төлемге құқық туындаған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт күнтізбелік ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады. Конституциялық Сот бұл тәртіп бірдей жағдайлар мен мән-жайларда тұрған барлық алушыларға тең дәрежеде қолданылатынын атап өтті.

Сонымен қатар Конституциялық Сот жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді реттейтін Еңбек кодексінің 133-бабының ережелеріне назар аударды. Аталған нормаға сәйкес жалақы сақталмайтын демалыс кезеңіне сәйкес келетін уақытша еңбекке жарамсыздық күндері үшін жәрдемақы төленбейді. Осылайша әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде заңда белгіленген есептік кезең ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген нақты алынған табыстар ғана ескеріледі.

Конституциялық Сот әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібін айқындау мәселелері заңнамалық реттеу саласына жататынын атап өтті. Сондықтан заң шығарушы таңдаған есептеу тетігінің орындылығы мен мазмұнын бағалау, егер конституциялық кепілдіктер заңнамада тиісінше көрініс тапқан болса, конституциялық бақылау нысанасына жатпайды.

Бұдан бөлек, Конституциялық Сот балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екенін, ал неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны жөніндегі бұрын қалыптастырылған құқықтық ұстанымын еске салды.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Конституционный Суд разъяснил порядок учета доходов при назначении выплаты по уходу за ребенком
 
📨В Конституционный Суд поступило обращение о проверке на соответствие Конституции пункта 1 статьи 85 Социального кодекса, регулирующего порядок исчисления социальной выплаты по уходу за ребенком до достижения им возраста полутора лет.

Заявитель указала, что при назначении выплаты в расчет был включен месяц с нулевым доходом, поскольку в январе 2025 года она находилась в отпуске по беременности и родам. По ее мнению, это привело к снижению размера выплаты и создало дискриминационные условия для работающих беременных женщин.

Изучив доводы обращения и нормы законодательства, Конституционный Суд отметил, что Республика Казахстан является социальным государством, а Конституция гарантирует гражданам право на социальное обеспечение, защиту материнства и детства, а также равенство всех перед законом и судом.

Суд указал, что социальная выплата по уходу за ребенком является мерой государственной поддержки, направленной на частичную компенсацию утраченного дохода в период нахождения в отпуске по уходу за ребенком. При этом Конституция не исключает законодательного регулирования порядка исчисления размеров таких выплат. Реализуя конституционные гарантии социального обеспечения, законодатель закрепил в Социальном кодексе порядок определения размера социальной выплаты по уходу за ребенком.

Согласно пункту 1 статьи 85 Социального кодекса среднемесячный размер дохода для исчисления социальной выплаты определяется путем деления суммы доходов, с которых производились социальные отчисления, за последние двадцать четыре календарных месяца, предшествовавшие месяцу возникновения права на социальную выплату. Конституционный Суд отметил, что данный порядок распространяется в равной степени на всех получателей соответствующих социальных выплат, находящихся в одинаковых условиях и обстоятельствах.

Вместе с тем Конституционный Суд обратил внимание на положения статьи 133 Трудового кодекса, регулирующей выплату социального пособия по временной нетрудоспособности за счет средств работодателя. Согласно этой норме пособие не выплачивается за дни временной нетрудоспособности, приходящиеся на отпуск без сохранения заработной платы. Таким образом, при расчете социальных выплат учитываются фактически полученные доходы, с которых производились социальные отчисления в установленный законом расчетный период.

Конституционный Суд отметил, что вопросы определения порядка исчисления социальных выплат отнесены к сфере законодательного регулирования. Следовательно, оценка целесообразности и содержания выбранного законодателем механизма расчета не относится к предмету конституционного контроля, если конституционные гарантии нашли надлежащее отражение в законодательстве.

Кроме того, Конституционный Суд напомнил ранее выраженную правовую позицию о том, что забота о детях и их воспитание являются естественным правом и обязанностью родителей, а брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой государства.

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов азаматтардың цифрлық құқықтары туралы әңгімелейді.

🔹 Цифрлық құқықтар дегеніміз не және олар неліктен Конституцияда көрініс тапты?
🔹 Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?
🔹 Адамның цифрлық құқықтары бұзылған жағдайда не істеу керек?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/byGm0Hdip18?si=gtosOQvurCeWCrd3
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

28 июня - с Днем работников средств массовой информации!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының талдаушысы Әлия Бердібаева болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаты туралы айтып берді.

🔹 Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаты неліктен Конституцияда бекітілді?
🔹 Мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде бұл қағидат қалай ескеріледі?
🔹 Бұл қағидат қатардағы азаматтар үшін және ел болашағы үшін нені білдіреді?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://youtu.be/nkKJvRenH4c?si=3xRrIjkUeQdQ6fwF
📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ

📆 22.06.2026 – 26.06.2026

✅ Конституциялық Сотта Мемлекеттік қызметші күні атап өтілді
🔗 толығырақ

📄 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қорғау
🔗 толығырақ

📄 «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін тоқтатудың жекелеген мәселелерін реттейтін 81-бабының 6-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📄 Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін қолданудың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📄 Әлеуметтік кодекстің бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді есептеу тәртібін реттейтін 85-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін алдын ала қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың шешімі.
🔗 толығырақ

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ

📆 22.06.2026 – 26.06.2026

✅ В Конституционном Суде отметили День государственного служащего
🔗 подробнее

📄 Защита права на равный доступ к государственной службе в решениях Конституционного Суда Республики Казахстан
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности пункта 6 статьи 81 Закона «О правоохранительной службе», регулирующего отдельные вопросы прекращения службы сотрудников правоохранительных органов.
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности применения перечня профессий работников, занятых на работах с вредными условиями труда.
🔗 подробнее

📄 Решение Конституционного Суда по итогам предварительного рассмотрения обращения гражданина о проверке конституционности пункта 1 статьи 85 Социального кодекса, регулирующего порядок исчисления социальной выплаты по уходу за ребенком до достижения им возраста полутора лет.
🔗 подробнее

📱 @consot_kz

Instagram
| Facebook | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Ассоциированный профессор Maqsut Narikbayev University, член Научно-консультативного совета при Конституционном Суде РК Муслим Хасенов об основных новеллах новой Конституции Республики Казахстан.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров қоғамдық бақылау ұғымының конституциялық деңгейде не үшін бекітілгені туралы айтып берді.

🔹 Қоғамдық бақылау дегеніміз не және ол неліктен конституциялық деңгейде бекітілді?
🔹 Жаңа Конституция қоғамдық бақылауға қатысуы үшін азаматтарға қандай мүмкіндіктер береді?
🔹 Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға қалай көмектеседі?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/2vFd7tHQJHw?si=MGJ0n8kMwm2eT5A5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«24KZ» телеарнасындағы «Конституция туралы 3 сұрақ» жобасының жаңа шығарылымында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының талдаушысы Дәурен Шәріпбаев жаңа Конституцияда қандай экологиялық құқықтар бекітілгені туралы айтып берді.

🔹 Жаңа Конституцияда қандай экологиялық құқықтар бекітілген?
🔹 Азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекет қандай шаралар қабылдайды?
🔹 Азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғаудың қандай тетіктері бар?

Жаңа шығарылымды көріп, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы толығырақ біліңіз.

🎥 Шығарылымды мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/kUQFeMWfYe8?si=8q8Fi2clj3HSN9Dw
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 О главных отличиях Конституционного Суда от ранее функционировавшего Конституционного Совета рассказал Муслим Хасенов — ассоциированный профессор Maqsut Narikbayev University, член Научно-консультативного совета при Конституционном Суде РК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі.

🎦 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың пікірі.